Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
3
I
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....

7
1.1
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................

7
1.2

1.3
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................

15

21
II
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................


35
2.1
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................

35
2.2
2.3
Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
41

48

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

Мүмкіншіліктер шектеуінің белгісіздігі, көрсеткіштердің көп  болуы, қандайда бір мінез-құлық  түрлеріне қатысты айқын  жауапкершілік шараларының жоқтығы «ауытқушылықтың» ұлғаюына, оның шектеусіз болуына себеп болады.

Девианттық мінез-құлықтар түрлерін зерттеу жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлықтарының көп болатыны жайлы айтуға мүмкіндік береді, әр түрін сипаттаған кезде бірдей сипаттамаларды кездестіруге болады, жасөспірім мінез-құлқында әр түрлі ауытқулар үйлесімділігін жиі байқауға болады. Сонымен, мінез-құлықтағы белгілі бір ауытқулардың бірнеше түрге айқын да бірегей бөлінуі айтарлықтай қиыншылық тудырады.

Анықталған заңдылықтар  алдын алу үрдісін ұйымдастырудың төмендегідей ұстанымдарын қалыптастыруға негіз болды: алдын алу жұмысын жеке адамға арнап ұйымдастыру; әлеуметтік тұрғыдан таңдау жасау; баланың топ ішінде өзін белсендіруі, өзін-өзі дұрыс бағалауы; рефлексивтік ұстаным; үрдіс барысындағы тәрбиелік әр түрлі  институттардың ұштасуы; оқушылардың девианттық мінез-құлқының алдын алу шараларының белгілі бір девианттық ауытқу түрлерінің алдын алу шараларымен үйлесімділігі; алдын алу шараларының ықпалын жанастыру.

Алдын алу шараларының  бағдарламалары мәселелердің екі түрлі  тобын қарастырады: жас адамдардағы  рефлексивтік ұстанымдарды қалыптастыруға қатысты жалпы мәселелер және жастар арасындағы девианттық мінез-құлықтың белгілі бір кезеңдегі кездесетін түрлерінің алдын алу шараларының арнайы түрін.

Алдыға қойылған мәселерді  шешу үшін мынадай әдістемелер кешенін  пайдаландық: ертегі терапиясын, әлеуметтік драманы, әлеуметтік бағыттағы ойындарды, әлеуметтік-психологиялық тренингті.

Ертегі терапиясын әлем мен ондағы қатынастар жайлы білімге  талдау жасау мен оның мағынасын  іздестіру үрдісі ретінде, шынайы өмір мен ертегідегі оқиғалар арасындағы байланысты қалыптастыру үрдісі ретінде, оқушылардың ертегідегі мазмұнды шындыққа көшіру үрдісі ретінде қолдандық.

Психодраманы жоғары сынып оқушыларының өзіндік ішкі әлеміндегі өзгерістерді түсінуіне  пайдаландық. Бұл жерде драмалық қойылымдар құралы көмектесті.

Психодрамалық әдістер  «қазір және осында» әрекеттік жүйесіндегі  уақыт-кеңістігіндегі құрылымды құрастыруға  мүмкіндік берді. Оқушылар бұл жүйеге өткенді, бүгінгі мен келешектегіні  енгізу арқылы, өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйене отырып, өткен мен келешектегіге тікелей араласа алатын болды. Осының салдарынан олардың жағдайды қабылдауы өзгеріп, мінез-құлықтары жағдайға сай болып қалыптаса бастады.

Әлеуметтік бағыттағы  ойындар жасөспірімдердің шынайы да, шындыққа үйлесіңкіремейтін өмірдегі рөлдерді басынан кешулеріне мүмкіндік берді, әр түрлі рөлдік ұстанымдар тұрғысынан өзіндік мінез-құлықтарының стратегиясын құра бастады. Рөлдік ойындарға қатынасушылар тұрақты әрі үйлесімді мінез-құлық түрлеріне бейімделіп, өздерінің рөлдік репертуарларын кеңейтті.

Әрбір ойын кәдімгі қойылымға  ұқсас болды, қатынасушылардың жағдайға қатысты өзіндік таңдауын жасауға  және мақсатына жетуіне мүмкіндік  берді.

Әлеуметтік-психологиялық  тренинг әдістемесі топтағы психологиялық  жұмыстың өзекті әдістерін қолдануға бағытталады. Тренинг тұлғаны дамытуға, пайдалы іскерлікті қалыптастыруға, тұлғааралық қатынастардағы біліктілікті меңгеруге жол ашады. Тренингтің айтарлықтай нәтижесі ретінде оқушылардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін түсінуін, алдын алу жұмыстарына олардың тұрақты араласуын, өзіндік әрекеттері мен басқа адамдардың әрекеттерін дұрыс бағалай білуін айтуға болады.

Зерттеу барысында әлеуметтік-психологиялық  және педагогикалық жәрдемнің төмендегідей бөліктері анықталды:  диагностикалық көмек (баланың мінез-құлқындағы ауытқулардың себебін анықтау, оған ықпал етудің  қолайлы психологиялық-педагогикалық амалдарын таңдау, мәселелерді шешуге қажетті жағымды психологиялық жағдайларды қалыптастыру); кеңес беру (жоғары сынып оқушыларына кеңес беру шараларын ұйымдастыру);  тәжірибелік (көмекті қажет ететін оқушыларға  арналған белгілі бір шараларды таңдау және жүзеге асыру); болжау арқылы жәрдем беру (қауіпті ықпалдарды жою мүмкіншіліктерін анықтау және оқушының экзисталдық саласын дамыту).

Қорытынды зерттеулер жоғары сынып оқушылары тұлғасында пайда болған өзгерістерге сүйене отырып жүзеге асырылып жатқан бағдарламалдың тиімділігі жайлы ақпарат алуды мақсат етеді. Бағалаудың субъективтік көрсеткіші ретінде мыналарды таңдадық:

1) жағдайға байланысты  алаңдаушылық дәрежесі;

2) агрессия деңгейі;

        3) тұлғаның жалпы психикалық күйі.

Мінез-құлықтағы ауытқулардың себептеріне мұндай әлеуметтік-педагогикалық  құбылыстардың жіктелуі анықтама береді; түзету жұмыстарында олардың екеуі - себепртері мен сипатына қатысты болатын ауытқулар – маңызды орын алады. Себептері бойынша девианттық мінез-құлқы бар жасөспірімдердің екі тобы қарастырылады:

1) педагогикалық тұрғыдан  азғындаған (тәрбиесі мен оқуы  қиындық тудыратын);

2) әлеуметтік тұрғыдан  азғындаған (отбасыда кері бағытта әлеуметтенуі, әлеуметтік жағымсыз ықпалдардың орын алуы);

3) психикалық дамуындағы  патологиялық емес ауытқулардың  болуы (эмоцияларының дұрыс еместігі, біржақты ақыл-ой, ерік-жігері дамуының  нашарлығы);

4) психикалық және  физикалық ахуалындағы ауытқулар.

Сипаты бойынша ауытқулар  мынадай болып бөлінеді:

1.Аса белсенді және  тым енжар; 

2. Үлгерімі нашар және  тәртібі нашар;

3. Зиянды машықтануы (шылым  шегу, ішімділік, нашақорлық):

4. Зиянды бейімділігі  (қырыстық, даушыл, агрессия) бар; 

5. Заң бұзушылар.

Біз төмендегідей терминдерді  қолдандық. Ауытқуы бар мінез-құлық– қоғамдағы құқықтық немесе адамгершілік нормаларына қайшы қылықтардың  жүйесі. Әлеуметтіктен тысқары мінез - құлық - адамдардың бірлесіп өмір сүруі  нормаларын, әлеуметтік міндеттерін, мінез-құлық ережелерін бұзушы, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын ауытқулы мінез-құлық түрлері. 

Әлеуметтікке қайшы  мінез-құлық -  қоғамдағы құндылықтарға  антагонистік тұрғыдан қарсы болатын  мінез-құлық. Деликвентті мінез-құлық  -заңда қарастырылатын қылмыстарға теңелетін мінез-құлық.

Сыртқы ортадағы ықпалдардың  салдарынан пайда болатын мінез-құлықтағы  ауытқулар үрдісіне талдау жасаған  зерттеушілер оның ішкі қозғаушы күштеріне, әлеуметтік құндылықтарға бейімделу  субъектісі (А.В.Петровский, А.Маслоу) ретіндегі, өзіндік бағалау (М.С.Неймарк, А.И.Липкина), өзіндік рухын реттеу (В.С.Мухина), өзіндік сананың (И.С.Кон) субъетісі ретінде қарастырылатын  тұлға белсенділігіне баса назар аударды. Бұл зерттеулердегі тұлға Мен-концепциясы - адамның өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруына себепші болатын өзі жайлы көзқарастарының жүйесі -  сияқты субъетивті тұрғыда болады.

Мен-концепсиясы мен  онымен әрекеттесуші қажеттіліктерден және тұлғалық бағыттан тұратын өзін-өзі  басқару механизмі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы жасөспірім мінез-құлқының негізі болатын ішкі қозғаушы күші болып табылады.

Психокорреция бұл - психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсібір жағымсыз ауытқуларды, мінез-құлықтық, эмоциялы, танымдық, не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа да көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету.

Психокоррекциялық  жұмыстың  міндеттері  коррекция  жүргізуді  талап  еткен  адам  немесе  топ  ерекшеліктеріне   байланысты  анықталады.  Олар  келесі  мынадай  болуы   мүмкін:

   - баланың  дамуындағы  психологиялық  ауытқуларды   әлеуметтік  ортада  қалыптасқан   талаптаррға  сай  келтіру; 

              - қалыптасқан  жағымсыз  мінез   құбылыстарын  бұзып,  оның  жағымды   көріністері  басым  болатындай  етіп  қайта құру;

         - мінез-құлық  стериотиптерін   және  оның  эмоционалдық  көрініс   беру  формаларын  өзгерту; 

   - жалпы  даму  барысында  қайта  құру;

   - ізгі  ниетті  қарым-қатынас  тәжірибесін   қалыптастыру.

Психокоррекцияны  жүргізудің  түрлері  көп  болғаны  мен  олардың  барлығының  ортақ  қасиететрі   өте  мол.  Ол  клиенттерді  психодиагностикадан  өткізу,  проблемаларына  байланысты  коррекция тобына  жинақтау,  балалар  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  жіне  үлкендердің  қажеттілігін  ескере  отырып   психокоррекция  жүргізу  реті  және  пайдаланылатын  әдіс-тәсілдерін  анықтау  ұқсас  нұсқамен  жүргізіледі.  Сондықтан  психокоррекция   өте  күрделі  жүйе  болса да,  клиенттің  проблемаларына  байланысты   олардың  мақсаты  мен  міндеттері  әрқилы  анықталғанына  қарамастан  барлық  коррекциялық  топтар  жұмысының  ретін  бірнеше  блогқа  бөліп  көрсетуге  болады.

          Бірінші  блок – психодиагностикалық.  Бұл  кезеңде  шытырман  жағдайға  алып  келген  факторлар  таңдалынып,  олардың  орын  алған   себептері  мен  аймағы  анықталады. 

Шиеленісті  жағдай  орын  алған  аймақтар  отбасы,  құрбылар  ортасы,  жұмыс  орны   оқитын  мектебі  т.с.с. орталар  болуы  мүмкін.  Осы  мәселелерді  толық  диагностикалау  мен  жинақталған материалдарды талдау  көптеген  психодиагностикалық әдіс-тәсілдер  көмегімен жүргізіледі және  психологиялық кеңес беру  процесімен  ұштасады.

Бұл  кезеңде  клиентті  коррекциялық  жұмыс  жүргізу  қажет  екендігіне  сендіріп,  ол  жұмыстың  ерекшеліктері   мен  пайдаланылатын  әдіс-тәсілдер  түсіндіріледі.  Коррекция  жұмысы – көптеген  құбылмалы  жағдайларға  байланысты  жүретін  әрекеттер  жиынтығы.  Олардың  ішінде   психокоррекцияның  тиімді  болуына  келесі  құбылыстардың  әсері  үлкен:

1.психолог  пен   коррекцияға  қатысушылар   арасындағы  байланыстың  қалыптасуы.  Бұл  байланыс  құбылмалы.  өйткені   қатысушылардың  психологқа   сенімінің  біртіндеп  өзгеруімен  бірге  бұл  байланыс  та  өзгеріп  тұрады;

2.өз  проблемасын   шешу  жолдарын  таба  алатындығына  сенімінің  артуы.  Клиенттің   позитивтік  нәтижеге  жете  алатындығын  түсінуінің  белгісі  болып  табылады;

3. қатысып  отырғандардың   психологқа  және  бір-біріне  сенімдерінің  болуы,  біртіндеп   осы  сенімнің   күшеюі  және  оны  бір-біріне  анық  білдіруі.  Бұл  құбылысқа  байланысты  қатысушылардың  әрқайссысы  өз  басынан  кешкен  проблемалардың  орын  алуына  не себеп  болғаны  туралы  сырын  басқаларға  ашып  айтады  немесе  түйсініп,  тұйықталып   қалады.

Екінші  блок – бағыт  беру  деп  атауға  болады.  Бірінші  кездесу  басқаларына  ұқсамайды,  құрылымы  алдын  ала  нақты  анықталған  және  сол  алгоритмнен  онша  алшақтамай,  барлық  орындау  тәртібін  сақтап  жүргізуді  талап  етеді.  Бірінші  кездесу  барысында  қатысушылар  дөңгелене  отырып,  бір-бірімен  және  психологпен  танысып,  алдағы  кездесулерді   шешілетін  мәселелер  қатысушылар  тәртібіне   қойылатын  талаптар,   ритуалдық  шаралар,  топтың  ән-ұраны  анықталып,  талданып  қабылданады. 

Бұл  кезеңде  балаланың  өз  атын  қабылдауы  диагностикаланады.   Балалар  басқалармен  танысу  барысында   өз  атын  немесе  басқа  өзіне  ұнайтын  атпен  өзін  атауына  болатыны  түсіндіріледі  тренингтің  соңына  дейін  немесе  бала  өзінің  атын  өзгертуді  өтініш  еткеніне  дейін оны топтағылар  өзі таңдап  алған есімімен  атайды.  Егер  қатысушы  өз  атынан  бас тартса,  ол  өзін - өзі қабылдамауының  белгісі,   ал  өзі таңдап  алған аты оның  кімге ұқсағысы  келетінін білдіреді. 

Бұл  тәсілдің  коррекциялық  мәні – баланы  өзіне  ұнамайтын   «Мен»  көрінісінен  шығып   өзіне  ұнайтын  кейіпкер  бейнесінде  болуына  мүмкіндік  беру. Бастапқы  кезде  баладан  неге  басқа  атты  таңдағаның  сұраудың  ешқандай  қажеті  жоқ.  Оның  сәті  ойын  барысында  өзінен-өзі  келеді.

Танысу  барысында  психологтар  да  өздерін  таныстырады.  Бұл  жерде  екі  вариант  болуы  мүмкін.  Психолог  тек  өзінің  атын  атап  барлық  топтағылар  бір-біріне  тек  «сен»  деп  сөйлеу  керек  екенін  айта  отырып,  өзімен  де  солай  сөйлеу  керек пе  жоқ  болмаса  «апай»,  «ағай»  деген  тіркесті  пайдалана  отырып   «сіз»  деп  сыпайы  сөйлесу  талабы  қойылатын-қойылмайтыны  анықталады. 

Танысуды  жалғастыру  үшін  қимылды  ойындарды   ұйымдастырған  орынды  болады.  Мысалы,  «үшіншісі артық»,  «жасырынбақ»  ойындары  өте көңілді,  қатысушы  балалар құмарта   ойнау барысында топтағылар  бір-бірінен бастапқы  жатырқаушылықтан  тез айырылып  бір-бірімен араласып  кетеді.  Сонымен қатар ойын  барысында топтың  дербестігі  мен белсенділігі  диагностикаланып,  кейбір  қатысушылардың   топтағы рөлі  анықтала  бастайды. 

Егер  ойынның  шешуші  кезеңдерінде  балалар  белсенділік  білдіріп,  жетекшінің  кезегі  келгенде  оның  көзін  байлап,  ол  балалардың  біреуін  ұстап  алғанда ұсталған  бала  ойын  ережесіне  сай  қылық  көрсетсе,  сыбырлап  сілтеу  орын  алғанда  «сілтеушіге»  балалардың  өздері  ескерту  жасаса  қабырға  жағалап  тұрғандарды  өздері  ойынға  тартса  мұндай  коррекциялық  тобының  жұмысында жетекші функцияны психолог  астыртын   білдірмей жүргізуі  қажет.

Бірінші  кездесуді  аяқтауға  жақындаған да   барлық   қатысушыларды  дөңгеленіп  тұруға  немесе  отыруға  шақырып  әр  кездесуді  аяқтайтын  рәсім  жайында  келісіп  алудың  маңызы  үлкен.  Оның  бірнеше  нұсқалары  бар.

Барлығы  бір-бірін  иығынан  құшақтап  шеңбер  жасап  тұрып,  жай  ырғақпен  шайқалып  өздері  таңдап  алған  әнұранды  орындау  немесе  барлығы  етпетінен   екі  қолын  жайып  тастап  жатқанда  оң  жақтағы  көршісінің  бетін  қолына  қойып  жылауы,  т.с.с.  жақындастыру  тәсілдерінің  біреуін  немесе  тексеріп  пайдаланатын екеуін  таңдап  алу  керек.  Мұнан  соң  жүргізілетін  кездесулердің  барлығы  осы  рәсімен  аяқталады.

Информация о работе Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері