Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
3
I
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....

7
1.1
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................

7
1.2

1.3
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................

15

21
II
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................


35
2.1
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................

35
2.2
2.3
Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
41

48

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

Әдебиеттерде   мінезіндегі   өзгарістер   дәрігерлік – психологиялық,   қоғамдық  - психологиялық,  қоғамдық  - заңдылық проблемалық   аспектілері   жан- жақты   зерттеліп   көрсетілген. 

Осы   мәселені  зерттеушілердің    көптігінің   дәлелі   осы   сала  бойынша   термин   сөздердің   молдылығы.

Мінезіндегі   ауытқушылық   клиникалық- психологиялық   мінездемені   өз   еңбектерінде   Сухарева Т.Е. 1963, Коволева В.В. 1993,  Захарова А.И.1968 анық   көрсетті.

Мінез-құлқында ауытқушы бар балалардың шағын  ортада   жақсы   қалыптасқан   балаларда   қоғамдық   ортаға   бірден  бейімделу  жасы  өскен  сайын   қиындай   түседі де  психологиялық  әсері   күрделеніп  мінезінде  әр  - түрлі  өзгерістер   пайда  болады.  Осындай   өзгерістерді  жан – жақты зерттеген   зерттеушілер  Фельдштейн 1990,  Грибанова Д.В. 1991,  Северный  А.А. 1999  зерттеп, өз нәтижелерін   көрсеткен.

Көптеген авторлар   өз  зерттеулерін   де қиын   дезадаптивті   мінез – құлқы  бар  балаларды түзетуге, оларды   жаңа ортаға бейімдеу   жолдарын   арнады.

Олар  Трещенко А.А. 1987, Мадура А.Ф. 1991, Бадмаев К.А. 1993, Белозерова Л.И. 1994 және  басқалар.

Қазақстандық  ғылымдардан  осы   тақырып   бойынша   еңбек   етіп   жүргендер   Баженова В.Г. 1989, Илишова Р.Г. 1990, Трифонова В.В. 1993.

Қазақстан   Республикасы   жасөспірімдерді, жастарды,   тәрбиелеу  жоспар   арнайы   жалпы   бағдарлы   жоспар   құрды,   олардың   заңдылықтарын,   қоғамдағы   орнын   ескерді,   психологиялық  – педагогикалық  жағдай   жасап,   Қазақстан   Республикасының   заңын   адам   құқығы  жайлы декларацияны  балалар құқығы  жайлы    конверенцияны, білім туралы  заңды   негіз етіп   алды.

Ең   негізгі   бағыт   балалық шақты   қорғауға мектепке   дейінгі,  мектеп  тобындағы, арнайы  мектепте  оқитын, әке – шешесі  жоқ тума   жетім   балаларды   және   мінез – құлқында   ауытқуы  бар  балалардың қоғамдағы  ортаға   бейімдеуге   арнады.

Бұл бағдарлы   жоспарда   ата  - ана   қамқорлығынан   тыс   қалған  жетім   балаға,   әр түрлі   отбасыда   тәрбиеленіп   жатқан   балалардың   тәрбиесіне  ерекше   көңіл  бөлінген. Себебі   заңды  бұзушылар   арасында   осындай  балалардың   үлесі, салмағы  көп.

Мінез-құлқы ауытқушы болған балаларды зерттеу жұмыстары    көп   болса да   балалардың өз ара   жеке қарым – қатынасы   әлі   толық   ашылған  жоқ.

Мінезінде   өзгерістері  бар   балалардың   жеке   бастарының   ерекшелігін   бақылау,  сараптау жан – жақты   ізденуді  қажет   етеді.   Мұның өзі   зерттеулердің маңыздылығын   және  қажет екендігін көрсетеді.

Балалар мен  жасөспірімдерге   қоршаған  адамдардың  немқұрайлығы , зейін  қоймауы   негізінде   дамитын   әлеуметтік – педагогикалық   бақылаусыз  қалу  бұл   тізбектегі    ерекше рөл  мен  мағынаға   ие. Нәтижесінде   жалғыздық, қараусыз қалғандық,  қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері   пайда   болады [56.87].  

Жағымды  әлеуметтік   тәжірибенің   жеткіліксіздігі,  өмірге   көзқарасының, құндылықтар   жүйесінің, әдет   қалыптары   мен эстетикалық   талғамдарының   жетілмегендігі  және   қалыптаспағандығы   жасөспірімдердің   өз  белсенділігін жағымсыз, құқыққа  қайшы  аймақтарға   жұмсауын   таңдауға   ықпал   етеді, бұл олардың мінез - құлқынан, өзін -өзі бағалуына, қарым - қатынасының қалыптасуының әлеуметтік   бейнесінен көрініс   береді. Бұл ауқымды   рөл  балалар мен жасөспірімдердің   дер кезінде  әлеуметтік педагогикалық, психологиялық және  медициналық   көмектің  көрсетілмеуінде   жатыр.

Қазіргі   кезде  негізгі  мәселе  оқушылар мен  жасөспірімдердің   жүрген ортасы   қолайлы  емес.   Ол қандай  да  бір шамада   ауытқушы  мінез –құлық, өзін -өзі  бағалау, қарым – қатынастың   әр түрлі   нысандарын   мектепке бара жатқанда  да,  аулада, қоғамдық орындарда, тіпті үйде де көреді.

Мораль  мен   ауытқушы мінез - құлық, өзін - өзі  бағалау,  қарым  - қатынас аймағындағы  ауытқушылықты   тудыратын қолайлы  жағдайларды жасырын, бейнесіз өзара   қатынас   сипатымен, еркіндігінің   көптігімен,  кері  әсер   ететін  экономикалық, әлеуметтік және  мәдени  факторларының  кең   ассортименті   бар қалалық орта   құрайды.  Дәстүрлі   ұлттық  құндылықтар   нормасының   босауы, ата-ананың, әсіресе отбасындағы   әке мен моральдық   шекаралардың   жоқтығы,  әлеуметтік  бақылаудың   босаңсуы   жасөспірімдер   ортасындағы   ауытқушы  және өзін - өзі  жоюшы  мінез – құлықтың  өсуіне   әкеледі.

Осы  мәселелерді негізге  ала отырып,   мінез - құлықтары ауытқушы болған балалардың ғылымындағы  проблемалық   жағдайларын негізгі  3 топқа  бөліп қарастуға болады [57.15].  

  1. Қоғамда  өтіп жатқан процестер:

- балалардың   денелік   және  психикалық   денсаулығының   бұзылуын  дер кезінде   анықтаудың, соған сәйкес   көмек   көрсетудің  және квалификациялық  диспансеризацияның  болмауы;

- түзету, сапалы   тегін   қосымша   білімге   балалардың   қолының  жетпеуі; 

2.Отбасының   жағдайы,  оның атмосферасы;

- толық емес  отбасы;

- отбасының  материалдық   жағдайы;

- ата  - аналарының  төменгі  әлеуметтік  - мәдени   деңгейі;

- отбасындағы  тәрбие  стилі;

- ата  - аналарының  ішімдікке, нашақорлық заттарды  теріс   пайдалануы;

-  ата –аналарының   балалардың психактивті   қолдануына   жол  беруі; 

3. Мектепішілік   өмірдің   жеткіліксіз   ұйымдастырылуы:

- оқу мен  тәрбие   үрдісін   басқаруды   ұйымдастырудың   толық   жетілмегендегі;

- мектептің, түзету  жұмыстарының   материалдық   қамтамасыз   етілуінің  нашарлығы;

- қоғам  арқылы  балалармен   айналыспайтын   ата  - аналарға  ықпал  ететін   тетіктердің  және   мектептің   оқушылар   отбасыларымен   жүйелі  байланысының   жоқтығы;

- оқушы мен мұғалім  жүйесіндегі   өзара   қарым  – қатынастарының авторитарлық  немесе   бетімен   кетушілік   стильде  болуы;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ МІНЕЗ – ҚҰЛЫҚТАРЫ АУЫТҚУШЫ  БАР  БАЛАЛАРДЫҢ  ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН   ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДАН  ЗЕРТТЕУ

 

 

2.1 Зерттеу жұмыстарының  мақсаты,  міндеті,  әдістемесі, сыналушыларға  сипаттама

 

Зерттеудiң мақсаты: Жалпыға бірдей мектеп оқушылары және мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiнiң ерекшелiктерiн анықтау, эксперименталдық тұрғыда зерттеу.

Міндеттері;

1.Мінез – құлқы  ауытқушы бар   балаларды тәрбиелеу,  оқыту, қоғамдық  өмірге  қосу  біздің  алдымыздағы  маңызды    қоғамдық  міндеттердің бірі.

2. Сонымен қатар баланың  отбасысына, өз  тұлғасына, мінез – құлқына,  қарым – қатынасына  қарай   мінез – құлқындағы  ауытқушылығы бар  балаларды алға  қарай   тартыу.

3.Медициналық, педагогикалық, мәдени, әлеуметтік  көмек   көрсетіп,  әр түрлі  психологиялық   әдістерді   қолдану арқылы  өмірге  бейімдеу.

4. Жасөспірімдердің, ата - аналардың   пікірлерін   зерттеудің  нәтижелерін   талдау және   соның   негізінде   анықталған   ерекшелікті   ескере   отырып  оқушылардың   тұлғасы, қарым – қатынасы, өзін - өзі бағалауы  мен мінез – құлқындағы   ауытқушылықтардың   алдын алу   және  түзету   бағдарламаларын  құру;

5.Жасөспірім тұлғасының   және  қарым – қатынас, өзін -өзі  бағалауы, мінез – құлқының   дамуындағы   ауытқушылықтардың   алдын алу   мен түзету   әдістерін,  балаларда   тиімді   қарым  - қатынас   жасай  алу   қабілетін   қалыптастыруға, жауапты   шешім  қабылдауға,  қақтығыстарды  шеше  алуға,  стрессті   жеңе  білу  және  жағымды , барабар түрде өзін - өзі бағалауын  дамытуға,  салауатты  өмір   сүруге   бағытталған психотехникалық   тәсілдерді   ұйымдастыру.

Зерттеу барысына Қызылорда қаласының №6 Арнаулы мектеп интернатының жасөспірімдері мен №12 орта мектептің 6, 8 сыныбының 12-15 жастағы жасөспірімдердің 90 сыналушысы қатысты. Жалпы қыздар мен ұлдардың саны бірдей болды.

Жалпыға бірдей мектеп оқушылары мен мiнез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы деңгейiн анықтауға байланысты келесi реттегi эксперименталдық әдiстемелер қолданылды:

Т. Дембо-С.Я.Рубинштейiн әдiстемесi өзiн-өзi бағалаудың ерекшелiктерiн  зерттеуге бағытталған.

Эксперимент барысындағы  Т. Дембо-С.Я. Рубинштейннiң өзiн-өзi бағалау әдiстемесiнiң негiзгi мәнi: ол сыналушы оқушының алдында жатқан таза ақ қағазға тiгiнен сызық жүргiзiледi. Сыналушыға: “Өзiнiң сыныбыңдағы барлық оқушыларды бойлары бойынша мына сызықтың бойына орналастыруға болады, – деп ұсынылады. Ең жоғарысына (экспериметатор өзi көрсетедi) бойы үлкен оқушыларды, ортасына – орта бойлы, төменгiсiне - өте қысқа бойлы оқушыларды белгiлеу болады.  Қалай ойлайсың, мына сызық бойынша өзiнiң бойына сәйкес келетiн орын қайсы болып есептеледi?”, “Ендi өз досының орнын белгiле”.

Кейiннен  бiрiншi сызықтан бiршама  алшақ қашықтықта екiншi сызықты  жүргiзiп сыналушыға, ұқсас тәсiлмен өзiн  және   жолдасын сабақ  үлгерiмi бойынша бағалау ұсынылады. Осы тәсiлмен үшiншi сызықта ақылы бойынша өзiн, жолдасын және мұғалiмiн бағалауы қажет. Төртiншi тiк сызықтың бойында сыналушы өзiнiң және жолдасының мiнезiне баға бередi. Бесiншi тiк сызықта сыналушы бақыты бойынша өз орнын табуы тиiс (ең бақытты немесе ең бақытсыз).

Осыдан кейiн сыналушылармен бағалауларына  байланысты сұрақ қойып әңгiмелесу әдiсi жүргiзiлдi. Сыналушыға, бойына байланысты сұрақтар қойылмайды тек нұсқауды дұрыс  түсiндiру үшiн енгiзiледi. Үлгерiмiне байланысты сыналушыға: “Сен қалай оқисың?”, “Сен қандай бағаларды аласың?”, “Сен үшiн қандай сабақ сәттi болып саналады?”, “Қандай сабақ сәтсiз болып саналады?”- деген сұрақтар қойылады. “Ақылын” бағалауға қатысты сыналушыдан ақылы және оның кемшiлiктерi неде көрiнетiндiгiн сипаттауын сұрадық. Неге ол өз жолдасын өзiнен жоғары (төмен) қойды.

Кейiн сыналушының өз мiнезiн  бағалауына келгенде келесi реттегi сұрақтарды ұсындық:  “Сенiң мiнезiң қандай?”, “Сен неге олай ойлайсың?”, “Сенiң  мiнезiңнiң қандай жақсы және жаман  қасиеттерi бар?”- деген сұрақтар қойылды. Сыналушының бақыты жайлы бағасына келгенде: “Сен өзiндi бақыттымын, - деп санайсың ба?”, “Әлде бақытсызбын, - деп ойлайсың ба?”, “Неге?”,  “Бақытты болу үшiн саған не жетiспейдi?”- деген сұрақтар қойылды.

Бағалаудың ерекшеліктері мен тәсілдерін түсіну үшін эксперимент барысында әрбір баламен сұхбат өткізілді.

Алынған мәліметтерді Дембо-Рубинштейн әдісімен ары қарай өңдеген кезде А.В.Захарова көрсеткен өзін-өзі бағалаудың компоненттерінің сипаттамалары қолданылады. Ол өзін-өзі бағалаудың эмоциялық компоненті деп баланың өзіне қанағаттануының өз мәндер аумағындағы өлшемін айтты: 0-ден 0,3-дейінгі -төмен, 0,3-тен 0,6-дейінгі -орташа, 0,6- дан 1,0- дейінгі -жоғары және теріс мағыналар аумағындағы таңдауға сәйкес өзіне қанағаттанбаудың бір деңгейі.

Бірінші топқа берілген қасиеттердің көп болуымен өзін қабылдаудың  жоғарғы деңгейін көрсеткен және өзін-өзі бағалау үшін өздерінің  ерекшеліктеріне жатқызатын қасиеттері мен қабілетін таңдаған балалар  енеді.

Екінші топқа ұсынылған қасиеттер бойынша өздеріне қанағаттануының деңгейі орташа болатын және өздері таңдаған шкала бойынша қанағаттануының деңгейі жоғары немесе орташа болатын балалар жатады.

Үшінші топқа ұсынылған қасиеттер бойынша өзін-өзі бағалауы төмен және өздері таңдаған шкалалар бойынша өздеріне қанағаттануының өлшемі әр түрлі болатын балалар енеді.

Өзін-өзі бағалаудың когнитивтік  компоненттінің көрсеткіштері: оның шынайылығының өлшемі, негіздеу тәсілдері - өз тәжірибесін немесе өзін-өзі бағалау жағдайын талдауға сүйену, өзінің немесе айналасындығылардың пікіріне сүйену, эмоциялық қалауларына бет бұру, өзін-өзі бағалауда рефлексифтіліктің болуы немесе болмауы.

Рефлексивтілік  проблема түрлерінде жиі пайдаланылатын, терең және жан-жақты мазмұнды өзін-өзі бағалау ойы ретінде қарастырылады.

Бала өзінің ерекшеліктеріне, жетістіктеріне сәйкес келетін ойларын жүзеге асыратын, бағалауды сараптай алатын өзін-өзі бағалаулары өзін-өзі шынайы бағалаулар деп ұғынылды.

Оқушылардың мінез-құлық  ауытқуларының алдын алуының  психологиялық жағдайларының құрылу жүйесінде психологиялық қызметтің орны ерекше. Психологиялық қызметтің мақсаты: әрбір оқушының сенімді психологиялық қорғанысын, оның өз мінез-құлқын өзгертуге тиісті екенін мойындатуға, жағымсыз тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастардағы кемшіліктерін тузетуге ұмтылыстарын калыптастыру болып табылады.

Жағымсыз тұлғалық қасиеттер  мен бейімделудегі ақауларды  психологиялық тұрғыдан түзету. Жұмысты ұйымдастыру барысында жас ерекшелік дамуының негізгі талаптарын міндетті түрде ескеру қажет. Бастауыш және орта жеткіншек жасындағы жеткіншектермен жұмыс істеген кезде олардың өз-өзіне сенімділігін тудыруға, өздерінің мінезін, мүмкіншіліктері мен қабілеттерін және т.б. біртіндеп түсінуіне ықпал ету керек.

Бұл жас кезеңі жасөспірімдердің өзіне сенімділігін, өзіндік намыс сезімін дамытуға және бекітуге қолайлы уақыт болып табылады [58.11]. Ал үлкен жасөспірімдермен жұмыс жасаған кезде олардың айналасындағы адамдарға қарым-қатынасы деген дамытуға, қарым - қатынастары мен тұлғааралық қатынастарының мотивтерін талдауға ерекше мән берген жөн.

Өмірдің мағынасын түсінуіне, уақыт жоспарын жасай білуіне, кәсіпті  таңдауға қабілетіліктерін меңгеруге  үлкен назар аудару керек. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін жай ғана ескеріп  қоймай, олардың мүмкіншіліктерін белсенді қалыптастырып, пайдаланып, ары қарай дамыту аса маңызды орын алады.

Информация о работе Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері