Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
3
I
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....

7
1.1
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................

7
1.2

1.3
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................

15

21
II
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................


35
2.1
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................

35
2.2
2.3
Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
41

48

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

Үшінші  блок – қайта  құру.  Бірінші  кездесуде  топ  мүшелері  үлкен  белсенділік  және  дербестік  элементтерін  байқатып  үлкендер  жағынан  қатысушылардың  барлық  элементтерін  байқатып,  үлкендер  жағынан   қатысушылардың  барлық  әрекеттерін  қатаң  қадағалауды  талап  етпесе  келесі  бесінші және алтыншы  кездесуде  спонтандық   ойындар  кеңінен  пайдалануы  қажет.  Бұл  ойындар  барысында  балалар  қатынасында  иерархия  қалыптасып    әр  баланың  күшті   және  осал  жақтары  айқындалады  да  балалардың  дезадапциялық   қасиеттері  анықталады. 

Бұл  психодиагностиканы  дәлірек  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  келесі  кезеңдерде  топтық   қатынас  барысында  қалыптасқан  тәжірибиенің  оң-теріс  жақтарын  балалардың  өздеріне  талап  көрсетуге  негіз  болады.  Спонтандық  ойындар  барысында  психологтар  балалардың   өзара  қатынасын   бақылаумен  қатар  олардың  бір-біріне  ешқандай  денесіне  зақым  келтірмеуін  және  жанын  жараламауын  қамтамасыз  етеді.

Спонтандық  ойын  барысында  біртіндеп  қалыптасқан  иерерхиядағы қатынасушылар рөльдері  анықталады: әмірешіл,   әмірешілдің уәзірі,  шеттетілген оппазиционер,  көнгіш  конформист,  «күнәһарлар».

Осы  кезден  бастап  толық  коррекция  арқылы  әр  адамның  қасиеттерін  өайта  құрудың  келесі  кезеңі   басталады.  Бұл  кезеңнің  негізгі  ерекшелігі – жетекші  алдын  ала  қандай  әрекеттер  арқылы  қандай  қасиеттер  білдіруге  жаттықтыратынын  анықтап,   сол  бағыттағы  ойындарды  ұсынып  отырады.  Бұл  кезде   психологтар  барлық  топ  мүшелерінің   белсенділігін  қамтамассыз  етуге  топтағылардың  барлығы  барлық  ойындарға  тең  үлесін  ұосатындай  жағдай  жасайды. 

Төртінші  блок – апробациялық.  Қатысушының  коррекция  барысында  меңгерген  жаңа  тәжірибесін  өз  бетімен  көрсетуге   өз  күшіне  сенудің  өзін-өзі  сыйлауын  пысықтауға  жәрдем  беріледі.  Кеңесші   психолог  клиенттің  досы  позициясында  болып,  оған  тек өте  қажет  болған  уақытта   ғана  көмек  көрсетеді.  әр  адам  алдында  тұрған  проблемаларын  өзі  шешуге  тиіс,  ал  оны  шеше  алмаса  топтағылардың  көмегін  пайдалана  білуі  керек.

Д.Карнеги еңбектерінде психокоррекциялық әсерді жөндеулерді, адамның ішкі әлеміндегі ерекше өзгерулерді  қарастырған. Д.Карнеги өзінің бір  сынағында психологиялық мәліметтерді психокоррекциялық жұмыстарда қолданады.

Психокоррекция жұмыстарын жүргізуде ол негізі былай дейді: «Тәртіпті сақтаңдар, бәрі жақсы  болады». Адамдарға ұнау үшін Д.Карнеги  ұсынған  6 анықтаманы ұсынады:

1. Басқа адамдармен  қарым-қатынасқа шынайы түсіңіз

2. Күліңіз

3. Есіңізде болсын  – адамның есімі, негізгі көмекші жақсы қарым-қатынасқа

4. Мұқият тыңдай біліңіз

5. Әңгімелесіп отырған  адамыңызды не қызықтырады сол  туралы айтыңыз

6. Өмірде өз орны  бар екендігі туралы шынайы  санасын иландыруға тырысыңыз

Ал, психотренингтер –  коррекциялық жұмыста адамның ішкі әлемін жетілдіруге көмектеседі. Психотренингтер тапсырма шешуде, әрекеттің оптимизациялауда (оңтайландыруда) жүзеге асады. (Н.Цен, Ю.И.Иванов және т.б.). Психотренинг жаңа көзқарастар ұсынбайды, әрекетте нәтиженің жоғары болуына, адамның ішкі әлемі мен қасиетінің ықпалдастығына, біріншіден өзіндік санаға әсер етеді.

Психологиялық ойындар  – психологиялық мәліметтерді коррекциялық жұмыстарда қолдануға, адамның ішкі әлемінің ерекшеліктерін сұрыптауға, тапсырмаларды орындауға басынан  өткеруге көмектеседі. Психотехникалық ойындар Н.В. Цезенан, Ю.В.Пахомев еңбектерінде көрсетеді. Ол ойындардың ерекшелігі функцияларды дамытуға бағдарланған құбылыс шаршағандықты жеңу үшін, қабылдаудың концентрациясының жоғарылауына, эмоционалды тонусының (сарынының) жоғарылауына көмектеседі.

Қорыта айтқанда, психолог-практиктердің  психокоррекция жұмысы бағыттан ерекшеленетін 3 ұстаным  арқылы клиентке көмектеседі.

1. «Мен сияқты істе»  - психолог клиентке эффектілі  тәсіл көрсетеді және жүзеге  асыруға көмектеседі. Әрекет, тәсілдеріне жауапкершілікті алады.

2. «Бірге істейік» - жауапкершілікті  психолог іздеудегі және табудағы  эффектілі тәсілді клиентке ұсынады.

3. «Жақсы нәтиже болуы  үшін ойланыңыз» - бұл тәсілді  жүзеге асыруда клиентке жауапкершілік  жүктеледі, тәсілді шешуге, таңдауға, игеруге көмектеседі.

Бірінші ұстаным  психотехникалық  әсер етуге жақын, мазмұны клиентке тиімді.

Екінші ұстаным клиентке сапалы көмектеседі.

Үшінші ұстаным клиенттің  бағдарлауына жеке тұлғалық ерекшеліктеріне  ішкі әлемінің деңгейімен және санасымен  байланыстырады. Әр ұстанымның мақсаты - түзету жұмысының тапсырмасы, біреуін психолог қолдануда стереотиті жұмыс істейді, ол коррекциялық жіктеу жұмысын қиындатады.

Психокоррекция мәліметтерді дискретті бағдарлауға, адамның  ішкі әлеміне мінездеме беруге жалпы психологиялық заңдылықтарды қабылдауға көмектеседі.

Түзету жұмыстарынң  әдістері жасөспірімдердің іс-әрекетер жүзеге асырылатын  топпен арақатынасы  байланысты әсерлі болады. Жасөспірімге қоғамдық белсенді іс-әрекетке бай  аймақты ұсынатын және жұмыс нәтижелеріне баға беруші топ өзіндік тәрбиелік қызмет атқарады. 

Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулардың себептерінің бірі болып  жасөспірімнің авторитарлық, яғни мектеп, отбасы, қоғам тәрбиесіндегі сипаттағы  «Мен»-мен және есеюші «Мен»-і арасындағы келіспеушілік саналады. Сондықтан да біздің модельдің үшінші бөлігін тәбиелеуші және қайта тәрбиелеуші субъектілер тарапынан болатын қарым-қатынастарды қайта құру арқылы жасөспірімнің эмоциялық саласына ықпал ету құрайды.

Зерттеу коррекциялық процес барысындағы осындай қарым-қатынастарды іздестіруді мақсат етті. Тұлғалық тұрғыдан қарау идеялары мен мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдегі болатын біз жасаған Мен-концепциясы үлгісі негізінде эксперимент барысында мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімге түзету жұмысы жағдайында тұлғалық тұрғыдан қарау тұжырымдалды. Ол мыналардан құралады:

  1. жасөспірімге жеке тұлға ретінде қарау, педагогтың жасөспірімге тұлғалық теңелуі, жасөспірімнің құқықтарына құрмет көрсету;
  2. мінездегі ауытқушы жасөспірімді шынайы түрде қабылдау, оның кемшіліктеріне түсіне білу, себептерін түсіну, оған көмек көрсетуді дұрыс жолын таңдау;
  3. жасөспірімнің субъективті ұстанымын қамтамасыз ету, іс-әрекет барысында жетістікке жету атмосферасын қалыптастыру, ынталандыру;
  4. тәрбиешінің жасөспірім үшін үлгі болуы, оның серіктес, кеңесші, тәжірибелі ересек жолдасы ретіндегі рөлін атқара білуі;
  5. жасөспірімге қойылатын талап пен құрметті үйлестіре білу;
  6. қажетті жағдайда тежеуші амалдарды пайдалана білу.

Осыған орай тұлғаның Мен-концепсиясы ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық көзқарас пен тежеуші амалдарды қолданудың шекарасы қарастырылады.

Тұлғалық тұрғыдан қараудың шекарасынан делинквентті мінез-құлықтың 4-5 деңгейлердегі түрлерін шығарамыз: себепсіз агрессияны, «қара ниеттегі қызғанышты», әдейі айтылған өтірікті, өзімшіл мінез-құлықты және тағы да басқа нормадан тыс ауытқуларды.

Тәрбиеші тұлғалық ішкі күштердің қолдауын байқамаған жағдайда  ғана тежеуші амалдарды пайдаланады.  Жазалаушы, көндіруші әрекеттерді  жасөспірім түсініп, мойындау білуі  керек, ол оның тұлғалық намысына тиіп кетпеуі қажет.  Эксперименттік тәжірибе жұмыстары түзету үрдістерінің нәтижелігін арттыруға қажетті бірқатар әлеуметтік-педагогикалық шарттарды анықтады;

  1. отбасы, мектеп, қосымша білім беру мекемесі, құқық қорғаушы органдар, мемлекеттік және қоғамдық қызметтер сияқты тәрбие беруші барлық субъектілердің тәрбиелеуші-түзетуші күштерін ұштастыратын, жасөспірімнің мінез-құлқындағы ауытқуларды түзетудің біртұтас моделі болуы керек;
  2. жасөспірімге жасалатын ықпалдардың кешенді болуы:

а) сана, ерік-эмоциясы, мінез-құлқы  сияқты салаларына әсер етуші ықпалдар;

б) көркемдік, қоғамдық, техникалық сияқты әр түрлі іс-әрекеттердегі  ықпалдар;

в) әлеуметтік, медициналық, психологиялық педагогикалық салалардағы  ықпалдар;

3)  түзету үрдісінің мектептегі оқу-тәрбие ісімен тығыз байланыста болып, үйлесім табуы;

4) түзету жұмысының  диагностикалық тұрғыдан қамтылуы, әлеуметтік, педагогикалық және  психологиялық тұрғыдан болжам  жасау амалдарының болуы; 

    5)   әлеуметтік-педагогикалық  және психологиялық іс-әрекеттердің жеткілікті деңгейде болуы, олардың мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне түзету бағдарламасын жүзеге асыруға, жасөспірімдермен түзету және медет беру шараларын жүргізуге көмектесу.

Модельді педагогикалық    тұрғыдан басқару шарттарының жиынтығы мыналардан тұрады.

1) жасөспірімнің өзіндік  ерекшеліктерін, әлеуметтік байланыстары  мен мектептің, отбасының ерекшеліктерін  ескере отырып, жұмысты жоспарлау; 

2) тәрбиелеу-түзету үрдісіне  қатынасушы барлық субъектілердің  әрекеттеріне бағыт беру;

3) нәтижелерге психологиялық-педагогикалық  талдау жасау.

Зерттеу барысында жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқуларды түзету үрдісі кәсіби мамандардың, яғни әлеуметтік педагогтардың қатынасуынсыз айтарлықтай  дәрежедегі нәтиже беріп, толықтай жүзеге асуы мүмкін еместігі анықталды.                                                                    

Көптеген мұғалімдер окушылардың жеке ерекшеліктерін білмей немесе оларды өз жұмысында ескермей оқушылармен өзара қарым-қатынас жасай алмайтындығын білдіреді. Қарым-қатынастың өктем үлгі түрінде жасалуы балалардың ашық қарсылық көрсетуін тудырады. Ал оқушылардың құрдастарымен қарым-қатынас жасауы оның осы уақытта «адамгершілікті —  өнегелі қасиеті бар ересек адаммен» қарым-қатынасы бар болса ғана ол тиімді болатынын ескерген жөн.

Дәл осы қарым-қатынас арқылы құр-дастарының ортасында қалыптасқан құндылықтарды тексеріп, түсінуге болады. Бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасаған кезде ғана нақтылы қоғам мен әлеуметтік ортаға тән өнегелі армандар мен құндылықтардың жүйесін толық меңгереді.

Педагогикалық ұжымға психологиялық көмек көрсету мақсатымен семинар, тренинг және әр түрлі психологиялық шаралар ұйымдастырылуы қажет. Өйткені, үлкендердің түртпегінен шаршаған оқушылар жасандылыққа төзбейтін педагогтардың қайрымды қатынасын көріп, өздерінің құндылықтарымен толық келіспесе де, оларды бірге біртіндеп іштей өзгеруге тырысатын, түсінетін және мойындайтын адамдардың бар екенін біле бастайды.

Әр түрлі шаралар  мен психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушылардың жас ерекшелік дамуының негізгі талаптарын міндетті түрде ескеру қажет. Мәселен, бастауыш және орта жастағы жасөспірімдермен жұмыс істеген кезде олардың өз-өзіне сенімділігін тудыруға, өздерінің мінезін, мүмкіншіліктері мен қабілеттерін және т.б. түсінуіне ықпал ету керек. Бұл жас кезеңі жасөспірімдердің өзіне сенімділігін, өзіндік намыс сезімін дамытуға және бекітуге қолайлы уақыт болып табылады.

Ал үлкен жасөспірімдермен жұмыс жасаған кезде олардың айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасты дамытуға, тұлғааралық қатынастарының себептерін талдауға ерекше мән берген жөн. Өмірдің мағынасын түсінуіне, жоспарын жасай білуіне, мамандық кәсіби таңдауға қабілеттіліктерін меңгеруге үлкен назар аудару керек.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін тек ескеріп қана қоймай, олардың мүмкіншіліктерін белсенді қалыптастырып, адамгершіліктік-өнегелі қасиеттерін дамытып, әр түрлі психологиялық жағдайларды дұрыс қолдана отырып, олардың мінез-құлық ауытқуларын алдын алу кажет. Осындай жағдайда ғана қазіргі кездегі оқушылар еліміздің білікті, парасатты азаматы болуына сөзсіз қол жеткізеді.

Психотерапия (психо ... және грек. therapeia - емдеу) адам ауруының себебін болжамдайтын психикалық тәсілдерді және оны емдейтін әдістерді дәлірек ұғынып, кеңінен қолданатын психология мен медицина арасындағы емдік тәжірибе түрі. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана – сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.

Психотерапия  кеселге  ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты  қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның  клиникалық тәсілдері – гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі  иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі , отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.

      Адам  ішкі жан дүниесінің қай сипаты  ықпал  етуді талап етуге байланысты психотерапияның негізгі 4 моделін бөлуге болады:

1.Психотерапия емдеу әдісі. Психикалық және соматикалық функция (медицин.модель) сферасында организмнің функциональды жүйе қалпына ықпал ету;

2.Психотерапия- үйрету процесін әрекетке әкеледі (психотерапияның психологиялық моделі);

3.Психотерапия манипуляциялаушы әдіс, инструмент сипатты және қоғамдық тексеру мақсатына қызмет етеді (әлеуметтік модель);

Информация о работе Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері