Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа

Описание работы

Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................
3
I
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....

7
1.1
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................

7
1.2

1.3
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................

15

21
II
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................


35
2.1
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................

35
2.2
2.3
Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
41

48

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
72

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................

Файлы: 1 файл

sabieva.doc

— 1.22 Мб (Скачать файл)

Жеке адам ерекшеліктері  реабилитациялық процестің барлық бағдарламаларында ескерілуі қажет. Оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді мұғалімдердің осылайша зерттеп  білуі оқу-тәрбие үрдісі барысында қойылған міндеттерді тиімді шешуге және тәрбие арқылы ықпал ету шараларының тиімдісін табуды жеңілдетуге мүмкіндік туғызады.

Л.И.Белозерова тәртібі  қиын оқушылардың үш тобын атап көрсетті:

- Бірінші  топқа  өмірдегі  болашағы  мүлдем  жоқ жасөспірімдер жатады. Олар айналысында болып жатқан құбылыстарға ешқандай 
құлық  танытпайды.  Қалыптасқан     келеңсіз  өмір  жағдайларының салдарынан олар ештеңеге сенбейді. Айналасындағылардың оларға деген қатынасы   оларды   қызықтырмайды,   олар   өздеріне   деген қайырымды    қатынасты тудыруға тырыспайды.

Оларға ойлау жұтаңдығы, ойлау құнтсыздығы, өзінің оқу еңбегін  ұйымдастыра алмайтындығы тән болады. Олардың өзімшілдік ұмтылыстары, кейде  өзін ұжымға ашық қарсы қоюы   -  оның ұжымнан мүлдем шектеліп, оның өмірінен тысқары қалуының нәтижесі. Басты міндет - бұл жеткіншектердің өмірге деген   қызығушылығын ояту, өмірдің болашағын түсінуге көмектесу, салауатты ұмтылыстар мен мақсаттарды тудыру;

-Айналасында болып жатқан құбылыстарға, мұғалімдер мен тәрбиешілердің кез-келген талаптарына немесе өтініштеріне, әдетте дұрыс емес әрі төтенше реакция көрсететін жасөспірімдер екінші топқа жатады.     Бұл топтағылар ұжыммен келіспеушілікте бола тұра, айналасындағыларға ортақ ережелер мен талаптарға қарсы өзінің пиғылдарын іске асыруға ұмтылады. 

        Басқа тәртібі қиын жеткіншектерге  қарағанда, мінез-құлықты қалыптастырушы  баршаға деген ызаны, дөрекілікті  бұлардың бойын көбірек байқауға  болады. Негізгі міндет - оларды айналасындағы құбылыстарды дұрыс түсініп қабылдауға үйрету, сондай-ақ, өз ниет-тілектерін тежей отырып, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігіне дағдыландыру;

-Мінез-құлқының тұрақсыздығымен және тез сенгіштігімен айрықшаланатын жасөспірімдер жатады. Олар құрдастарының жағымсыз да, жағымды да ықпалдарын оңай қабылдайды. Бұл топтың барлық жеткіншектеріне өз-өзіне сенімсіздік тән.

Кейбіреулері тұйық, ал кейбіреулері керісінше, мөлшерден  тыс қарым-қатынас жасауға құштар болады. Олардың болашақты болжауға құлшынысын тудырып, қолдап, жағымды  мінез - құлқын бекіте отырып, жасөспірімдердің еріктік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет.

Тұлғаны зерттеу мен  коррекциялауға жеке-әлеуметтік тұрғыдан қарау, 
жеткіншектерді қоршаған адамдармен қатынас жасау арқылы, өмір сүру 
әрекетінің әр түрлі саласындағы құрдастарымен және ересек 
адамдармен нақтылы қатынастарын анықтау арқылы тұлғаны зерттеуді 
меңзейді. Мұндай көзқарас, өмірдің белгілі бір жағдайларының 
жиынтығына — объективті түрде байланысты, ал бұл жағдайлардың 
көрінісінің заңдылықтары ретіндегі, оның тұлғасының, өнегелі 
дамуының, өмірлік мақсаттарының ерекшеліктеріне — субъективті түрде 
байланысты болатын әлеуметтік дезадаптацияның салдары тәрбиелеуді 
қиындатады деген ережеге сүйенеді.

Сонымен қатар, оқушылардың  мінез-құлық ауытқуларын алдын  алуының психологиялық жағдайында алдын алу аса маңызды рөл атқарады. Алдын алу — оқушылардың дамуындағы болатын сәтсіздіктердің алдын алуға, олардың психикасының дамытуға, нығайтуға бағытталған әрекет түрі [67.133].

Бұл әрекет білім беру ортасын, дамып келе жатқан тұлғаның ішкі қайталанбас жан дүниесінің шынайы әлемінің өзге субъектілермен өзара әрекеттестігінің ерекшеліктерін, әрбір баланың қабілеттік мүмкіншіліктерін анықтауға бағытталған және нақты жағдайларын ескере отырып жасалынады. Психопрофилактинаның ұйымдастырылу талаптары:

  1. білім беру ортасында оқушылардың психологиялық дамуын нығайтуды және сақтауды қамтамасыз ететін барлық заңдылықтар мен өзара байланыстардың бір тұтас көрінуі;
  2. оқушылардың дамуындағы жеке психологиялық ерекшеліктердің салдарынан болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;
  3. оқушының кезекті жас кезеңіне өтуіне байланысты болатын қиыншылықтарды уақытында анықтап, алдын алу;

4) жүйкелік-психикалық  күйді қалыпқа келтіру жұмыстарын  жүргізу; 
Алдын алу жұмыстары төмендегідей бағыттар бойынша жүргізіледі:

- оқушының дамуындағы  болатын «дағдарыстардың» келеңсіз  салдарының уақытында алдын алуды  мақсат ететін бағдарлама;

- оқушылардың кейінгі  өмірінде болатын оқиғалардың  келеңсіз салдарының алдын алуды  мақсат ететін шұғыл алдын  алу бағдарламасы;

- оқушылардың келеңсіз  тұлғалык қасиеттері мен қылықтарын  алдын алуға бағытталған жеке  бағдарлама;

Сондай-ак, оқушылардың  мінез-құлық ауытқуларын алдын  алу жүйесінде оку-тәрбие үрдісінің  психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етілуі маңызды болып саналады.

Жас адамдардың девианттық мінез-құлықтарының алдын алу шараларын  ұйымдастырудың бірнеше бағыттары  бар. Бұл бағыттардың әрқайсысы  пайда болуы себебінің айрықша  пікіріне сүйенеді.

Мұндай бағыттардың  үшеуін атап айтуға болады. Ортаға тән  бағыт адамдардың әлеуметтік қауымдастыққа енуіне және әлеуметтік ортамен байланысына қатысты себептерімен сипатталады, осыған орай девианттық мінез-құлықтың алдын алу дегеніміз баланың өмір сүруі ортасымен жұмыс жасауды білдіреді (тұрғылықты жеріне қатысты ашық социумның тәрбиелік ортасы -  Л.С.Алексеева, Б.С.Алмазов Г.П.Бочкарева, З.В.Баеруная, А.Е.Личко; жасөспірім топтарымен жұмыс - И.П.Башкатов; баланың өмір сүруінің қолайлы ортасын қалыптастыруға кешенді тұрғыдан қарау -  С.А.Беличева; әлеуметтік қадағалау теориясы - Ю.А.Клейберг және т.б.).

Екінші бағытты клиникалық-биологиялық  деп атауға болады; оның жақтастары адам мінез-құлықына әсер етуші генетикалық  ықпал жайлы, физикалық, психопатологиялық, экологиялық айғақтар жайлы айтады [68.16]. Мұндай жағдайда алдын алудың негізгі бағыты медициналық және психологиялық шаралар кешенін жүзеге асыру болып саналады (А.Адлер, А.Бандура, А.Басс, Л.Берковец, с:Джеффи, Н.П.Дубинин, Э.Уилсон, З.Фрейд, Э,Фромм, К.Хорни және т.б.). Бұл көзқарастың өкілдері түзету жұмыстарына көбірек көңіл бөледі.

Үшінші бағыт - девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік, биологиялық, психологиялық сипаттағы әсерлер  жиынтығы салдарынан пайда болатынын  түсіндіретін тұлғалық бағытта. Аталмыш  бағыт өкілдері алдын алу шараларын  тұлғаның өзімен жұмыс жасауды, адамның пайда болған мәселелерді өздігінен шешуі біліктілігі мен әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуін, топтық ықпалға қарсы тұруы мен келіспеушіліктерден жол табуын қалыптастыру жұмыстарын  қарастырады.

Біз тұлғалық бағыт арнасындағы  зерттеулерімізде алдын алу процесіне субъективті нұсқалық тұрғыдан қарауға негіздеме береміз, оның мағынасын белгілі бір уақыттағы жастар ортасында орын алатын нұсқалық бөліктерін, жасөспірімдердің жыныстық және жас ерекшеліктерін, олардың жалпы физикалық және психикалық даму деңгейін, нақты бір оқушының психикалық жағдайын, баланың өмір сүруі ортасының басқа нұсқаға, яғни оқушылардағы рефлексивтік  ұстанымның қалыптасуындағы экзистенциалдық саланың дамуына қарағандағы ерекшелігін үйлестіру қажеттілігі құрайды [69.310].

Субъективті нұсқалық көзқарас алдын алу шараларына қатынасушылардың барлығын субъективті тұрғыда араластыруды, жасөспірімдердің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және талап - тілектерін ескеруді, олардың жағымды қасиеттеріне сүйенуді, оқушыларға қарым - қатынас жасауда, өзіндік белсенуі мен дамуындағы, өзін - өзі көрсетуіндегі қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды жасауды ұстанады.

Субъективті нұсқалық көзқарасты   мектептегі алдын алу шараларын  ұйымдастырудың негізі ретінде қарастыру  арқылы біз жоғары сынып оқушыларында болатын өзара байланысқан екі жақты процес ретінде қарастырған девианттық мінез - құлықтың алдын алу шаралары жайлы жаңа ғылыми ілімге шықтық.

Қоршаған ортадағы әлеуметтікке кері ықпалдарды жоюға мүмкіндік  беретін қолайлы жағдайларды жасауды білдірсе;

Екінші жағынан - оқушылардың  қалыптасуы тұрғысынан қарағандағы  рефлексивтік ұстаным деп қарастырып отырған экзистенциалдық даму саласын  білдіреді.

Қолайлы жағдайды жасау  дегеніміз педагогтарға, ата-аналарға және басқа мамандарға нақтылы жағдайда ересектер мен жасөспірімдердің барынша аз уақыты мен күшін пайдалану арқылы неғұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін шаралардың нұсқалық кешенін іске асыру.

Біз зерттеулерімізде жоғары сынып оқушыларының девианттық мінез-құлықтарының алдын алу шараларының нұсқалық кешені ретінде қоршаған ортадағы әлеуметтік кері ықпалдардың алдын алуға бағытталған, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқуларды барынша азайтуға және жас адамдардағы экзистендалдық саланың дамуына мүмкіндік беретін әдістердің, бағдарламалардың, ұстанымдардың жиынтығын түсіндіреміз.

Жоғары сынып оқушыларының девианттық мінез-құлықтарының алдын  алу шараларының нұсқалық және тиімді кешенін таңдауда аталған жұмыстың теориялық - әдістемелік біртұтас негізіне сүйенген жөн болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Зерттеу  нәтижелерін  сандық және сапалық  талдау

 

Зерттеу нәтижесiнде жалпыға бірдей мектеп және мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердiң өзiн-өзi бағалауының   бiршама айырмашылығы байқалды.  Кесте бойынша көрсетілген оқушылардың  өзін-өзі   бағалауындағы   айырмашылықтарын  білдіретін   нәтижелерді сипаттайық. Жалпыға бірдей мектеп және  мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердiң  6-сыныбы бойынша мәліметтерді талдау, әрбір топқа тән ерекшеліктер жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

 Екінші кестеде көрсетілгендей, жалпыға бірдей мектептің 6-сынып оқушыларының көпшілігі ақыл-ой, үлгерім, мінез және бақытты таңдау (жалпы балалар санының 43%, 40%, 33%, 47%) сиякты көрсетілген қасиеттер бойынша өзіне қанағаттануының жоғары деңгейімен сипатталады.

Жалпыға бірдей мектеп оқушылары  сабақ үлгерiмi мен ақылдығын сипаттай отырып, сабақты жақсы ұғатындарын, есте сақтау қабiлеттерiнiң жоғары болуын дәрiптедi. Сонымен қатар, математика,  қазақ тiлi мен әдебиет сабағын  өте жақсы көретiндерiн көрсеттi, өйткенi бұл сабақтарда есеп шығарып, шығарма жазып ой-өрiсiмiздi дамытамыз, - деп белгiледi.     

 

2-кесте. Мінез-құлықтарында ауытқулары бар және жалпыға бірдей мектептің 6 сынып оқушыларының өзiн-өзi бағалауының көрсеткiш деңгейі (%)  

 

 

Бағалау шкаласы

Арнаулы түзету мектеп-интернаты

 

Жалпыға бірдей мектеп

 

Жоғары

 

Орташа

 

Төмен

 

Жоғары

 

Орташа

 

Төмен

 

Үлгерімі

 

27

 

20

 

53

 

43

 

30

 

27

 

Ақыл-ойы

 

33

 

20

 

47

 

40

 

17

 

43

 

Мінезі

 

27

 

17

 

56

 

33

 

27

 

40

 

Бақыты

 

37

 

13

 

50

 

47

 

20

 

33


 

Мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдер топтарындағы оқушылардың көбісі көрсетілген касиеттер бойынша балалардың жалпы санының 53%, 47%, 56%, 50% өзіне қанағаттанудың төменгі деңгейінде болады.

 

 

 

 

1-сурет. Мінез-құлықтарында ауытқулары бар және жалпыға бірдей мектептің 6 сынып оқушыларының өзiне қанағаттануының төменгі деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші (%)  

 

Жалпыға бірдей мектеп оқушылары  сабақ үлгерiмi мен ақылдығын сипаттай отырып, сабақты жақсы ұғатындарын, есте сақтау қабiлеттерiнiң жоғары болуын дәрiптедi. Сонымен қатар, математика,  қазақ тiлi мен әдебиет сабағын өте жақсы көретiндерiн көрсеттi, өйткенi бұл сабақтарда есеп шығарып, шығарма жазып ой-өрiсiмiздi дамытамыз, - деп белгiледi.     

Алайда, мiнез-құлықтарында ауытқуы бар жасөспірімдердің, сабақ үлгерiмi мен ақылдығын бағалай отырып, ақыл-ой деңгейiнiң тек бiрнеше белгiлерiн ғана бөлiп көрсеттi, мысалы: “Пәндер бойынша жақсы ойлаймын”, “Сабақты жақсы оқимын”, “Сабақта көп жауап беремiн”, “Өлеңдердi жақсы оқимын”.

Бiрақ, өз ақылдарын сипаттай отырып, олар негiзiнен қандай да бiр  пәндердiң үлгерiмiне ғана сүйенедi, яғни ақылдылықты тек сабақ үлгерiмдерiмен  шектедi.

Сыналушылардың екі  тобының да мәліметтері өзін қабылдаудың  төменгі деңгейіндегі олардың басым көпшілігі «ақыл-ой» кестесіне сәйкес келеді.  Жалпыға бірдей мектеп және мінез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің 6-сыныбындағы бірнеше оқушылар өздерінің ақыл-ой қабілеттеріне қанағаттанбағандарын көрсетті.

Мысалы, Жанар өзінің ақылын бағалау кезінде «Мен кітап көп оқымадым, сондықтан ақылым аз деп ойлаймын», ал Асқар өзін көбінесе бұзақылық жасайтынына байланысты ақылды емеспін, - деп төмен көрсеткішті белгіледі. Бұл 6-сыныптағы оқушылардың көпшілігінің өз ақыл-ой   қабілеттерін үлгеріммен   байланыстырмай,   сын   көзбен   бағалағандарын байқатты, яғни олар өзіндік өмірінің іс-әрекеті тұрғысынан кеңірек қарастырады, бұл төменгі сынып оқушыларынан байқалмайды.

Мұндай көрсеткіш «мінез»  бен «бақыт» шкалалары бойынша да байқалды, мінез-құлықтарында ауытқулары бар сыналушыларының бұл көрсеткіштері жалпыға бірдей мектеп сыналушыларының көрсеткіштерінен екі есеге жуық артық болды: 65% 37%-ге және 55% 34%-ке қарсы).

Өзін-өзі теріс бағалайтын балалар «ақыл-ой» шкаласынан басқа, барлық шкалалар бойынша кездеседі. Екі топта да «мінез» шкаласы бойынша теріс баға кездеседі. Мінез бойынша өзін-өзі теріс бағалау өзіне қанағаттанбағандықтан болады, біздің пікірімізше, бұл өзін-өзі бағалау дағдарысының басталуымен байланысты. Мұндай дағдарыс кейбір оқушыларды қарқынды болу мүмкіндігін ескеру қажет.

Информация о работе Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері