Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 15:28, курсовая работа
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің мұғалімдермен, ата-аналарымен, жолдастары арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру маңызды болып табылады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.
КІРІСПЕ.................................................................................................
3
I
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ ....
7
1.1
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психология ғылымындағы теориялы қ аспектілері..........................
7
1.2
1.3
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің
психологиялық ерекшеліктері............................................................
Мінез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана-сезім жүйесіндегі өзін-өзі бағалау ерекшеліктері..............................
15
21
II
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ЖАСӨСПІРІМ-ДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИ-МЕНТТІК ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ.......................................................
35
2.1
Зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеті, әдістемесі, сыналушыларға сипаттама....................................................................
35
2.2
2.3
Алынған нәтижелерді сандық және сапалық талдау.........................
Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері ..............................................................................................
41
48
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................
Аталған кестедегі «үлгерім» шкаласы да аса назар аударуды қажет етеді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, арнаулы түзету мектеп интернатының жасөспірімдерінің жоғары және орташа деңгейлер бойынша көрсеткіштері, жалпыға бірдей мектеп оқушыларына қарағанда, 2 есе төмен, ал төменгі деңгейдегісі соншалықты жоғары болады. мінез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдердің оқушыларының көбісі бұл көрсеткіштер бойынша теріс баға берді. «үлгерім» параметрі бойынша өзін-өзі теріс бағалауы оқу іс-әрекетінде келіспеушіліктің бар екенін білдіреді деп айтуға болады.
Біз алған мәліметтер бірқатар зерттеушілердің (А.М.Прихожан, И.В.Дубровинаның) жалпыға бірдей мектеп оқушылары бойынша өзіне деген эмоционалдық қатынастың дамуының бірнеше кезеңдері көрсетілген нәтижелерімен қанағаттанарлықтай сәйкес келеді.
Жалпыға бірдей мектептің 6-сынып оқушыларының көпшілігі барлық қасиеттер бойынша өздеріне қанағаттануы жоғары деңгейде болатыны анықталды. Балалар айналасындағылардың жағымсыз бағалауын, өздерінің сәтсіздіктерін көбінесе уақытша жағдайлар ретінде қабылдап, олардың өздеріне деген катынастарына айтарлықтай ықпалын тигизбейді.
Ал 8-сынып оқушыларының эксперименттік нәтижелері бойынша келесі реттегілер анықталды: Жалпыға бірдей мектеп оқушыларының көпшілігі «мінез», «бақыт» параметрлері бойынша өздеріне қанағаттануы жоғары деңгейде болады. Қалған «үлгерім», «ақыл-ой» параметрлері бойынша үш деңгейдегі - жоғары, орташа, төмен - пайыздық көрсеткіштерінде аздаған айырмашылық болады.
3-кесте. Мінез-құлықтарында ауытқулары бар жасөспірімдер және жалпыға бірдей мектептің 8 сынып оқушыларының өзiн-өзi бағалауының көрсеткiш деңгейі (%)
Бағалау шкаласы |
Арнаулы түзету мектеп интернаты |
Жалпыға бірдей мектеп | ||||
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
Жоғары |
Орташа |
Төмен | |
Үлгерімі |
23 |
30 |
47 |
27 |
33 |
40 |
Ақыл-ойы |
23 |
33 |
44 |
30 |
37 |
33 |
Мінезі |
30 |
23 |
47 |
44 |
23 |
33 |
Бақыты |
40 |
17 |
43 |
50 |
20 |
30 |
2-сурет. Мінез-құлықтарында ауытқулары бар және жалпыға бірдей мектептің 8 сынып оқушыларының өзiне қанағаттануының төменгі деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші (%)
Сонымен 8-сыныптың кейбiр оқушылары жалпы пәндерге қызығушылықтарының жоғары болуын көрсеттi, яғни “Арифметика бойынша жақсы бiлемiн”, “География бойынша әңгiмелердi есiме жақсы сақтаймын” және т.б. девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердiң өз үлгерiмдерiнiң бағалауы мұғалiмдердiң берген мәлiметтерi бойынша сәйкес келдi.
Үшінші кестеде көрсетілгендей, бірнеше оқушылар «үлгерім» шкаласы бойынша өздерін теріс бағалады. Өзін-өзі теріс бағалау «жаман қатынасты» емес, «жақсыға ұмтылуды» білдіреді яғни, жағымды уайымдарды тудыратын, берілген жағдайдан құтылуға ұмтылысты білдіреді. Шынымен де, бұл 8-сыныптағы жалпыға бірдей мектеп оқушылардың көпшілігінің оқу іс-әрекеті жеткіншектердің талаптарына, мотивтеріне қарсы келіспеушілік саласы болып табылады.
Сондай-ақ, мiнездерiн бағалау барысынды айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Жалпыға бірдей мектеп оқушылырының “жақсы мiнез” көрсеткiшi бойынша 6 сынып 35% 8 сынып 20% бейнелендi. Арнаулы түзету мектеп интернатының оқушыларының “жақсы мiнез” көрсеткiшi бойынша берiлген көрсеткiштерi: 6 сынып 61%, 8 сынып 62%
Сонымен қатар, мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердiң өз мiнездерiне барабар түрде 16%, жоғары 46%, төмен 30%, бағалағандары және мүлдем 8% бағалай алмағандары байқалды.
Сыналушылардың мiнездерiнiң бағалау нәтижесiнiң талдауын 2 топқа бөлуге болады: мiнездiң ерекшелiктерi туралы және жағымды қылықтар туралы пiкiрлер. Оқушылар мiнездерiн бағалау барысында, қылықтан мiнездiң ерекшелiктерiн айыра алмауы байқалды.
Сондай-ақ, өзiнiң бақытына байланысты бағалауының көрсеткiштерi бойынша бiрнеше ерекшелiктер анықталды. Мінез-құлықтарының ауытқулары бар оқушылары 35% өз бақыттарына орташа баға бердi.
Ал 65% өзiнiң бақытты немесе бақытсызболуын барабар түрде толық бағалай алмады. Бұл тұрғыдағы жасөспірімдердiң өз мiнезiн және бақытты немесе бақытсыз болуын барабар түрде толық бағалай алмауы тек қоршаған ортадағы адамдардың, әсiресе үлкендердiң дұрыс бағаламауының нәтижесiнен ғана емес, сонымен қатар, өзiн-өзi дұрыс бағалауын қалыптастыру шараларының, түзету жұмыстарының жүйелi түрде ұйымдаспағанының салдарынан болады. Ал жалпыға бірдей мектеп оқушыларының өз мiнездерiне барабар түрде 34%, жоғары 34%, төмен 32%, бағалағандары байқалды.
Мiнездерiн сипаттау барысында, олар өздерiнiң байсалдылығын, ұстамдылығын, сабырлығын, мейрiмдiлiгiн, адалдығын атады, яғни қылықтан мiнездiң ерекшелiктерiн толық ажырата алды.
Алайда, кейбiр жасөспірімдердiң мiнездерiн сипаттау кезiнде жағымды қылықтарын асыра айтып, ал жағымсыз қылықтарын жасыруыда байқалды.
Бұл жасөспірімдердiң өз мiнездерiн сырт көзге жығымды болып көрiнуiнiң қалауы. Сондай-ақ, 51% өз бақыттарына орташа баға берiп, 49% өзiнiң бақытсыз болуына баға бердi.
Сонымен зерттеу нәтижесiнде, ауытқушы мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының оқушыларының жасы өскен сайын, өзiн-өзi бағалауы жiктеулi, жалпыланған сипатқа ие болып және нақтылы болып қалыптасатындығы анықталды.
Қорыта айтқанда, жалпыға бірдей мектеп және ауытқушы мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдерінің өзiн-өзi бағалауы қалыпты тұрғыда қалыптасу үшiн үнемi оқу-тәрбие жұмысын жүргiзу барысында, олардың тұлғасын, мiнез-құлықтарын және эмоциялық сфераларының дұрыс қалыптасуына әр түрлi түзету шараларын белсендi тұрғыда жүргiзiлуi қажет етiлуде.
8-сыныптан бастап дағдарыс ақырындап жоғарлай бастайды. Өздеріне жағымды қарайтын балалар санының өсуімен қатар, балалардың жартысы «өздерін төменгі деңгейде қабылдауы» назар аударуды қажет етеді. Балалардың бұл жартысынан айналасындағылардың, алдымен құрдастарының, бағалауын тәуелділікті байқауға болады (А.М.Прихожан).
Сонымен, жасалған талдау, жалпыға бірдей мектеп және ауытқушы мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернаты оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы эмоционалдық компонеттерінің айтарлықтай айырмашылықта болатынын көрсетті.
А.С.Выготскийдің тұлға дамуының әлеуметтік детерминациялануы жайлы тұжырымына сүйене отырып, әлеуметтік дамуға байланысты жалпыға бірдей мектеп пен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернаты оқушыларындағы өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері көрсетілді.
Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімдерінің даму деңгейлері өзін-өзі бағалаудың эмоционалды және когнитивті құрылымында айқын байқалады. Жоғарыда сипатталған көрсеткіштер бойынша тұлғаның өзін-өзі бағалау деңгейлерінің ерекшеліктерін сипаттайық.
4-кесте. Тұлғаның өзін-өзі бағалауының көрсеткіші (пайыз бойынша)
Деңгейлер
|
Арнаулы түзету мектеп интернаты |
Жалпыға бірдей мектеп | ||
6 сынып |
8 сынып |
6 сынып |
8 сынып | |
Барабар түрде бағалауы |
17 |
27 |
20 |
30 |
Жоғары бағалауы |
20 |
17 |
23 |
23 |
Төмен барабар емес түрде бағалауы |
23 |
13 |
17 |
10 |
Төмен бағалауы |
27 |
20 |
23 |
17 |
Жоғары барабар емес түрде бағалауы |
13 |
23 |
17 |
20 |
Жалпыға бірдей мектеп және арнаулы түзету мектеп интернатының оқушыларының өзін-өзі бағалауының ерекшеліктерін талдау барысында бірнеше айырмашылықтар байқалды. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей жалпыға бірдей мектептің 6 сыныптарында 23%, ал 8 сыныпта 23%, сондай-ақ, арнаулы түзету мектеп интернатының 6-сыныпта 20 %, 8-сыныпта 17 % көрсеткіші белгіленді.
Өзін-өзі бағалаудың төмен болуы ауытқушы мінез-құлықтын барлық түрлеріне тән болып келеді. Егер жасөспірімдердің өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейіне ие болса, онда ол барлық қарым-қатынас жағынан өз-өзін сыйлы құрметке лайықты емес деп есептеп қабылдайды. Өзін-өзі бағалаудың төменгі деңгейіндегі оқушы әрқашан өз-өзіне жағымсыз қарап, белсенді қарым-қатынастардан, іс-әрекеттерден қашуға тырысады.
Мұндай жасөспірімдерде өздері туралы тұрақты көзқарас болмайды, олардың өзін-өзі қабылдауы тез өзгеріп отырады, тіпті кенеттен болған жетістікке жету немесе жетпеудің ықпалдары кезнде болады. Жасөспірімдердің қатан түрде дөрекілік көрсетуінің артынан өз-өздеріне сенімсіз қарауы мен мазасыздануы жасырылады.
Сонымен қатар, жоғары деңгейде жалпыға бірдей мектептің 6 сыныптарында 20%, ал 8 сыныпта 23%, сондай-ақ, мінез-құлықтарында ауытқулары бар оқушылардың 6-сыныбында 17 %, 8-сыныпта 17 % көрсеткіші белгіленді.
Жоғары деңгейдегі өзін-өзі бағалау көбінесе жасөспірімдердің құрбыларымен қарым-қатынастары сәтті болмаған кезде кездеседі. Яғни оларды сыйламай, ақылсыз деп ойлаған құрбыларына қарсы, олар өздерін «Мен барлықтарынан да жоғарымын» деген ұстанымды таңдайды.
Бұл өз кезегінде осы жағдайға байланысты уайымдардан іштей шектелуіне мүмкіндік береді. Бірақ, кейбір оқушылар дәл осындай мінез-құлықтармен қоршаған ортадан өзін-өзі жоғары бағалауы және оны көрсетуі, өздеріне жағымсыз қарым-қатынасты тудырады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі төмен бағалауы олардың психологиялық тұрақтылығы төмен болуынан байқалады. Олар күйзеліс тудыратын, күрделі жағдайларда немесе уақыттын тығыз болу жағдайында қандай да бір әрекет жасауға қиналады.
Бірақ, өзін-өзі төмен бағалауына тән сыртқы көріністерінен де, жоғары түрде бағалаудың жасырылуының мүмкіндігін ескеру қажет. Яғни бұл адамдар сәтсіздіктен қашуына байланысты, күрделі іс-әрекеттерді алмайды. Өйткені, мұндай жағдай оның өзі туралы жағымды көзқарасты қайта қарауға мәжбүр етеді.
Төртінші кесте бойынша «Өзін-өзі бағалау» тестісі өтілді. Нәтижесі жоғары пайызды көрсеткен отбасы ішіндегі балалардың өзін - өзі бағалауы 6-сыныпта 32 пайыз, 8-сыныпта 45 пайызды қамтыды. Ашық түрде түсіндіретін болсақ, бала отбасыда қандай жағдайда болсын бірінші орынға өзін қояды. Ата-анаға өз дегенін істетеді.
Қорыта айтқанда, жалпыға бірдей орта мектептің 6-сынып оқушылары мен арнаулы түзету мектеп интернатының 8- сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, мінезі, қарым –қатынасы, өзін -өзі бағалауы бірдей емес өз талаптарына, жас ерекшеліктеріне т.б. бір – біріне эмоционалды жақын, бір - біріне шыдамдық төзімді көрсетеді.
2.3 Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері
Мемлекеттік қоғамның дамуындағы
болып жатқан өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарға
деген жеткіншектердің
Мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар жасөспірімдерді кешендік ақтау жүйесінің басты бағыттары:
Жас ерекшелік, коррекциялық, педагогикалық психологияның жаңа жетістіктерін енгізуші психологиялық қызмет орталықтың жұмысы барысында жетекші рөлді атқарады [60.45]. Психологтардың құзыры тәрбиеленушілердің дамуындағы сапалық өзгерістерді уақытында тіркеп, олардың жекелеген ерекшеліктерін зерттеуге және әлеуметтік педагогтарға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге тәрбиелік-коррекциялық жұмыстардың амалдары мен әдістерін тиімді пайдалануға көмектеседі.
Әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың мақсаты — әлеуметтік асыраудағыларды емес, өмір қиыншылықтарын өздері жеңе алатын, белсенді қайырымдылық әлеуметтік адамдарды тәрбиелеу. Жұмыс қарым-қатынас жасау амалдарын, мәдениетті, мінез-құлықты, әдепті, өзара түсінушілікті қалыптастыруға бағытталады.
Сондай-ақ әлеуметтік көмек қызметі жайлы ақпараттан тұратын әлеуметтік мәселелер бойынша тәрбиеленушілер хабар етіледі. Басты міндет — әлеуметтік қатынастар мен тәжірибелерді кеңейту арқылы жасөспірімдерді әлеуметтендіру. Әлеуметтік-тұрмыстық сауалдар бойынша кеңестер ұймдастырылып, тұрмыстық дағдарыс жағдайларындағыларға көмек көрсетіледі.
Информация о работе Психоккорекциялық және психотерапиялық жұмыстар мен оның нәтижелері