Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.

«Түлкінің балалары мен бүркіт»

Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.

Ойын барысы:

Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.

Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.

«Көкөністер» ойыны

Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.

Ойынның өтілу барысы:

Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөнеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.

«Суретті есіңе сақта» ойыны

Мақсаты: көру есін және зейінің дамыту.

Қажетті құралдар: Ойын карточкалары бала санына қарай.

Ойынның өтілуі барысы:

Психолог әр балаға ойынға араналған карточкаларды таратады және зейін қойып назарларын аударуын сұрайды. 10 сек. соң карточканы аударып «суретте не орналасқан» деп сұрайды. Балалар кезекпен жауап беріп отырады. Кейін карточкаларды ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ескерту: Дұрыс жауапқа балаларға жұлдызша немесе фишка беріп отырады. Осылай жеңімпаз анықталады.

 «Ұқсас сөздер» ойыны

Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.

Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. «Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек». Мысалы: психолог «үлкен» сөзін ұсынады, балалар: «ірі, дәу, зәулім».

Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.

Аласа - кішкентай, биік емес және т.б.

«Көбелектер әлемі» жаттығуы

Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)

Жаттығудың өтілу барысы:

Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады.

Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар! Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар... енді көздеріңді ашыңдар!

Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ.Талпынсаy вундеркинг болу да, полиглот болу да өз қолын да.Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегімен жиі шұғылдансан, данышпандылықтың да ауылы алыс емес. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендеттетін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын  біздің дарынды да қабілетті ұлдарымыз екенін ұмытпайық.Олардың  бойындағы дарынды қабілетін дамыту – педагог, ата-ана және қоғам қауымының міндеті. Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу –оны ғылыммен мәдениеттке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру  мемлекеттік деңгейдегі мәселе[33, 47 б.]. 

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады.  Келешекті болжай алады.  Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

      Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз.Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Жеке тұлғаның құндылық бағдары дегеніміз - бұл қазіргі уақытта жеке тұлғаның құндылыққа  бағдарланған ой-санасы, пікірі, көзқарасы, сенімі, іскерлігі, ішкі мүмкіндігі. Құндылық бағдар тіл үйренушілердің  оқу танымдық әрекетіне  үйренуіне түрткі болып тіл үйренуіне  ықпал етеді, ол оқу әрекетіне құрамдық бөліктеріне тікелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды. Құндылық бағдар жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды мақсат етіп ұстауы адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген қарым-қатынасы. Жек тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесіне  «адамның өмірлік әлемі», «әлемнің бейнесі», әлеуметтік  ортаның ішкі нұсқаулары,нормалары,уәжемділік қажеттілік өрісі,оның белсенділігінің негізгі реттеушісі болып табылады. Құндылық бағдар  негізін құрайды, дүние танымдық көзқарастарына әсер етеді, өзгермелі саяси-экономикалық жағдайларда тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, уәждемені реттейді, тұлғаның іс-әрекетін бағыттап, адам өмірінің мінез-құлықтык құрамдас бөлігін анықтайды. Осылайша , құндылық бағдар негіз құраушы, тұрақтандырушы, реттеуші, бағыттаушы қызметтер атқарады.

   ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясм бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Қазақстан Республикасы орта білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы, Ы.Алтынсарин  атындағы Қазақ білім какдемиясы,1998
  3. Беделбаева Х. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүние қабылдауы. Мектеп.- Алматы. 1976
  4. « Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006ж
  5. Коломинский Я.Л., Панько Е.А. Алты жасар балалардың  психологиясы туралы  мұғалімге көмек, М. Просвещение, 1988-89б.
  6. Маркова.Т.А. Жанұядағы балаларды мектепке дайындау. Алматы,1959.
  7. М. Жұмабаев « Педагогтка» Алматы,1986
  8. Давыдов.В.В Теория развивающего обучения. –М,. 1996
  9. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасы
  10. Вопросы нравственного воспитания школьников./ Сборник статей: Изд-во Ленинградского Университета,1960.
  11. Восрастная  и педагогическая психология. Тексты.- М,:МГУ,1992.
  12. Бала тәрбиесі № 2 2006ж, №4 2008ж
  13. Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007ж
  14. Мухина. В.С Мектеп және мектепке дейінгі балалар психологиясы. – А.: Мектеп, 1986,2/7-
  15. Кравцов Г.Г, Кравцова Е.Е., Шестилетний ребенок,Психологическая готовность к школе. – М,.Знание.1987.
  16. Выготский. Л.С. Педагогическая психология.-М., 1991.
  17. Д.Б.Эльконин, Возрастная психология,М., 1986
  18. Кулагина.И.А.Возрастная психология:Развитие ребенка от рождения до  17 лет. – М., 1998
  19. Кисловская В.Р. Школьники в среде сверстников и вздослых – Алта-Ата, 1975.
  20. Грэйс Крайг. Психология развития. – СПб., 2000.
  21. Леонтьев А.Н.Проблемы развитие психики – М., 1981
  22. Баймұратова Б. Баланы мектепке дайындау жөнінде. Мектеп. – Алматы.1971
  23. Оклендер .В Окно в мир ребенка. /Руководства по детской психотерапиий.- М.,1997
  24. Смирнова.Е.О.Психология ребенка.-М., 1997
  25. Выготский Л.С. Проблема возраста./ Собрание сочинений. – М., 1984
  26. Сатыбаев.С.Халық әдебиетінің тарихы негіздері – Алматы:1992
  27. Қазақ мұғалімі, 1998, №4.
  28. Слободчиков. В.И.Психологические проблемы становления внутреннего  мира человека.// Вопросы психологии. -1986 №6
  29. Обухова Л.Ф.Детская психология: Теория , факты, пробемы. – М., 1995.
  30. Вопросы воспитания познавательных способностей детей дошкольного возраста./ Сборниик статей, М., 1960
  31. Мектептің даярлық сыныбы мен балабақшаның даярлық  тобына арналған бағдарлама. – А., Рауан,1992.
  32. Фельдштейн Д.И.Проблемы восрастной и педагогической психологии.- М., 1995
  33. Крупская Н.К.Избраные педагогические  сочинения. –М., 1957.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы