Жоғары мектеп педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат

Описание работы

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Файлы: 1 файл

ЖОО педагогикасы.doc

— 1.05 Мб (Скачать файл)

 

1 ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПедагогикаСЫның теориялық–әдіснамалық негіздері

 

    1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты мен міндеттері

 

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Қазіргі педагогика 3 түрлі саладан тұрады: педагогика тарихы; педагогика (мектептке дейінгі, орта мектеп, кәсіби мамандандырылған білім, жоғары мектеп, кәсіптік әскери, салыстырмалы, т.б.) және білім әдісі.

Жоғары мектеп педагогикасы өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі өндіріс саласына мамандар даярлауды жетілдіруде және тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Оның басты міндеті - мамандарды кәсіби іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау.

Жоғары мектеп педагогикасы – тәрбие заңдылықтарының ұстанымы мен жоғары оқу орындарындағы жоғары білікті маман иесін даярлайтын ғылым саласы.

Болашақ маман  қазіргі  студент – оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі. Оның кәсіби даярлығы шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырылуы керек.

Жоғары мектеп педагогикасының  мақсаты – студенттерді оқу орындарының кез келген түрімен байланыстыратын педагогикалық іс-әрекетке даярлау.

Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:

  • студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
  • студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
  • студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.

Жоғары мектеп педагогикасында  қалыптасқан негізгі ұғымдар (категориялар) оқытушыларға педагогикалық жеке құбылыстардың  мәнін ашып, ең бастысы, олардың өзара  байланысын, бірі-біріне ықпалының  қандай деңгейде екендігін көрсетеді. Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының даму деңгейі үнемі оның ұғымдарының мазмұнының өзгеруіне әкеледі.

Жоғары мектеп педагогикасының  негізгі категориялары: тәрбие, білім  беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама (Кесте 1).

 

 

Кесте 1 – Дидактиканың негізгі ұғымдары

 

Дидактикалық ұғымдардың аттары

Ұғымдарға жалпылама  түсініктеме

1

Білім беру

Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі  бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жалпы білім беруге:

1) мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқыту; 

2) жалпы бастауыш білім  беру,

3) жалпы негізгі білім  беру;

4) жалпы орта білім  беру;

5) жалпы қосымша білім  беру енеді.

Білім беру бағдарламасының  үздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру деңгейі белгіленеді:

1) мектепке дейінгі  тәрбие мен оқыту; 

2) орта білім беру,

3) кәсіптік жоғары  білім беру;

4) жоғары оқу орнынан  кейінгі кәсіптік білім беру.

2

Білім беру әдістемесі

Жекеленген білім процесінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады.

3

Оқыту, оқу

Білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі - өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту – білім берудің басты жолы. Оқыту – екі жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналығы ынталандыру және білім меңгертудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.

4

Оқыту әдістемесі

Білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекеттерінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал, әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістемесі – тарихи категория.

5

Оқыту ұстанымары (принциптері)

Жас ұрпақты оқыту  мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелілік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік.

6

Тәрбие

Жеке тұлғалардың адамдық  бейнесін қалыптастырады, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен  тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.

7

Тәрбие әдістемесі

Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындайтын тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдісіне бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б.жатады.


 

Жоғары мектеп педагогикасы  жас ғылымдар қатарына жатады. Ол ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Осы кезеңде алғаш рет педагогика оқулығы құрал ретінде пайдаланылды. Алайда, студенттермен жұмыс жасау, оқу жайындағы сұрақтарға кепілдеме беру, тәрбие жұмысы, ақыл-ойлар ежелгі дәуірден бастап университеттегі білім беру тарихының дамуымен бірге жалғасып келді. Ғылыми білімнің қарқынды дамуы барысында жоғары мектептегі педагогика өзінің жастығына қарамай жеке салаларға бөлінді және сол бөлінген салалар өз алдына дами бастады. Оларға: жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орындарындағы әдіс пен ілімнің тәрбиесі, жоғары мектептегі менеджмент, т.б. жатады.

Жоғары мектеп педагогикасының  объектісі – жоғары оқу орындарын басқару жүйесі, жоғары оқу орындарындағы білім саласы, педагогикалық жүйелер. Аталаған жүйелерге академиялық топтар, курстар, факультеттер, жоғары оқу орындары, қоғамдық ұйымдар мен қалыптасулар, студенттер, оқытушылар, білім министрлігі мен бөлімдері, т.б. жатады. 

Ғылыми деректерді талдау, жинақтау барысында ғылыми  категориялар қалыптасады. Ғылыми  категориялар ұшан теңіз деректердің ішінен белгілі бағытты анықтауға көмектеседі, бұл танымның өзіндік бір сатысы болып табылады.

Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы философиялық диалектикаға негізделеді. Заттар мен құбылыстардың арасында әр түрлі байланыстар болады. Әлеуметтік ғылымдарда сан қырлы қоғамдық құбылыстардың байланыстары  мен тәуелділіктері  ашылады. Ғылым кез-келген заттар мен құбылыстардың өзара сан алуан байланыстарын зерттей отырып, ең алдымен, олардың ішінен сол заттар меп құбылыстар үшін анағұрлым маңыздысын, болып жатқан процестерді басқаратындарын бөліп алады. Бұл байланыстар заңдар деп аталады.

Сонымен заң дегеніміз – құбылыстардың өздеріне ғана тән қайталаньп тұратын және біршама тиянақты байланысы.

Адамдар өз қалауынша  заң атаулының қандайын болса да өзгертіп, жойып жібере алмайды. Олар тек бұл заңдарды танып біліп, зерттей алады және алған білімдерін өзінің қызметіне пайдаланады.

Диалектика  дүниенің барлық саласындағы заттар мен құбылыстарға тән жалпы заңдарды ашуды өз алдына мақсат етіп кояды. Ол – табиғат құбылыстарын, қоғамдық құбылыстар, адам санасы да бағынатын жалпы заңдар жайындағы ғылым. Диалектиканың түпкі қасиеті – қозғалыс, өзгеріс.

Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне және кері айналуы, терістеуді терістеу.

Диалектиканың ұғымдары: кеңістік пен уақыт, жекелік және жалпылық, себеп пен салдар, мазмұн мен түр, мән мен құбылыс, қажеттілік пен кездейсоқтық, мүмкіндік пен шындык.

Зерттеушінің  тиімді нәтижелерге жетуі үшін, қандай ғылымньң болса да, белгілі бір ізденісті қалай және қандай мақсаттар үшін жүргізетіні туралы нақты, мүлтіксіз түсінігі болуы керек. Мұның өзі таным қызметін ұйымдастыруға, танымның белгілі бір «әдістер жүйесін» таңдап алуға көмектеседі.

Ғылым әр уақытта жаңа дәйектермен толықтырылып отырғанда ғана дамиды. Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зерттеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу ғылымда әдіснама деп аталады.

Қазақ елінің мемлекеттік  тіліндегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде  де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл терминнің  нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алады. Педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізі философия болып табылады. Сол себептен педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады. Философияның энциклопедиялық сөздігінде методология бұл – «система принципов и способов организации и построения теоретической и практической деятельности» (М.,1983.-365 бет) деп көрсетілген. Демек, әдіснама дегеніміз – іс-әрекетті құрудың теориялық және практикалық жолын ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдарының жүйесі болып шығады. Ендеше, педагогиканың да, басқа ғылымдардың әдіснамасы ғылыми зерттеудің танымдық жүйесін ұйымдастырумен бірлікте жүреді. Зерттеудің бағыт –бағдарындағы болжамға үйлесімді және жасалатын қорытынды педагогиканың теориясы мен технологиясына сай болса, оның нәтижесі де өміршең болатындығы ақиқат.

«Әдіснама» – ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың ұстанымдары, формалары мен амалдары туралы ілім.

Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.

Біріншісі, философиялық әдіснаманың деңгейлік мазмұны, таным ұстанымы мен ғылымның категориялық апаратын құраса, сонымен бірге философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.

Екінші деңгейде, жалпы ғылыми-әдіснама теориялық тұжырымдаманы құрып, көптеген ғылыми пәндерге бағыт-бағдар береді.

Үшінші деңгей – нақты ғылыми әдіснама, бұл арнайы ғылыми пәннің әдістерін айқындап, зерттеудің ұстанымдары мен ұйымдастыру жолдарын белгілейді.

Төртінші  деңгей – технологиялық әдіснама, зерттеудің, әдістемесі мен техникасын құрайды. Мысалы, тәжірибелік-эксперимент материалдарын жинақтау, оларды алғашқы талдау, қорытындылау, ұсыныстар беру, т.б. жатады. Сонымен, әдіснаманың барлық деңгейлері бір-бірін толықтырып тұратын жүйені құрастырады.

Ал, жоғары мектеп педагогикасы мәселесі жалпы білімдер әдіснамасы (педагогика), жеке білімге (педагогика тарихы) катысты әдіснамалық бағдар ұсынады. Жалпы қағидалар (теория, ұстанымдар) жеке қағидаларды түсіндіріп, бағалап, олардың бағыт-бағдарын, жолдарын айқындап береді (Ж.Әбділдин, Б.Гершунский, Н.Никандров). Түптеп келгенде, нақты-ғылыми әдіснама ретінде педагогиканың заңдары, зандылықтар мен ұстанымдары педагогика тарихына негіз болады.

Әдіснамалық белгілеріне қарай жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы жеке ғылымилық тұрғыда педагогика ғылымына жатады; ал пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихының, жоғары мектеп педагогикасының білімдерін жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, қазақ этнопедагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары, т.б.) жетістіктерін, тәжірибесін зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.

ХІХ ғасырға  дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың  жіктелуі қарқынды жүрді. Сонымен бірге білім көлемінің өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы  басталды. Педагогика ғылымы да біртіндеп, алдына қойған  мақсаттары, оқушылардың жас ерекшеліктері, оларды оқыту және тәрбиелеу, оқу  орнындарының  түрлері бойынша саралана бастады.

Педагогика  ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас  ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі  педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық  педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы және т.б. жатады. Кейінгі кезде  педагогикалық білімнің  жеке саласы ретінде әлеуметтік педагогика  пайда болды.

Жоғары мектеп педагогикасы философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика мен этнопсихология т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.

 

1.2 Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері.

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының  жалпы әдіснамалық негіздері бойынша әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

Теория – педагогикалық  құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдістеменің көмегімен табылған айғақтар арқылы кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі.

Информация о работе Жоғары мектеп педагогикасы