Жоғары мектеп педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат

Описание работы

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Файлы: 1 файл

ЖОО педагогикасы.doc

— 1.05 Мб (Скачать файл)

1. Бүкіл тәрбие  жұмысын кешенді түрде, яғни тәрбиенің барлық сапаларын (саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі) біріктіріп жүзеге асыру;

2. Оқу, ғылыми  және тәрбие жұмыстарының тұтастығын  қамтамасыз ету;

З. Курс сайын  тәрбие жұмысының мазмұнын белгілеуде, әдістері мен ұйымдастыру формаларын қолдануда бірізділіктің болуын ескеру.

Жоғары мектептегі  оқыту процесі студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, олардың дербес зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді. Әр уақытта педагогикалық қызмет пен ғылымды бip-бipiмен ұштастыра жүргізудің маңызы зор. Сол себепті біздің қоғам жоғары мектептердің ғылым мен мәдениетті дамытудағы ролін арттыруды басты мақсат етіп отыр.

Қaзipгi уақытта оқыту процесінде:

  • студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы; 
  • мамандар даярлаудың бейіндерін кеңейту; 
  • оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру; 
  • оқытуда студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыратын белсенді оқыту методтарын кең түрде қолдану көзделуде. Яғни жоғары мектептегі оқыту  npoцeci   студенттерге  әмбебап және тұғырлы білім беруді   мақсат   етеді. Бұл үшін педагогтар басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Әрине оқыту процесінің өзіндік қозғаушы күштері, өзіне тән қайшылықтары болады. Ең басты қайшылық – педагогтардың студенттерге қоятын жаңа міндеттері, талаптары, болашақ мамандардың мүмкіндіктері мен дайындығының арасындағы қайшылық. Жоғары оқу орындарында оқыту процесін дұрыс басқару үшін оның заңдылықтарын, оқыту барысында туатын негізгі талаптарын, жалпы ережелерін біліп, ecкepiп отыру қажет. Бірақ жоғары оқу орындарындағы оқыту ұстанымдары, оның аттары, саны, т.б. туралы дидактикада әлі де бірлік жоқ. Бұл мәселелерді зерттеушілердің арасында төмендегідей екі түрлі пікір бар:

1. Жоғары оқу орындарының өзінің дидактикалық ұстанымдары болуы керек деген пікір.

2. Орта мектеп дидактикасының қалыптасқан дәстүрлі оқыту ұстанымдарын жоғары мектептің жағдайына сәйкестендіріп қолдану деген пікір.

Оқыту ұстанымдарының маңызы оқыту процесінің тек мазмұнына ғана қатысты емес, оның барлық жақтарына (оқыту әдістеріне, формаларына, құрылымдарына, т.б.) тікелей қатысы және әcepi бар екендігін әркез ескеру керек.

Жоғары білім  беру жүйесінің  дамуының әлемдік  беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның - ақпараттық қоғамның пайда болуына себепкер болады. Мұндай беталыстарды Қазақстанның жоғары кәсіби мектептерінде жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін, заманға сай білім беруді енгізу шарт. Жаңа оқыту технологиялары білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, жоғары оқу орнына білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғары оқу  орнындағы білім бepу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды, соған сәйкес оқыту әдістері мен түрлерін енгізу – бүгінгі күн талабы.

Қaзіpгi заманғы ақпараттық оқыту технологиясын қолдану саласындағы шетелдік және отандық зерттеулер жоғары мектепке ақпараттық оқыту технологияларын енгізу педагогтардың кәсіби деңгейін қалыптастыруда белгілі бip қиындықтар туғызғандығын көрсетті. Оқытуды ақпараттандыру теориясы мен практикасының талдамы бұл проблемалардың педагог пен студенттердің арасындағы педагогикалық қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктерімен, педаготік қызмет стилін, кәсіби ой-танымды өзгертудегі қиындықтармен байланысты екендігін көрсетті. Жоғары білім беруді ақпараттандыру жағдайларындағы педагогтардың қызметі жаңа сипатқа ие болды. Қазақстанның жоғары білім беруіндегі қазіргi заманғы ақпарат процестері ерекше мәселені – білім беруді технологияландыру мен ақпараттандыру саласындағы зерттеушілік ісін оқыту практикасымен үйлестіретін оқытушыға көшу проблемасын тудырды.

Жоғары мектеп педагогын білім беруді ақпараттандыруға сай оқыту оның біліктілік деңгейін өзгертеді. Кез-келген еңбектің сапасы кәсіби функциялардың орындалу деңгейімен өлшенеді. Егер педагогикалық үрдіс технологиялық негізде кұралса, онда кәсіби педагогтың міндеті бұл үpдicтi технологияға сәйкес барынша нақты жүзеге асыру болып табылады. Оқытуды технологияландыру жағдайында бұл педагогикалық қызмет сапасының басты көрсеткіштерінің бipi болады. Оқыту технологиясының тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына  байланысты болады.

Педагогикалық процестің қолайлылығы, оның сапалылығы технология білім деңгейінде емес, сенім деңгейінде игеруді талап етеді. Демек, педагогтарды қайта даярлау ici жоғары мектеп оқытушыларын жоғары оқу орындарында даярлаудағы кемшіліктерді жоюға, оқытушылардың өздігінен үздіксіз білім алу процесін ұйымдастыруға қатысты проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.

Қaзipгi заманғы  технология аясындағы жаңашыл оқу  үрдісі, оның құрылымдастырылуы мен  жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді,  біліктер мен дағдыларды, кейбір стереотиптерден бас тартуды талап етеді.

Жоғары мектеп педагогының кәсіби бағдарын өзгерту  оның жекелеген және кәсіби ерекшеліктерін де ескеруді талап етеді. Кәсіби бағдарды өзгертудің арнайы ұйымдастырылған процесс қызметі жаңа оқыту технологияларын пайдаланумен жүзеге асырылатын педагогты психологиялық-педагогикалық  жағынан қайта даярлауды қамтиды.

Демек, кез-келген жаңа оқыту технологиясын енгізу барысында бейімдеуші орта фактор ретінде педагогтарды қайта даярлау ісі міндетті түрде ecкерілуі тиіс.

 

1.4 Нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесі.

 

Кез-келген ғылыми-зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен жалпылаудан басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында – ғылыми таным дегеніміз – процесс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. Эмпирикалық деңгейде тірі табиғи шығармашылық басым болады, сондықтан зерттелуші нысан негізінен сезімдік таным арқылы қол жеткізілетін және ішкі қарым-қатынастарды ішкі байланыстар мен көріністер арқылы бейнелейді. Эмпирикалыққа тән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жалпылау, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жүйелеу, жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті. Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, оларды салыстыру, өлшеу, бақылау, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың ең маңызды элементі дерек болып табылады (латынша – «істелген», «жүзеге асқан»).

«Дерек» ұғымы төмендегідей негізгі мәнді білдіреді:

1) шындықтың, объективті  оқиғаның кейбір үзіндісі; 2) объективті шындыққа қатысты нәтиежелер (шындық деректері), немесе сана мен таным саласына қатысты нәтиежелер (сана деректері);

Әртүрлі ғылымда, оның ішінде нақты ғылыми-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру үшін философиялық және жалпы ғылыми әдістерге негізделетін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Жалпығылыми әдістер философиялық әдістерге қарағанда, зерттеу міндеттерін шешудің бір құралы ретінде бола отырып, ғылыми-танымдық іс-әрекеттің белгілі аспектілерін ғана қамтиды. Жалпығылыми әдістерге жататындар:

  • жалпы тәсілдер (жалпылау, анализ, синтез, абстракция, салыстыру, модельдеу, индукция, дедукция және т.б.);
  • эмпирикалық зерттеу әдістері (бақылау, өлшеу, эксперимент);
  • теориялық зерттеу әдістері (идеализация, формализация, ойлау эксперименті, жүйелі тәсіл, математикалық әдістер, аксиомалық тәсіл, абстрактіліден нақтыға және нақтыдан абстрактіліге өрлеу әдістері, тарихи, логикалық және т.б.).

Жалпы ғылыми әдістердің таным процесінде алатын рөлі әртүрлі болып табылады. Бұл көп жағдайда олардың жүзеге асырылуы сипатымен анықталады. Бірқатар әдістерді зерттеудің эмпирикалық, теориялық деңгейлерінде қолдануға болады, оларды танымдық процестегі міндеттерді жүзеге асырудың нақты құралдары ретінде қарастыруға болады. Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға өрлеу және керісінше, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, ол теориялық зерттеу процесінде жетекші рөл атқарады.

Жалпығылыми әдістер  тарихи объектілердің кеңістікте қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда  синхронды, бір уақытта жүретін  процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары тарихи дамуға қатыссыз, статикада қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілерді жүйелі-құрылымдық талдау барысында қолданылады. Тарихи әдістер, керісінше, уақыт бойынша объектілердегі өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Кейде жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциясы олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілер немесе топтардың құрылымы мен функциялары арқылы түсіндіріледі.

Жалпы логикалық әдістер және таным тәсілдері:

1. Анализ (грек тілінен аударғанда – бөлу, талдау) – объектінің құрамдас бөліктерін өз бетінше зерттеу мақсатында бөлу, талдау. Шынайы іс-тәжірибеде және ойлау іс-әрекетінде қолданылады.

Талдаудың түрлері: механикалық  бөлу; динамикалық  құрамды анықтау; тұтастық элементтерінің өзара әрекет формаларын анықтау; құбылыстардың себептерін табу; білім және оның құрылымы деңгейлерін анықтау және т.б.

Талдауда заттың сапасын  қадағалау керек. Білімнің кез келген саласында объектіні бөлудің белгілі бер шекарасы бар, одан кейін біз қасиеттер мен заңдылықтар әлеміне енеміз (атом, молекула және т.б.). Талдаудың бір  түрі ретінде заттарды кластарға бөлуді атауға болады.

2. Синтез (грек тілінен аударғанда – біріктіру – шынайы немесе ойша заттың бөліктерін және жақтарын біртұтасқа біріктіру). Синтез – бұл тұтастық бөліктерін ырықсыз, эклектикалық біріктіру емес, ол мәнді анықтауға қарай диалектикалық тұтастық болып саналады. Қазіргі заманғы ғылым үшін тек қана ішкі емес, сонымен бірге пәнаралық синтез және ғылыми синтез тән.

Синтездің нәтижесі ретінде  компоненттердің қасиеттерін сырттай  біріктіру, олардың ішкі өзара байланысы  мен өзара тәуелділігінің нәтижесі болып табылатын жаңа құрылым  болып саналады. Анализ және синтез диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өзара байланысты, бірақ іс-әрекеттің кейбір түрлері аналитикалық (мысалы, аналитикалық химия) немесе синтетикалық (мысалы, синергетика) болып табылады.

3. Абстракциялау (латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс):

а) біртұтастың  бір  жағы, сәті, бөлігі, шындықтың бір  бөлігі, дамымаған, біржақты, фрагментарлы (абстрактілі);

ә) қасиеттің белгілі  сәтінде танушы субъектінің бір  уақытта қызығушылығын анықтайтын, бірқатар қасиеттер мен зерттелетін құбылыстан ойша қозғалу процесі (абстракциялау);

б)  ойлаудың абстракциялау  әрекетінің нәтижесі (абстракция тар  мағынасында).

Бұл «абстрактілі заттар», жеке алынған ұғымдар мен категориялар ретінде («аппақ», «даму», «ойлау» және т.б.) олардың жүйесі алынады (олардың ішінде ерекше дамығандары - математика, логика және философия саналады).

Абстракциялаудың негізгі  сұрағы – қарастырылатын қасиеттердің қайсысы мәнді, қайсысы қосалқы  болуында. Объективті шындықта ойлаудың абстракциялаушы жұмысы ретінде, әрбір нақты жағдайда зерттелетін заттың табиғатынан, сонымен бірге танымның міндеттерінен ойлаудың біржақты болуы алынады. Өзінің тарихи даму барысында ғылым абстрактілінің бір деңгейінен екінші бір жоғары деңгейіне өрлейді. Абстракцияның бірнеше түрлері бар:

а) Теңестіру абстракциясы, оның нәтижесінде зерттелетін заттардың жалпы қасиеттері мен қатынастары анықталады. Бұнда аталған қасиеттер мен қатынастарда заттардың тепе-теңдігін қалыптастыру негізінде, оларға сәйкес кластар құрылады.

ә) Изоляцияланған абстракция – «таза біржақты болу» актілері, бұнда өзбетінше дара заттар ретінде қарастырыла бастайтын қасиеттер мен қатынастар анықталады («абстрактілі заттар» - «жақсылық», «ақтық» және т.б.).

б) Математикадағы өзекті шексіздік абстракциясы – бұнда шексіздік көпшіліктер соңғы ретінде қарастырылады. Бұнда зерттеуші шексіздік көпшіліктің әрбір элементін сипаттау және тіркеудің мүмкін болмауын біржақты қарастырады, осындай міндетті шешілген деп қабылдайды.

в) Потенциалды жүзеге асыру абстракциясы – бұл математикалық іс-әрекет процесінде операциялардың соңғы саны жүзеге асырылады.

Абстракциялар деңгейлері бойынша бөлінеді (рет бойынша). Шынайы заттар бойынша абстракциялар бірінші  ретті абстракция деп аталады. Бірінші  деңгейдегі абстракциялар екінші реттегі  абстракция деп аталады. Абстракцияның ең жоғары деңгейімен философиялық категориялар сипатталады.

4. Салыстыру  – объектілердің ұқсастығы немесе айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция. Салыстыру көмегімен заттардың сандық және сапалық сипаттамалары анықталады. Салыстыру – олардың арақатынасын анықтау мақсатында бір затты екіншісімен салыстыру. Салыстыру арқылы анықталатын қатынастардың қарапайым және маңызды типі – бұл ұқсастық және айырмашылық қатынастары. Салыстырудың класс құрайтын «біртекті» заттардың жиынтығы  арқылы маңызы болады. Класс бойынша заттарды салыстыруды қарастыру  үшін, мәнді белгілер бойынша жүзеге асырылады.

5. Жалпылау -  заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі. Абстракциямен тығыз байланысты. Жалпылаудың гносеологиялық негізі ретінде ортақ және бірлік категориясы алынады.

Информация о работе Жоғары мектеп педагогикасы