Жоғары мектеп педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат

Описание работы

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Файлы: 1 файл

ЖОО педагогикасы.doc

— 1.05 Мб (Скачать файл)

Жоғары мектеп педагогикасы ғылыми-зерттеу әдістері негізінде дамып, үнемі жетіліп отырады. Зерттеу әдісі – нақты табысқа жету тәсілі. Педагогикалық әдіснама мен әдіс бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылымдардың бәріне ортақ жалпы әдістермен қатар қоғамдық ғылымдар саласындағы педагогиканы зерттейтін ғылымға тән зерттеу әдістері бар. Оларды топтастырғанда теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістер деп жіктеуге болады.

       Теориялық  әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, моделдеуге құрылады.

      Эмпирикалық  әдіс – деректер жинау, сұрыпталған айғақтарды ғылыми жүйеге келтіру. Бұл әдіске бақылау, қажетті құжаттарды зерттеу, әңгімелесу, сауалнама, сұхбаттасу, т.б. енеді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады.

      Математикалық  әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы  жүйенің ара қатынасындығы межелік  айырымды сандық сапа арқылы  белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық  тіркеу, шкалалық көрсеткіш, көлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу, т.б. енеді.

Эмпирикалық зерттеудің ғылыми әдістері. Жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдердің қабылданған жіктемесі әр түрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Ең сәтті болып саналатын тәсіл  ретінде, жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер құрылымында үш деңгейін анықтайды («жоғарыдан төменге қарай»): жалпылогикалық, теориялық, эмпирикалық.

Негізгі эмпирикалық әдістерге жататындар:

1. Бақылау – сезім мүшелеріне сүйенетін, заттарды мақсатты бағыттап зерттеу (түйсік, қабылдау, елестету). Бақылау барысында біз таным объектісінің сыртқы жақтары туралы ғана білім алып қоймаймыз, сонымен бірге, соңғы мақсат ретінде оның мәнді қасиеттері мен қатынастары туралы білім аламыз.

«Әдістер» және «тәсілдер» ұғымдары көп жағдайда синонимдер ретінде қолданылады, әдістер – өзінің құрамына зерттеудің әртүрлі тәсілдер жиынтығын енгізетін, аса күрделі танымдық процедуралар. Бақылау тікелей болады немесе әртүрлі құрылғылар мен техникалық құралдар арқылы жүргізіледі (микроскоп, телескоп, фото және бейнекамера, т.б.). Ғылымның дамуымен бақылау күрделеніп келеді. Ғылыми бақылауға қойылатын негізгі талаптар: ойдың біржақтылығы, әдістер мен тәсілдер жүйесінің болуы; тиімділігі, яғни қайталап бақылау жолымен тексеру мүмкіндігі. Әдетте бақылау эксперименттің құрамды процедурасы ретінде енгізіледі. Бақылаудың маңызды сәті ретінде интерпретация және оның нәтижелері алынады. Бақылаудың танымдық нәтижесі ретінде зерттелетін объект туралы бастапқы мәліметтер табиғи және жасанды тіл құралдарымен тіркеу алынады: сызбалар, графиктер, диаграммалар, кестелер, суреттер және т.б. Бақылау өлшеумен тығыз байланысты, бұл өлшеудің бірлігі ретінде қабылданған, аталған шаманың басқа біртекті шамаға қатынасын табу процесі болып саналады. Өлшеудің нәтижесі санмен беріледі. Бақылаудағы ерекше қиындық – әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдарда пайда болады, оның нәтижелері көп шамада бақылаушының тұлғасына, оның өмірлік бағдарлары мен ұстанымдарына, оның зерттелетін құбылысқа қызығушылық қатынасына байланысты болады.

Бақылау барысында зерттеуші әр уақытта белгілі идеяны, тұжырымдаманы немесе болжамды басшылыққа алады. Ол кез келген деректерді тіркеп қана қоймайды, сонымен бірге бекітілетін немесе теріске шығарылатын деректерді саналы таңдайды. Бұнда ерекше деректерді таңдап алу маңызды. Бақылау белгілі теориялық ережелер арқылы жүзеге асырылады.

2. Эксперимент – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес, зерттелетін процестің барысына белсенді және мақсатты түрде араласу. Осылайша, экспериментте объект жасанды түрде қайта жаңғыртылады немесе зерттеу мақсатына жауап беретін, қойылған жағдайларға сай өзгереді. Эксперимент барысында зерттелетін объект басқа, қосымша, оның мәнін төмендететін жағдайлардан тыс оқшауланады. Бұнда эксперименттің нақты жағдайлары беріліп қана қоймай, тексеріледі, модернизацияланады, көп рет қайта жаңғыртылады.

Кез келген ғылыми эксперимент  белгілі идея, тұжырымдама, болжам арқылы бағытталады. Эксперименттің негізгі  ерекшеліктері:

а) объектіге деген аса белсенді қатынас, оны өзгертуге және қайта құрылуға дейін;

ә) зерттеушінің қалауы бойынша, зерттелетін объектінің көп рет қайта жаңғыртылуы;

б) табиғи жағдайларда бақыланбайтын, құбылыстардың қасиеттерін табу мүмкіндігі;

в) құбылысты «таза күйінде» қарастыру мүмкіндігі, оны күрделі жағдайлардан оқшаулау, эксперименттің  жағдайларын нұсқалау;

г) зерттеу объектісінің қалпы және нәтижелерді тексеруді бақылаудың мүмкіндігі.

Экспериментті жүзеге асырудың негізгі сатылары: болжамдар мен  теорияларды тәжірибелі тексеру, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды қалыптастыру. Осы функцияларға байланысты төмендегідей эксперимент түрлері анықталған: зерттеу (ізденуші), тексеру (бақылау), қайта жаңғыртушы, оқшаулау және .б.

Объектілердің сипатына қарай физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. эксперименттерді анықтайды. Қазіргі заманғы ғылымда екі бәсекелес тұжырымдамалардың біреуін бекіту және теріске шығару мақсатында жүргізілетін шешуші эксперименттің маңызды мәні бар.

Ғылыми эксперименттің қарапайым  типтерінің бірі – ұсынылатын болжам немесе құбылыстың теориясының болуы  немен болмауын анықтау мақсатында жүргізілетін сапалы эксперимент болып табылады. Сандық эксперимент ерекше күрделі болып саналады, ол зерттелетін құбылыстың бір қасиеттерінің сандық анықтамасын айқындайды.

Қазіргі заманғы ғылымда ойлау  эксперименті кең таралған – бұл идеалданған объектілерге жүргізілетін ойлау процедураларының жүйесі. Ойлау эксперименті – бұл шынайы эксперименталды жағдаяттардың теориялық моделі. Бұнда ғалым шынайы заттар мен олардың әрекет ету жағдайларын ғана емес, сонымен бірге тұжырымдамалы бейнелерін жүзеге асырады.

Әлеуметтік эксперименттер аса  кең даму үстінде, өмірге әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге және қоғамды басқаруды жетілдіруге  ықпал етеді. Әлеуметтік эксперименттің объектісі ретінде адамдардың белгілі  бір тобы алынады, олар қызығушылықтарымен санасуға тура келетін эксперименке қатысушылар болады, ал зерттеуші зерттелетін сжағдаятқа қатысады.

Педагогикалық зерттеулердің  органикалық құрамдас бөлігі ретінде  өлшеуді атауға болады. Өлшеу –  оның дәлдік шамасын арттыратын танымынң маңызды құралы. Ол бірлік ретінде қабылданатын, өлшенетін шаманың ұқсас шамамен салыстыруды болжайтын, эмпирикалық-математикалық әдіс болып табылады. Педагогикадағы өлшеудің атқаратын қызметі даму деңгейінің сандық көрінуінде, белгілер мен қасиеттердің болуы мен жиілігінде оқу-тәрбие процесінің әсерімен өзгереді.

Әдетте, өлшеу тікелей  және жанама деп бөлінеді. Тікелей  өлшеу өлшенетін объектінің белгілі  бір нормативпен, эталонды өлшегішпен салыстыруда көрінеді. Педагогикалық зерттеулерде ол сирек кездеседі, мысалы, оқушылардың дене дамуында (толықтығы, бойы және т.б.), көп жағдайда, жанама өлшеу қолданылады. Оқушылардың білім және білік деңгейі, олардың моралды сапалары, тәртіптері және т.б. тек жанама түрде ғана өлшенуі мүмкін.

 

1.3 Жоғары мектептің  оқытушысы. Оқытушының ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру

 

Жоғары  мектеп оқытушысы —   арнайы   даярлығы   бар   және   педагогикалык   ic-әрекетпен айналысатын кәсіпкер адам.

Оқытушы – жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа  деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген қазіргі заманның алдыңғы қатарлы адамы.

Оқытушы –  оқыту мен тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық әрекетіне  даярлау оқытушылардың үздіксіз педагогикалық ізденісіне тәуелді. Соңғы кезде қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім деңгейінің көтерілуі жеке адамдардың қарым-қатынасын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруды қарастыру мәселесін тудыруда. Мұны ғылымда инновация, болмаса инновациялық қызмет көрсету деп атайды. Жоғары оқу орнында мұғалім даярлау ісіндегі инновация қарым-қатынас жасаудың әдіс-амалын табу арқылы оқушылар тұлғасын қалыптастыруға үйрету; қоғам сұранысына байланысты білім-тәрбие беру әдістерін жетілдіру, соған сәйкес жаңа нәтижеге жету мүмкіндігін қамтиды.

Ең басты мәселе, болашақ мұғалімнің тұлғалық қасиетін көрсету. Осы мақсатты шешу үшін оқу орындарында қоғамдық, экономикалық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық оқу курстары оқытылады. Бұлардың ішінде педагогика студентті белгілі бір мамандыққа даярлап қана қоймайды, олардың тұлғасын қалыптастыруға да елеулі ықпал етеді.

     Оқытушының   маңызды   қызметі   -   оқыту,   білім   беру,   тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру.

Тәлімгер Оқытушы

 

 

Педагог – оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, баланы тәрбиелейтін, оқытатын адам, маман.

Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бip талап-тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.

Педагогикалык стиль – мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипат.

Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен әpбіp педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы және  кәсіптік белгісі. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі, ең алдымен ,оның педагогтік әдебінде.

Мұғалім жұмысында  педагогтік әдеп сақталмайынша, оқушылармен тіл табыспайынша оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Белгілі психолог М.Д.Лебитов атап көрсеткеніндей, педагог әдептен кұр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын әр түрлі жаман әдет-қылықтардьң пайда болуына себеп болады. М.Д.Лебитовтің байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастауы ықтимал.

Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.

Педагогикалық шеберлік компоненттері:

  - психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі;

-   мамандығына бейімділігі, педагогикалық  қабілеттілігі;

-  кәсіптік көрегендігі;

- педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;  

-  ұйымдастырушылық  шеберлігі;

- оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білу, шешімді дұрыс әpi уақытылы қабылдай алу.

-   ұстаздың сезімталдығы, үлкен жүректілігі;

-   педагогикалық техника.

Педагогтың  қабілеттері мынадай түрде кездеседі: ұйымдастырушылық қабілеті (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу); дидактикалық қабілеті (оқу материалын ipiктей білу); перспективтік қабілет (байқағыштық) (тәрбиеленушінің психикалық жан-дүниесін анықтау); коммуникативтік қабілет (байланыс) (студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау); сyпесивтік қабілет (беделдік) (студенттің  беделіне  эмоционалды,  epiктік  ықпал  ету  арқылы жету); зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу); ғылыми-танымдық қабілет (академиялық) (ғылыми білімдерді білу, тану); сөйлеу қабілеті (дауыс тонының дұрыс болуы); елестете білу қабілеті (сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау).

 

Жоғары  мектеп оқытушысына қойылатын талаптар:

Ұстаз қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған жеке тұлға. Кәсіби дағдыланған, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа бейім, өз-өзін талдауға қабілетті. Кәсіби оқытушы тек қана өз пәнін ғана емес, педагогикалық процестегі әрбіp мүшенің орнын анық біледі; студенттердің ic-әрекетін ұйымдастыра алады, нәтижелерін болжай біледі; кемшіліктерін түзете алады. Ол міндетті түрде құзіреттi жеке тұлға болуы керек. Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс:

  1. Әдіснамалық ( психология, педагогика).
  2. Жалпы мәдениетті (дүниетанымдық ).
  3. Пәндік-бағдарлы.

Жоғары мектеп оқытушысы экономикалық қатынас жағдайындағы белсенді, кәсіби және әлеуметтік қызметке даярланған болуы керек.

Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет:

  1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
  2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;
  3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа 
    білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ;
  4. Компьютерлік техниканы меңгеруі ;
  5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық  тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.

Жоғары мектепте оқу мен тәрбие процестерінің  бip-бipiмен етене бірлігіне қол жеткізу ұстаздардың алдына студенттердің бойында ғылыми- дүниетаным, моральдық-саяси сапалар, еңбек сүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін барынша дамыту міндетін қойып отыр. Осыған орай студенттердің оқу мерзімінің барлық кезеңіне арналған тәрбие беру жұмысының бірыңғай перспективалық жоспарының ұстанымдары мынадай:

Информация о работе Жоғары мектеп педагогикасы