Жоғары мектеп педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат

Описание работы

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Файлы: 1 файл

ЖОО педагогикасы.doc

— 1.05 Мб (Скачать файл)

Білім берудің этикалық және мәдени аспектілерін қайта қарап, әркімге өзгелерді бар ерекшеліктерімен түсінетіндей және бейберекет қозғалыспен  бір бірлікке қарай бет алған  әлемді ұғынатындай мүмкіндік жасау  керек. Ал, мұны біліміне, ой-толғамына, тәжірибесі мен өзіне-өзі сын көзбен қарау арқылы өзін-өзі түсіне білуге үйренуден бастаған жөн. Өйткені, қазіргі білім жүйесінің ең басты кемшіліктерінің бірі – қоғамдық санада, әсіресе, оның ресми-педагогикалық деңгейде адамдардың өзін-өзі жетілдіру идеясына жете көңіл бөлінбеуінде.

Білім беру ісі қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуы  жолында бірқатар міндеттер атқаруы  тиіс. Әлеуметтік қажеттіліктердің ең маңыздысы осы қоғамның өзі тұжырымдаған игілік-ізгілік қағидаларын ұстануға ұмтылыс болып табылады.

ХХІ ғасырда білім  беру өте тез өзгеріп отыруын  уақыт талабына сай болуы керек. Сондықтан да, болып жатқан өзгерістерге лайық үздіксіз білім берудің  жаңа тұжырымдамасын жасау қажет. Бұл  орайда білім берудің төмендегі  негізгі ұстанымдарына баса назар аудару керек.

Ең алдымен, білім алуға  үйрену қажет. Алайда, ғылыми прогреспен және экономикалық, әлеуметтік саладағы жедел өзгерістерді ескере отырып, жалпы мәдени білімді шектеулі пәндерді терең игеру мүмкіндігімен ұштастыру  қажет. Жалпы мәдени деңгейдің биік болуы үздіксіз білім алуға апаратын тікелей баспалдақ деуге болады, өйткені, ол білімге құштарлықты туғызады және өмір бойы ізденуге ықпал етеді.

Екіншіден, жұмыс істеуге  дағдылану керек. Мамандықты үнемі  жетілдіру – кең мағынада жан-жақты жетілу – болжап болмайтын көптеген тосын жағдайлардан алып шығады. Мұндай тереңділік пен біліктілікке қол жеткізу үшін оқушылар мен студенттердің оқумен қатар, кәсіби және әлеуметтік салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін сынай алмайтындай, тәжірибе алатындай мүмкіндіктері болуы қажет.

Үшіншіден, бұл ең бастысы,  өмір сүре білуге үйрену керек. Бұл  мәселе 1972 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен  жарық көрген Эдгар Фордың баяндамасында  баса көрсетілген. Оның ұсыныстары өз маңызын жоғалтпақ емес, өйткені, ХХІ ғасыр барлық адамдардың дербестік пен бағалауға  қабілеттілікті талап етеді. Мұның өзі ұжымдық жобаны жүзеге асыру аясындағы жеке жауапкершілігімен ұштасып жатуы керек. Баяндамада атап өтілгендей, әр адамның бойында бұғып жатқан дарын атаулы түгелдей кәдеге асатындай жағдай жасалуы маңызды. Оның кейбіреуін атап өтсек, олар: ойлауға қабілеттілік, есте сақтау, қиялдау, дене мүмкіндіктері, сезімталдық, т.б. Мұның бәрі адамның өзін-өзі дұрыс тани білуі қажет.

Жаңа тұжырымдар жасаған  кезде уақыт пен кеңістік шегінде білім беру икемді, жан-жақты және әркімнің-ақ қолы жететіндей  оңтайлы болуын, білім берудің әрбір сатысын өз мәнісімен, маңызымен ерекшелеп, осы арқылы не барын елеп-екшеп, қажетті-қажетсіз деп бөлуді, не дарындылардың дамуына кедергі келтіретін теңгермешілік жолына түсу сияқты шешімі қиын таңдаудан құтылу керек.

Бұл ой-толғаныстар базалық  білім беру талап-тілектеріне қатысты  жалпыға білім беру жөніндегі 1990 жылы Джомтьенде өткен конференцияның мына бір айқындамасына сәйкес келеді: «Бұл талап-тілектер адамдардың аман-есен өмір сүруіне, адамгершілік ар-намысын сақтай отырып, еңбек ету үшін бойындағы барлық қабілетін дамытуына, баянды да мағыналы өмір сүру үшін талаптануына, парасатты шешім қабылдап, білімін жетілдіруге өте-мөте қажетті әдет-дағды жиынтығына (оқи білу, жаза білу, ауызекі сөйлей білу, санай білу және есеп шығара білу) қоса, оқып-үйренудің негізгі мазмұн-мағынасын да (білім, кәсіптік дағды, рухани нұсқау мен пікір-көзқарас) қамтиды».

Бұған үздіксіз білім  берудің жаңа тұжырымдамасын дайындауда оқытушылар мен оқушылардың ара қатынасы, балалар өмір сүретін ортаны танып-білу, қатынас құралдарын дұрыс пайдалану, түптеп келгенде, әр оқушының жеке басы мен ақыл-ойының жетілуіне игі ықпалын тигізетінін ескеруге тиіспіз. Дәстүрлі нақты білім беру мен мектептен тыс жұмыстар әдістемесінің үйлесім табуы білім берудің әдеп және мәдениет, ғылым мен техника, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар секілді үш құрамды саласын меңгеруге жол ашуы тиіс.

Бұл ретте балалар  мен өскелең жас ұрпақтың дүниетанымын және дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастыруға міндетті бұқаралық ақпарат құралдарының ролін әсте естен шығаруға болмайды. ХХІ ғасырда телеарналар бірінші кезекте жалпыадамзаттық және ұлттық моралға қайшы келетін зорлық-зомбылықты, арбап-алдауды, бұзықтықты, әр қилы жұлдызды соғыстарды уағыздайтын ақпараттар ағымынан арылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының  Ата Заңында орта білім беру міндетті делінген. Осыған орай, дүние жүзіндегі  дамыған елдердің өзінде қаржы жағынан  болсын, ұйымдастыру тұрғысынан болсын білім берудің үлкен проблема екенін ескеру қажет. Өзінің қоғамдық және жеке өмірінің барысында адам нені болсын оқып-үйрене алады.Бұл – ақиқат, шындық. Осымен байланысты қазіргі қатынас құралдарын немесе кәсіби қызметті, сондай-ақ мәдени өмір мен бос уақытты жалпы білім берудің пәрменді құралына айналдыру жағына ерекше көңіл аудару қажеттігі туындайды. Бірақ, бұлар кейбір шындыққа көлеңке түсіруі де мүмкін. Өйткені, егер де біз оқу мен оны үнемі жоғары сатыға көтеріп оытруға барлық мүмкіндікті пайдалануға тиіспіз дейтін сөзге жүгінер болсақ, бұл мүмкіндіктерді пайдалана алатындай жағдай жасауымыз керек екендігінің өзі – ақиқат шындық. Бұл үшін әр адамға ең қажеттісі – жан-жақты, сапалы базалық білім алу. Оның үстіне мектеп баланың білімге деген құштарлығын оятып, оқудан қанағат табуға үйретуге, білуге ынтасын арттыра  отырып, білім жинауды үйренуге мүмкіндік жасауға тиіс.

Көбіне, кадрлар даярлау  жүйесін жұмыссыздыққа себепкер деп кәналайды. Бұл бір жақты  пікір, өйткені халықты жұмыспен толық қамтамасыз етуге әсерін тигізетін басқа да: саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлар бар. Білім беруге келетін болсақ, онда әртүрлі курстардың жеткілікті болуын, әртүрлі кәсіптік білімдер арасындағы немесе кәсіптік тәжірибе мен мамандықты жетілдіру арасындағы табиғи байланысты қамтамасыз ететін аса икемді оқыту жүйесі еңбек нарығында орын алып отырған сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтыққа байланысты мәселелерді әділ шешуге мүмкіндік беруі қажет.

Білімді немесе кәсіптік дайындықты жалғастыруға жағдай жасайтын кезең 15 пен 20 жас аралығында шешілетінін ескерген жөн. Бұл кезеңде жасөспірімнің тағдыры қажеттіліктің арнасына түседі. Жоғары білім мәселесін дәл осы шақта қарастыру керек.

Көптеген елдерде университеттермен  қатар басқа да жоғары оқу орындары бар. Олардың кейбіреулері аса дарынды оқушыларды іріктеп алуға қатысады. Ал басқалары 2-4 жыл ішінде бір салада жоғары сапалы кәсіптік білім беруге арналған. Мұндай диверсификация қоғам мен экономика сұранымын мемлекеттік деңгейде де, аймақтық деңгейде де қанағаттандыра алады.

Сонымен, білім беруді толығынан диверсификациялау оқушыларды сүзгіден өткізуді тоқтатып, барлық дарында өз орындарын табуына, көптеген ұлдар мен қыздардың өздерін қоғамнан шеттетілген адам санап, болашаққа сенімін жоғалту сезімінен арылуына көмектеседі.

Білім берудің өзі кертартпалық пен ілгері ұмтылушылықтың бірлігі болып табылады. Сондықтан оның қоғам дамуымен, әсіресе, ғылыммен толық сәйкес келуін талап ету мүмкін емес. Алайда, білім беру адамдардың дағдыларды, икемділіктерді, теориялық ілімдерді игеру процесі ретінде ғылымның, оның дамып жетілуінің тек базасы, әдіснамалық негізі болып отыр және бола бермек.

Қазақстан Республикасында  үздіксіз білім берудің ХХІ ғасырдағы  жаңа тұжырымдамасында  республиканың білім беру жүйесінің негізгі мақсттары мен міндеттері ғылыми тұрғыдан негізделіп қана қоймай, сонымен қатар бұларды жүзеге асырудың әдістемелік негіздері де баяндалуғы тиіс. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің жаңа үлгісін жасаудың маңызы зор.

 

2.4 Қазақстан  Республикасындағы жоғары кәсіби білімнің рөлі, маңыздылығы, мәні

 

ЮНЕСКО (хабарлаған) жариялаған ХХІ ғ. үшін жоғары білім туралы Бүкіләлемдік декларацияға сәйкес жоғары білім қоғамдағы  прогреске және өзінің өмірдегі мүмкіндіктерін нақты көрсеткен көп ғасырлық тарихы бар. Білімді жаңарту көлемі және ырғағы сондай ұлттар мен қоғамдық, адамның мәдени, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық қатерсіз даму маңызды компонент болып ғылыми зерттеулер және жоғары білімдерге қоғам сүйенетін болған.

Осыған байланысты, біздің еліміз және қоғамымыз қазір басынан кешіп жатқан рухани және адамгершіліктің терең аспектілерін қабылдау және экономикалық қиындықтардан шыға алатындай адами құндылықтарды сақтай алатындай, жаңашылдық пен білімді жаңартуға жоғары білім алдында көп міндеттер тұр.

Ресей Федерациясының мемлекеттік құжаттар арасындағы бар анықтамаларға сүйенсек, жоғары кәсіби білім – бұл жоғары кәсіби білім туралы негізгі кәсіби бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнындағы жүзеге асатын, орта немесе жалпы кәсіби білім, орта білім базасында берілетін білім және бітірушіге  берілетін қорытынды аттестация және құжат.

Бұл түсініктер халықаралық  деңгейдегі анықтамалармен де беріледі. Мысалы, ЮНЕСКО-ның құжаттарында жоғары білім мамандарды даярлау және қайта  даярлау оқу курстарының жиынтығы болып қарастырылады. Аталған курстар мемлекеттік мекемелер ретінде танылған оқу орнындарында, университет және институттарда ұйымдастырылады. Бұл анықтама (Е) ЮНЕСКО-ның бас конференциясының 27 сессиясында 1993 ж. қараша айында бекітіліп және жоғары білім туралы куәлік және оқу курстарын мойындау туралы ұсыныстар бекітілген. Бұл білімді жүзеге асыратын оқу орындары міндетті түрде жоғары білім жүйесінің негізінің жиынтығын құрайтын жоғарғы болып аталатын болды.

ЮНЕСКО – ның айтылып  кеткен декларациясы жоғары білім міндеттерін былай анықтайды:

1) Жоғары деңгейдегі  әдет пен білімді біріктіретін  біліктілікті алу мүмкіндігі  бар адамның іс-әрекетіндегі барлық  салалардағы әлеуметтік және  өзінің жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыра  алатын жауапкершілікті азаматтар  мен жоғары білікті мамандар даярлығын қамсыздандыру, осындай даярлықтар үшін қоғамның қазіргі және болашақ мұқтаждықтарына ылғи бейімделетін оқу бағдарламалары мен курстар;

2) Бүкіл өмір бойында  жоғары білім және одан кейінгі  білім алу мүмкіндігін туғызу; жүйе көлеміндегі оқушыларға  жоғары білім алуды тоқтатуға бір көрініс беріп және таңдаудың оңтайлы мүмкіндігін қамтамасыз ету;

3) Өнер саласында шығармашылық  әрекеттерді дамытумен қатар, гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдарды, технологияларды, жаратылыстану ғылымдар саласындағы зерттеулерді дамыта отырып, оларды қолдау, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік дамуда керекті білімдермен қоғамды қамтамасыз ету, қоғамға берілетін бірден бір мүмкіндіктерді пайдалану ретінде зерттеу әрекеттер жолымен білімдерді тарату және дамыту;

4) Мәдениет саласында  көпжақтылық пен плюрализмді  шарттарындағы аудандық, ұлттық, халықаралық  және тарихи мәдениетті таратуда, дамытуда, кеңейтуде, сақтауда, түсінуде көмек көрсету;

5) Ізгілікті дамытудағы стратегиялық перспектива мен бағыттарын талдай отырып, демократиялық қоғамның негізін құрайтын құндылықтарға жастарды тәрбиелеп, қоғамдағы құндылықтарды бекіту мен қорғау;

6) Оқытушыларды дайындап, білімнің барлық деңгейлерін жаңашылдандыру және дамыту.

Жоғары оқу орны –  ең алдымен, жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен байланысты, әр түрлі қызметтерді  көрсете алатын білім беру мекемесі.

Оқу мекемесінің әлеуметтік беделі әлеуметтік жүйедегі заңды адам ретінде анықталуы мүмкін. Бедел – жоғары оқу орнының беделіне әсер тигізеді. Жоғары оқу орындарының 3 негізгі түрлері бар: университеттер, академиялар және институттар. Бұл мекемелердің бәрі бірінші кезекте ғылыми зерттеулерді орындаумен қоса білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Университет академияға және институттарға қарағанда студенттерді даярлау бағыттары мен ғылымның кең тараған көріністерде мамандандырылуымен қамсыздандырады.

Ал, институт академия мен  университетке қарағанда айырмашылығы өз әрекет саласындағы алғы ғылыми және әдістемелік орталық болып табылмайды. Институттар өзіндік мекеме болумен қатар басқа жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімдері болуы мүмкін. Жоғары оқу орындарының мемлекеттік аккредитациясы қоғамдық, яғни, қоғамдық  ғылыми және өндірістік, кәсіби білім беру ұйымдарымен өткізіледі. Жоғары оқу орны 5 жыл мерзімге аккредитацияланады.

Жоғары оқу орнын  білім беру әрекетіндегі аталған  типтік қаулы мемлекеттік стандарттардағы  барлық білім бағдарламаларына міндетті сәйкестілікті негіздеу керек. Жоғары оқу орыныдағы білім басқармасы мекемесі бекіткен бағдарламалар мен оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары мемлекеттік стандартқа негізделген жоғары оқу орындарымен бекітіліп және құрастырылып, оқытудың әр түрі үшін сабақ кестелері және дайындалу бағыты бойынша жұмыс оқу жоспарымен реттеледі. Сонымен қатар, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ұсынуға болады

Ал, жоғары оқу орнының  ғылыми әрекетіне жоғары оқу орнының  негізгі міндеті болып табылатын  ғылыми-педагогикалық даярлаудағы  жұмысшылардың жоғарғы біліктілігін, студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің және ғылыми зерттеу әрекеттері арқылы мәдениет және ғылым дамуын қарастыратын құжаттар да қарастырылады.

Жоғары оқу орнын  жалпы басқалардан таңдау мекемесі оқу кеңесі іске асырады. Оның оқу кеңесінің құрамына: төраға – ректор; ректор орынбасарлары және оқу кеңесі бойынша факультеттер декандары. Оқу кеңесінің басқа мүшелері жалпы жиналыста сайланады.

Информация о работе Жоғары мектеп педагогикасы