Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Кредиттік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 баллдық жүйенің орнына 10 баллдық жүйе енгізіледі.
Жоғарғы оқу орнын бітіруші студент барлық емтихандарын «А» және «А-», «В» және «В-» тапсырып, орта баллы 3,25-тен кем болмаса, мемлекеттік емтиханды немесе дипломдық жұмысын «А» және «А+» тапсырған студент қызыл диплом алуға құқығы бар.
Студенттің білімін бағалау тек емтихан түрінде ғана болады.
Кредиттік оқыту жүйесі
бойынша сынақ тапсырылмайды. Кредиттік
оқыту жүйесінде, егер студент аралық
бақылаулардан пән бойынша
Студенттің қанша кредит алғаны туралы және оқылған пәндер бойынша білім сапасына қойылатын баллдарды қамтитын ресми құжат транскрипт деп аталады. Курстарды өтуіне байланысты студенттің барлық алған бағалары жиналған кредиттердің саны транскриптіге енгізіледі. Студент кез келген уақытта транскриптіні талап етеуіне құқығы бар. Егер студент бір жоғары оқу орнына ауысқанда транскрипт студенттің қолына берілмей, ол тек байланыс жүйелері арқылы келесі жоғары оқу орнына жіберіледі.
Кредиттік технология бойынша оқытушы мен студенттің жұмыс шығынын есептеп отыратын офис-тіркеуші қызметі енгізіледі.
Тіркеуші офисі қызметіне мыналар енеді:
– қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
– студенттің дайындық сапасын бақылау;
– оқытушы қанша кредит орындағаны туралы мәліметтер беру;
– институтты күнтізбелік сабақ, кестесінің уақытылы құрастырылуы орындалуын бақылау;
– маманның қанша кредит орындағанын жинақтау;
– ағымдағы емтихандардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылау;
– мемлекеттік емтихандарды ұйымдастыру және өткізу;
– статистиканы жүргізу және статистикалық мәліметтерді жинақтау.
Несиелік оқыту жүйесіне көшу материалдық тұрғыда үлкен дайындықтар жүргізуді қажет етеді. Себебі, кредиттік оқыту жүйесінің тәртібі бойынша студенттің қолында бүкіл ғылыми-әдістемелік материалдар, оның ішінде дәрісті мазмұны тезистік түрде әр студенттің қолында болуы керек, көп жағдайда оқыту арақашықтық тұрғыда, электронды пошта, т.б. шаралар негізінде іске асады. Әр оқытушы мен студенттің үйінде компьютер электронды пошта болуы керек.
Жас түлектерді таңдау.
Информатика курсының өзіндік ерекшеліктері – оның оқушыларды ЭЕМ-ді (электрондық есептегіш машина) іс жүзінде әрекетке пайдалануға дайындау бағыты мен олардың іс-әрекеттеріндегі біліктер мен дағдыларды қалыптастыруында. Бұл студенттердің білімін бақылау мен тексеруге де өз әсерін тигізеді. Олардың әр түрлі оқу іс-әрекеттеріне дайындығы, тиісті біліктері мен дағдыларының қалыптасуы бірінші кезектегі бақылау нысаны болып табылады.
Тест оқушының алдына тапсырма мен ұсынылған нұсқалардан жауапты таңдауды шектейтін нақты белгіленген шарттарды қояды. Кез келген тест екі бөлімнен тұрады: алғашында оқушыға оның басты назарын оқылған нақты материалға аударатын қандай да бір тапсырма (сұрақ, есеп) ұсынылады, содан соң жауаптың түйіні көрсетіледі.
Оқушы жауабының мүмкін болатын түйіндеріне қатысты тестердің мынадай түрлері қарастырылған: баламалы; сәйкестік; көптен таңдау.
Баламалы тест оқушының ұсынылған екі жауаптың біреуін таңдауына мүмкіндік береді. «Иә» «жоқ» деген жауап түрлері жиі кездеседі. Сондай-ақ басқа нұсқалар да бар. Мәселен, «дұрыс» , «дұрыс емес» және т.б. Тесттің бұл түрі айғақтың, заңның қажеттігін айқындау, түсінікке келтіру, белгілі бір құбылыстың туындау себебін білу сияқты көрсеткіштерді анықтау кезінде қолданылады.
Сәйкестік тестті әр түрлі болып келеді. Ол екі қатар бағаннан тұруы мүмкін. Бұл жағдайда бір бағандағы қандай да бір шешуші сөз, сан, рәсім немесе сөйлем арқылы тиісті жауапты екінші бағаннан табу қажет. Тесттің бұл түрі сондай-ақ, бірінен соң бірі келетін екі бөлімнен тұруы мүмкін. Олардың арасында да сәйкестік орнату қажет. Тесттің бұл түрімен игерудің мына нәтижелерін: алгоритмдік құрылғылар мен басқалардың неге қажеттігін анықтау,абстрактілі түсінік пен нақты құбылыс немесе нысанның (түсінік ауқымына келтірілген), заңдылық пен құбылыстың (тергеудің түйіні немесе себебін анықтау) арасындағы байланысты орнатып, біліктілігін айқындау қажет. Көрсетілген сәйкестіктердің әр қайсысы тек бір тапсырма үшін пайдаланылады.
Аталған тесттердің басты
артықшылығы – оқыту
Көптен таңдау тестті де игерудің нәтижелі деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, айтарлықтай жоғары деңгейде игерудің бірқатар көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндік береді. Тесттің бұл түрі, негізінен тапсырма мен оның жауаптарының (4-5 вариант жиынтығы) тізімінен тұрады. Оқушының жауабы оның ойынша берілген тапсырма немесе сауалға қатысты ұсынылған жауаптар жиынтығының ішіндегі ең дұрыс деп табылған шешімнен тұрады. Тесттің бірінші жартысы сауал немесе тапсырма арқылы көрініс табуы мүмкін. Кейде мұндай тест түрлерінде дұрыс емес жауапты табу талап етіледі.
Көптен таңдау тесттің
негізіне қисындық өзара байланыстағы
түсініктер топтары немесе оқу материалының
аяқталған бөлімін игеруге
Тест мазмұнының (сауалдың, тапсырманың) ұстаған бағытына байланысты оқушылардың осы немесе басқа түрдегі оқу әрекеттерін тексеруді анықтау тесттің бірнеше типтері арқылы жүзеге асады. Мәселен, бірқатар ғалым-әдіскерлер осы белгі бойынша тесттің 9 типін бөліп алады. Осы жұмыста қарастырылған тесттердің мүмкіндіктері мен бейімдерін алгоритмдер мен алгоритмдік тілмен байланысты ИЕТН курсы тараулары бойынша оқу материалын игеруді тексеру еркшелігіне қатысты тест тапсырмаларының 5 түрін қолдануға болатынын көрсетеді.
1. Нақтылауға қатысты тапсырма заңдар, ережелер, түсініктер, фактілер, анықтаулар және т.б.мәнін білуді бекітетін мысалдар келтіруді қарастырады.
2. Ұғымға келтіру тапсырмасы
оқушылардан теориялық
3. Біліктілік (классификация) тапсырмасы нақты бір критерий бойынша маңызды белгі немесе белгілер негізінде сыныптарға, сол бір ретке жататын көптеген нақты нысандарды бөлу бойынша әрекеттерді қарастырады.
4. Салыстыру тапсырмасы
да өзінің орындалуы үшін
5. Қорытындылау тапсырмасы
әрекеттің себеп-салдарын
2.2 Қазіргі кездегі жоғары мектептің дамуындағы өзекті мәселелер
Қазақстан Республикасының Еуразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология процестерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беруқандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық деңгейін бағдарлау үшін «адамның даму индексі» деген ұғым пайдаланады. Бұл ұғым негізінен 3 құраммен сипатталады: 1) ұзақ өмір сүру; 2) білімділік; 3) өмір сүру деңгейі. Ал, бірінші, екінші құрамдар тікелей білімділікке тәуелді. Білімнің қоғамдағы ролі туралы 1988 жылы Парижде өткен Нобель сыйлығы лауреаттарының «ХХІ ғасырдың табалдырығында» атты конференциясында былай делінген: «Білім – басқарудың бір түрі ретінде жекеленген адамдармен қатар барлық халыққа бірдей тиісті болуы қажет». Бұдан білім беру сапасын арттыру мәселелерін шешу, мемлекеттің әлем деңгейінде тиісті орнын табуға, алдыңғы қатарлы дамыған елдермен ғылым, экономика және саясат салаларында бәсекелестікке түсуге мүмкіндік беретіні айқын.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай, білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Кеңес өкіметі тұсындағы оқу тестісіне жүгінсек, негізінде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік мәселелерге көңіл аударылып, сыртқы саяси, экономика, демография және ұлттық жағдайларға мән берілмеді.
Екіншіден, білім беру жүйесінде әр адамның ортадағы алатын орны, ойлау дәрежесі, моралдық, этикалық деңгейлер есепке алынбай, оқу процесі алдына ала жоспарланған, орталықтан тағайындалған бағдарламамен іске асты. Соның салдарынан мамандықтардың саны көбейіп, жоғары оқу орнының қабырғасынан шыққан мамандардың «сыңаржақтылығына» әкеліп соқты.
ХХ ғасырда бұрыннан негізі бір ғылымдардың әр салаға жіктелуі, осыған сай тар уақымды мамандардың дайындалуы олардың бір-бірін түсінбеушілікке мәжбүр етті. Сол себептен ғалымдар мен педагогтардың алдындағы келелі мәселе – іргелі ғылымдардың тұтастығын айқындап, оны әрі қарай жаратылыстану, гуманитарлық білімдердің тұтастығымен ұштастырып, жалпы келешекте біртұтас – іргелі білім берудің негізін жасау. Бұдан оқулықтарға талдау жасап, сын көзбен қарап, оқу сапасын биік деңгейге көтеру мақсатында білім беру жүйесін қайта қарап, терең мазмұнды жаңа оқу құралдарын жазу мәселелері туындайды.
Оқу процесіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білім берудің әр түрлі салалырына: білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология, т.б. талдау жасалып, қорытындылану қажет.
Экономикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, басқару жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты халықтар арасында байланыс шараларын мемлекеттік саясат, экономика және ел мүддесі тұрғысынан шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлаудыталап етеді.
Білім беру саласындағы еткен ізденістер мен тәжірибелерге сүйене отырып, келешекте (ХХІ ғ.) оқу жүйесін дамытудың мынадай кейбір процестерін атап өтуге болады:
Аталмыш процестерді жүзегеасыру мақсатында ХХІ ғасырдың мүддесіне сәйкес оқу сапасын дамытуда өкімет алатын білім берудің жаңа үлгісін енгізу қажет.
Бұрынғы оқу жүйесі қалыптасқан әдістер мен ережелер арқылы тек бұрыннан белгілі қоғам саласындағы өзгерістермен және ортаны қоршаған табиғатәлеміндегі қайталанатын құбылыстарды баяндаумен шектеледі.
Аталған кемшіліктерді еске ала отырып, жаңа оқу жүйесін енгізуде адамның ойлау дәрежесін дамыту, пәнаралық байланыстарға көңіл бөлу, экологиялық білімді дүниежүзілік деңгейге дейін көтеру мәселесіне зер салған жөн.
Адамзат тарихында жеке тұлғаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны зерттеу барысында табиғат құбылыстарын пайымдап, оның мүмкіншіліктерін, қоғамның әр даму сатысына сәйкес ел мүддесіне қолдану. Бұдан адамның қоғамдағы жетекші ролі, алатын орны, ізденіс пен зерттеу нәтижелерінде алған білімді қорытындылау арқылы қажетті жаңалықтарды өмірге лайықты түрде енгізу шаралары жаңа оқу жүйесін жасауда, яғни адамның инновациялық қасиеттері кең түрде ескеріліп, инновациялық білім беру саласында негізгі шарттардың бірі болуы қажет.
Алғаш рет 1979 жылы Д.Боткин, М.Эльманджара, М.Малитце «Рим клубына» арнайы дайындаған «Үйренуге шек жоқ» деген баяндамасында, білімнің қоғам дамуындағы роліне және оның келешекте адамзат пен қоғамның мәдени даму арасындағы қайшылықты жеңудегі маңызына тоқтала келіп, оқу жүйесінде қаракеттер мен өмірдің байланыстарына ерекше көңіл бөліп, «инновациялық оқыту» деген ұғым енгізді.
Инновациялық білім беру жүйесін төмендегіше анықтауға болады: «Адам – қоғам – табиғат» арасындағы үйлесімділікті жаңаша қалыптастыратын дүниетану процестеріне көзқарас өзгеріп, субъектінің ойлау жүйесін мәдениетті тұрғыдан жетілдіру; білім берудің әдісі мен мазмұнын оқушының іскерлік, жігерлілік қабілетін және жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын әдіснамалық әдістерге бағыттау; пәндерді оқыту барысында адамның рухани байлығына, өнегелілігіне, істеген ісіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу; субъектінің алған ғылыми білімін, оның әлеуметтік тұрмысын іскерлік қабілетімен ұшастыра қарастыру, т.б.