Жоғары мектеп педагогикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат

Описание работы

Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.

Файлы: 1 файл

ЖОО педагогикасы.doc

— 1.05 Мб (Скачать файл)

Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде нақтылыдан абстрактіліге өрлеу  және абстрактіліден нақтылыға өрлеу  әдістеріне ерекше мән беріледі. «Нақты»  категориясы объективті шындықты өзіне  тән белгілері, қасиеттері, өзара  байланыстары мен заңдылықтарын тарихшының тануын білдіреді. Нақты-теориялық білім объектінің мәні мен құбылыстың бірлігі арқылы сипаттайды.

Абстрактіліге өрлеу  немесе абстракциялау – бұл нақтының бірқатар қасиеттерінен ойша ауытқу, зерттелетін объектіде жеке, ерекше қызығушылық тудыратын белгілерді анықтау. Ғылыми танымдағы «абстрактілі» – танылатын шынайылық туралы толық емес білім. Бірақ объективті-нақтылыдан ауытқуда абстракция қарастырылатын құбылыстар мен процестердің мәнді қасиеттерін көрсетуі қажет.

Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға және керісінше өрлеу, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, бұл олардың теориялық зерттеу процесінде жетекші рөлін негіздейді. Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістіктегі қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақытта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары статикада, тарихи дамуға қатыссыз қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілердің жүйелі-құрылымдық талдауында қолданылады.

Тарихи әдістер керісінше, уақыт бойынша объектілерде жүретін  өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Сирек жағдайда жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді түрде  зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциялары олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілерді немесе топтарды, олардың құрылымы мен атқаратын қызметтерін зерттейді.

Танымдық іс-әрекеттегі жалпығылыми маңызды әдістердің бірі ретінде тарихи және логикалық әдістер алынады, олар бір-бірімен диалектикалық бірлікте  болады. Тарихи – объектінің қалыптасу және даму процесі. Бірақ тарихи әдіс объектінің дамуындағы уақытша бірізділікті қарапайым қайта жаңғырту емес, ол объективті диалектиканы және оның дамуының нәтижесін қарастырады. Логикалық-теориялық – мәнді, заңды байланыстар мен қатынастарда дамыған және дамушы объектіні қайта жаңғырту. Соған сәйкес, логикалық әдіс белгілі процестің нәтижесі ретінде, тарихи дамушы объектіні қайта жаңғырту тәсілі болып саналады, оның барысында әрі қарай, тұрақты жүйелі білім беру ретінде жүзеге асуы үшін, қажетті жағдайлар қалыптасады.

Тарихтағы уақытша бірізділік логикалық әдіс арқылы ашылуы мүмкін. Бірақ ол теориялық талдау үшін бағдар болып табылмайды. Бұл сәйкессіздік жүйе генезисінің факторлары ретінде болатын құбылыстармен негізделмейді, даму кезеңінде оны қайта жаңғырту үшін қажетті жағдайлар жасайды. Олардың көпшілігі тарихи процесс барысында  жойылады. Тарихи құбылыстардың уақытша бірізділігі барлық уақытта белгілі бір тарихи қайта құрылымдарды қалыптастыру процесімен анықталмайды.

Қоғамдық процестердің дамуы тарихи және  логикалық  әдістердің бірлігін қолдану арқылы танылады. Жаратылыстану ғылымының  объектілері дамуда зерттелмеуі  мүмкін. Сондықтан, оларды тануда тек  логикалық әдісті қолдануға болады.

Тарихи әдістің маңыздылығын тану әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде  байқалады, бұл бірқатар зерттеушілерді тарихи жазбадағы логикалық әдістің  аз мәнді болуы туралы көзқарастарын  білдіруге әкеледі. Бірақ, табиғатты  немесе тарихи шындықтың басқа объектілерін терең тану белгілі уақыт арасында олардың құрылымы мен функцияларын алдын ала талдау негізінде ғана жүзеге асырылады. Сондықтан, тарихты, күрделі процестер мен құбылыстарға қатысты, тарихи тәсіл арқылы зерттеу жеткіліксіз болып саналады. Аталған жағдайдағы ғылыми зерттеудің қажетті шарты ретінде логикалық  әдісті қолдануды атауға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан  экономикалық, әлеуметтік және саяси  жедел жаңару жолында. Қазақстан  Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Астана: Елорда, 2005. - 48 б.

2. Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы. – Астана, 2004.- 46 б. 

3. Жоғары білім беруді  дамыту және реформалау бағдарламасы. – Париж: ЮНЕСКО, 1995.

4. Бабанский      Ю.К.      Проблемы      повышения      эффективности 
педагогических   исследований:   (Дидактический   аспект).   – М.:  Педагогика, 
1982. – 192 с.

5. Кожахметова К., Таубаева Ш., Джанзакова Ш. Методология общей и 
этнической педагогики в логико-структурных схемах: учебно-методическое 
пособие    для    студентов    высших    учебных    заведений,    магистрантов, 
аспирантов и докторантов в области педагогики. - Алматы, 2005. – 174 с.

6. Краевский В.В. Общие основы педагогики: Учебное пособие для студ. 
высш.   пед.   учеб,   заведений.   -   2-е   изд.,   испр.   - М.:  Академия, 2005. - 256 с.

7. Краевский   В.В.   Проблема   целостности   учебно-воспитательного 
процесса //Советская педагогика. – М., 1984,№9. – С. 36-42.

8. Мынбаева    А.К.    Современное    образование    в    фокусе    новых 
педагогических    концепций,    тенденций    и    идей.    Монография. – Алматы: 
Раритет, 2005. - 90 с.

9. Беляев В.И. Современные подходы в историко-педагогических исследованиях  //Педагогика, 1999, №6.

10. Таубаева Ш.Т. Тарихи-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдістемесі /Магистранттарға арналған оқу бағдарламасы.  – Алматы: ҚМҚПИ, 2007. – 120 б.

12. Белегова Ә. Техникалық  жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру //Білім берудегі менеджмент. – Алматы, №3 2008. – Б. 93-96. 

 

 

2 Қазақстанда және шет елдерде жоғары білім алудың жағдайы мен даму тенденциялары

 

2.1 Қазақстан   Республикасы жоғары мамандандырылған  білім беру жүйесі

 

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастықтанып, егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты. Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қаматамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр.  Мұндай маңызды да күрделі мәселелерді шешу үшін адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің білім беру ісінің тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.

«Білім туралы» Заңның 31-бабына сәйкес жоғары оқу орындарының филиалдары лицензияланған білім беру қызмет түрлерін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан жаңа оқу жылының басынан бастап, бүкіл республика көлемінде жоғары оқу орындарының филиалдарына білім беру қызметін тоқтатуларына тура келеді.

 Жаңа Заңға сәйкес  магистратура жоғары оқу орындарынан кейінгі деңгейге жатқызылады. Магистратура мен докторантураның бағдарламалары біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір олар ғылыми-зерттеу компоненттерін ғана емес, білім беру компоненттерін де қамтиды.  Мысалы, докторлық диссертация қорғау үшін оны жазу ғана жеткіліксіз, диссертант бейімі бойынша тиісті іргелі және қолданбалы пәндерді меңгеріп, олардан емтихан тапсыруы тиіс.

Ал, енді заң қандай міндеттерді  атқарады дегенге келсек, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мынадай міндеттерді шешуге:

бірінші, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграция);

екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;

үшінші, сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңына сәйкес қазақстандық әлемдік білім берукеңістігіне  кірігу міндеті: «Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту»; «Оқыту технологиясын жетілдіру»; «Білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту» жолдары арқылы шешіледі.

Жаңа Заңның 7-тарауының 51-бабына сәйкес педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі көрсетілген. Педагог қызметкердің кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтық қызметпен ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтык практикаға жаңа өзгерістер енгізуге құқылы.

«Бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар; Негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар; Жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар».

Мұнда бастауыш білім  берудің оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін дамытуға, оқуға деген икемін қалыптастыруға бағытталады. Мысалы, оқуға, жазуға, санауға, тілдік қарым-қатынасына, өзін шығармашылық тұрғыдан танытуға, өзін ұстау мәдениетін дағдыға айналдыруға арналған.

Негізгі орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негізін игеруге, олардың жеке адамдар арасындағы және этносаралық қарым-қатынастарда жоғары мәдениеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның өзін тануы мен кәсіптік бағдарын айқындауға бағытталады.

Жалпы орта білім беруге арналған оқу бағдарламалары бейіналды  дайындық пен бейіндік бағдарламаларын жүзеге асыруға көзделген. Бұл бағдарламалар білім алушыларға оқудың жеке траекториясын таңдауға және алдағы уақытта әлеуметтік-гуманитарлық,   жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша оқуына педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Жаңа заңда техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны мен құрылымы өзгерді. Білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау негізгі орта білім беру базасында (10 сынып) және кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жалпы білім беру базасында (12 сынып) жүзеге асырылатын болады.

Жоғары білім мен  одан кейінгі білім беру жүйесінде  де елеулі өзгерістер болды. Бұрынғы  заң бойынша жоғары кәсіби білім  көпсатылы құрылымға ие болса, енді ол бірсатылы болады. Жоғары білім беру халықаралық процестерге сәйкес тек бакалаврлық оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындарының типтері.

Университет – жиынтық, жинақ – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан  кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының сабақтас жүргізілуі. Алғашқы университет ХІІ ғасырда Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш университет Мәскеу университеті (1755 жылы құрылған), байырғы универсиетттерге Львов (1661 жылы алғашқы академия ретінде), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазақ(1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орта Азияда 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті, 1928 жылы Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті), 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және көптеген жеке меншік университеттер бар.

Институт – мекеме, құру – 1) ғылыми-зерттеу мекемесінің, жоғары оқу орнының, сондай-ақ, кейбір әлеуметтік қатынастарды реттейтін органдардың атауы; 2) қоғамдық қатынастардың қайсыбір саласын реттеуші құқықтық ережелер жиынтығы.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде әлемдік  білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі  таңда республиканың жоғары оқу орындарында кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары жасалды.

Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің  президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын  жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.

Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойыншакредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық  жүйе – ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.

Республика білім беру жүйесінің  кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат-Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Әлемдегі 12000  университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.

Қазақстандағы орта білім  беру жүйесінің 12 жылдық ектеп жүйесіне көшу бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім керу жүйесіне зер салатын болсақ,  білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл, Франция, испания, Польша, Жапонияларды – 12 жылдық, Италия, швеция, Германияда 13  жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі

Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім  беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде  орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет.

Білім беру жүйесіндегі интеграциялық  процестердің мақсаттары мынаған саяды:

Информация о работе Жоғары мектеп педагогикасы