Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 23:33, реферат
Жоғары мектеп педагогикасы екі түрлі мағынада қарастырылады, бірі – жеке тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне бағытталған адамның іс-әрекеті; екіншісі – іс-әрекеттің заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін ашатын ғылыми теория. Адамның іс-әрекеті сияқты педагогика да адаммен бірге пайда болып, адам санасының өсуі, ойлаудың пайда болуы, адамның өмірден жинаған тәжірибелері, алдыңғы және кейінгі буын жас ұрпақтың қарым-қатынасы, педагогикалық ойлардан туған.
Сонымен инновациялық білім берудің негізгі мақсаты – адамның шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту, өз іс-әрекетін қоғамдағы өзгерістерге сай бейімдеу, әрі іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау, пәнаралық байланысты дамыту жән дүние танудағы субъектінің жан-жақты ұғым жүйесін қалыптастыру, т.б. Яғни, қоршаған ортаның қоғамның даму сатысына әсерін зерттеу, табиғат құбылыстары заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан қорытындылау, өмірдің қажеттілігіне жарату; негізінен алғанда білімнің мазмұны мен құрамына жаңашылдық көзқарасты талап етеді.
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы – білім берудегі оқытушылардың кәсіби қызметінің көрсеткіші іспеттес. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол – ғылыми ізденістердің, жекеленген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ролі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдік және басқа жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игереді. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық даярлықты талап етеді. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация – «жаңалық», «жаңашылдық», «өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Инновация – құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, оқытушы жаңа педагогикалық технологияның, теория мен насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару оқытушының өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдауын қамтамасыз етеді. Ал, педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылықтың қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу-тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің ролі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру орны басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық жаңалықтың мынадай критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, оңтайлық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияның негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз. Сондықтан инновациялық процеске араласқысы келетін оқытушы қолға алған жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай болмауы мүмкін. Осыған байланысты оқытушыларды инновациялық процеске тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік-психологиялық сипаттамалары ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальды-абсолютті, шартты, субъективті, танымдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Критерийлер жүйесіндегі оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге оқытушы мен студенттің жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі оқытушылар еңбек жағдайымен бөлек студенттер ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап, жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оңтайлығын білдіреді.
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде оқытушы қызметіндегі оң нәтижелердің барынша тұрақтылығын білдіреді. Өлшемдегі технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі, түсіну мен баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаңа әдетін маңыздылығын, оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігі педагогикалық инновацияны бағалаудың критерийі ретінде қарастырылады. Шындығында құнды педагогикалық идея немесе технология шартты ерекшеліктерімен, күрделі техникалық жарақтандырылуымен немесе оқытушы қызметінің ерекшеліктерімен тар шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз педагогикалық жаңашылдық туралы айта алмас едік.
Инновацияны бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне негізделмегенімен олар сыннан өтіп, объективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізуге ұсынылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған
Арнайы әдебиеттерді
және мектеп қызметінің тәжірибесін
талдағанда оқу орнының жұмысында
педагогикалық жаңалықты
Білім беру жүйесін жетілдіру шараларына әлеуметтік тұрғыдан қарап, халықтың рухани байлықтарын арттыруға себеп болатын негізгі проблема деп қарау керек.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің аймақтық дамуы мемлекетіміздің білімдік бағытындағы саясатының ең өзекті, аса маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Білім беру жүйесін реформалау жағдайында білім беру мен тәрбиелеудің жаңа формаларын іздену, басқару жүйесін жаңаландыру мектеп жүйесін басқарудың тың әдістері мен білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгерістердің басталуының алғашқы белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 4-ші «Білім беру жүйесін басқару» бөлімінің 28-бабында білім берудегі басқару жүйесінің міндеті нақтыланып көрсетілген. Аталған Заңда білім мекемлеріне толық мүмкіндік беріліп отыр, ашып айтсақ, білім мекемелері оқу-тәрбие мәселелерін іріктеп алуды, ғылыми, қаржылық-шаруашылық жұмыстарын өз бетімен шеше алады делінген.
Дегенмен, қазіргі жағдайда білім беру жүйесін басқару қажет емес деп айтуға әлі ерте екендігін ескерген жоқ.
Білім беру жүйесін уақыт талабы мен қоғам сұранысына сай жұмысын өзгертіп, басқарудың жаңа жолдарын табукерек. Құрамына өсіретін бюджеттен тыс мектеп мекемелерінің жұмысын қадағалап отыруы қажет. Басқару жүйесі осы аталған мекемелердің жұмысы бақылаудан шығып кеткен жағдайда анық байқалатын коммерциялық сипатқа ие болады, сондықтан басқару жүйесі дер кезінде анықтап бақылауды қалпына келтіріп отырғаны жөн. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындығына сәйкес ата-аналардың бәрі бірдей балаларын жоғары дәрежедегі балалар бақшасына беруге, не жаңа типті оқу орындары – лицей мен гимназияға оқытуға жағдайлары келмейді. Осы мысалдан жастарымыздың өзін қоғамның бөлуін балалық кезеңнен-ақ біліп өсетіні өкінішті.
Өз дәрежесінде бастауыш білім мен дұрыс тәрбие ала алмаған жасөспірімдер бүкіл өмір бойына өздерін толық дамымаған, ақыл-ой өрісі төмен дәрежедеміз деп есептейді. Әрине, жұмысшы мамандығының маңызын төмендетуге болмағанмен, талапты деген балалардың әлеуметтік жағдайының төмендігінен жоғарыда аталған оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері келмей, қазірде бәрі қаржыға тіркелген жоғары оқу орындарына бара алмуы, басталғалы отырған үлкен өмір жолының бастапқы кезеңінде-ақ күйзеліске ұшырауы – бала болашағын, ел ертеңін ойлар адамзатты терең толғандыруға тиіс, мемлекет саясатымен де үйлеспей тұрғандай.
Бұл сұрақтың түйінін
аз қамтылған отбасылардың
Уақыт жайбасарлықты көтермейді, мемлекетімізді өркениетті елдердің алдыңғы қатарына шығуы білімге байланыстылығын өмір дәлелдеп отыр. Қазіргі қоғамның сұранысына орай, жоғары білім беретін оқу орындары соңғы жылдары коммерциялық бағытта маман даярлауды әдетке айналдырып келеді. Осыдан келіп «елімізге тек қана заңгерлер, экономистер, аудармашылар ғана қажет пе?» деген сұраққа «қазірдің өзінде бұл мамандықтардың иелері шектен тыс көбейіп кетіп отыр емес пе?!» деген жақсы ой оралады. Ал, негізгі мамандық иелері: мұғалімдер, дәргерлер, құрылысшылар бүгін керек болмағанмен, болашақта жеткіліксіз болып қалатындығы ешкімді де ойландырмай отыр. Бала бақшадан тәрбиеленіп отырған балдырғандардың бәрі ересектердің айтуымен тек қаржы қызметкері, не адвокат болғысы келеді. Өкінішке орай, бір жақты білім беру оқушының ақыл-ойшеңберін тарылтып дамытпай қалу қаупі туып отыр.
Қазіргі шешуге тиіс мәселелердің
болашақта жемісін теретін
2.3 Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Ел Президентінің Қазақстан
халқына Жолдауында: «Біздің ұрпақтың
келер ұрпақтар алдында орасан зор
жауапкершілік жүгін
Қоғам қай заманда
да өз азаматтарының нені меңгеріп
және қалай оқып-біліп жетілгенін
жіті қадағалап отырған. Өйткені, қоғам
мүшелерінің өздерінің әл-