Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 10:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне БОЛЫП отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне аса зор мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм мен әлемдік экономика, саясат пен білім және ғылым саласы, әлемдік озық технология, тіл пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Жоғары мектептерде шет тілін оқытудың ерекшеліктері.......................6
1.1 Қазақстанда ағылшын тілі оқулықтарының тарихи сипаты
мен даму ерекшеліктері..........................................................................................6
1.2 Жоғары мектептерде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................7
1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық, әлеуметтік
және психолингвистикалық аспектілері..............................................................11
1.4 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру..............................................................................................15
1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері......................................22

2 Қазіргі заманғы қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарына сараптама................................................................................................................26
2.1 Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық және социолингвистикалық ерекшеліктері..........................................................26
2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарындағы олқылықтар........32
2.3 Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында
көрініс беруі............................................................................................................37
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері................43

Қорытынды.............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63

Файлы: 1 файл

жана тенденциялар.docx

— 140.09 Кб (Скачать файл)

 

1.2 Жоғары мектептерде ағылшын  тілін оқытудың ерекшеліктері

 

           Негізінен,  ағылшын тілін оқуға құштарлық  жоғары деңгейде. Қазіргі кезде  ағылшын тілін оқып-үйренуге барлық  жағынан жағдай жасалған. Тіпті,  мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың  бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік  материалдар таратылады. Содан да  шығар, көптеген қазақстандықтар  ағылшын тілін білуді – болашақ  жұмыстарына міндетті деп санайды.  Оған қоса, ағылшын тілін үздік  меңгеру жеке бәсекеге қабілеттіліктің,  кез-келген қызмет саласындағы  мансаптық өсудің факторына айналды.  Осы себепті кұннен-күнге ағылшын  тіліне деген сұраныс кең етек  алып, оқытудың бірыңғай стандарттарын  әзірлеуді және бекітуді, содан  соң оларды білім беру жүйесінің  барлық деңгейіне – мектепке  дейінгі мекемелерге, мектептерге,  жоғары және одан кейінгі оқу  жүйесіне енгізуді көзделуде.  Қазір ағылшын тілі мектеп  бітірушілер үшін біріңғай ұлттық  тестілеу, магистратура, докторантураға  түсу кезінде тапсырылатын міндетті  пән. Яғни, ағылшын тілін білмей, жоғары білімді маман болу, кәсіби  біліктілікті арттыру мүмкін  емес.  
         Әйтседе, еліміздің ағылшын тіліне деген сұранысын барлық адамдар қолдай бермейді. Бұл наразылық еліміздің «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен уақыттан бері басталды. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

          Екінші  жағынан, отандастарымыздың орыс  тілін меңгеру деңгейін сақтап  қалуына да көңіл аударуымыз  қажет болды. Өйткені, орыс  тілі – ұлтаралық қарым-қатынас  пен интеграциялық қызметтердің  діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық  кеңістігімізде орыс тілі әлі  де маңызды рөл атқаратынына  ешкім дау айтайды. Әлемдік  алты ресми тілдің қатарына  кіретін орыс тілін меңгеруге  бәсекеге қабілетті ұлттың кез-келген  өкілі ұмтылуы тиіс. Тілдерді  қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, орыс тілін оқыту жүйесін  одан әрі оқу-әдістемелік және  зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз  етуіміз керек болды [3, 45б.].

          Бұл  мақсатқа жетеміз десек, қашықтықтан  оқыту, электронды интерактивті  оқулықтар бағдарламасын құру, ұлттық  мектептерде орыс тілін оқытудың  инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, оралмандарға, шетелдіктерге және  халықтың басқа топтарына орыс  тілін оқыту курстары мен орталықтарын  ашу, халықтың орыс тілін меңгеруіне  тұрақты мониторинг жүргізу сияқты  іс-шаралар қолға алуымыз қажет.

          Ал “Үштұғырлы  тіл” идеясының үшінші құрамдас  бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда  ағылшын тілін меңгеру дегеніміз  – ғаламдық ақпараттар мен  инновациялардың ағынына ілесу  деген сөз. Оған қоса, ағылшынша  білсең – әлемдегі ең үздік,  ең беделді жоғары оқу орындарында  білім алуға мүмкіндігің мол.  Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң,  біршама уақытқа шетелде қалып,  еңбек етуің үшін де бұл  тамаша мүмкіндік. Ең бастысы,  ағылшын тілін білу – бұл  іскерлік қарым-қатынас және әлемнің  кез-келген нүктесінде бизнеспен  айналысу үшін міндетті талап. 

            «Әрине ол қиындықтарсыз болмайды  ең негізгі себеп, ол Қазақстандық  мектептердегі ағылшын тілінің  қазақ тілінде емес, орыс тілінде  жүргізілуі. Кез - келген мектепті  алмайык, тіпті ауылдық жерлердегі  мекетептерде де ағылшын тілі  қазақ балаларының ана тілінде  жүргізілген жок. Осылайша қазақ  балалары орыс тілін білмей  тұра, шет тілін осы тіл арқылы  үйрене бастады. Ағылшын тілін  қазақ тілі арқылы оқып - тану  өте сирек кездесетін жайт  болатын. Бұндай жағдайлар тек  орта мектептерде ғана емес, сондай-ақ  жоғарғы оқу орындарында да  кең таралды» [4, 53б.].

Осыған  байланысты қазақ тілін мемлекеттік  тіл ретінде, орыс тілін халықаралық  қарым-қатынас тілі ретінде, орыс тілін  ғаламдық экономикаға кірудің ең негізгі тілі ретінде дамыту жұмысын  іске асыру өте маңызды, ол мемлекетіміздің  тілдік саясатының ең маңызды мақсаттарының  бірі. Осы жайт туралы Сиетла (АҚШ) университетінің  Орта Азия және Қазақстанды зерттеу  орталығының басшысы Уильям Фиерманның көзқарасын атап өткен жөн. Еліміздің  президентінің «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобаны енгізу жайлы ұсынысы  туралы қандай ойлары бар екендігін  сұрағанда, оның жауабы келесідегідей  болды: «Менің ойымша бұл саясат өте  дұрыс және мемелкеттің дамуына үлкен пайдасын тигізбек. Алайда үш тілдің деңгейінің бірегейлігі туралы айту әлі ерте сияқты, өйтені сіздердің мемлекеттеріңізде қазақ тілі конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанымен де,  алі де болса орыс тілі басымрақ. Менің ойымша біріншіден қазақ тілінің деңгейін жоғарлату маңызды, әсіресе қалалық жерлерде, өйткені ауылдық жерлер де қай уақытта болмасын қазақ тілінің деңгейі басым болған. Осылайша қазақ тілі елдің оң түстік және оңтүстік-шығысына қарағанда шығыс пен сол түстікте айтарлықтай жиі қолданылған жоқ. Ал ағылшын тілін өз орнын тез таба бастады және ол жақсы бет бұрыс. «Үштұғырлы тіл» атты  мәдени жобасын іске асыру мақсатында, сапалы оқулықтар бастауыш мектептерде ағылшын тілінде әдістемелік оқу кешендерін, арнайы және орта білім мекемелерінде оқыту жөніндегі сұрақтарды қарастыру өте маңызды» [5, 53б.].

Сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге ынталанатын әр түрлі деңгейдегі оқушыларға тең құқықты білім  алуға мүмкіндік жасауымыз өте  қажет, осылайша біз мемелекетіміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси  өміріне белсене қатыса алатын тұлғалар дайындауға өте үлкен септік көретініміз  айғақ. Осы сұрақ аясында мемлекеттік  қызметкерледі де орыс тіліне, сондай-ақ ғаламдық интеграция тілі ретінде ағылшын  тіліне үйрету мәселесі қарастылырған. Оның негізгі себебі келешекте бұл  тіл кез-келген кәсіпкерге қолжетерліктей жағдай да болуы қажет. Нарық аясының  кеңейюі қазірден бастап көптеген шетел  компанияларын қызықтыруда, ал ағылшын  тілі кәсіби қолданыс пен аудармадағы  ең ортақ, ең маңызды тіл болып  табылады.

«Үштұғырлы» атты мәдени жобасының ең бастапқы мақсаттарының бірі ол ағылшын тілінің  Қазақстан Республикасының әр-бір  азаматына үйренуге жағдай жасау: жалпы  орта, арнайы және жоғарғы оқу орныдарындағы  ағылшын тілін үйрету сапасын  жоғарлату. Осы жоспарды іске асыру үшін

  1. барлық орта мектептерге ағылшын тілін үйрететін шетел мұғалімдерді шақыру;
  2. канондық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарын, әдістемелік кешендер, интерактивтік оқу жүйесін, мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағылшын тілі мен қазақ тілін жедел үйренуге инновациялық-әдістемелік видео сабақтар жасап шығару [6, 102б.];

Ал енді оқу үрдісіндегі қазақ тілінің  ағылшын тіліне немесе керісінше  ағылшын тілінің қазақ тіліне әсері жайлы мәселеге келетін  болсақ, қазақ тілді азаматтарға  ағылшын тілін үйрену өте оңай, ол қазақ тілінде сөйлеуге бағытталған үгіт-насихат емес, ол көптеген объективті көрсеткіштермен дәлелденген жайт. Мысалы үшін «Заман-Қазақстан» журналының түрік журналисті Ахмет Аляз «Тіл» журналына берген сұхбатында ағылшын тілінде 4500 жуық түркі тілдес сөздер бар екендігін айтқан. Грамматикалық көзқарасқа сүйене бүкіл әлем тілдерін қарастыратын болсақ барлық грамматикалық заңдылықтар бірдей болғанымен әр тілдің грамматикалық ерекшеліктері әр қилы. Бір тілде орнымен айтылған сөз басқа тілде артық болуы мүмкін. Алайда ағылшын тілі мен қазақ тілдерін салыстыратын болсақ біршама грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.

Біріншіден фонетикаға мән беретін болсақ қазақ тіліндегі де ағылшын тіліндегі де дауыстылар саны 11, (дифтонгтарды қосқанда 12 ағылшын тілінде) ол дауыстылардың айтылуы да ұқсас, алайда артикуляцияда аздаған айырмашылықтарды байқауға болады. Мысалы үшін қазақ тілінде сөзге (түбірге) немесе сөздік формаларға әртүрлі жалғаулықтар жалғану арқылы жаңа сөз туындайтын болса, ағылшын тілінде де сондай тәсіл арқылы жаңа сөз туындайды. Мысалы инфинитивке - ing жұрнағы жалғану арқылы көп салалы ағылшын формасы пайда болады, кей жағдайларда біз оны «ингтік» форма деп те атаймыз.

Инфинитивке – er (сирек жағдайларда - or) суффиксі жалғану арқылы іс - әрекетті істеуші  тұлға жайлы айтуға болады: to teach – teacher (оқыту - оқытушы), to play - player (ойнау - ойыншы), to build - builder (үй салу, құру - құрылысшы), to sail - sailor (жүзу -матрос). Қазақ тілінде де сөзден сөз тудырып, сөзге жаңа лексикалық мағына беретін ол – жұрнақ. Мысалға: оқу - оқушы, ойын - ойыншы, сату - сатушы, т.с.с.

Десекте айырмашылықтар болатыны заңды жайт.

Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дауыссыздар  саны 24. Ағылшын тілінде де қазақ  тіліндегідей сөздердің дұрыс айтылмауы  сөздің мағынасын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

Дегенменде  бұл екі тілдің арасында біршама айырмашылықтар бар. Мысал үшін қазақ тілінде зат есімдерді жеті септікте септей алатын болсақ, ағылшын тілінде негізгі екі септік бар. Оның себебі екі тілдің екі топқа тиесілілігі. Ағылшын тіліндегі сөйлемдерде негізгі сөз табы етістік болатын болса (яғни етістіксіз көп сөйлемдердің құралмауы) қазақ тіліне келетін болсақ ағылшын тіліндегі етістік қызметін жұрнақ немесе жалғаулар арқылы айтуға болады. Мысалға: this is my book - мынау менің кітабым, I am a student - мен студентпін, бұл сөйлемдердегі to be (am, is) етістігінің қызметін қазақ тіліндегі (-ым, -пін) жұрнақтары атқарып тұр. Ал басқа септіктіердің қызметін ағылшын тіліндегі арнайы сұрақтар арқылы беріледі. Мысал үшін whose book is it? - мынау кімнің кітабы? Бірақ қазақ тілінде де ағылшын тілінде де етістіктің алатын орны ерекше, сөйлемнің негізгі мағынасын жеткізуде етістіктің ролі өте ерекше. Бұл жайт ағылшын тілін жаңадан үйренушіге аздап болсын қындық туғызатын болса, келесі фактор қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра оқуда тіл үйренушінің қызығушылығын арттыруы мүмкін [7, 40б.]. 

Тағы  бір айырмашылық туралы айтар болсақ ол қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі сөз тәртібі. Қазақ тілінде сөз тәртібіне үлкен мән берілген, мысалға жай хабарлы сөйлемдерді алар болсақ сөйлемде бастауыш көп жағдайларда бірінші орында тұрған болса, етістік соңғы орында. Ағылшын тілінінің сөйлемдеріне келер болсақ көп жағдайларды бастауыш бірінші орында, етістік екінші орында тұруы тиіс, алайда ол сөз тәртібі де кей жағдайларда өзгереді.

Мысалға Ол хат жазғанды жақсы көреді - He likes writing a letter.

Сондайақ мақал-мәтелдерде, метафоралаларда, салыстыру мен теңестірулерде көп айырмашылықтар мен ұқсастықтар табуға болады. Түйіндей келе қандай да тілдерді алмайық, сөз құрамы, дыбысталуы, грамматикасы, тілдерді қай жағынан қарастырмайық барлық жағынан ұқсас тідер табиғатта кездеспейтін жайт. Ондай жағдай туыстас тілдер арасында да көрініс тапқан. Алайда қазақ тілі аглютинативті, ал ағылшын вербальды тілдер тобына жаткандықтан ол қазақ тілі ана тілі болып келетін адамдарға, сондай-ақ керісінше ағылшын тілділерге қазақ тілін оқып үйренуге еш кедергі болмайды. Тілдің өзіндік заңдылықтары бар, қай тіл болмасын белгілі бір ережелерге сүйенеді, алайда орыс тілі арқылы ма, әлде шет тілін үйренуде қандайда бір басқа тәсілді таңдайма ол оқытушы мен оқушының еркінде. Ешбір тіл басқа бір тілді үйренуде ешқандай кедергі болмауы тиіс.

Осы заңдылықтарға қарамастан ағылшын тілі біздің елімізде кең етек жаюда, әсіресе ағылшын тілін үйренуге құштарлық жастар арасында кең қолданыс табуда. Бұл жайт тек тіл саласында ғана емес сондай-ақ экномика, саясат, құрылыс, өндіріс т.с.с. ғылыми саларларға мол пайдасын әкеледі дегенге кәміл сенеміз.  

 

 

 

 

 

1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық , әлеуметтік және психолингвистикалық  аспектілері

 

Тілдің  негізін құрайтын сөз белгілі  бір мағына беріп, ақпарат жеткізіп қана қоймай, ұлттық сананың қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Мәселен, Қазақстанда  дүниеге келген қазақ азаматы  мен Еуропада немесе Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін қазақтың ой-санасы мен дүниетанымы, ұлттық болмысы, этнопсихологиясы екі түрлі болып  табылады. Бұған басты себеп, олардың  қазақ тілін игеру мүмкіндіктерінің екі түрлі болуы. Еуропадағы бір  елде, мәселен, Ұлыбританияда тұратын  қазақтың тілі ағылшын тілімен ассимилияцияға түсіп, ағылшындық акцентке негізделсе, Қазақстанда өмір сүретін кейбір қазақтың тілі орыстық акцентке жақын  болып келеді. Қазақстанның  Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұратын  қазақтар таза қазақша сөйлеуге бейім  болса, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Павлодар облыстарында орысша сөйлейтін қазақтар көптеп кездеседі. Ал Алматы, Астана қалаларындағы қазақтар негізінен қостілді, яғни қазақ және орыс тілдерінде сөйлеуге бейім. Астана мен Алматы қалаларында қазақ  азаматтарының көпшілігінің қазақша  біліп тұрса да, бейтаныс не таныс  адаммен қоғамдық орындарда орысша ақпарат сұрауы не сөйлесуі жиілеп келеді [8, 63б.].

  Бұл  соңғы кезде қарқын алып отырған  тенденция болғанымен, оның психолингвистикалық   және саяси-әлеуметтік себептері  де жоқ емес. Күнделікті өмірде  орыс тілінің басымдыққа ие  болуы, орыстілді ақпараттың көбеюі мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің негізінен орысша сөйлеуі қазақтілді қазақтардың да еріксіз орысша сөйлеуіне жағдай туғызып отыр. Тілдік кеңістіктегі бұл құбылыс күшейе берсе, онда қазақтілді қазақтар да орысша сөйлеп, қазақ тілінің тілдік ортасы тарылып кетуі мүмкін. Тіпті бұл осылай болып та келеді. Бұл жағдайды түзеу үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізіп, мемлекеттік тіл саясатын күшейту керек. Мемлекет қазақтілді ақпарат құралдарын көбейту, қазақ тіліндегі мектептер мен бала-бақша санын арттыру, мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тілді білуді міндеттеу, қызмет көрсету саласында азаматтардың қазақ тілінде сөйлеуін талап ету секілді іс-шараларды көбейтіп, пәрменді тіл саясатын жүргізбейінше, қазіргі қазақ тіліне төніп отырған қауіп-қатерді сейілту жыл өткен сайын қиындай бермек.

Информация о работе Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары