Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 10:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне БОЛЫП отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне аса зор мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм мен әлемдік экономика, саясат пен білім және ғылым саласы, әлемдік озық технология, тіл пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Жоғары мектептерде шет тілін оқытудың ерекшеліктері.......................6
1.1 Қазақстанда ағылшын тілі оқулықтарының тарихи сипаты
мен даму ерекшеліктері..........................................................................................6
1.2 Жоғары мектептерде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................7
1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық, әлеуметтік
және психолингвистикалық аспектілері..............................................................11
1.4 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру..............................................................................................15
1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері......................................22

2 Қазіргі заманғы қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарына сараптама................................................................................................................26
2.1 Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық және социолингвистикалық ерекшеліктері..........................................................26
2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарындағы олқылықтар........32
2.3 Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында
көрініс беруі............................................................................................................37
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері................43

Қорытынды.............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63

Файлы: 1 файл

жана тенденциялар.docx

— 140.09 Кб (Скачать файл)

Тілдік  жағдайды әр түрлі тілдердің немесе бір тілге жататын түрлі формалардың - әдеби тілдің, ауызекі тілдің, өңірлік  койненің, белгілі бір этностық қауымдастықта  немесе мемлекеттік құрылымда қолданылатын аумақтық және әлеуметтік диалектілердің жиынтығы деп түсінудің мәні ерекше. Тілдік жағдайлар  экзоглоссты (түрлі  тілдерді қолдану) және эндоглоссты (бір  тілдің түрлі варианттарын  қолдану), балансты (түрлі тілдердің немесе бір тілдің  түрлі варианттарының бірдей функционалдық салмағында) және балансты емес (түрлі тілдер немесе бір тілдің  түрлі варианттары  арасында функциялардың әркелкі  бөлінуі) болып айрықшаланады.

Түрлі мәдениеттер  қатысында тілдердің қатысу үрдістерін, осыдан туатын лексикалық алмасуларды  зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Осы орайда, зерттеу объектілеріміз – қазіргі  мектептерде пайдаланылып жүрген ағылшын  тіл оқулықтарын қарастырып көрейік. Негізінен қазіргі кезде  қазақ  мектептерінде оқылып жүрген ағылшын  тілі оқулықтары: «Атамұра» баспасында жарық көрген Т.Аяпова  мен Д.Ұқпаевтың 5-сыныпқа (2005), Т.Аяпова  мен Әбілдаеваның  6 сыныпқа (2002), Т.Аяпова  мен Әбілдаева (2003), Ж.Тұтабаевалардың  7-9 сыныптарға (2009), және «Мектеп» баспасында жарық  көрген Т.Д.Кузнецова мен П.Г.Козловтардың - 8- сыныпқа (2008) арналған  «English» –«Ағылшын  тілі» оқулықтары. Байқап отырғанымыздай оқулықтар 2002-2009 жж. аралығында жарық көрген.    Бұл қазіргі ағылшын тілі оқулықтардың соңғы тілдік өзгерістердің сипатын ескере отырып жазылғанын анықтайды.

Социолингвистика  тілдердің (немесе тіл варианттарының) функционалдық бөлінісін сақтау немесе өзгерту жөніндегі, жаңа тіл  нормаларын енгізу немесе бұрынғысын сақтау жөніндегі шаралардың жиынтығы ретінде тіл саясатының проблемасымен  айналысатынын ескерсек, оқулықтардың жаңалығы ағылшын тілінің қазіргі  заманғы лексикасын меңгеруге мүмкіншілігін  аңғартады.

Оқулықты  құрастыру барысында белгілі  бір коммуникативтік сала, әлеуметтік жағдай және сол сияқтылар ескеріледі, сол этномәдени ұжымда түрлі тілдер немесе бір тілдің  түрлі варианттары  қатар жүріп қолданылғанда билингвизм (қостілділік) мен диглоссияның (бір  тілдің  түрлі варианттарын қолдану  қабілеті) әлеуметтік аспектілері зерделенеді. Әлеуметтік әдепті сөйлем құру үшін ұтымды варианттарды таңдау проблемасына көңіл  аударылады, сөйлеу мәдениетінің әлеуметтік нормалары анықталады.

Осы бағытта  жоғарыда аталған оқулықтардың жоспарындағы тақырыптардың жиынтығын қарастырып көрейік. 5 сынып « Ағылшын тілі»  оқулығында:

8 сынып  оқулығы  мазмұны: 

Unit1. Me and my Favourite Sports;

 Unit II. The World around us; 

Unit III The Pleasure of Life;

Unit IV. Geagraphy;

Unit V. Education;

Unit VI. Time.

Әрбір бөлімде 10 сабақ тапсырмалары мен деңгей бойынша жүйелі түрде жаттығулар құрастырылып берілген. Мысалы: бірінші  бөлімнің 2- сабағында 7-8 беттердгі мәтінде  Даниэльдің жанұясы, хоббилері мен  күнделікті шұғылданатын іс-әрекеті  арқылы оқушы лексиканы меңгеріп, өзі туралы, өзінің күнделікті іс-әрекеті  мен достары туралы т.б мәліметтерді айтуға мүмкіндік беретін жаттығулар берілген. Сонымен қатар 10- бетте  берілген суретті  сипаттаған қысқаша  мәтінде:

Look at the picture of Tornado coming. Tornado is a violent storm with very strong circular winds over a small area.

A tornado is about to strike this family’s farm.

It is moving quikly towards them, but they have already noticed that it is coming. The mother has taken the baby, the father has called the children. The boys are carrying some of the animals: a cat and 3 puppies. The family is rushing to the storm cellar, where they will be safe under the ground. When the tornado hits, they’ll be sitting in the storm cellar. They won’t be moving around; they’ll be hiding in the safest part of the cellar. The mother will still be holding the baby, but the animals will probably be running around., making noise. Each person will be listening to the sounds of the storm. They’ll hear chickens squaking and they’ll hear the wind blowing. They’ll all be thinking about the farm and asking themselves questions about it:

‘What will the farm look like when we come out of the storm cellar?’

‘Will the house still be standing?’ ‘Will the barn still be standing?’

‘Will the animals be alive?’

‘Will it be raining very hard?

Can you answer these question?

Бұл мәтіннің негізгі мақсаты келер шақ  формаларын қолдана отырып, лексикалық материалдар бекітуге арналған. Сонымен  қатар бұл мәтіндегі  біздің елімізде кездеспейтін, тек көбінесе Америкада  кездесетін күшті құйынды жел -«торнадо»  туралы мағлұмат берілген. Бұл тапсырма арқылы оқушыларға далалық жерлерде тұратын Америка тұрғындарының  «торнадо» желі кезіндегі алдын  алу шаралары, олардың жер асты үйлері дайын болатынын және торнадо  кезінде сол үйлерге тездетіп жасырыну арқылы аман қала алатындары туралы ақпараттар ала алады.

Сонымен қатар ағылшын тілін оқытуда  тек ағылшын баспалары оқулықтарын  пайдалантын мектептерде оқулықтарында  өз еліміз, мәдениеті, әдет-ғұрыптары  қарастырылмайтыны белгілі. Ал қазақстандық авторлар жазған оқулықтарды Қазақстан  туралы ақпараттар жиі кездеседі. Мысалы 9- сынып оқулығы 1 бөлімнің 5- сабағында  ‘Sport in Kazakhstan and in My Life’ мәтінінде  Қазақстандағы спорт ойындары мен  әртүрлі спорттық қоғамдар туралы қысқаша  мағлұматтар берілген.  Мәтіннен кейін берілген жаттығулар арқылы оқушылар қазақстандағы атақты спортшылар мен  өздері ұнатып көретін спорт түрлері  туралы, спорттың қоғамдағы маңыздылығы  ауызша, жазбаша жаттығулар орындай  алады. Осы арқылы оқушылар спорт  атаулары мен терминдерін меңгереді, лексикалық қоры қалыптасады. Осы бағытта  оқушылар лексиконында бұрыннан білетін  халықаралық терминдер: basketball, football, volleyball, tennis, sport, stadium  бұрыннан белгілі болғанмен, жаңа спорт терминдері мен лексикасы: sporting societies, wrestling, to support the favourite team, climbing mountains, international tournaments, horse-racing т.б. қалыптастыруға мүмкіндік бар. Осы мәтіннен кейінгі ‘Wimbledon’   спорт клубы туралы мәтін әлемдегі белгілі теннис алаңы туралы ақпараттар: тарихы, теннис чемпиондары мен клубтың кіріс туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етеді. Осы мәтін арқылы оқушы біздің елімізде де осындай спорт клубтарын ұйымдастыру туралы ойланары сөзсіз.

9-сынып  The Pleasure of Life бөлімінде (79-87  беттер) мейрамдар: туған күндер туралы  лексиканы қалыптастыру мәтіндері  мен жаттығуларында ағылшандар  мен әлемнің көптеген елдері  тойлайтын Christmas мейрамынмен бірге  өзіміздің төл мерекеміз «Наурыз»  туралы ақпарат өз елімізде, көп  ұмыт қалып барып қайта жаңғырған  «Наурызды»  ағылшын тілінде сипаттау  оқушыға шет елдікпен кездескен  жағдайда осы мейрам туралы  еркін айту мақсатында, және төл  мейрамымызды дәріптеуге арналғандығы  қуантады. Осы мәтінде ұлттық  лексикамыз: Nauryz, yurt, dombra, kobuz, aksakal, plov, baursak, besbarmak, karta ағылшын тіліне калька арқылы беріліп кей кезде анықтамалары арқылы түсіндірілген.  Бұл сабақта Қожанасыр туралы күлкілі әңгімелер ағылшын тіліде берілуі ұлттық әдебиетімізді ағылшын тілі арқылы қалыптастыруды көздеген.

Unit IV –  Geography – 106-129 беттерде география  пәні, елдер, астаналары мен материктер, ұлттар атулары, Ұлы Британия  мен Қазақстан туралы көптеген  мағлұматтар оқушыларды геграфия  атауларын дұрыс қолдана отырып  сөйлеуге ғана емес, өздері өмір  сүріп отырған қоғам туралы, еліміздің  және Ұлы Британия мемлекетінің  георграфиялық жағдайын, тарихи  дамуы мен ұстанымдарын, мемлекеттік  белгілері мен саяси жағдайын  меңгеріп, салыстыра алады. Осы  бөлімде Лондон мен Астана  туралы мәтіндер берілген. Дегенмен  өзің тұратын қала немесе ауыл  туралы ағылшын тілінде эссе  немесе мәтін құрастыруға тапсырма  берілмегені өкінішті!

Бұдан кейнгі сабақтар Саяхат, білім беру жүйесі, Менің мектебім, Ұлыбританияның білім беру жүйесі, 21 ғасыр білім беру жүйесі сияқты тақырыптармен жалғасқан. Бұл сабақтарда оқушылар барлық тақырытар бойынша белгілі бір лексиканы меңгере және пайдалана отырып, өздері, мектептері, қоғам туралы коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдени білімдерін дамыта отырып, тілдік белсенділіктерін дамыта алады.

Ағылшын оқулықтарында тілдік бірліктер- сөз  тіркестерін қатыстыра үйрете және қазақ тіліндегі баламаларын  беру арқылы лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызы зор. Осы  бағытта оқулықтардағы сөз тіркестері- идиомаларды, мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. Мысалы:

All is not gold that glitters.

Appearances are deceitful.

Handsome is as handsome does.

Custom is a second nature.

The rotten apple injures its nature.

While there is life there is hope.

Still waters run deep.

An apple a day keeps a doctor away.

 

I’m apart of the world, and the world is part of me. (child’s rhyme)

I’m a citizen not of Aphens or Greece, but of the world. (Socrates)

The poetry of earth is never dead. (John Keats)

There is always one moment in childhood when the door opens and lets the future in. (Graham Green)

 

Социолингвистика  зерттеудің мына әдістерін пайдаланады: тікелей бақылау, қосылған бақылау (бақылаушы коммуниканттардың бірі ретінде қатысуы), сауалнама өткізу, сұхбат жүргізу (ақпарат берушіні еркін  әңгімеге немесе белгілі бір эталонға саналы бағдар ұстауға тарту), зерттеу  мәліметтерін корреляциялық талдау (әлеуметтік және тілдік өлшемдерді кестелік мәліметтерді, тәуелділік кестелері  мен математикалық статистиканы тарта отырып, тәуелсіз және толық  немесе ішінара тәуелді айнымалыларды  салғастыру). Тілдің әлеуметтік шартты варианттылығын модельдендіру (модель тудыратын тіл элементтерін, ықтималды-статистикалық  талдаудың, ал диахронды талдау мақсатында – географиялық және әлеуметтік кеңістікте тілдік инновациялардың толқын тәріздес таралу туралы болжамға сүйенетін  импликациялық толқынды модельдің элементтерін пайдалана отырып) әдістері ұсынылады. Сөйлеу ережесінің де модельденуі мүмкін, оның өзіндік социолингвистикалық айнымалыларды негізгі таңдау және осы таңдауды шектейтін әлеуметтік факторларының есебі бар [31, 152б.].

 

10-сынып  «English» - Т.Аяпова  мен Әбілдаева  Ж.Тұтабаева (2003)  оқулығы 6 тақырыптық  топ  сабақтардан тұрады:

Unit1. healthy life;

 Unit II. The pleasure of life;

Unit III Geography and travelling;

Unit IV. Education;

 Unit V. The world around us;

Unit VI. Work.

Бір қызығы, бұндағы тақырыптар толығымен дерлік 8- сынып оқулығын қайталап тұр. Ал қарастырылған  материалдар мүлде басқаша, тілдік деңгейі 8 сынып оқулығынан әлдеқайда  төмен және мәтіндер мен лексикалық материалдары қарапайым. Бұл оқулықтардағы  кемшіліктер, жүйесіндегі олқылықтар көптен бері айтылып та, жазылып  та келе жатыр. Бірінші бөлімде қазіргі  таңда қоғамда маңызды мәселелердің бірі- салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, диета сақтау сияқты мәлелелерді  қарастырған. Лексикалық материалда көп  берлмегенмен, сұрақтар, схемалар мен  суреттер арқылы оқушыларды ойлаунуға, өз ойларынан сөйлемдер құрастыруға  бейімдейді.

Екінші  бөлімде бос уақытты қалай  өткізуге, кинотетрға бару, фильмдер туралы, музыка тыңдау, музейге бару сияқты мәселелерді қарастыра келіп.  Ә.Қастеев музейі туралы мәтін берілген.

Үшінші  бөлімде ‘Geography and travelling’ қоғамдағы  саяхаттау мен саяхаттау кезіндегі  қиыншылықтар туралы қарастырылған. Кейбір елдердің атаулары мен дұрыс оқылу  ережелері ұсынылған.

Төртінші  бөлімде білім беру жүйесі, британия мектептері туралы ауқымды мәтін  беріліп, мәтін туралы түсінікті  тексеруге арналған жаттығумен жалғасқан. 93 бетте берілген жаттығу мектептегі оқушы мен мұғалімнің арасында болатын  кикілжіңдерді шешуге бағытталған.  Бұл кикілжіңнің себебі ретінде  оқушының сабаққа кешігу себепті  мұғалімнің тоқтатып, мектепке кіргізбеуіне қарамастан тәртіп бұзуы. Осы себепті  мұғалім мектеп әкімшілігіне шағым  түсіреді. Осы шағымды сынып оқушылары  топ болып бөлініп шешуі қарастырылған. Тапсырма соңында басқа мектепте болып тұратын мәселелердің тізімін  жасауға тарсырған. Мектепте болатын  шағымдар туралы сұрақарда топпен талдауды сұраған.

 

Unit V. The world around us тақырыбы қоршаған ортадағы  ауаның, судың ластануы, табиғатты  қорғау, әлемдік табиғат залалдары,  жануарларды қорғау сияқты мағлұматтар  мен қамтылғанмен , осы тақырыпта  мәтіндер берілмеген. Тек тақырып соңында ‘The flora and fauna of Kazakhstan ‘ Қызыл кітап және оган енген Құлан жануары туралы қысқаша мәлімет берілген.

Unit VI. Work. – 1- жаттығу мүлде қисынсыз  берілген. Бұндағы  құрыстыруға  қажетті 12 сөйлем мен 12 сурет  4 бетте орналасқан. Оқушының суреттерді  сөйлемдермен байланыстыруына қиындық  келтіреді.Бұл тақырыпқа байланысты  жұмысқа жасөспірімдердің қатыстырылуы, ақша табу, профессия таңдау, т.б.  мәлелелер қарастырылған. Ал 174 -175 беттерде берілген Сарлез Диккенс  пен Виллиям Шекспир туралы  берілген мәтіндер мен тапсырмалар  тақырыпқа мүлде сай келмейді.

Әр бөлім  соңында  тақырыпқа байланысты лексика  сөз таптарына қарай топтастырылып  берілген. Лексика айдармасыз берілгендіктен, оларды орындауға арналған тапсырма берілуі қажет етеді, мысалы: Read the words and translate. Or can you translate the following words? Or can you make up sentences or situations using the following words, etc.

 

2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын  тілі оқулықтарындағы олқылықтар

 

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды»  демекші, мектеп оқушыларына арналған оқулықтар сапасының сын көтермейтіндігі туралы әңгіменің айтылғанына тура жиырма жыл болды. Бұл мәселе тәуелсіздік алған осы уақыт ішінде талай көтерілсе де, әлі тиісті деңгейде шешімін таппай келеді. Кеше келешек ұрпақтың саналы тәрбиесі, сапалы білімінің бірден-бір қайнар көзі осы оқулығымыздың жайы Парламент Сенатының мінберінен тағы да Үкімет басшысының назарына ұсынылды. Бұл жолы оқулықтарымыздың олқылықтарын Қуаныш СҰЛТАНОВ нысанаға алыпты. 
Ол Премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында тәуелсіз мемлекеттігімізге 20 жыл болып, ұрпақтың бір буыны ат жалын тартып мінер жасқа жетсе де, Үкіметтің осы оқулықтар жайын мемлекеттік дәрежеге жеткізе алмағанына қынжылысын білдірді. «Бұл туралы 20 жыл бойына дамылсыз сөз болып келеді. Жай айтылып жүрген жоқ, қоғам, ата-аналар тарапынан, БАҚ-та қатаң сын талдауымен толассыз көтеріліп келеді», – деді ол.  
Қуаныш Сұлтанұлы, әсіресе, бастауыш сыныптарға арналған танымдық оқулықтар, орта, жоғарғы сыныптарға арналған тарих, әдебиет, дүниетаным, тағы басқа оқулықтардың заман талабынан артта қалғанына, бала, жасөспірім өскін үшін түсініксіз, тартымсыз, дарынсыз жазылғанына қатысты наразылықтардың көптігіне назар аудартты.

 «Елбасы Н.Назарбаев  алдағы 20 жылға стратегиялық дамуымыздың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Сол бағыттардың талабына оқулықтар сай келе ме?» – деп жеткізді ол халық көкейінде оқулықтар сапасына қатысты жиналып қалған қыжылды. Еліміз инновациялық-индустриалдық дамуға бет алып, оның бағдарламасын жасады. Қазір барлық тірлігіміз осы заманның оң жамбасына келетін шаруаға арналып жатыр.

   Негізінде бағдарламаның  баянды келешегі бүгінгі жас  ұрпақтың еншісінде. Олардың игеріп жатқан білімі, келешекте алатын мамандығы еліміздің осы игі мұраттарын жүзеге асыруына қабілетті болу керек. Олар білікті маман болумен қатар өз елінің ұлттық мүддесіне, құндылықтарына адал патриот болуы айрықша маңызға ие. Сонда ғана біздің халықтық міндеттер өз межесіне жетіп, Қазақстанның иығы өзгелермен теңеспек. Елордада «Назарбаев университеті» мен Назарбаев интеллектуалдық мектептерін ашудағы басты мақсат осы. Алайда, қазір олардың деңгейі қандай? Олар аталмыш талаптар үдесінен шыға ала ма? Олардың жұмыстарына нақты сараптама жасалды ма, жаңа бағдарламалары толық жасақталды ма? Сенатор осы мәселелердің анық- қанығын білгісі келеді.

     Елбасы, сондай-ақ, болашақ ұрпақты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытуды міндеттеп отырғаны белгілі.

     Қуаныш Сұлтанұлы  өз сауалында осы маңызды істің  атқарылу барысын сұрады. Өйткені, оның да сапасына сын айтушылар аз емес. Ол осы ретте мынадай мысал келтірді. «Қазақ мектебінің 6 сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығын көріңіз. Білім министрлігі бекіткен «Атамұра» баспасынан 2006 жылы шыққан, 6 сыныпқа арналған «English» оқулығы, авторлары – Т.Аяпова, З.Әбілдаева. Осы оқулық ішіндегі мысалдардың көпшілігі Ресейге тән. Жер аттарының көпшілігі Ресейдікі. Ең қиянаты, «Болашақ» деген тарауда 12-бетте карта берілген. Онда Қазақстан атымен жоқ. Ресейдің құрамына кіріп кеткен. Осындай оқулықты министрлік екінші басылыммен таратқан», – дей келіп: «Бұл не? Мұндағы мақсат жастарды осылай отансыздыққа дайындау ма? Жоқ, әлде оқулықты жасаудағы немқұрайдылық па? Мұндай оспадарлық үшін кім жауап беруі тиіс?» – деген зілді сауал тастады.

     Осы жайларды  айта келіп, Үкімет басшысына  өз ұсынысын жеткізді. Сенатор Үкімет Президент Жолдауына сәйкес арнайы «Оқулық» атты жаңа бағдарлама жасаса, орынды болар еді деген пікірде. Сонымен қатар, оның ойынша, барлық оқулықтар түгелдей дерлік өте жоғары дәрежедегі мамандар топтарының сараптамасынан өтіп, оқулықтарға байланысты тендерлер түгелдей бақылауға алынуы қажет.

      «Оқулық  жазатын адамдар шығармашылық топтарға біріктіріліп, олар, әсіресе, гуманитарлық, адамның рухани санасы мен дүниетанымын қалыптастырып, сондай-ақ, жаңа технологияларға жол ашатын пәндерді қатаң сараптама сүзгісінен өткіз-се», – дейді сенатор. Орынды тілек қолдау тапса, қане.

Информация о работе Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары