Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 10:02, дипломная работа
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне БОЛЫП отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне аса зор мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм мен әлемдік экономика, саясат пен білім және ғылым саласы, әлемдік озық технология, тіл пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Жоғары мектептерде шет тілін оқытудың ерекшеліктері.......................6
1.1 Қазақстанда ағылшын тілі оқулықтарының тарихи сипаты
мен даму ерекшеліктері..........................................................................................6
1.2 Жоғары мектептерде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................7
1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық, әлеуметтік
және психолингвистикалық аспектілері..............................................................11
1.4 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру..............................................................................................15
1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері......................................22
2 Қазіргі заманғы қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарына сараптама................................................................................................................26
2.1 Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық және социолингвистикалық ерекшеліктері..........................................................26
2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарындағы олқылықтар........32
2.3 Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында
көрініс беруі............................................................................................................37
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері................43
Қорытынды.............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63
Көптеген лингвисттер қазіргі кезеңдегі тілдік дамудағы құбылыстың бірі термин сөздердің жалпы қолданыстағы сөздерге айналуы дейді. Мысалы компьютерлік терминдер оны қолданушылар күн сайын көбейгендіктен барлық жерде қолданылады, яғни оның қолданылу аясы да кеңейеді. Ағылшын тілінің дүние жүзінде таралуы, ғылым, өнер, техниканың халықаралық сипат алуы көптеген сөздердің осы тілден келуіне себеп болады.
Тілдің даму барысына біздің тілімізге әр түрлі жақтан құйылған шетелдік сөздердің әсері көп. Соңғы кездерде біздің тілімізде шет тілдік сөздердің, соның ішінде ағылшын тілінен енген көбеюі еліміздің саяси өмірі, экономикасы, мәдениеті және қоғамның өркениеті бағыты саласындағы өзгерістермен байланысты. Бұл бұрын қалыптасқан сөз құралдарымен қатар жаңа әдістерді, сөз бет алысының ерекше үлгісін қажет етеді. Шет тілдік сөздердің кең таралуы қоғамның барлық салаларын қамтиды. Соның ішінде, әсіресе, қоғамдық-саяси лексика – үнемі жаңарып, өзгеріп отыратын лексика. Саяси салада кездесетін (президент, парламент, инаугурация, спикер, фракция, импичмент, департамент, консенсус т.б.), экономика саласында (инвестор, дефолт, брокер, дилер, холдинг, ипотека, банкомат және т.б.), ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы салаларында (компьютер, принтер, файл, драйвер, модем, мониторинг, плейер, пейджер, грант), мәдениет саласындағы (бестселлер, шоу, триллер, хит, шоу-мен т.б.) сөздер басылым беттерінде жалпы қолданыстағы қалыпты сөздерге айналуда. Мұның себептерін біз қоғамның барлық салаларында болып жатқан жаңалықтармен байланыстырамыз. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оқырмандар мен тыңдаушыларды болып жатқан соңғы оқиғалармен, әр түрлі саладағы жетістіктермен таныстырып отыруды көздейді. Қоғамдық-саяси лексиканың кезеңдік сипаты газет тілін кезеңдерге бөлуге әкеледі. Мысалы, «инаугурация» сөзі еліміздің президентін сайлаумен байланысты келген болса, «хай тек» қоғамның компьютерлендірілуімен, «роуминг» байланыстың жаңа түрлерінің қажеттілігінен туындаған, өзіміз күнде қолданып жүрген ұялы телефондарға байланысты ақпарат құралдарында жиі қолданысқа енді [22, 63б.].
Өзге тілден ауысып келген сөздер көбінесе ағылшын тілінде болғанмен, басқа тілдерден де енген сөздер жетерлік. Мысалы, итальян тілінен (папрацци), жапон және қытай тілдерінен (фэн-шуй, суши, караоке) енген сөздер.
Жаңаша
атаулар басылымдарда алғаш қолданысқа
енгенде аналитикалық тәсіл арқылы
түсіндіріледі. Біраз уақыт өткен
соң бұл атаулар жиі
Басқа тілдер тәрізді қазақ тілінің де құрамы бұрыннан өзге тілден енген сөздер арқылы толығып, дамып отырады. Елімізде соңғы жылдары жүріп жатқан қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да салалардағы өзгерістер тілімізге де өзгерістердің, соның ішінде кірме сөздердің пайда болуы арқылы толығуына әкелді. Тілімізге шет тілдік сөздердің қарқынмен енуі кірме сөздерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырады. Сөздердің бір тілден екінші тілге енуіне экстралингвистикалық факторлар әсер етеді. Бұл факторлар: мемлекетаралық қатынастың кеңеюі, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер, әлемдік экономикалық кеңістікте глобализация және интеграция процесінің өсіп, көптеген ұғымдар мен терминдердің халықаралық сипат алуы.
Бұқаралық коммуникация құралдары қоғамның барлық саласын қамтиды және күнделікті өмірде теледидар, радио, баспа беттерінен, көркем және ғылыми-көпшілік әдебиетте кеңінен қолданылатын біздің тілімізге енген шет тілдік лексиканың актуалдануы оның белсенді қолданылуынан көрінеді.
Мақал-мәтел (лат. –proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - Sprichwort, ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде « paroimia » мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.
Мақал
– мәтелдер ғасырлар бойы
біріншіден, қазақ ауылындарында ғасырлық салт дәстүрдің әлі күнге дейін сақталып келе жатқандығын, олардың өз ойларын астарлап, қысқа да әрі нұсқа сөйлеп, мәнерлі көркем сөз құралдары, яғни мақал - мәтелдердің көмегімен білдіретіндігінен байқай алатын болсақ;
екіншіден, бүгінгі күні зиялы қауым біртіндеп бұрынғы қазақ салт - дәстүріне бой ұрып, әңгімелесушінің сезімдерін жараламауға тырысып, мақал - мәтел арқылы ойларын астарлап айтуға тырысады.
Алайда зиялы қауым мақал - мәтелдерді көбінесе қызметтеріне байланысты қолданады. Бұл жерде мақал - мәтелдердің әлеуметтік маңыздылығы байқалады. Бұқаралық ақпараттардан осы мәселенің төңірегінде басылған мақалалармен танысуға болады. Әсіресе, бұл мақалаларда мақал - мәтелдерді өкімет басындағылар қаншалықты жиі қолданылатынына көңіл аударылған. Себебі мақал–мәтелдердің қолданылуы адамның интеллектуалды дәрежесін көрсетеді.
«Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал - мәтелдерге өте бай ел. Тегінде, қазақ мақал - мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз, місе де тұтпаймыз.
Жылдар бойында сарыла сарқылып қазақ мақал - мәтелдерін жинаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов еңбегін елден ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол кісінің жалғыз тергенінің өзі шамамен елу мың мақал – мәтелдей. Бұл телегей - теңіз байлық. Біздің халықтың даналықтары бауырлас халықтардың мақал – мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да, ауыз тиіс арқылы да байып, толығып, толысып келеді. Бұл үдерістің бұрында том–томдап болсын, өмірден көрініс тапқанын байқаймыз.
Дегенмен, 1960 жылға дейін туыстас, бауырлас халықтардың мақал – мәтелдері әр кітаптың бетінде жалғыз – жарымдап қана аударылып келді, жеке кітап болып жарық көрмеген еді. 1960 жылы шыққан «666 мақал мен мәтел » осы жаңа да игі істің төл бастамасына айналды. Одан кейін іркес–тіркес арасында бір жыл, екі жыл салып « Мақал -сөздің мәйегі »(1963 ) , «Шығыс халықтарының мақал - мәтелдері» (1968 ), - бұны орыс тілінен аударған белгілі журналист Мақсұтбек Майшекин «Ер айнасы - еңбегі» (1968 ), «Мақалнама» (1970 ) «Денсаулығынды ойласаң» (1974 ), белгілі журналист , қаламгер Ұзақ Бағаев 1971 жылы «Орыс халқының мақал – мәтелдері» атты еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, басылып шықты.» - деп жазады ақын М.Әлімбаев.
Әрине, осы
күнге дейін фонетика–
Осы мақаланың негізгі мақсаты - қазақ мақал – мәтелімен ағылшын мақал –мәтелдерін салыстыра отырып ұқсастығымен айырмашылықтарын және олардың өмір сүру салаларында қаншалықты жиі қолданылатынын пайымдау.
Бұл жұмыста үш мыңнан астам қазақ және ағылшын мақал – мәтелдері зерттелді. Соның нәтижесінде біз мақал – мәтелдердің қандай өмір саласында қаншалықты жиі қолданылатынын анықтадық.
Бірінші орында: өмір – орта, тұрмыс - тірлік, қоғамдық құбылыстар;
Екінші орында: төрт түлік мал туралы;
Үшінші орында: Адалдық, адамгершілік, ізгілік, достық туралы;
Төртінші орында: еңбек - байлық, кәсіп – нәсіп туралы;
Бесінші орында: сақтық, қырағылық туралы және де т.с.с.
Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын халқының мақал – мәтелдеріне де тән.
Ағылшын
мақал–мәтелдері мың жылдан астам
тарихы бар халықтың өсіп – дамуының
нәтижесі. Оларды тек көркем сөз
құралы демей, ағылшын қоғамынан
хабардар ететін білім қайнары деп
те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ
мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән
қасиет. Осы орайда Ү. Кеңесбаеваның
«Ағылшын халқының мақал–мәтелдері
» атты 2004 жылы басылып шыққан
кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің
қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып,
балама табуға талпынған алғашқы
қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының
қазіргі ауызекі тіл мен
Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.
Мысалы: «Мақал сөздің маржаны, Болмайды оның арзаны.»
«Тұз – астың дәмін келтіреді,
Мақал – сөздің мәнін
«Мақал - сөздің атасы, Ананың ақ батасы.»
«Мақалсыз сөз болмайды, Мақал ойды қорғайды.»
«Сөзге мақал жарасар, Егдеге сақал жарасар.»
«Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киім қайдан шығады, Қой болмаса.»
«Мақал сөздің ажарын келтірер,
Делдал сауданың базарын
«Мақалмен сөз өтеді,
«Атаның ақ сақалына да қара,
Айтқан мақалына да қара»; т.б.
Осы
келтірілген мысалдар мақалдың
көркем әдебиетте және
Осы орайда, мысал ретінде және бір ағылшын және қазақ мақалын қарастырсақ:
«Nothing stake, nothing draw » (ағылшын тілінде), ал қазақ тілінде
«Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас».
мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық құралымы сәйкес келмейтінін анық білдіреді. Тағы да бір айырмашылығы, ағылшын тіліндегі айтылған мақал орфографиялық тұрғыдан кысқа болып беріліп, екі мағынасы үтірмен белгіленсе, ал қазақ тілінде, керісінше, яғни, мақалдың екінші сөйлемі үлкен әріппен жазылады
Мәтел
деген ұғым халық арасында
көп таралған қорытындысы
Мысалы:
«Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі,
«Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы».
Мәтелге мысал ретінде екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ:
Мысалы: «Many a true word is spoken in jest» (ағылшын тілінде).
«Ойнап айтса да ойындағыны айтады» (қазақ тілінде).
«Pride goes before a fall»
«Аспандай берме, Жерден ұзап кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің».
Бұл ретте, синтаксистік баламасы өте ұқсас және қазақ тіліндегі баламасында даусты дыбыстар басымырақ. Бұл алдыңғы мысалда ол «О» әрпі болса, екінші мысалда «Е» дауысты дыбысы.
Сонымен,
бұл мысалдарда «ассонанс», немесе
француз тіліндегі «assonance»
Аллитерация–дегеніміз латын тілінде «alliteratio» әріп-көркем шығармаларында, көбінесе өлеңде, тұрақты тіркестерде бірыңғай дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталанып келуі.
Мысалы:
«Little streams make great rivers»
«Көлге көл қосылса, теңізбіз дейді»
Бұл мақалда тек қазақ тілінде аллитерация қолданған. Ол «К» дауысты дыбысы.
Ал мына
мәтелде ағылшын және қазақ тілінде
аллитерацияны ұштастыруға
Мысалы:
«Many a little makes a mickle»
«Тама-тама теңіз болар»
Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған мәселелерге сүйене отырып келесі тұжырыммен шектелмекпіз. Мақал – мәтелдерді зерттеу барысында өмірден алынған қарым - қатынас қызметке байланысты фактілері және де олардың көп сатылы семантикалық кеңістіктегі орнын анықтау үшін жаппай зерттеуідің ыңғайлы әдістемесі қолданылуы қажет.
Екі тілдегі
мақал – мәтелдің де ұқсастығы
мен айырмашылықтары бар. Мақал
– мәтел айырмашылығы екі тілдің
формаларының сыртқы белгілеріне байланысты.
Сонымен бірге мағынасын
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы
Қазіргі
таңда шет тілі ретінде ағылшын
тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру
отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің
біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде
Қазақстан Республикасының
Информация о работе Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары