Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 10:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне БОЛЫП отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне аса зор мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм мен әлемдік экономика, саясат пен білім және ғылым саласы, әлемдік озық технология, тіл пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Жоғары мектептерде шет тілін оқытудың ерекшеліктері.......................6
1.1 Қазақстанда ағылшын тілі оқулықтарының тарихи сипаты
мен даму ерекшеліктері..........................................................................................6
1.2 Жоғары мектептерде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................7
1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық, әлеуметтік
және психолингвистикалық аспектілері..............................................................11
1.4 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру..............................................................................................15
1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері......................................22

2 Қазіргі заманғы қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарына сараптама................................................................................................................26
2.1 Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық және социолингвистикалық ерекшеліктері..........................................................26
2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарындағы олқылықтар........32
2.3 Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында
көрініс беруі............................................................................................................37
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері................43

Қорытынды.............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63

Файлы: 1 файл

жана тенденциялар.docx

— 140.09 Кб (Скачать файл)

- ғаламдық  ойлау, әлемді түрлі жағдайда  көре білу, басқа ел мәдениетін  көруге және басқадай көзқарастарға  қызығушылығының болуы. 

- ғаламдық  білім берудің негізгі идеясы  ұлттық мәдениетті білу, отаншыл  болу.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің  ағылшын тіліне әсері

 

Ғұлама  ақын Абай, өз халқын орыс тілін оқуға, орыс әлемін ашуға шақырғанда, орыс тілі, орыс мәдениеті арқылы біз  әлемнің есігін аша алатынымызды түсінген Абайдың арманын енді танып  отырған сыңайылымыз. Шынында да ХХІ ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды, өз болмысымызды сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемнің  техникалық және гуманитарлық үрдіс  жоспарының тетігіне айналу мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын  тілі арқылы жете аламыз. (ҚР Мәдениет және ақпараттарының экс министрі Е.Ертісбаевтың сұхбатынан)

Қазақстанда қазақ және ағылшын тілдері арасындағы байланыста қандай да бір қиыншылықтар бар ма? Ол қиыншылықтарды шешудің  қандай жолдары бар?

Әрине ол қиындықтарсыз болмайды ең негізгі  себеп, ол Қазақстандық мектептердегі  ағылшын тілінің қазақ тілінде  емес, орыс тілінде жүргізілуі. Кез - келген мектепті алмайык, тіпті ауылдық  жерлердегі мекетептерде де ағылшын  тілі қазақ балаларының ана тілінде  жүргізілген жок. Осылайша қазақ  балалары орыс тілін білмей тұра, шет  тілін осы тіл арқылы үйрене бастады. Ағылшын тілін қазақ тілі арқылы оқып - тану өте сирек кездесетін жайт болатын. Бұндай жағдайлар тек  орта мектептерде ғана емес, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында да кең  таралды.

Алайда  бұл жағдай ХХІ ғасырдың 80 - 90 жылдарында өзгере бастады. Сонымен қатар қазақ  мектептері де ашыла бастады, әсіресе  аймақтық жерлер мен қалалық жерлерде. Осының нәтижесінде бүгінгі таңда  ағылшын бұрынғыдай орыс тілінде  емес, қазақ тілінде оқытыла бастады, жоғарғы оқу орындарында да студенттер ағылшын тілін қазақ тілінде  үйрене бастады. Оған негізгі себеп  болған ол қазақ тілді студенттердің 65 пайызға жетуі. Совет өкіметі  кезіндегі педагогикалық мамандықтарды  есептемегенде басқа жоғарғы  және орта техникалық оқу орындарында  білім орыс тілінде берілгенін ескеретін  болсақ, бүгінгі күнге 65 пайыз дегеніміз  үлкен жетістік. Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында. «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобаны кезеңдік бастауды ұсынамын. Қазақстан әлемнің  жоғарғы білімді, халқы үш бірдей тілмен қолдана алатын мемлекет ретінде  танылуы керек» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қазақ тілін мемлекеттік  тіл ретінде, орыс тілін халықаралық  қарым-қатынас тілі ретінде, орыс тілін  ғаламдық экономикаға кірудің ең негізгі тілі ретінде дамыту жұмысын  іске асыру өте маңызды, ол мемлекетіміздің  тілдік саясатының ең маңызды мақсаттарының  бірі. Осы жайт туралы Сиетла (АҚШ) университетінің  Орта Азия және Қазақстанды зерттеу  орталығының басшысы Уильям Фиерманның көзқарасын атап өткен жөн [22]. Еліміздің  президентінің «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобаны енгізу жайлы ұсынысы  туралы қандай ойлары бар екендігін  сұрағанда, оның жауабы келесідегідей  болды: «Менің ойымша бұл саясат өте  дұрыс және мемелкеттің дамуына  үлкен пайдасын тигізбек. Алайда үш тілдің деңгейінің бірегейлігі туралы айту әлі ерте сияқты, өйтені сіздердің  мемлекеттеріңізде қазақ тілі конституция  бойынша мемлекеттік тіл болғанымен де,  алі де болса орыс тілі басымрақ. Менің ойымша біріншіден қазақ тілінің  деңгейін жоғарлату маңызды, әсіресе  қалалық жерлерде, өйткені ауылдық  жерлер де қай уақытта болмасын қазақ  тілінің деңгейі басым болған. Осылайша қазақ тілі елдің оң түстік және оңтүстік-шығысына қарағанда шығыс  пен сол түстікте айтарлықтай  жиі қолданылған жоқ. Ал ағылшын  тілін өз орнын тез таба бастады  және ол жақсы бет бұрыс. «Үштұғырлы тіл» атты  мәдени жобасын іске асыру  мақсатында, сапалы оқулықтар бастауыш мектептерде ағылшын тілінде  әдістемелік оқу кешендерін, арнайы және орта білім мекемелерінде оқыту  жөніндегі сұрақтарды қарастыру  өте маңызды» [24, 15б.].

Сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге ынталанатын әр түрлі деңгейдегі оқушыларға тең құқықты білім  алуға мүмкіндік жасауымыз өте  қажет, осылайша біз мемелекетіміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси  өміріне белсене қатыса алатын тұлғалар дайындауға өте үлкен септік көретініміз  айғақ. Осы сұрақ аясында мемлекеттік  қызметкерледі де орыс тіліне, сондай-ақ ғаламдық интеграция тілі ретінде ағылшын  тіліне үйрету мәселесі қарастылырған. Оның негізгі себебі келешекте бұл  тіл кез-келген кәсіпкерге қолжетерліктей жағдай да болуы қажет. Нарық аясының  кеңейюі қазірден бастап көптеген шетел  компанияларын қызықтыруда, ал ағылшын  тілі кәсіби қолданыс пен аудармадағы  ең ортақ, ең маңызды тіл болып  табылады.

«Үштұғырлы» атты мәдени жобасының ең бастапқы мақсаттарының бірі ол ағылшын тілінің  Қазақстан Республикасының әр-бір  азаматына үйренуге жағдай жасау: жалпы  орта, арнайы және жоғарғы оқу орныдарындағы  ағылшын тілін үйрету сапасын  жоғарлату. Осы жоспарды іске асыру үшін

  1. барлық орта мектептерге ағылшын тілін үйрететін шетел мұғалімдерді шақыру;
  2. канондық сөздіктер, оқулықтар, оқу бағдарламалары мен жоспарын, әдістемелік кешендер, интерактивтік оқу жүйесін, мемлекеттік қызметкерлерге арналған ағылшын тілі мен қазақ тілін жедел үйренуге инновациялық-әдістемелік видео сабақтар жасап шығару [25];

Ал енді оқу үрдісіндегі қазақ тілінің  ағылшын тіліне немесе керісінше  ағылшын тілінің қазақ тіліне әсері жайлы мәселеге келетін  болсақ, қазақ тілді азаматтарға  ағылшын тілін үйрену өте оңай, ол қазақ тілінде сөйлеуге бағытталған үгіт-насихат емес, ол көптеген объективті көрсеткіштермен дәлелденген жайт. Мысалы үшін «Заман-Қазақстан» журналының түрік журналисті Ахмет Аляз «Тіл» журналына берген сұхбатында ағылшын тілінде 4500 жуық түркі тілдес сөздер бар екендігін айтқан. Грамматикалық көзқарасқа сүйене бүкіл әлем тілдерін қарастыратын болсақ барлық грамматикалық заңдылықтар бірдей болғанымен әр тілдің грамматикалық ерекшеліктері әр қилы. Бір тілде орнымен айтылған сөз басқа тілде артық болуы мүмкін. Алайда ағылшын тілі мен қазақ тілдерін салыстыратын болсақ біршама грамматикалық ұқсастықтарды байқауға болады.

Біріншіден фонетикаға мән беретін болсақ қазақ тіліндегі де ағылшын тіліндегі де дауыстылар саны 11, (дифтонгтарды қосқанда 12 ағылшын тілінде) ол дауыстылардың айтылуы да ұқсас, алайда артикуляцияда аздаған айырмашылықтарды байқауға болады. Мысалы үшін қазақ тілінде сөзге (түбірге) немесе сөздік формаларға әртүрлі жалғаулықтар жалғану арқылы жаңа сөз туындайтын болса, ағылшын тілінде де сондай тәсіл арқылы жаңа сөз туындайды. Мысалы инфинитивке - ing жұрнағы жалғану арқылы көп салалы ағылшын формасы пайда болады, кей жағдайларда біз оны «ингтік» форма деп те атаймыз [26].

Инфинитивке – er (сирек жағдайларда - or) суффиксі жалғану арқылы іс - әрекетті істеуші  тұлға жайлы айтуға болады: to teach – teacher (оқыту - оқытушы), to play - player (ойнау - ойыншы), to build - builder (үй салу, құру - құрылысшы), to sail - sailor (жүзу -матрос). Қазақ тілінде де сөзден сөз тудырып, сөзге жаңа лексикалық мағына беретін ол – жұрнақ. Мысалға: оқу - оқушы, ойын - ойыншы, сату - сатушы, т.с.с.

Десекте айырмашылықтар болатыны заңды жайт.

Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де дауыссыздар  саны 24. Ағылшын тілінде де қазақ  тіліндегідей сөздердің дұрыс айтылмауы  сөздің мағынасын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

Дегенменде  бұл екі тілдің арасында біршама айырмашылықтар бар. Мысал үшін қазақ тілінде зат есімдерді жеті септікте септей алатын болсақ, ағылшын тілінде негізгі екі септік бар. Оның себебі екі тілдің екі топқа тиесілілігі. Ағылшын тіліндегі сөйлемдерде негізгі сөз табы етістік болатын болса (яғни етістіксіз көп сөйлемдердің құралмауы) қазақ тіліне келетін болсақ ағылшын тіліндегі етістік қызметін жұрнақ немесе жалғаулар арқылы айтуға болады. Мысалға: this is my book - мынау менің кітабым, I am a student - мен студентпін, бұл сөйлемдердегі to be (am, is) етістігінің қызметін қазақ тіліндегі (-ым, -пін) жұрнақтары атқарып тұр. Ал басқа септіктіердің қызметін ағылшын тіліндегі арнайы сұрақтар арқылы беріледі. Мысал үшін whose book is it? - мынау кімнің кітабы? Бірақ қазақ тілінде де ағылшын тілінде де етістіктің алатын орны ерекше, сөйлемнің негізгі мағынасын жеткізуде етістіктің ролі өте ерекше. Бұл жайт ағылшын тілін жаңадан үйренушіге аздап болсын қындық туғызатын болса, келесі фактор қазақ тілі мен ағылшын тілін салыстыра оқуда тіл үйренушінің қызығушылығын арттыруы мүмкін. 

Тағы  бір айырмашылық туралы айтар болсақ ол қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі сөз тәртібі. Қазақ тілінде сөз тәртібіне үлкен мән берілген, мысалға жай хабарлы сөйлемдерді алар болсақ сөйлемде бастауыш көп жағдайларда бірінші орында тұрған болса, етістік соңғы орында. Ағылшын тілінінің сөйлемдеріне келер болсақ көп жағдайларды бастауыш бірінші орында, етістік екінші орында тұруы тиіс, алайда ол сөз тәртібі де кей жағдайларда өзгереді.

Мысалға Ол хат жазғанды жақсы көреді - He likes writing a letter.

Сондай-ақ мақал-мәтелдерде, метафоралаларда, салыстыру мен теңестірулерде көп айырмашылықтар мен ұқсастықтар табуға болады. Түйіндей келе қандай да тілдерді алмайық, сөз құрамы, дыбысталуы, грамматикасы, тілдерді қай жағынан қарастырмайық барлық жағынан ұқсас тідер табиғатта кездеспейтін жайт. Ондай жағдай туыстас тілдер арасында да көрініс тапқан. Алайда қазақ тілі аглютинативті, ал ағылшын вербальды тілдер тобына жаткандықтан ол қазақ тілі ана тілі болып келетін адамдарға, сондай-ақ керісінше ағылшын тілділерге қазақ тілін оқып үйренуге еш кедергі болмайды. Тілдің өзіндік заңдылықтары бар, қай тіл болмасын белгілі бір ережелерге сүйенеді, алайда орыс тілі арқылы ма, әлде шет тілін үйренуде қандайда бір басқа тәсілді таңдайма ол оқытушы мен оқушының еркінде. Ешбір тіл басқа бір тілді үйренуде ешқандай кедергі болмауы тиіс.

Осы заңдылықтарға қарамастан ағылшын тілі біздің елімізде кең етек жаюда, әсіресе ағылшын тілін үйренуге құштарлық жастар арасында кең қолданыс табуда. Бұл жайт тек тіл саласында ғана емес сондай-ақ экномика, саясат, құрылыс, өндіріс т.с.с. ғылыми саларларға мол пайдасын әкеледі дегенге кәміл сенеміз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2 Қазіргі заманғы қазақ  мектептеріндегі  ағылшын тілі  оқулықтарына сараптама

 

2.1 Қазақ мектептеріндегі  ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық  және социолингвистикалық ерекшеліктері

 

Қазіргі замандағы оқулықтар,  оның ішінде ағылшын тілі оқулықтары оқушыларға тек ағылшын тілі лексикасы мен  грамматикасын меңгерту арқылы оқуға, сөйлеуге, тыңдауға, жазуға үйретіп қана коймай, оқушыларға тілден тыс экстралингвистикалық өмірдегі факторларды: жаңалықтарды, өзгерістерді, мағлұматтарды да меңгертуі шарт. Осы бағытта бұл бөлімшеде қазіргі ағылшын тіліндегі оқулықтардың социолингвистикалық сипатын зерттеуді мақсат етеміз. Тіл ұйрену мен тіл үйретуді қоғамнан бөліп қарау мүмкін емес екенін ескерсек, тілдегі лексикада қоғамдағы өзгерістермен тікелей байланысты. Тілдік қор қоғаммен бірге дамып, бірге өзгеріп отырады. Тіл мен қоғам арасындағы байланысты тіл білімінің ерекше саласы- социолингвистика зерттейді.

Социолингвистика  тіл білімі, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында ерекше пән ретінде туып, тіл білімінде  ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Мейе, Е.Д.Поливанов, Л.Я. Якубинский, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, В.М. Жирмунский, Р.О. Шор, М.В. Сергиевский, Н.С. Чемоданов, В. Матезиус, Б. Гавранек, Й. Вахек, Т. Фрингс және солардың Лейпцигте құрған диалектогиялық мектебі, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Ли Уорф және басқа  антропологиялық лингвистика өкілдері, «тілдік өмір сүрудің» жапондық мектебі  жасаған зерттеу ұстанымдарының қазіргі кезеңде өткерілуін білдіреді. Ол өз сипаты бойынша имманентті структурализм  мен топтастырушылыққа реакциядан туған. Оған әлеуметтік қатынастардың  шиеленісуіне байланысты 60-70-жылдары  Европалық және Америкалық қоғамда  өскен тіл социологиясына қызығушылықты  қанағаттандыруға ұмтылыс, Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде тіл саясаты  мен тілдік жоспарлаудың өзекті проблемаларына көңіл бұру тән.

Социолингвистиканың дамуына көптеген Кенес заманының  ғалымдары (В.А. Аврорин, Г.В. Степанов, А.Д. Швейцер, В.Д. Бондалетов, А.И. Домашнев, Л.Б. Никольский, Ю.Д. Дешериев және басқалары) сүбелі үлес қосты. Қазақстанда –  Б.Х. Хасанов, З.К. Ахмеджанова және т.б.

Зерттелетін көптеген проблемалар – тілдің әлеуметтік табиғаты, оның қоғамдық функциялары, әлеуметтік факторлардың тілге ықпалының  сипаты, тілдің қоғам өміріндегі ролі – жалпы тіл білімінің де, социолингвистиканың  да кіріспесіне бірдей қатысты [27, 22б.].

Социолингвистикада  үш ағым бар:

а) социологияға басым бағытталған ағым (уақыт, мақсат, тілді немесе тіл вариантын, адресатты  таңдау факторларын ескере отырып, тіл қолданысы нормалары; бір  жағынан тіл қолданысы мен  тіл қондырғысының өзара қатынасы, екінші жағынан үй немесе ұсақ әлеуметтік желілер; өзара әрекеттестіктегі  әлеуметтік экономика, тарих, этникалық  дифференциация, мәдениет, тілдің әлеуметтік жіктелуі мен варианттары құраған  құбылыстар кешеніне байланысты диглоссия  мен кодтар теориясы проблемалары);

ә) лингвистикаға  басым бағытталған ағым (социологиялық  параметрлерді есептегенде анықталатын  тілдік жүйелердің бір текті болмауы; түрлі тілдік және тілдік емес айнымалылардың - әлеуметтік жіктің,  жастың және сол  сияқтылардың ықпалының нәтижесі болып  табылатын белгілі бір әлеуметтік  детерминацияланған тілдік ережелерді ықтималды талдаудың негізінде анықтау; тілдік өзгерістер теориясын жасау үшін варианттық лингвистика арнасында зерттеудің осындай мәліметтерін пайдалану мүмкіншілігі; тілдік эволюция үрдістері үшін әлеуметтік шарттардың релеванттылығын анықтау; вариантты құрылымның синхронды мәліметтерінің диахронды өзгерістердің «мезеттік бейнесі» ғана екенін дәлелдеу;

б) этнометодология  мен этнография бағытталған ағым (тілдік әрекеттестік орталық ұғым ретінде; қоғам мүшелері әлеуметтік ақиқатты жасап, оны реттелген түрінде  бір-біріне таныстыру әдістерін  зерттеу; онда әңгімені ұйымдастыру  ісін формальды конверсациялық талдау мен мәннің тууы мен  оның контекстуализация  амалдарына сүйеніп түсінудің интерактивті үрдістерін зерттейтін этнографиялық  талдаудың ара жігін ашу).

Социолингвистиканың пәнаралық мәртебесі ұғымдық  аппаратында әлеуметтік, тілдік нышандар негізінде тілдік ұжымды анықтауда (әлеуметтік әрекеттестік пен тілдің ортақ болуы); тіл жүйесінің белгілі  бір деңгейімен және қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгеруімен немесе белгілі  әлеуметтік жағдайлармен қатыстылық негізінде  социолингвистикалық айнымалыларды  анықтауда көрінеді. Негізгі назарға  құрылымы жағынан көп өлшемді  және стратификациялық дифференциацияны (қоғамдағы  әлеуметтік жіктердің  әр тектілігі), жағдайлық дифференциацияны (әлеуметтік жағдайлардың сан алуандығы) қамтитын тілдің әлеуметтік дифференциациясының  проблемасы алынады. Сонымен қатар  ұлттық тілдердің құрылу, тіл мен  мәдениеттің әрекеттестігі проблемалары зерделенеді [28, 18б.].

Информация о работе Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары