Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2014 в 10:02, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне БОЛЫП отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне аса зор мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм мен әлемдік экономика, саясат пен білім және ғылым саласы, әлемдік озық технология, тіл пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1 Жоғары мектептерде шет тілін оқытудың ерекшеліктері.......................6
1.1 Қазақстанда ағылшын тілі оқулықтарының тарихи сипаты
мен даму ерекшеліктері..........................................................................................6
1.2 Жоғары мектептерде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................7
1.3 Мемлекеттiк тiлдi дамытудың саяси-құқықтық, әлеуметтік
және психолингвистикалық аспектілері..............................................................11
1.4 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру..............................................................................................15
1.5 Оқу үрдісіндегі қазақ тілінің ағылшын тіліне әсері......................................22

2 Қазіргі заманғы қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарына сараптама................................................................................................................26
2.1 Қазақ мектептеріндегі ағылшын тілі оқулықтарының психолингвистикалық және социолингвистикалық ерекшеліктері..........................................................26
2.2 Жоғары мектептердегі ағылшын тілі оқулықтарындағы олқылықтар........32
2.3 Шет тілдік лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында
көрініс беруі............................................................................................................37
2.4 Ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру тәсілдері................43

Қорытынды.............................................................................................................60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................63

Файлы: 1 файл

жана тенденциялар.docx

— 140.09 Кб (Скачать файл)

Болашақта заң, құқық қорғау және сот жүйесінде  маман болатын студенттердің  ағылшын тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты  қолдана білу үшін ағылшын тілі пәнінің  мұғалімдерінің әдістемелік шеберліктерінің  жоғары болуы талап етіледі. Отыз бес жылға жуық ЖОО-дағы педагогикалық  өтіл барысы көрсеткендей, болашақ  заңгерлерге ағылшын тілін үйретуде  құқықтық-процессуалдық, азаматтық  және қылмыстық істерді тергеу, сотта  қарау және жазалау актілерін  сабақ барысында ойын түрінде  көрсету әдісін қолданудың маңызы мен  тиімділігі зор. Мұндай ойын түріндегі  сабақ барысында студенттер сот, прокурор, адвокат, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер ролдеріне ене отырып, сот  процесін көрсету арқылы ағылшын тіліндегі салалық терминдерді қолданады. Бұл ретте crime, punishment, verdict, judge, advocate, public prosecutor, criminal process, evidence, motive, witness, prosecution, defense, imprisonment, protocol, criminal code, criminal group, fact, damage, collegial court, sanction, etc. заң терминдерін жиі қолдану арқылы студенттер арнайы лексикалық бірліктерді тез игеріп, оның мағынасына қарай қолдануына мән береді.

Жалпы қылмыс әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық болып  екіге бөлінсе, бұлардың әрқайсысының өзіндік терминолгиясы бар. Бір  азаматтың шағым айтып, сотқа  келуі, қылмыстық істің қозғалуы, тергеушінің тағайындалуы, айыпталушының  ұсталуы, сот процесінің жүргізілуі, мемлекеттік айыптаущы мен қорғаушының  ұстанымдары, куәгерлердің дәйектері, жаза тағайындау, үкім шығару, бас бостандығынан  айыру, шартты жаза, ауыр қылмыс, орташа ауыр қылмыс, моралдық және материалдық  өтем, ар намысты таптау, жалған айып тағу, тергеу амалдарын жүргізу, сенімхат, қолхат, нотариалдық бекіту, адвокатқа  жүгіну, жазамен келіспеу, еңбекпен түзеу колониясы, кәмелет жасқа  толмағандар қылмысы, жасөспірімдер  қылмысы, өзін-өзі қорғау, зорлық-зомбылық, медициналық сот сараптамасы, саусақ ізі, тері-май іздері, қан тобы, айғақ  болатын заттар, үй тінту, ұрлық-қарлық, адам зорлау, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, көлікті  мас күйінде айдау, қасақана кісі өлтіру, топтық қылмыс, жапа шегу, т.б. арнайы құқықтық заң саласындағы сөз  тіркестерін әр түрлі оқиға бойынша  қолдана отырып, соған сәйкес, құқықтық процесстерді түсіну, сот ісін жүргізудің тәсілдерін меңгеру секілді әрекеттерді  сабақ барысында үйретудің тиімділігі мол.

Жалпы алғанда, азаматтық және қылмыстық істер  бойынша заң саласының маманы болу үшін, қажетті терминдер мен  кәсіби сөздерді ағылшын тілінде  үйрену барысында әр бір мемлекеттің  заңдары, құқықтық-нормативтік актілері, жарлықтары, бұйрықтары, үкімет қаулылары, қылмыстық кодекс, арнайы ережелер мәтіндері қолданылады. Болашақ  заңдер мамандарының халықаралық дәрежедегі құқық саласында немесе шетелдік компаниялара қызмет атқаруы үшін ағылшын  тілін жетік меңгеру талап  етілетіні белгілі. Ал, ағылшын тілінен  қазақ тіліне сот процесстерін аударудағы терминдердің жөні бір бөлек.

Қазақстан Республикасы мен шетелдердің заңнамаларын салыстыру арқылы да студенттер құқық  саласындағы ағылшын тіліндегі  терминдерді игере алады. Негізі заң саласы терминдерінің түбірі латын, грек тілдерінен бастау алатыны  ескерсек, онда тіл тарихына, терминдердің этимологиясына назар аударып, олардың  интерпретациялық мағыналарына көңіл  бөлген абзал.

Қожа  Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті заң факультетінің  студенттеріне ағылшын тілін  үйретуде олармен шынайы сот процесіне  қатысу, адвокатура мен нотариус қызметтерімен  танысу, прокаратура органдарының қызмет ерекшеліктеріне жеті көңіл бөлінеді. Отандық және шетелдік баспасөзге, интернет материалдарына шолу жасалып, олардағы заң терминдерінің қолданысына лингвистикалық талдау жасау әдісі жиі қолданылып келеді. Білікті заңгер болу тек құқықтық білімді жетік білумен шектелмейді. Болашақ заңгер терең біліммен қатар, шет тіліндегі арнайы лексиканы еркін меңгергенде ғана халықаралық дәрежедегі маманға айнала алады.

Төмендегі жаттығуларды ағылшын тілін жоғары мектептерде пайдалана аламыз:

1. Практикалық  жұмыс 

Тақырыбы: Сабақты талдау.

Жұмыстың мақсаты Сабақты ұйымдастыруды талдау және оны жақсарту бойынша нұсқау жасауға дағдылану.

Тапсырманы  орындау барысында басшылыққа алынатын схема.

  1. Сабақтың, оқу кабинетінің дайындығы (оқу кабинетінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, т.б.), олардың сабақтың мақсатымен сәйкестілігі.
  2. Оқу және технологиялық құжаттардың бар болуы, саны мен мақсатқа сәйкестілігі: оқу тапсырмалары, көрнекі құралдар, технологиялық және нұсқау карталары.
  3. Оқушылардың сабаққа енуі, олардың сабаққа дайындығы: теориялық және практикалық дайындығы, ішкі тәртіп ережелерін білуі мен сақтауы.
  4. Сабақты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқаулар даярлау.

Студенттерге  алдымен сабақты талдаудың барысы талданады. Ол үшін сабақтың құрылымы, оның мазмұны, талдау схемасы туралы түсінік берілуі тиіс.

Сабақ барысында  оқушыға қойылған сұрақтың қандай мақсатты көздейтіні, оның ойлау үдерісінің барысына, эмоциялық жігер өрісіне әсер етуі қалай екені туралы мәселелер педагогтарды ойландыратыны даусыз.

Сұрақ қоюдағы  негізгі мақсат: тексеру міндеті, яғни оқушының дайындығын тексеру және біліміндегі кемістікті анықтау. Дегенмен, оқытудағы сұрақтың міндеті едәуір кең. Мысалы, оқушыға сұрақты әңгімелесу, пікір алысуға қажет тірек  білімінің маңыздылығын арттыру  мақсатында қоюға болады. Ал кейде  оқушыларға сұрақ кейбір мәселені талқылау кезінде альтернативті пікірін  білдіру үшін қойылады. Қойылған сұрақ  бұл жағдайда күмәнді эмоция тууына себеп болады. Мұндай сұрақтар туындаған  мәселені шешуге мүдделі оқушылардың  бәрінің ойлау үдерісінің белсенділігін арттырады. Сұрақтар диагностикалық міндет те атқаруы мүмкін. Түсінбеу, көбінесе білімдегі кемістіктерден немесе меңгерудің логикалық жүйесінің үзілуінен болатынын ескере отырып, диагностикалық сұрақтар түсінбеудің нақты себептерін ашуға жетелейді.

Сұрақтың  оқытудағы психологиялық-дидактикалық міндеттерінің бірнешеуін ғана атағанмен  сұрақ-жауап диалогының оқытудағы  үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Сондықтан сұрақтың сипаты оның қойылу мақсатына байланысты болуы  керек. Оқытушының оқушыларға сұрақ  қоюы ең алдымен қойылған сұрақтың психологиялық және дидактикалық салдарларын  болжау шеберлігін көрсетеді. Оқу сұрақтарының міндеттерін және оларды оқушыларға қоюдың кейбір әдістемелік ерекшеліктерін қарастыруға болады.

Оқытудағы сұрақтың міндетінің кең тараған  түрі-тексеру.

Әрине тексеру  тек сұрақпен ғана емес әртүрлі интеллектуалдық  және практикалық тапсырмалар мен  бақылаумен техникалық құралдар мен  тексеру мен де іске асырылады.

Тексеру сұрақтарын қоюдағы нақты мақсаттар:

      - оқушылардың білімін, біліктілігін  дағдысын тексеру;

      - білімді меңгеру дәрежесін, біліктілігі  және дағдысының қалыптасу дәрежесін  анықтау;

      - меңгерген материалды дұрыс  түсінгендігіне көз жеткізу;

      - білімді шығармашылықпен меңгеру  деңгейін анықтау (оқушының білімін  жаңа қалыптан тыс жағдайда  қолдану қабілетін білу);

      - білімнің жүйелігін тексеру,  яғни оқу материалы элементтерінің  басқа пәндердің материалымен  қаншалықты байланысты екенін  байқау (пәнішілік және пәнаралық  байланыс);

      - оқу материалын оқушылардың  бәрі түсініп меңгергеніне көз  жеткізу.

Көрсетілген мақсаттарды орындау үшін тексеру  сұрақтары қандай түрде қойылуы керектігін қарастыру қажет.

Көмекші рөль атқаратын екінші дәрежелі оқу  материалын немесе жаңа тақырыпты оқытудың бастапқы кезеңінде оқушылардың білімін, біліктілігін, дағдысын, меңгеруін байқау. Қысқа және нақты сұрақтар арқылы әртүрлі түсініктердің анықтамаларын, көлемнің өлшем бірлігін және әдістерін, ережелерді, заңдарды, теорияларды, т.б. туралы сұрап тексеруге болады.

Білімді меңгеру дәрежесінің тереңдігін байқау үшін қойылатын сұрақтар басқаша  сипат алады. Білімді меңгеру  дәрежесін анықтау үшін бір-біріне қисынды түрде туындайтын сұрақтар қою керек. Дәлірек айтқанда біз  оқушының ойын логикалық тізбекпен  бастапқы құбылыстан, оның мәнін ашатын негізгі түсінікке жетелеуіміз  керек.

Әсіресе, тақырыпты немесе тарауды оқытудың соңғы сатысында білімді меңгерудің теңдігін тексерудің маңызы зор. Бірақ  егер бір түсінік немесе құбылыс, кейінгі тақырыптарды меңгеруге  негіз болатын болса, онда оны  меңгеру тереңдігін сол сәтте  тексеру керек.

Мысалы, “News” тақырыбын меңгеру тереңдігін анықтау үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: “Папарация дегеніміз не?”, “Парация деген  шоу бизнес пе, жоқ әлде қылмыс па?”, “Папарация” деген сөз қайдан шықты?”, т.б.

Әрине мұндай сұрақтар жаппай қойылатын болса, барлық оқушының білім дәрежесінің теңдігін анықтауға болады. Ал әр оқушының тақырыпты  меңгеру тереңдігін анықтау үшін (негізінен біз алдымызға сондай мақсат қоюымыз керек) сондай сұрақтар тізімін әр жеке оқушыға қою керек.

Оқушылардың біліктілігімен дағдысы тиісті тапсырмаларда  немесе жаттығуларда орындау барысында  толық қалыптасады. Тексеру сұрақтары  біліктілікпен дағдының тек теория жүзінде қалыптасуын бағалауға  мүмкіндік береді. Мұндай тексеруде қажет екені түсінікті. Мұндай жағдайда тексеру сұрақтары біліктілікпен дағдының негізінде жатқан әрекет алгоритімімен сәйкес қойылады. Мысалы, жоғарыда берілген тақырыпта дискуссия ұйымдастыруға болады. Әрбір студент өзіне ұнаған тақырыпты таңдап өз пікірін айтады. Берілетін тақырыптар: 1. Атақты адамдар жайлы кәуесеттер (өсектер) қызық емес. 2. Актерлер мен әншілер өте көп ақша табады. 3. Саясаткерлердің өмірі прессада талқыланбауы керек. т.б. Студенттердің іскерлігінің қалыптасуын келесі сұрақтарды беру арқылы анықтауға болады.

“Біздің республикамызда ең көп суретке  түсірілетін атақты адамдардың аттарын  атай аласындар ма?”, “Олар қай  салада атақты?”, “Не үшін атақты?”.

Осы тақырыпқа байланысты келесі  коммуникативті ойынды ұсынуға болады.

Мысалы: Famous people. (Атақты адамдар. )

Әр оқушы өзіне бір атақты адамды таңдап алып сол адам туралы біраз әңгіме айтады,бірақ оның кім  екенін айтпайды. Басқа студенттер атақты адамның кім екеніңнтабу  үшін сұрақтар қояды.

- What is the most important thing he/she ever did?

- Does your public life affect his/her private life?

- Which event in his/her life was the most significant?

Студенттер оны тапқанда, сол  адамның атын параққа жазып мұғалімге  береді. Көпшілігі дұрыс жауап  бергенде мұғалім ойынды тоқтатып қай  студент бірінші дұрыс жауап  бергенін айтады. Бұл ойынның соңында  мұғалім келесі сұрақтарды қояды:

- What made it easy to guess the character?

- What made it difficult?

           Сонымен  коммуникативті ойындар ағылшын  тілін оқытуда қажетті жаттығулардың  бірі болып саналады. Өйткені  олар тақырыптың жаңа сөздерін,грамматикасын  қайталайды.Бұл ойындар студенттердің  белсенділігі мен қатар іскерлігін  арта түсіреді.

        Оқушылардың білімді меңгеру  тереңдігін және біліктілігімен  дағдысының қалыптасу дәрежесін  тексеруге арналған сұрақтар  және олардың мазмұны оқушылардың  жауабына қатысты түрленуі мүмкін.

Дегенмен, меңгеру тереңдігі дұрыс түсінгендігіне және меңгерудің шығармашылық сипатына кепіл бола алмайды. Сондықтан бұл  мақсаттарға арналған тексеру сұрақтары  мен олардың мазмұны басқаша  болуы керек. Мысалы, оқушы бір  заңның дұрыс анықтамасын бере алады, бірақ кейбір заңдылық байланыстарын  дұрыс түсінбеуі немесе мүлдем білмеуі; сол заңды кейбір жағдайда қалай  қолдану керектігін білмеуі мүмкін.

Дұрыс түсінгендігін  тексеру 2-кезеңнен тұрады:

1-шіден, оқушының  түсінігінің негізін құрайтын  білім қорын тексеру.

2-шіден, жеке  түсінігін тексеру.

Көрсетілген этаптардың біріншісі қалай іске асатыны туралы бұған дейін айтылды. Екінші этаптың орындау едәуір күрделірек. Мұнда оқушыға арналған сұрақтарды тұжырымдау да мұғалімнің нақты шеберлігі  қажет.

Жаңалықтар  тақырып маңызын оқушылардың  қалай түсінгенін тексеруді нақты  мысалдар мен қарастыруға болады. Оқушылардың «папарация» анықтамасын  түсінгеніне, оны сөйлемдерде, атақты адамдар жайлы әңгімеде қолдану  мәнін білетіндігіне көз жеткізген  соң мұғалім мынадай сұрақтарды қоюына болады:

1. Жақында  немесе дәл қазір болып жатқан  екі жаңалықты естеріне түсіріп  басқа студенттерге сабақтың  жаңа сөздерін қолданып айтыңыздар  “Неге бұл жаңалықтарды таңдадыңыз?”,  т.б.

2. Мұғалім  алдын ала газеттерден болып  жатқан жаңалықтардың аттарын  журналдар мен газеттерден кесіп  сабаққа әкеледі де студенттерге  мынадай сұрақ қояды: “Бұл  жаңалықтар не туралы болуы  мүмкін?”, “Егер осы жаңалықтардың  аттарын бір уақытта көрсеңдер  қайсын бірінші оқитын едіңдер?”.

3. Мұғалім  сабаққа байланысты қосымша тапсырмалар  әзірлеп,студенттердің тақырыпқа  деген қызығушылығын арттырады.  Мысалы: сабақтың үстінде топты  екі немесе үш кішкене топтарға  бөліп оларға алдын ала дайындалған  суреттерді топтарға бөліп, мынадай  тапсырма береді. “Сіз бүгін таңертең  өте қызық жаңалық естідіңіз  және соны достарыңызға айтайын  деп жатырсыз. Берілген суреттерді  қолданып, жаңа тақырыптың сөздерін, грамматикасын қолданып, әңгіме  жазасыз, содан кейін оны басқа  топтағы студенттерге айтасыз.  Тыңдап отырған студенттер айтылған  жаңалықты қайтадан басынан бастап  айтуы керек”. Осы тапсырманы  орындағанда студенттер жазу, айту  және тыңдау қабілеттерін дамытады.

Оқушының  білімді шығармашылық деңгейін тексеру  үшін мұғалімге  дайындық қажет. Мұндай оқушы өз білімін жалпы және жаңа қалыптан тыс жағдайларда қаншалықты қолдана алатын қабілетін анықтау  қажет. Бұл жағдайда оқушыларға қойылатын  сұрақтар проблемалық сипатта болуы  қажет.

Информация о работе Жоғары мектептерде шет тілін оқытуды дамытудың жаңа тенденциялары