Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Бірақ аталған ғылымды  тарқату үшін әдебиеттің тағылымы мен  қисынын назардан тыс қалдыру  мүмкін емес. Ендеше, ойымызды одан әрі  жалғастырып көрелік. «Талап» жайлы  автордың әңгімешіл әрекеті үдей түседі (градация):

II. Талап деген ындын мен ентелемек (символ)

Ойға алып қызыққанын қылсам демек (тура мағына)

Ол ісі орайлы ма, орайсыз  ба

Ойланып оны Ақылға салса  керек.

Бұл - талаптың ақылсыз  тұл екендігін тағы бір қайта  еске түсіру.

Ақынның Талаптың дербестігі жоқтығын аңғартатын үдеме сипаты мына бір жолдардан аңғарылады:

Тапқыш Ой ғой ақылдың мағынасы,

Тоны жүрек болады, мида басы.

Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі  бар ноқтасы.

Осы жолдардан пәлсапалық пайымды табу үшін әдебиеттің қисыны бізге «көмекке келеді». Бірінші жолда қазақ тілінің «Ой - ақылдың мағынасы» сөйлем мүшелері бастауыш, анықтауыш, баяндауыш болса, байланыстан ой мағынасы», - қиысу, «Ақылдың мағынасы» - матасу. Бұндай сөз колданым - Ақылдың тереңдігі ой екендігінде. Сол секілді Ақылдың тоны - метонимия - жүрек, басы - метафора, ноқтасы - метафора, айқындауыштық қызметте «алты түрлі». Автордың талап пен Ақылға қосымша тіректік мәнде қызмет атқарарлық 6 ңоқтасы нелер? Оған Шәкәрім Құдайберді тілімен жауап іздейміз:

Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық. Талапқа алты түрлі ноқта тақтық. Алтаудың ішінде ынсап әділ, өзгесінің тізгінін соған ұстаттық. Бірінші жолда 6 түрлі ноқта сипаты алгоритм тәртібімен берілген. Екінші жолда алдыңғы ой қайталанады. Үшінші жолда ынсаптың жетекшілік рөлі, оның қасиетінің әділ болуы. Төртінші жолда барлық бесеуінің тізгінін (метафора) соған ұстатуы. Міне, осындай көріністерді оқырман миына ой жүгіртпей, құр сыдыртып жатқа білгеннен еш пайда жоқ. Өлеңнің нәрі осы түйін екенін ұққан абзал.

Ақынның өзі қалған алты сипаттың қасиетін суыртпақтап, өлең өрнегінен суреттеп береді. Нақтыласақ, ол мынандай өрнектер:

- Ынсап деген аспайды,  ол кем қалмайды. Орнын таппай  ол, сірә, қозғалмайды (символ).

- Рақым жақсы көреді аяғанды

Адамға қаттылықты ойға алмайды (антитеза).

Автор алғашқы тізбелеген (ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық) алгоритмін олардың қасиеттерін айшықтау тұстарында бұзып береді. Мәселен, «Ынсаптан» кейін бірден «рақымға» сипат береді де, одан кейін «арға» кезек береді:

Ар демек - адамшылық, намыс деген, Арың кетпес жағыңа қарыс деген. Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу. Сөз емес күншіл болып алыс деген. Бұл жолға талдау жасаудың қажеті жоқ. Тек «қарыс» деген сөз арыңның аяқ асты болмауы үшін қуат жұмса деген семантикада екенін танытады. Көріп отырғанымыздай, әр сөзге математикалық пайым, логикалы өлшем өресі қажет-ақ. Оңдай қасиет бойда табылса, бұл өлеңнің дидактика нысанасына қатысты пәлсапалық тұжырымы сараланып-ақ тұр.

Алдыңғы ар мен намыс  хақында ақын ойын өрбіте түседі, бірақ  ол пайым алғы ойдың үдемелі тұрғыдағы қайталанымы:

Намыс сол - өзің қорлан кемдігіңе, құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіне (кайшылық).

Алмай өз алдыңғының аяғынан, соқтықпай өзің ізден еңбегіне.

Бұл құбылыс та оқырманға түсінікті. Мұңда жұмбақ сөз, сөз тіркестері жоқ.

Еңдігі кезек «Ұятқа» келді:

- Ұят сол - аулақта ұят көргендей-ақ (ішкі ұят, өзіңнен ұялдың) 
(интерриоризация).

Ұрлаған малың шағып  бергендей-ақ,

Орынсызды істеуге өлгенше  ұял,

«Ұят күшті өлімнен», - дегендей-ақ.

Бұл құбылыста да жұмбақтау, тұспалдау, ауыстыру, алмастыру жоқ. Автор «сабырдың» қасиетін былай ашады:

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл  бір қылық.

Қолы жетпей талай  адам ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Шәкәрім Құдайберді «сақтықтың»  қасиетін былай өрнектейді:

Сақтық деген - әрқашан байқап жүрмек,

Пайда ма, залал ма, - ескерілмек.

Көргенін, естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Бұл құбылыста да күрделі өрнек жоқ. Бәрі де тура мағынасында сипатталған.

Автордың әңгімелеуші  ретіндегі қорытынды тұжырым-түйіні пәлсапалық пайымы мынандай:

Ойменен, талаппенен болды  сегіз

Айтылмай ойда қалды  неменеміз.

Өзге - жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз.

Аталған соңы да санатты қасиеттері жоқтар кімдер? Ақын олардың пішінін, кескін-келбетін былай сипаттайды:

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан.

Тағы бір ескерту бұл талдау - философиялық талдау емес. Сол себепті еңбегіміз тек философтар үшін емес, барлық мамандықтарға тигізер пайдасы бар деген ниетпен жазылады.

Сөз өнерінің құнды тұстары Адамды Ізгілікке бастады. Еңбегіміздің басында бірнеше рет антропология нысанасы қазақ жұртында дұрыс жолға қойылмаған деген пікір айтылды. Бұл түйін ол ілімнің жеке дербестілік сипатында еместігі жайлы. Негізінде аталған ілім кез-келген ақын-жазушылардың пәлсапалық шығармаларында бар екендігіне еңбегіміздегі талдау жұмыстары көз жеткізеді. Шәкәрім Құдайберді шығармаларындағы толық Адам жанын, табиғатын зерттеуге арналған десек қателік емес. Ақынның «Талап пен ақыл» және «Адам немене?» деген туыңдылары осы мәселеге арналған. Дәлелдеу мақсатыңда бұл өленді талдап көрелік:


 

 

Ой кезіп жердің жүзін шарлағаңда.

Міне, бұл бәйіттің мақамымен жазылған енбегінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бірінші тармақта тура мағынаны айтпаса, екіншіде «Ойды» кейіптеу нысанасында бейнелеп тұр.

Ал бәйіттің екіншісінде алдаусыз «Әділет», ынсап, мейірім бар ма адамда? - деген риторикалық сұрақтың ішінде Ізгіліктің өзі адам бойына оңай дарымайтыны жайлы ой қорытып тұр. Бұл құбылыстың ақын себебін айқыңдайды:

Әйтпесе мәз боп жүре ме қиянатқа,

Зорлықпен бірін-бірі жалмағанға.

Аталған бәйітте ақын тура ойын ашық аңғартқан. Бірақ, автордың «мені» әлі  үш шумақта анық байқалмайды. Ақынның  ойы тек 4 шумақта байқалады:

Мен адамнан таза ақыл таба алмадым

Ойланып, өзеленіп қарамағанда.

Автордың «Мені» «Таза ақыл»  эпитетті тіркеспен тығыз байланысып, Шәкәрімнің тек өзіне тән лексикалық тіркес пен қисын тұрғысында кейіптеуі «Өзеленіп қарамағаңда» «Ақыл қармағыңда, калай қармағанда?» «Өзеленіп қармағанда», нені өзеленіп қармағанда? Өзеленіп таза ақылды қармағаңда - деген эвристикалы сұрақ қою арқылы студенттің эвристикалы деңгейге ұтылысына қозғау салуға болады. Әйтпесе, әңгіменің баяны не жайыңда екенін табу қиын.

Басындағы «Аддаусыз адам өмірін түзетерлік әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда?» - деген синтезбен өрнектелген  қорытынды пәлсапалық пайымының  ұсақ бөліктерін «Мен» деген өз ойын ашық білдіргеннен кейін жіктей бастайды:

Көрсе қызар, жалмауыз, бәрі алдағыш

Көп адамның қылығын  барлағанда;

Өнерпаз, білімді елдің  мінезі осы -

(өткен шақпен)

Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба?

(риторикалық сұрақ)

Осы ойды одан әрі үдету (градация) сезіледі:

Немесе бұлар бұрын жоқ болса да,

Әншейін бар деп бізді  алдаған ба?

(риторикалық сұрақ)

Көрінер ғылымды елдің  сырты таза;

Тексеріп терең ойға салмағанда.

Дәл осы шумақ бүгінгі білім мен ғылымды сырттай, мінез қуалайтын адамдарға да арналып тұрғандай.

Абай Құнанбайұлы шығармашылығында «екі аяқты хайуандық деңгей»  Шәкәрім шығармашылығында жалғастығын тапқан:

Ақымақ пен айуанның исі аңқиды, Істерін әбден сынап  талдағанда.

Автордың ілгерішіл, озық ойы - «Істерін сынап талдағанда». Бұл тұжырымнан білім беру ісіне меншіктеп алған «Талдау» біздің ұлтымыздың шығармашылығында пәлсапалық реңкте қолданым тауып тұр. Шәкәрім поэзиясының құңдылығы - өміршеңдігі, осы аталған пайыммен тікелей байланысты. Осы күнде зиялы қауымды шетел стратегиясымен оқыту жүйесінде «Жазу, оқу әрекеті арқылы сын тұрғысында ойлау әрекетін дамыту» деген бағдарламадағы «сыни көзқарасты», «сыни талдауды» баяғы ықылым заманда бабаларымыз біздерге асыл мұра ретінде қалдырғанын бір емес, бірнеше мәрте еңбегімізде дәлелдеп өттік. Өкінішке орай, ол Ақылды, зерделі ой-тұжырымды естірлік Мәшһүр Жүсіп бабамыз айтқаңдай естірлік құлақ, көрерлік көз, миға қорек табар ынта болмай келеді ... Бұл ой ары қарай айқындала түседі:

- Кей-кейде түзелейік, кел деседі,

Кешікпей соғыс ашып, белдеседі.

Екінші тармақ келтірінді мағынада өрілген.

Синтез, былайша айтсақ, поэзия тіліндегі типтендіру мына бәйіт жолдарынан байқалады:

- Айласы артық, қаруы сайы жеңіп, мақтанып: «бар ма, біздей ел?! деседі. Ақынның «Мені» бір көрініс берсе, көптің «Мені» екінші көріністе бейнеленген:

- тамам жан өзін-өзі «Мен» деседі, өзгелерді жатырқап, «Сен» деседі.

Автор естелік арқылы адамның ішкі күйін «Адамдық бет-ажарын» бернелейді. Бұл стильді біз тағы да кездестіреміз:

«Біз» дейтұғын бір елді таба алмайсың?!

Бұл қайтып әделетпен  теңдеседі?». Сөйтіп, Шәкәрім Құдайбердіұлы есімдіктің ішіңдегі I жақ «Мен», «II жақ «Сен» дегеннен тура айтып, «Біз» I жақ, көпше түрдегі сипатынан бірлік, ізгілік жолының барлығын жалтаңсыз, алаңсыз әділ пайыммен өрнектейді. Бұл тұжырым «Қалқаман-Мамырда» айқын сипатталғаны бізге белгілі.

Адамдардың бұл фәниде бір-біріне бауыр болып туғанын бұзушылар:

Ойласаң, барша азамат туған бауыр (метафора). Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр. Оның себебі былай айкыңдалады:

- Балалық, айуандықтан шыққан жан жоқ,

Бұл сөзім талай жанға  тисе де ауыр.

Микрокосмостың адамға берген несібесін дұрыс пайдаланбауы:

- Бақ-дәулетті мол берді жаратылыс, пайдаланып, қылсайшы жақсы 
жұмыс.

Шәкәрім Құдайбердіұлы тек қазақ жұрты өміріндегі көлеңкелі тұстарды айтып қоймай, Еуропа елдеріне де өз танымын білдірген:

- Еуропа білімді жұрт осы күнде шыққан жоқ айуандықтан ол да мүлде...

Ақын табиғат берген байлықтың жұмсалу көздерін, оның адам игілігі үшін емес, бірін-бірі құрту үшін жұмсалатыңдығына өз пайымын аңғартады:

- Табиғаттың таусылмас қасиетін жұрттың жұмсап жүргені ақалсыз іс.

- Қайда кетті жаратылыс берген байлық,

Ұстанғаны әскер мен  қирау сайлық.

- Жаны ашымай әлсізді аңша қырып,

Мейрімсіз зобырлығы  осындайлық.

Бұл көрініс үдей түседі:

- Мұнысы айуаннан қалай дейсің,

Бір жаңа өнер шықса «пәлі-ай!» - дейсің.

- Ол өнермен өзгені құлданып ап,

Аямай өз баурыңды қалай жейсің?

- Күн көре алмай жақының жатыр өліп,

Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп.

- Ғалым деген бұл болса, - адыра қалсын,

Демеске бара жатыр ішім толып.

- Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттің,

Жеттім деп тамам  жаңды тентіреттің.

Жиырмасыншы ғасырдың адамынан Анық таза бір елді көре алмай кеттім. Міне, бұл шумақтардағы ғылымның ізгілікке емес, зұлымдыққа негіз болып «ақ жүрекке» (эпитетті метафора) қызмет көрсетпей, тазалыққа бағыт бермей тұрғанын айқын сездіреді. Мұны «Таза бір елді көре алмай кеттім» деп өз ойымен түйіндейді.

Аталған ой-түйінді одан әрі дамытады:

- Мен ақ жүрек деген сөз болса шығын,

Қару, күшпен көрсетіп қасқырлығын.

 

- Мылтық билеп тұрғанда, әділет жоқ,

Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.

 

Шәкәрім мектебі - «Ар» мен  «Ұят», оның қосыңдысы «Сенім» екені белгілі, осы ойын бұл өлеңде де аңғартады. Сенім жоқ жерде қарусыз өмір сүруге болмайтыны жайлы қорытынды түйеді:

- Қару, әскер тастаудың жөні келмес,

Неге десең, біріне-бірі сенбес.

 

- Тамам адам періште болмай тұрып,

Ал түзелші дегенге ешкім көнбес.

 

- Айла, күш-айуандықтың ең жаманы,

Боқты боқпен жуған ел түзелмес.

 

- Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,

Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес.

 

- Құр айтқанмен қолынан түк келмейді,

Ақ жүректі таза адам болса кем-кес.

 

- Қас түзеймін деп жүріп көз шығарып,

Қалмақ ойын ойнаумен ештеңе өнбес.

 

- Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,

Ойы толмай тұрғаңда ақылы енбес.

- Араны (эпитет) ашық жалмауыз (эпитет), арсыз (эпигет) төбет (метафора),

Аулақта жемтік жеуден жиіркенбес.

Өлеңнің ұйқасы ерікті, бірақ соңғы 10 шумақтың аяғы дауыссыз, қатан «С» дыбысына аяқталып, ғылымды зұлымдыққа жұмсаған адамдардың айуаңдық іс-әрекеттерінің ортақ еместігін «С» жұрнағы арқылы үдемемен қайталанып келіп тұр. Зұлымдықты істің қауіптілігі осы бір «С» қатаң дыбысы арқылы қоюлана түседі. Ол мынандай сөздермен бернеленеді: сенбес, көнбес, түзелмес, жеңбес, кем-кес, өнбес, енбес, жиіркенбес, теңдес, емдес.

Автор осы айтып отырған ойын мына бір жолдармен түйіңдейді:

- Адамның сыртқы дене жаралысы,

Нәпсісі айуанның анық теңдес.

 

- Бөлектігі жалғыз-ақ таза ақылда,

Әлің келсе, жол тап  та, осыны емдес.

Шәкәрім Құдайбердіұлына тән стиль реңктерін Абай Құнанбайұлының шығармашылығында да кездестірдік.

Бүгінде кейбір тоғышар, таза ақылға кем адамдар Абай өз өлеңдеріңде адамды кеміткен, «боққа» балаған десе, Шәкәрім жайлы да оңдай пікірлер болған, әлі де баршылық. «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген халқымыздың даналық тұжырымы бар. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы адам сезіміне бағытталмай, дидактиканың пәлсапалық деңгейіне сәйкесіп, «Адамтану» іліміндегі Адамның танымын ізгілікке бұру бағытында жазылғанына көзіміз жеткендей болды. Бұл пайымды қай шығармасын алып талддасақ та, дәлелдей алатынымыз күмәнсіз. Сол себепті Шәкәрім поэзиясы классикалық үлгідегі өмір мен қоғамның өзгерістілігіне қарамай, бақилық мәнде өз рөлін атқармақ.

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту