Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

Ал адам өмірінің маңызды  болуына тіректік рольде сипатталған пәлсапалық ой-түйіндер өлеңнің негізгі мұраты болса, ондай нысаналар ел есінде мәңгілікке сақталып қалмақ.

 

1.3 ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы  дидактиканың пәлсапалық сипаты

 

Саясат пен қоғам  адамзат үшін үнемі үстемдік көрсетіуде. Әдебиет саласында аталған бағыт өмір бойы ғасырдан ғасырға приоритет болып келеді.

Ал бүгінгі ой бостандығы мен адамның иерархиясы әлемдік  деңгейге бет бұрған келісті құбылыста әдебиеттің де тәуелсіздігіне, саяси қоғамның бұғауынан өзін азат етуіне қолайлы сәт туды демекпіз.

Орыстың ұлы сыншысы, философы, әлеумет қайраткері Виссарион Григорьевич Белинскийдің «Әдебиеттік арман» атты тұңғыш мақаласында «күрессіз мақтау жоқ, мақтаусыз құрмет жоқ, әрекетсіз өмір жоқ» деген тұжырым бар. Осы бір пайым Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына қатысты айтылғандай. Иә, Шәкәрім ақын ешқашан шығармашылығы арқылы өз жұртынан мақтау іздемегені бәрімізге түсінікті. Бірақ ұзақ жылдар бойы Ақынның атын жасырып, шығармашылық құндылығын тасада ұстап келген тоғышарлардың ойлаған қара ниеттері іске аспай қалды. Себебі, Шакәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын тасада ұзақ ұстап тұру микрокосмос кеңістігінде мүмкін емес.

Шығармашылық нысанасы автордың сомдаған жанрлық деңгейіне  тікелей бағынышты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы жайлы ой түю үшін В.Г. Белинскийдің ғылыми субстанциясына сүйене отырып, ақынның шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипатын саралауды жөн көрдік. Ол үшін ұлы сыншының поэзия жайлы нақты айтып кеткен ой тіректеріне шолу жасайық.

Поэзия сырт жағынан мұраттың мағынасын іске асырады да, міні жоқ, айқын, пластикалық образдар мен рухани дүниені ұйымдастырады. Мұнда бүкіл ішкі сезім сыртқа терең жайылады. Сөйтіп, бұл екі жақтың екеуі де - ішкі және сыртқы - бірінен бірі жекеленіп көрінбейді, екеуі тұпа-тұра бірігіп, өзімен өзі болып жатқан белгілі шындықты - оқиғаны көрсетеді. Бұл жерде ақын көзге көрінбейді; айқын пластикалық дүние өзінен өзі өрістейді, сөйтіп ақын өздігінен болған нәрсені тек жай әңгіме етуші ғана болып табылады. Бұл – эпикалық поэзия [68]. Міне, бұл құбылысқа біз ақынның «Қалқаман-Мамыр» шығармасын жатқызамыз. Көзімізді жекізу үшін мына бір талдау үрдісін назарларыңызға ұсынып көрелік:

Дәрістің кіші дидактикалық мақсаты:

- бұрынғы жиған білімін жаңа сабақ өту үрдісінде ұтымды пайдалану шеберлігі;

- сабақ барысыңдағы жетістіктер мен кемшіліктердің қосыңдысын шығару үрдісіндегі ұстаздың жаңашыл, парадигмалық іс-қимыл, қатысым мәдениеті;

- өткен сабақтарда алған білім деңгейін, әдебиеттің тарихилық, қисындық қырларын түйістеу дағдысы.

Міне, бұл - бір дәрістің хронометрлік мақсаты. Аталған мақсатқа жету үшін алдымен субъектілер Шәкәрім Құдайбердінің «Қалқаман - Мамыр» дастанын оқуы көзделеді. Бұл - мемлекеттік қалыптың деңгейі. Ал, оны тарихи-қисындық мәнге талдап қабылдауға ынталандыру II деңгей эвристикалық қабілетті ширату болып табылады.

Кіші дидактикалық кесіндісі дастанның мәтініне жатады. Олай болса дастан толық, кең ауқымды қағидасын сақтай отырып қабылданылуы белгілі бір нысанның үзіліссіздігін жүзеге асырады.

Оқушының жадыңда болатын мағлұматтар:

- Шәкәрім Құдайберді шығармашылығының 1988 жылдан бастап зерттелуі;

- бірлі-жарым мақалалардан басқа тындырымды-тұшымды істің мардымсыздығы;

- тек М. Мағауиннің «Шәкәрім Құдайбердінің жалпы шығармалары 6, 8,10, 14 - тармақты шумақ үлгілерінен келетіні», - деген түйіні;

- Шәкәрім Құдайбердінің дастанын өту барысында ақыңдық айшықтары мен суреткерлік қабілетін бейнелеу құралдары арқылы дамыту;

- шығарманың эпикалық поэзиясына жататыны;

- стилі мен аталған ерекшеліктерін қабыстыруға әдеби әдістерді (реализм мен романтизмді) шебер қолдана білу, т.б.

Тарихи сипаты -дастанның негізгі мақсаты. Ол - 1722 жылдың оқиғасы. Орта Жүз қазағының сонау Сырдария бойында жүргенде болған тарихи іске негізделгені, оған ақынның тұжырым-түйіні. Ел данасы - Әнет Бабаға ерекше мән берілуі;

Дастанның өзіндік құрылым жүйесінің алгоритмі:

(Таныстыру); (автордың өзі көрінбейді, әңгімелеуші рөлінде).

Кіші Бабаңның (Әнет) өз атасы, Мәмбетей - ол Кішіктің бір ағасы. Әйтектің бәйбішеден - жалғыз Олжай, тоқалынан – Байбөрі Қалқаманмен.

Бұл құбылыс - экспозиция (I)

Мәмбет өсіп-өніп бара-бара,

Сол топтан бір бай  шықты жеке дара.

Ол байдың он бес жасар  қызы Мамыр 

Әрі сұлу, әрі еркек шора.

Бұл құбылыс - экспозия (II)

Оқиғаның бірінші себебі – Қалқаманның асықтығы.

Оқиғаның 1-байланысы - пәлсапалық топшылау.

Әй, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,

Хауа - Анасы. Адамға қаратыпты.

 

Оқиғаның 2-байланысы -махаббаттың барлығына Мамырдың сенімі.

Жоқ болса махаббатты бір сүйгенің,

Ойлашы, керегі не дүниенің?

 

Оқиғаның 3-байланысы - екеуінің ойының түйісуі. Бетке шықпай қоя ма жүрек ізі,

 

Оқиғаның 4-байланысы - Мамырдың қызша киінуі.

Әдебиеттің

қисынынан

шарттылық

Қуанды атқа оғым тиді ме деп,

ПІиеліністің негізі - ел мәселесі мен әлеуметтік саяси мәңде болуы.

Ол күңде жерге талас  қазақ, қалмақ

Бір соғыста қалмақты қазақ жеңіп,

Тобықтының бәрі де тойға бармақ,

Той қылған Орта Жүзде  Сәмеке хан.

Жақындық   Бастаңғы өткізу

Әдебиеттің қисынынан ұлттық нақыш

Қыздың қазақ қыздарына

тән ұлттық ерекшелігі  Жұмбақпен сезімін білдіруі.

 

Ауылымның күн батысы қалың қамыс,

Бүрсігүннен алғы күн  болды алыс.

Жас кісіде бар болса жігер, намыс

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.

Жұмбақтың шешімі

(Автор ойы)

Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң,

Мен саған жоқ деді ғой байқағанға.

 

Мамырдың өз

басындағы қайшылық  Құда түсуі

Батыл шешімі

 

Мамыр айтты:

Көрегендігі   Мен сенсіз тірі тұман,

Жолыңда өлсем, ризамын, жаным құрбан.

Заман қандай болар деп  дайындап ем,

Боз жорға атым белдеуде ерттеулі тұр.

 

Хабарлауы

Анықтығы   Не болса да қылдым деп бір жұмысты,

Бара сала Олжайға  кісі салды.

 

Бабалар дәстүрі  Олжай барды Бабаға түн ішінде

 

Мамырдың ел   Мәмбетелі жатып алды ырық бермей

басыларының   Қалқаман мен мамырды өлтірмесе,

қатал жазаға баруы Кетеміз деп Бабаңды тіпті көрмей.

 

Әнет бабаның  Бабаң айтты:

ізгілікті ойы  - Өлтіретін жұмыс емес,

Тіректік негіз  Біреудің некелесін бұзбаған соң,

Қанына ортақ болуы  дұрыс емес.

 

Надандардың  Болсын да Мәмбетейдің бір айтқаны,

басымдылығы,  «Еркек тоқты - құрбандық» деген қані,

олардың бұлтарыссыз Қалқаман Тобықты үшін жанды қиса,

қатал шешімі:  Кетпей ме шаһит болып оның жаны.

 

Әдебиеттің   Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі

қисынынан

Метонимия

 

Сенім сипаты  Не қылсын жаңалыққа жалғыз кәрі,

зауалдан қорқу  «Келесі көпке болып жүрмегей», - деп,

Өзектілігі   бабаңның шын кейіген шықты зары.

Парадигма

 эпитет   теңеу


Бабаның   Бабаңның нұр жүрегі болды мұздай

 

Сезімнің суреті  Аллаға Бабаң сонда сиыныпты,

(суггетив)   Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты.

«Қалқаман жүйрік атпен  шауып өтсін,

Көкенай сонда атсын!» - деп бұйырыпты.

 

Көп наданның асыл Ай, жұртым, мен өлемін, сендер қалдың,

Бабаға тигізген  Орнына бауыздадың айтқан малдың,

қырсығын   Өз бауырын оққа байлап өлтірді деп,

Қалқаманның  Қалдыңдар обалына мына шалдың.

аузынан айтқызуы

(автордың сөзі)

 

Әдебиет қисынынан Назасы нақақ жанның қате кетпес,

Ұлттық нақыш  Деймісің қалмақ сені тентіретпес.

зауалы   Мамырдан қалған жанның керегі не,

(парапсихология)  Ісім ақ, қосылармын, еш нірсе етпес.

 

Батаның құдіреті  Көкеней садақ тартты дүрілдетіп,

Бабаның батасы  Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп,

Әйтеуір, ұлы дене аман қалды,

Оң жаққа қара саннан өтіп кетіп.

 

Той қылмақ еліне Қалқаманның  қарсы болуы.

Бұхар жаққа, нағашысына кетуі.

 

Оқиғаның шешімінен  кейінгі автордың түйін сөзі:

Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл,

Қазақ-қалмақ атысқан, мұны да біл.

Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан,

Өзі батыр, соғыста тым айлашыл.

Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол,

Сол себептен Қалқаман қалды  ізделмей.

Ол түгіл, Әнет - Бабаң  кешке ере алмай,

Тірідей дөң басында қалған өлмей.

Тұқым бар. Қалқаманнан  осы күнде,

ІПын болса Ұлы жүздің жүр ішіңде

Өздері Елібаймыз десе керек,

Білмейді кейінгісі  бізді мүлде.

Қорыта айтсақ, бұл - микродидактикалық  бір кесінді. Бірақ, талдау, жинақтау-жалпылау, іздеу-жинау, салыстыру, топшылау, т.б. әдістер әдебиеттің ішкі заңдылықтарының (тарихы, сыны, қисыны) қосындысында тұтас меңгерілуге бағыт жасайды. Бұл түйіннің толық пішінін жоғарыда бергендейміз.

Бұл шығарманың құрылым - жүйесінде ақын айқын көзге көрінбейді. Айқын пластикалық дүние өзінен-өзі  өрістейді. Шығарманың аты «Қалқаман - Мамыр» болғанымен, ішкі сүйіспеншілік реңктері монолог арқылы суреттелмейді.

Аталған шығарманың эпикалық поэзия қатарына жататыны жайлы тағы да бір көз жеткізерлік дәйекті В.Г. Белинскийдің өз тұжырымынан іздейік:

- сыртқы құбылыстың қайсысына болса да ынта, тілек, ниет, бір сөзбен айтқанда - ой-пікір мұрындық болады; сыртқы құбылыстың бәрі де ішкі, құпия күш әрекетінің нәтижесін (шығармада құпия әрекет жоқ, Әнет бабаны тыңдамағандардың, ел бірлігінен, әңгімелеуші рөліңде салқын канды сипатпен беріп отыр); бұл күштерден шығып сыртқы шындық, оқиға және әрекет өркендейді; мұнда поэзия қарама-қарсы, жаңа текте көрінеді. Бұл субъективті дүниесі, бұл ішкі дүние, өз шеберінде қалып, сыртқа шықпайтын тырнақ алды істердің дүниесі. Мұнда поэзия ішкі элементте, шарқ ұрған, сезім ойда қалады, ал рух сыртқы реалдықтан шығып, өзімен өзі болып кетеді де, поэзияға сыртқының бәрін өз бойына жинаған ішкі өмірінің әр алуан шексіз құбылыстары мен белгілерін береді. Мұнда ақынның жеке басы бірінші кезекте көрінеді де, біз тек сол арқылы ғана бәрін аңдап, түсініп отырамыз. Бұл - лирикалық поэзия [69]. Көріп отырғанымыздай, поэзия санатына «Қалқаман -Мамыр» жататынына аталған қисындық ереже толық дәлел.

Шығармадағы дидактиканың пәлсапалық сипатын ашу үшін оның жанрлық сарынын айқындап алу  қажетті әрекет. Себебі, жанрларды ажыратпай, ішкі-сыртқы құбылыстың шығарма мұратына қатыстылығын, тақырып ашудағы автор ұстанымын, бағытын тану өте қиын.

Ұстанған бағытымыздан лирикалық поэзияның сыртынан гөрі эпикалық поэзияның сарыны, соның  ішіңде көбіне дидактиканың пәлсапалық сипатына бейім екенін аңғардық. Бірақ, лирикалық поэзияда пәлсапалық пайым жоқ деп айта алмаймыз. Шәкәрім шығармаларында эпикалық туындылар басым дедік. Соның дәлелі ретінде «Талап пен ақыл», «Адам немене?», «Жолсыз жаза, яки кез болған қаза», «Қодардың өлімі» шығармаларына талдау жасап, пәлсапалық сипаттарды саралап тізбелейік.

«Талап пен ақын»  өлеңіндегі пәлсапалық түйін:

I: Талап шапса ақылға  мініп алып,

Жақсы жаман бәріне бірдей салып.

Анық ақыл алдымен  ашырмайды,

Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.

Бұл құбылыстан Адамның  игілікті мақсатқа жетуі үшін құр  талап жетімсіз екенін байқаймыз. Мұнда  ішкі сезім сипатынан гөрі танымға  бейімдеу, салихалы істерге бағыттау приоритет. Ал оның өзі әдебиет қисынының  әдемі өрілімімен беріліп тұр. «Талап шапса ақылға мініп алып» - символ, «Жақсы - жаман бәріне бірдей салып» - антитеза, «Анық ақыл адымын ашырмайды» - символ, тек төртінші жолда ғана тура мағынасындағы түйінді табамыз.

Аталған көріністен музыкалы, әуезді сарын мүлдем байқалмайды. Ақын өз өлеңдерін Адам тұлғасын оңтайлы, ізгілікті, өршілдік қасиетке бағытты мәреге бұру мақсатына арнаған. Ішкі сезім сипатынан, пәлсапалық пайым айқын байқалады. Құрметті оқырман, әдебиет нысанының қисынын талдауды мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Себебі дидактика, әдістеме, оның пәлсапалық сарыны - педагогика ілімінің нысанасы.

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту