Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография

Описание работы

Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.

Файлы: 1 файл

жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту.doc

— 1.24 Мб (Скачать файл)

- Әрбір ғалым хаким емес - әрбір хаким-ғалым;

- Адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де дінің хақ мағрифатына (77) жете алмағандар;

- Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады, бұлары білімсіздік, бәлки бұзық фиғыл;

- Олардың шәкірттерінің көбі біраз арап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-бүрлі зарарлар хасил қылады. Мақтанменен хауымды адастырып бітіреді;

- Бұлар тіршілік дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам алдауға, адам аулауға салынды;

- Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз... Өнер- өзі де мал, өнерді үйренбек-өзі де ихсан.. бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар. Олар - фитнә (бүліншілік) ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды... Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады... Бұлардың сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиығы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ;

- Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма құйыла берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниенңен, я ақылыңнан, не малыңнан ғадылат, шапағат секілді біреулерге тигізбек мақсатың болса, ол жол - құдайдың жолы. Ол нихаһаятсыз (шек, шама) жолға аяғыңды ниһаятсыз құдайға тақырып хасил (жақындық табу) болып хас (нағыз) езгу құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?;

- Өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. Сыртқа қасиет бітпейді, Алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықыласыңа қасиет береді;

- Өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі әрбір жаманшылықтан бойын жимактық, бұл адамға нұр болады. Екінші өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады һәм өзгеше боламын демектің түбі мақтан;

- Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі надаңдық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі- залымдық.

Надандық - білім, ғылымның жоқтығы.. білімсіздік- хайуаңдық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны;

- Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады...

- Иман... тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі бар деген;

- Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?

- һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктіктің үстіне Аллаға дұға (намаздың аты салауат, салауат дұға мағаныналарда) айтамын деп әзірленесіз;

- .... Яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз, ол дұға қазынасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәламәттілік тілеп һәм рақымет тілеп бітірсіз.

Алгоритмге салынған Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзіндегі пәлсапалық пайымдар-дидактиканың негізі. Бұл әр субьектінің филология ілімінен өзіне қажетті құндылықтарды саралап алуына толық мүмкіңдігі барын аңғартады. Бұрынғы түсінігімізде білім беру үрдісі тек ұстаздың үлесі деп қарайтын едік. Бүгінгі нарықтық қоғам талабымен бағамдасақ, білім беру де, оны меңгеру де тұтас жүйесімен кез-келген субьектінің харакеті болып отыр. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тіршілік болмысында тән менен жанын және рухын үнемі дамыта алу үдесінен шығуы үшін көзге көріне бермейтін ишараларды жасауға дағдыланып, ғарышпен байланыс арқылы өзінің кем-кетігі мен қуатын еселеп отыру дағдысы ұштала түсуі көзделеді. Міне, бұл амал- Алланың хақиқат жолы. Аллаға иман келтіру Абай тілімен айтсақ, ішкі ойдың пәктігі, іңкәрлігі, тазалығы. Ол тазалық намаз ишарасымен, яғни зікір салу рәсімімен кемелденіп отырмақ. Аңғарғанымыз, мұсылман дінін дәріптеу емес, осы мұсылман дінінің ішкі мазмұн-құрылымындағы ғылымның заңдылықтарын бернелеуге талпынғандық әрекетті түсінеміз. Міне, біз осы еңбегіміз арқылы Абай Құнанбайұлының 38- қара сөзіндегі Адамның күш-қуатының таусылмас көзі - өзінің мақсат-мүддесіне жету жолындағы сенімнің жүрекке ұялауының мәністерін тізбелеп, сипаттайтын тұстарына технологиялық талдаулар жасадық. Философ ақынның адамзаттың бойындағы ашылуға тиісті тетіктердің кәмалаттық, мағрифаттық, пайғамбарлық дәрежеге дейін даму үрдістерін айқындап беру шеберлігін қызықтап қою деңгейінде қалмай, ол қағидаларды әр адамның өзіне меншіктей алу мүмкіндігі барлығына мойынсынуына ниет етуі көзделеді.

«Алла» деген ұғымды талдаудың қажеті жоқ. Оның барлығын сараптауға Абай тілімен айтсақ, адамзаттың танымы шектеулі. Бірақ, тіршілікті физика заңдылығымен байқасақ, тепе-теңдікте ұстап тұрған бір құдіреттің барлығына ешкім шүбә келтірмесе керек. Міне, осы құдірет әр адамның өз көшірмесі іспетті. Әр адам өзінің іс-қимылын компьютерге жазылып отырғандай сезгенде, адалдықтың жылы лебінен нұр шапағаты төгілері сөзсіз. «Нұр» деген ұғым - әр адамның хайуаннан дараланар сипатының бастауы осы адалдық жолға түсіп, сенімін ұяты мен арына бағындырады. Ойымыздың түйіні Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзімен түйіскенде ғана шындық кемесіне мінеріміз хақ. Тәннің сұранымын кішірейтіп, нәпсіні тыйып, жан мен рухқа ғарыштан қуат жия білгенде, Адам «Адам» деген асыл атаққа лайықты өмір сүрмек.

Абай - діндегі барлық шарттарды сол қалпында ала салып, насихаттау әрекетінен бойын аулақ ұстаған данышпан. Керек десеңіз, оларға сынмен қарап, дүмше молдалардың білімі мен ғылымының саяздығы мен мұсылман дінінің мәртебесіне нұсқан келтіргендігіне мән беруін назарға ұстаған абзал. Сол себепті надан мен толыққанды адамның пішіндерін, қайшылықты синтез ретінде қосақтап, салыстыру амалы арқылы сипаттап отырады.

Жоғарыда сипатталған  қорытынды пайымдарымыздың ең негізгісі  не? Ол «Жалаң дидактиканың негізгі  пәлсапалық ой-тұжырымдарынсыз бірден әдістердің, педагогикалық технологиялардың құрылым-жүйесін меңгердім» деген сенім, бұндай сенім ешбір нәтижеге бағдарлауы мүмкін емес. Иә, адамның бірнеше әдістерді де, амалдарды (технологияларды) да занды тұрғыда меңгеріп, оны шебер білуі ықтимал. Бірақ, құр сыртқы жүйені игеру әрекетімен түпкілікті мақсат-мұратқа түбегейлі, тыңғылықты жету қиын-ақ. Сол себепті оқыту қисынында, әсіресе филология аспектісінде «Кімнің шығармашылығы?», «Онда қандай дидактиканың пәлсапалық негізі бар?» «Тыңдарманға бұл қажет пе?», «Қажет болса, оны ол қалай қабылдар екен?», «Мүмкіндігіне қарай қабылдау әдістерін қалай жеткізсем?» т.б. толып жатқан сауалдарға жауапты сол нысана мен автордың жанрлық сарынына үндестікте сұрыптап алу іскерлігі - бәрінен бірінші мәселе.

 

1.3 е. Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі

 

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында адамның кемелденуі, толысуы, дамуы мұсылман дінінің ғылыми тұжырым шариғаттарына бағынышты екені анық аңғарылады.

Абай Құнанбайұлының мұраттарын одан әрі дамытып, өзінің алдындағы ғұламалар іліміне қосыларлық жаңалықтар ашқан, данышпандық дәстүрді жалғастырған Мәшһүр-Жүсіп бірнеше жанрлар ауқымында Адам жайлы салихалы ой-тұжырымдар жасайды. Мәшһүр-Жүсіп Абай Құнанбайұлы сияқты ақын ғана емес, ақындықты өзінің данышпандық ой-түйіндерінің құралы ретінде пайдаланған. Сондықтан лиризмдерінде көркемдік қуаты суггестивке реңктерге толы болғанымен, адамның қоғамдағы рөлі мен өзін-өзі үздіксіз дамыта алу тыныс-тіршілігі мен болмыс-бітіміне пәлсапалық сипаттама беріп отырған. Аталған дидактиканың пәлсапалық негізі ретінде адамды екіге бөліп қарастыру қисыны кездеседі. Бірі-ізгілік жолын қуған адам, Екіншісі - нәпсісін тізгіннен шығарып, өзін нәпсіге иектетіп алған адам. Міне, осындай ой-тұжырым төңірегінде шығармаларының тақырыптарын талдап, оған лайықты құрылым-жүйе берген.

 

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану

1990 жылы Қазақ ССР  Ғылым Академиясының «Ғылым»  баспасынан М.О. Әуезов атыңдағы  Әдебиет және өнер институтының  даярлауымен М.Көпеевтің екі томдық  жинағы басылып шықты. Осы жинақтың I томында жарияланған «Мысал» бөліміндегі ой-түйіңдерге назар аударалық. М.Көпеевтің өлеңдерінің тақырыбы, мұраты, мақсаты, мүддесі тұрғысынан қарасақ, мынадай стратегиялық жіктемені байқаймыз: өнер, құлдық психология, империялық саясат, қазақтың құндылығының төмендігі хақыңда, адамның басқа сапаға ауысуы туралы, ақыл-білім, ғылым, отарлау, сөз құдіреті, адамның мінезі, парасат және дамыған адам пішіні, надаңдық, діни шынайы рух т.б. Мұндай жіктемені топтастыру алдымен М.Көпеев өлеңдерін тұтастықта түйістендіре (апперсепсе) қабылдауға сепгігін тигізеді. Егер аталған стратегияларды жеке-жеке талдаудан өткізсек, оның сөз құдіретін ақыңдық деңгейде көріну үшін пайдаланбағандығын байқаймыз. Ақын сөз құдіретін тек көзге бадырайып көрініп тұрған нысана (объекті) жайлы сипаттық өрнектерді қиюластыру мақсатында да қолданбаған. Адамның миына сыйымсыз, танымның шектерінен тыс микрокосмос, ноосфера заңдылықтарына құлақ асу, оны ақылға салып, көз арқылы тануға ниеттену, өмірге адам жалаңаш келіп, бақиға аз ғана бөзбен кететінін естен шығармау, құдіретті билеушіге жалбарыну.

Айналдым бұлт болып биік тауға,

Іліндім шортан болып  жібек ауға...

Бұл жолдардағы ақынның «тауға» деген балау сөзінен «бұлт» дегені салмақтырақ. Неге бұлттан тауға айналады? Себебі халқының көретінді көрмеуі, еститінді естімеуі жанын ауыртады, өмірге қалай жалаңаш келсе, өмірден тағы жалаңаш кететініне мұңаяды, бұлт болып түйіледі (ішкі зары). Осы орайда шығыстың да, батыстың да философиялық тұжырымындағы адамның санасын өмір құрайды деген түйінді аңғарамыз.

Егер әр адам өзінің бар мүмкіндігін санасы мен парасат-пайымын дамытуға бағыштаса, оның келесі кезекте, о дүниеден қайтып оралуына мүмкіндігі барлығы туралы ақын өз ойын білдіреді. Бұл ой-түйін кешегі бір ғасырға жуық үстемдік құрған материалистік философияға қарама-қайшы түсінік. Егер материалистік философияда көзбен көрген нысана (материя) адам миына сәуле шашып, оны айнытпай қабылдайды десе, субъектілі философияда адам миының қабылдау мүмкіндігі шектеулі, оның миына, көзіне, құлағына іліге бермейтін құбылыстар мен үрдістер (процестер), заңдылықтар, қағидаттар өте көп екеніне мән береді. Міне, М.Көпеев осы тұжырымды меңгеріп, қиындық тағылымдық (теория) және тәжірибе жүзінде өз-өзін біліми, ғылыми, діни, мәдени т.б. бағыттардағы терең сырлар мен құпияларды тануға ықыластандыра алған.

Оның дәлелі ретінде  өлеңдерінің негізгі сарынына құлақ салып көрелік:

- алтынды пұлын білмей жерге шашқан;

- қор болып өрге баспай өнерпазы;

- зиянға біздің қазақ аяқ басар, соқтығып, өз пайдасын ойламастан;

- анау озық, мен кейін қаламын деп, көз салып бірін-бірі шамаласқан;

- өтірік, ұрлық, өсек араласқан;

- қылғаны хәкімдердің бізге зорлық;

- низамға (заңға) тура келмес ісі сиып;

- сөз айтсаң бір-екі ауыз жалдамаға, атам деп қорқытады мылтығы ұзын;

- білімді білімсізден сасып жатыр;

- қапасқа салып қойды кемеңгерді;

- өлген құнсыз, айтқан сөз пұлсыз;

- рәсуә боп өз абыройын өзі шашты;

- залалға мейлінше арзан бізді сатар;

- жақсы жат, жаман адам таныс болды;

- тартылды биылғы жыл көк рахметі, пенденің пейілі азған ыңғайынан;

- есіктен кіре алмайтын қарашекпен, орынды кақ жарып кеп алды төрден;

- қызғанып күннің көзін мұңлы бізден;

- айрылған біздің қазақ Есілінен, адасып осы күнде қазақ қалды, бұрынғы ата-баба рәсімінен;

- құранды қор, моланы бордай қылып, жоқ қылды шариғаттың құрмет-сыйын;

- тұл болды ерік алумен қыз бен қатын;

- мұжық кеп, қара шекпен крестьян, жеріңді қылмады ма тілім-тілім;

- өзіңді-өзіңмен ұрыстырып, тоздырып, иттей қор ғып, быт-шыт етті;

- сарт демей, ноғай демей, қазақ демей, тілек қыл дін мұсылман бірлігіне;

- империяға қараған дін мұсылман, алтыдан бір боп шығар санағанда;

- қызылшыл, жемтікшілді жібермендер, ит сықылды жетекке еретұғын;

- дүние барда құлақ пен көз болмайды, есі бүтін кісіде сөз (қажетсіз) болмайды;

- оқу бар, ұғушы жоқ, құдай атып;

- «Ал», «бер» деген сөз еді екі ағайын: «Ал» өліп, «бер» деген сөз тірі қалды;

- үрген қуық - бүгінгі жұрттың басы;

- ұйқы мен ең аяғы астан безсең, түседі аспандағы күнге сәулең;

- Ай менен Күн өмірдің ұрысы екен;

- кедейлік кет десең де кете қалмас, кез болса маңдайыңа жаман қатын;

- басыңа қайғы келсе, назаланып шықпа діннен;

- өзіңнен дәрежесі артық жанмен тайталасып, сөзге келме;

- көп жаман қорған болмас жинауменен;

- біреудің ауызға алма жамандығын;

- бойыңа үйір қылма өкпе, кекті;

- бола бер бәріне де ыңғайлы, епті;

- шайтанның шамаң келсе, сыңдыр белін;

- жаяу қыл, нәпсіңді атқа мінгізбей бақ;

- қауіп-қатерсіз болам десең, еш адаммен болма даулы;

- түгел адам болам десең, шала-шарпы адамдардан сырың жасыр;

- кісіден дүние алғаның - құл болғаның;

- кісі деп елден таңдап алғандарым, демесем мүйізі жоқ сиыр, өгіз;

- мал жиып, бай боламын демегенмен, өмірде көрмей өттім қыс пен жұтты;

- керек қылмай дүниені жүргенменен, сондадағы ешкімнен кем болмадым;

- махаббат - сәулесі зор Құдай нұры, көрген жан сол сәулені қалмас құры;

- қарғалар көгершіннің зікірін салып, құдайым дәуірлетті арам құсты;

- таусылып қызыл гүлдер, қалды тікен...

Жоғарыда келтірілген  алгоритм сарыны - Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің  өлеңдерінен жинақталған ой-түйіңдер, тұжырымдар.

Көркем сөз құдіретін өз мәнінде түсіну мен түйсіну - оқытушының баяндауымен, мазмұндауымен болмайтын үрдіс. Бұл ретте Мәшһүр Жүсіптің туған немересі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, проф. Қуаңдық Жүсіпов әдебиетті жаңаша оқыту жайлы былай дейді: «Тәуелсіздік алғалы басқа да маңызды іс-шаралар тәрізді қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқьпуға басты көңіл бөліне бастауы - заңды құбылыс. Осы орайда шығып жатқан әдістемелік мақалалар мен кітаптардың санын тізбектеп, сан көптігіне тамсанып, сонымен шектелу зандылығына назар аудартқымыз келеді... шығарманың көркемдік табиғатына бара алмай, айналсоқтай беруіміз аз емес. Оның есесіне кино, сурет тәрізді көрнекі құралдарды мадақтаудың жөні осы екен деп шығармадан аулақтап кетуіміз тіпті молайып бара жатыр. «Ау, бәрі де дұрыс, тек негізгіні ұмытпайық!» - дегіміз келеді».

Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту