Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:48, монография
Монографияның «Кіріспе» бөлімінде оқытуға орай жарық көрген еңбектерге талдау жасалған. Дидактиканың шығу тарихын әлемдік педагогиканың ғылыми тұжырым-түйіндерінен іздейді.
Дидактиканың жүйесі, оның мазмұны пәндердің ішкі құрылымынан туындайтын пәлсапалық сарынына бағынышты болу үрдісі басыңқы сипатында жинақталған. Бұл бағытта автор «оқыту», «оқу», «оқытудың мазмұны», «білім мазмұны» т.б. ойлау әрекетін іске қосатын дидактиканың амал-тәсілдерін әдеби арналарды ізгілікті пішінге бағамдау тұрғысында дәлелдеп берген. Бұл нысананы ашу үшін дидактика аспектісіне қатысты терминдерге ерекше ыждаһаттықпен көңіл бөліп, оның оқыту үдерісінде қолданылу мәністеріне түрбірлеп, жіктеп, теориялық ұғымдарды айқындауға назар аударған.
Шәкәрімнің «Таза ақылы» әрқайсымыздың өз бейбіт өмірімізді Бақытты, Құтты, Ізгілікті бағытқа бағдарлауға жұмсау үшін қажеттілік екенін ұғып, сырт нышандардың айуаңдық нәпсіден ерекшелігінің жоқтығын түсініп, «Таза ақыл» арқылы өзіңді нәпсінің құрсауынан құтқаратынына кәміл Сенім орнықтыруға талпын деген ғибратты еске мәңгі сақтайық.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» аңызына өзінің тұжырымын былай біддіреді: «Бұл - әңгіме 1780 жыл шамасыңда осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс.
Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе, жас баланы сатып, пайдаланып, еріксіз кем-кетікке беріп, обалына қал демейді.
Мен соны ойлап, Еңлік - Кебекті соншалық жазалы демеймін» [70].
Бұл жолдардан «Шариғатты дұрыс ұқпай, өз пайдасына қолданған Еңліктің әкесі қатыгез, Таза ақылы жоқ, қызының құнын төмен бағалап, кем-кетікті (Ақылдан) тең көріп, жалғыз қызын өзінің «нәпсісінің құрбандығына қиып тұр» деген интерпретация жасауға болады.
«Әңгіме алдында аз сөз» бөлімі «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген поэмасының экспозициясы:
- Өткен адам болады көзден таса ...
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды...
Автор «Ақылды» «Егулі дәнге» балап, «Суарылса» деген шартты рай арқылы «оған» да «жан» кіреді деп кейіптейді. Бұл құбылыста Абаймен, Мәшһүр-Жүсіппен үндестік табамыз. Адамның «Ақылы» «Көрген, білген нәрседен ғибрат» алуы арқылы зораяды.
«Естіп», «біліп», «Көз көріп», «ойға салмақ» арқылы үлгі алмақ және осылар арқылы Адам «Қызықпақ», «Жек көрмек», «Жиіркенбек».
Ақылды шеңдестіріп, «Кей ісі -жауы», «Кей ісі - досы» деп қайшылыққа бейнелейді. «Досыңды - жау, дұшпанды дос көрсетіп, көзді байлап нәпсінің қылғаны осы - бұл құбылыстан Ж. Аймауытовтың соқыр сезімінің саңылау сезімге зорлығын, басымдық рөлін байқаймыз.
Аталған құбылыстың өзі «Сөз басы» әлі автор айтайын деген негізгі Мұратын тарқатқан жоқ. Мұнысымен бірге жоғарыда талданған құбылыста қазақ жұртының қалпын жалпылама синтездеу нәтижесінде көрсетіп тұрғанын айыру қиын емес. «Еңлік-Кебек» әңгімесіне кіріспес бұрын автор дидактиканың пәлсапалық тұжырымын шегініс арқылы көмкереді. Құлақ тігіп, талдап көрелік:
Автор бір шығармасын келесі бір шығармасымен байланыстырып отырады.
Ол - қалмақ жұртымен соғыстың әңгімесін «Қалқаман-Мамыр» қиссасында жазғаны жайлы белгі береді. 1723 жылы Ақтабан шұбырынды оқиғасының баяны:
- Сырдан қуылған қазақтың Шуға келуі;
- Шақшақ Жәнібектің сөзі:
- Бабалар, бұл жолды ұмытпа депті ...
Құдай қаласа, алармыз біз де кекті ...
Арғындар сол көшкеннен көше берді,
Батырлары жер шалып, қоныс көрді.
Ешім, Нүра, Сарысу, Қарқаралы, Шалқар көл, Ұлытаудан алды жерді». Бұл - арғын елінің қоныс, тұрақ табу тарихы. «Еңлік-Кебекке» кіріспе сөздің ішіндегі ең керекті тамыры:
- Орнығып қалдың. Арғын соңда қалды, Жеті Момын олардан өте салды.
Ар, Елек, Ойыл, Қиыл қастамақ боп, жаз жайлауға Мұғажар тауын алды.
- Кіші жүз өте көшті Орал жаққа,
Әбілқайыр хан еді мінген таққа.
Арғын руының қай жерден қай жерлерге мекен ету сырына географиялық экскурс жасап берген ақын Әбілқайыр ханның таққа отыруы Кіші жүздің Орыс империясына (1731 ж) қарауымен байланыстылығын ашық айтып, оның өзін бір жағдайға, Жеті Момынның қайта көшуінің себебі ретінде сәтті пайдаланған. Оны біз мына бір жолдардан байқаймыз:
- Соны естіп Жеті Момын қайта ауыпты, осыдан көреміз деп бір қауіпті.
Мұғажардың күншығыс жағына өтіп, Ырғыз, Торғай дейтұғын жер тауыпты.
Тұрағын айқыңдаған, Жеті Момынға кімдер қарайтынын жіктеген:
- Атығай, Қарауыл, Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиннің үш баласы, бәрінің үлкен шешесінің аты - Момын;
Әбілқайыр хан таққа мінген (1731)
Патшаға уағда берген қарамаққа;
- Ұлы жүзде үлкен хан Әбілмәмбет
Қалмақпен соғысам деп хабар салды;
- Орта жүзден де аттаңды Сәмеке хан
Үш жүзден жиылыпты бірталай жан ...
Шеп жеңіп, Қалмақтан кегін алған;
- Сол соғыс Абылай келген кез;
Жиылып шаба берді ойдан, қырдан.
Тарбағатай - Шыңғыстың жан-жағында,
Көшпелі көп қалмақ бар бұрын тұрған;
- Ата қоныс Арқаны босатып ап,
Қазақ келіп қалмақтың орнын басқан;
- Қалмақты шабысуға Мамай келген,
Босап қалған Шыңғысты көзі көрген.
Барған соң Жеті Момын баласына,
Хан Шыңғыс босады деп хабар берген;
- Момынның жартысы айтқан барамыз деп,
Ата қоныс Шыңғысты аламыз деп,
Атығай - Қарауыл мен Бәсентиин
Көшпейді, біз осында каламыз деп;
- Туысқанын қия алмай, жүр деп сен де,
Көп айтқан Кеңгір бай мен Караменде
Бос тұрған соң Шыңғыста Матай қонған,
- Тобықты, Қанжығалы көшкен сонда,
Өзге Момын көше алмай қалған онда.
Шыңғысты Матай алды дегенді естіп,
Қанжығалы қалыпты орта жолда;
- Келгені Тобықтының осы маңға.
Мың жеті жүз сексен тақалғанда, ...
- Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын.
Оқығандар байқадың оның сырын.
Еңді айтайын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағысынан көріңіз мұның түрін.
Бұл берілген автор сөзінің алгоритмінен ұғарымыз не? Ол - эпикалық поэзияның тарихи болған істер мен оқиғаларға тікелей байланыста құрылуы. «Қалқаман-Мамыр» 1723 жылы қалмақтардың жаулап алу кезеңіне сәйкес поэзия болса, «Енлік-Кебек» - 1780 жылы өз еліне, мекеніне оралған Тобықтының Матай елімен кикілжіңге түсуі, екі жастың махаббатына қырсық болып тиюі. Былайша айтқанда, таза махаббат құбылысы өрнектелсе, лирикалық поэзия ауқымыңда калып, сезім айшығы басым болар еді де, тақырып махаббат, бірінші мәселе де махаббат болар еді. Ал бұл екі поэзияның екеуінің тақырыптары махаббат жыры сияқты көрінгенімен, әлеуметтік-тарихи құбылыстар басымдық рөлде. Міне, жоғарыдағы талдауымыз арқылы шығарманың сөз басын, не «экспозициясының» толық әңгімесі не жайлы деген өзекті мәселеге ой жүгіртіп көрелік. Эпикалық поэзияға жататын бір дәлелі - оқиғалы құбылыстардың көрінісі. Оның рет тәртібі былай болып келеді:
« - Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы
Жуантаяқ Тоқтамыс деген кісі.
Жамағайын жақыны сол кісінің
Бар екен Кебек деген бір інісі».
Міне, бұл оқиғаның Момын елі мен Матай елінің ішкі саяси-әлеуметтік қарым-қатынасына тікелей байланысы бар. Ал бастауы - батыстан өз мекеніне орнығуға келген Тобықтының Матай еліне әсері.
Оқиға ұласуының бірінші кезеңін талдай өттік. Сөйтіп, енді әңгімелеуші ақын Кебектің он бесінде аты шыққаңдығын мәлімдеп, портрегін былай сипаттайды:
«Көзі өткір, қара торы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау кең иықты».
Оның ішкі қалпын (интерриоризациясын) автор
«Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап,
Жауға батым, жақынға және әдепті,
Кішіні - іні, үлкенді - ағатайлап», - деп, сипаттайды.
Тотемдік (ырым) реңк поэзияда орынды қолданыс тапқан. Балгерге сенген халықтың ұлы да одан алшақ кетпеген. Оны мына құбылыстан аңғарамыз:
- Ол кезде балгер болған Нысан абыз; ...
- Кебек батыр өз бақытын сынамаққа,
Әдейі іздеп келіпті балгер жаққа; ...
- «Қара қалмақ», «Қорқыттың күйін тартып,
Қобызына ән қосып кетті сарнап; ...
- Ажалың биік қабақ, сұрлау қыздан,
Батырым, ондай қызға көңіл бөлме; ...
- Қара жартас түбінде кез келеді,
ІІІырағым, соңдай қыздан сақтанып жүр; ...
- Оны естіп Кебек кетті өз жайына,
Батса да балгер сөзі шымбайына,
Ойланбай, біржолата кетті ұмытып,
Деді де жынның сөзін тыңдайын ба.
Оқиғаның алдындағы оқиғаға қатысы бар құбылыстарды алдын-ала болжағанын халқымыздың табиғи менталитетін берілген алгоритмдік нысаннан байқадық.
Фольклорлық стильді жазба әдебиетіне «тірілтіп» соны ой-түйін берген Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір сабағынан бақсы жырларымен бұрынғы айтып кеткен аңыздың (Еңлік-Кебек) тамырластығын ұлттық нақышта шебер қиыстыра суреттеген. Уақыт пен кеңістіктің бір кездегі мән бермеген үрдістерге қайта үңілуі де автордың тың ізденісі деп ұғамыз. Ескі ұғым мен өзі өмір сүрген ортаның «сүрлеміне» алаңдамай, тарихи жолдарға ақиқатты сипат беру де ақынның жаңашылдығы. Оны мына бір көріністен байқаймыз:
- аң аулап жүрген Кебектің халі, түлкіні
Қуалаған Кебек Хан баласына шығады;
- Түлкіні бүркіт тойғанша жеп қояды;
-Осы Хан (Хакан) өзеннің
Қыстаған бір Матайға келіп жетті нағыз оқиға басталды
- Осы күнгі Боқгыбай қыстап жүрген оқиғаның екінші
Қара жартас Кебектің келген жері құбылысы
- Ол кезде шай болмайды, сусыны құрт ... байланыс
Кебек айтты: «Аң қуған Тобықтымыз, оқиғаның үшінші
Атым - Кебек дегенде, жалт қарап құбылысы
Бағанағы айтылған бойжеткен қыз
- Екеуінің жақын танысына төсек салу бірінші оқиғаның
Рәсімі себеп болады;
- Ай, батыр! Сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен бір жүрген сорлымын бағым жанбай! екінші оқиғаның
Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар, тууы
Әдепсіз қыз дейсің-ау әлдеқандай.
Күйеуім өткен жылда ұрын келген, екінші оқиғаның
Қасына жатпақ түгіл, жуымадым, бірінші құбылысы
Білген соң шіріктігін келген жерден
Ендігі құбылыста күйеуінің неге тең еместігі ашыла түседі. Бұл екінші оқиғаның бірінші құбылыстың себеп-салдары:
- Нышан жоқ бет-аузында сақал-мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асың іздейді ескі жұрттан.
- Бетіне тумай тұрып түскен әжім,
Күңге де есіктегі қылды тәжім.
Кер кеткен кеселдіге душар болдым.
Осыдан құтыларлық бар ма лажым!..
Сол секілді Кебек жайлы қыздың сыны:
- Тасыр болса, талғамай тап берер деп,
Түні бойы сынадым сізді абайлап;
- Мен татысам, жігітсің маған татыр.
Кебектің Еңлікті сынауы:
Еңлік үйден арқанды (ат арқандамак) ала жетіп,
Құшақтасып жөнелді жартас жаққа.
Келе жатып қыз айтты:
- Батыр саған ...
Тобықты мен біздің ел жақындаған
Мына жартас табыспақ болсын бізге, ...
Соңда алып қаш кезінде жақындаған
Мына жартас табыспақ болсын бізге,...
Ең болмаса жұманы құр өткізбе ...
Кебектің монологі
«Япыр-ау ! Әлде сайтан, әлде жын ба
Кім бастап алып келді мені мұнда!
Осы көрген түсім бе, иә өңім бе,
Қалжыраған бақсының сөзі шын ба?
Біржолата кім тұрар бұл дүниеде,
Өлім көрмей қоя ма туған пенде
Қарап жүріп қаңғырып босқа өлгенше,
Еңлік үшін өлгеннің қапысы не! .
Кебек сонда шалға (Еңліктің әкесі) айтты:
- Ай, ақсақал, өзің таңдап түлкінің біреуін ал,...
Жығып тамақ істетіп сандыққа сал.
Автордың сөзі:
«Ер Кебек тыным алып үйде жатпай,
Еңлікке келіп жүреді дамылдатпай...
Екі ел бітті сөйлесіп жазға салым,
Қайтарысып барымта алған малын ...
Еңлік:
«Екеуі тәуекел деп кетіп қалды,
Таң атпай-ақ Ордаға жетіп барды. үшінші оқиғаның
Ағаштан балаған қып, арша жауып, бірінші құбылысы
Бекініп бір дарада жатып алды.
Найманның дым көп болды жиылысы,
Жиылған соң белгілі қылар ісі. қайшылықтың үдеуі
Алдынан бір арылып алайық деп,
Тобықтыға жібереді елші кісі.
- Ей бүлдірмей бітелік, жөнге келсін, шарт қою
Еңлік, Кебек екеуін ұстап берген
Шариғатгың әмірімен өлтіреміз,
Информация о работе Жоғарғы мектпте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту