Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.
КІРІСПЕ .....................................................................................................3
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10
XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68
Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80
Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100
ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................
Біріктіруді, кіріктіруді, жіктеуді сөзден бастаңыз...
Б а ғ а л а у:
Жіктеуді, сынауды, көз жеткізуді сөзден бастаңыз...
Осы әдіспен жазушының «Ұлыма хат», «Ертіс жағасында», «Тоғыз толғау» шығармасының ішіндегі «Бауыржанмен білісу», т.б. шығармалары талқыланса, білімге, түсінуге, қолдануға, талдауға, синтезге, бағалауға қол жеткізуге болады.
Жазушының көркем шығармасын талдап оқытуға үйрету арқылы оқушының жан-жақты қабілеті ашылады: логикалы ойлайды, сызады, сөйлейді, қорғайды, байланыстыра біледі. Бұл үшін төмендегі «тұжырымдамалы сызба» әдісі өте оңтайлы.
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫ СЫЗБА
«Жамбылмен жүздесу», «Батыр Махмет» атты шығармаларын талдап, оқырманға жазушының тәлім-тәрбиелік идеяларына оқушылар ойымен тұжырымдама жасатуға болады.
Тұжырым деген не?
Тұжырым деп уақыты шектеусіз, кең де беймағлұм идеяны атайды
Мысалдар:
Тұжырым - әр ғылымда:
Тұжырымдар не үшін қажет?
Тұжырым арқылы кейбір тақырыпты оқып-зерттеу мен шолу жасау оқудың негізгі мәнін анықтайды.
Тұжырымның кең мағынасы оқу жоспарындағы бірнеше пәнді біріктіру мүмкіндігін береді:
Тұжырымдарды уақытпен шектемей, сабақта үстемелей берсек, оқушылардың өмірге қарым-қатынасына ықпал етеді.
Мыс: мәдениеттің түйінді мәселелерін білу студенттің әлемдік түрлі мәдениетті, көпмәденилікті түсіне отырып толеранттылығын дамытуына мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалы негізде оқу арқылы студенттер: ойлауға, талдауға, салыстыруға, сөйлеуге және шешендік өнерге, сондай-ақ, тұжырымдамалы сызба құру мен байланыстарын көрсетуге, т.б. түрлі дағдыларды үйренеді.
Тұжырымдамалы сызбаны құру – суреттермен ойлау
Тұжырымдамалы сызба төмендегі мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалған:
Жазушының «Майлыаяқ» әңгімесін талқылау арқылы қоғамдағы әділетсіздікке жол берілер жүйе көзін табуға, оқушының көзін жеткізіп, осының соңынан өзіне тұжырым шығару арқылы күшті мен әлсіз, мықты мен осал, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, әділет пен әділетсіздік хақындағы ойларын нақтылауға, ақиқатты іздеудегі ұсынамын айқындауға түткі жасауға болады.
Сондай-ақ, Ә. Нұршайықовтың төменгі сынып оқушылары үшін «Әділ мен Әмір», «Қолқанат», «Кенже» атты әңгімелерін талдатуға болады.
Колледж оқушылары, оның ішіндегі ер балалар тәрбиесі үшін аса тәрбиелік мәні бар шығармаларды төмендегі әдіс-тәсілдер тұрғысынан қарастыруға болады. «Ұлдарға өсиет», «Достық деген не?» атты жазушының тәлімдік идеялары бар шығармасын талдаумен қатар, «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан «Алтын діңгек» атты бөлімнен үзінді ұсынылды. Бұл жастардың махаббатына қатысты сезім тәрбиесін басшылыққа алған шығарма төмендегі әдіспен талданды.
Біздің жоғарыда ұсынған «Махаббат тәрбиесіне» қатысты іс-шараларды өткізу барысында кез келген көркем шығарманың тәрбиелік мәнін ашуға осы әдіспен оқушыларды талдап оқытуға, сондай-ақ, адами сапаларын жетілдіруге мүмкіндік табуға болады. Мәтін білім мен тәрбиеге қатысты тұжырым жасауға ыңғайлы таңдалуы тиіс.
Білім негізінің тұжырымдамалы сызбасы мен құрылымды-қисынды нобайын жасау
Білім негізінің тұжырымдамалы сызбасы мен қисынды-құрылымды нобайын (немесе тірек сызбалары) жасау, студенттердің мәтінмен жұмысының сараптамалы түрлері немесе ғылыми зерттеулердің түрлері болып табылады.
Жасау үшін қажеттілер:
Тұжырымдамалы сызбаны жасау барысында:
Құрылымды-қисынды сызба (нобай) жасау барысында келесі жұмыстарды пайдаланыңыз:
1. Мәтінді қарап шығып, бөлек қағазға бөлімдерін (тарау, бөлім, параграф, тақырыпшалар, ж.т.б.) жазып шығыңыз
2. Әр бөлімнің мәтінін мұқият оқи отырып, онда кездесетін негізгі ұғымдарды жазыңыз.
3. Тұжырымды ойға негізделген басты идеяға түрткі болар ұғымдар мен категорияларды байланыстыру мақсатында, мәтінді тағы бір оқып шығыңыз.
4. Өзара сабақтасатын ұғымдар мен категорияларды таңдап біріктіріп, қисынды құрылым құрыңыз.
5. Ұғымдармен аттас құрылымның түрлі бұтақтарын айқындаңыз және бірін-бірі қайталайтын тұстарын өзара байланыстырыңыз.
6. Мәтіндегі өз тұжырымыңызды туғызатын қорытынды сөзді нақтылап көрсетіңіз, сызып қойыңыз.
7. Мәтінді қайталап оқи отырып, құрылымға қажетті детальдардың қалып қоймауын нақтылаңыз.
Тұжырымдамалы сызба мен құрылымды-қисынды нобай жасауда келесі талаптарды басшылыққа алыңыз:
Бұл әдіспен тұжырымдамалы сызба және құрылымды-қисынды нобай жасау арқылы роман бойынша:
Бұл бір сабақ үстінде ғана емес, бірнеше сабаққа созылғанын айта кету керек.
Келесі қарастырылатын жазушы шығармасын талдап оқытуға «Табысқа қызығу» әдісін қолданудың тиісті жақтары. «Педагогикалық сұрақтар» қою арқылы оқушыларды мәтіннен өмірлік мәселелерді тауып, оны талдап-талқылау арқылы оқушы өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізеді.
Бұл әдістің басты идеясы: оқушы мен оқытушының арасындағы дұрыс қарым-қатынас жақсы педагогикалық мотивация болады да әрдайым табысқа итермелейді (Ройзер, 1996; Вентцель, 1997).
Оқушылардың пікірінше, ЖАҚСЫ ПЕДАГОГ:
Үйрету, ұқтыруды басшылыққа ала отырып, шағын пікірталасқа дайындық жасалады. Осыған сай, мәтін таңдалады.
Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар