Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 15:34, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.
Кіріспе..........................................................................................................................7
1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде..............................10
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы.............13
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.............................................................................................................................17
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22
2. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу бөлімі
2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты, обьектісі, міндеті...................................33
2 .2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..........................................................33
2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы........................................38
Қорытынды..............................................................................................................49
Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51
Ғылыми әдебиеттерде сәтсіз құрылған отбасы туралы классификациялар әлі жоқ. Сәтсіз құрылған некелік жұптарды конфликтілі, кризистік және проблемді деп бөліп көрсетуге болады.
Конфликтілі ерлі-зайыптылар жұбы деп арасында болатын қызығушылықтары мен қажеттіліктері үнемі қақтығысқа түсіп, жағымсыз, өте күшті эмоционалды күй тудыратын жұптарды айтады. Дегенмен, ерлі-зайыптылар жұбы некені күшейтіп, ұстап тұратын басқа факторлардың арқасында ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін, сонымен қатар, мұндай жағдай бір-біріне жолбермеушілік пен компромистік шешімдерге келудің көмегі арқылы да болады.
Кризистік ерлі-зайыптылар жұбы деп жұбайлардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің қарама-қайшылығы ерекше сипатта болып, отбасының маңызды деп саналатын өмірлік іс-әрекет сарасын да қамтиды. Мұндай некеде жұбайлар бір-бірімен татуласпайтын, тіпті бір-біріне деген қарым-қатынаста дұшпандық позицияда болуларына дейін барады. Бұл кезде олар бір-біріне жол бермеушілікке және компромистік шешімдерге келуге де келіспейді. Кризистік некелік жұптарға құлдырауға жақын қалған немесе құлдырап кеткен отбасылардың барлығын жатқызуға болады.
Проблемді ерлі-зайыптылар
жұбы деп өмір жолдарындағы ерекше қиындықтағы
жағдайлар пайда болып, некенің тұрақтылығына
соққы әкелетін (мысалы, баспананың болмауы,
жұбайлардың біреуінің ауыр немесе ұзақ
мерзімді ауруға шалдығуы, отбасын қамтамасыз
етуге қажетті қаражаттың жоқтығы, қылмыс
жасап бас бостандығынан ұзақ мерзімге
айырылу және тағы басқа сияқты болатын
өмірлік жағдайлар) мәселелер.
Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге қүштар, өнерге әуес, белсенді шығармашылық қабілетке ие белсенді өмірлік үстаным алдыңғы шепке шығару ата-ананың ұрпақ алдындағы абзал борышы десек, балалардың ата-анамен өзара қарым-қатынасының жақсы болмауы, тәрбие стилінің кемшіліктері - баланың психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі жайт. Баланың өз жанұясының мейірімін сезінбеуі, оның келешектегі тұлғалық калыптасуына теріс ықпал жасайды. Алайда мүның бәрі қалыптасушы дамушы бала психикасына әсері мол. [26, 27, 37б/
Отбасын құрған жұбайлар көп жағдайда өздерінің ұзақ уақытқа созылған конфликтілерін ажырасу арқылы шешеді [ 13].
Қазіргі жағдайда бұл мәселе өте өзекті болып отыр, себебі көптеген мемлекеттерде ажырасу саны күн өткен сайын өсіп келеді.
Осының дәлелі ретінде мынандай статистикалық мәліметтерді келтіруге болады: 2002 жылдары Қазақстанда бір мың адамға 6,3 некелесу және 3,7 ажырасу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 25-40 жас аралығындағы некелесулер соңы ажырасумен аяқталып,осыған қоса бұл отбасылардың көпшілігінде жасөспірім шақтағы балалары болатыны анықталған. Авторлардың көпшілігі отбасының бұзылуын және ажырасуын жасөспірімдерге кері әсер тигізетіндігі жайлы айтады. Осы ажырасуға негіз болатын және де ажырасқаннан кейін әсер ететін көптеген факторларды есепке алу қажет: ажырасудың себептері баланың отбасынан ата-анасының біреуінің кетуіне қаншалықты дайын болғандығы, нақты жағдайдағы ата-ананың мінез-құлқы, ажырасу жағдайынан кейінгі жасөспірімдердің бейімделуі және т.б.факторлар.
Ең алдымен мына жағдайларды ескеру қажет:
С.С.Седельников бойынша, ажырасу жағдайында адам ішкі психологиялық әлеміндегі тұрақсыздығымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан да, мысалы, қарым-қатынас формасында, белсенді іс-әрекет барысында да тұрақсыздық көрсетеді. Отбасының құлдырауы моральдық-психологиялық және әлеуметтік ұстанымдарының тек қана ішкі жағдайда субъектінің жекедара өмірінде ғана емес сонымен бірге өзі өмір сүретін микроортада да қалыптасуына алып келеді[46,145-154б].
Көптеген жұмыстардың ішінде ең жақсы қорытылған еңбек – ажырасқан әйелдер мен балаларының проблемалары туралы жазылған Гельмут Фигдордың еңбегі. Г.Фигдордың ойы бойынша, ажырасудан кейінгі дағдарыстың ұлғайып кетуіне екі себеп бар: яғни, біріншіден, ол ажырасудың салдарынан болатын баладағы әртүрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік ала алмауы, екіншісі – баламен қалған әкесінің немесе анасының дағдарысы.
Ажырасқан әйелдер мен ер адамдардың көпшілігі біраз уақыт өткеннен кейін қайтадан отбасын құруды шешеді (кейбір мәліметтер бойынша 83% ер адамдар және 76% әйелдер). Екінші рет отбасын құрғанда олар өз қарым-қатынасын қадірлей біледі, өз міндеттерін жақсы орындайды, барлық нәрсеге салмақпен қарайды[44,49-56б].
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу – бұл отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа созылуының мәресі.
Психологтар мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып табылады. Мысалы, ажырасу саны 1996- ші жылдармен салыстырғанда 2006 – шы жылдары 4,6 есе өсті, бұл неке-отбасылық қарым-қатынаста маңызды өзгерістердің болғандығын көрсетеді. Бұл өзгерістер, ең алдымен, маңызды әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланысты: қоғамдық өндірісте әйелдердің жоғары деңгейде орын алуы, әйелдердің білім деңгейлерінің күрт көтерілуі, әйелдердің аналық және өндірістік фукцияларының арасында қарама-қайшылық жүйелерінің пайда болуы [18, 255-268б].
Ажырасу мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе төмен. Әйтсе де, бұған мәдени-тарихи және этнографиялық ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу динамикасын
қарастырудағы маңызды тағы
70-ші жылдардың басында
демографтар мен
Ең алғашқы ажырасудың
мотивтері мен себептерінің
1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы;
2. баланың болмауы;
3. мәжбүрлі айырылысу;
4. өгей балалардың болуы;
5. физикалық күш көрсету;
6. көзге шөп салу, басқа отбасының болуы;
7. маскүнемдік;
8. мінездердің сай келмеуі;
9. екі жақ ата-аналарының
10. басқа біреуді жақсы көріп қалу;
11. дін, әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Көріп тұрғандай, классификация
отбасылық өмірдің сыни
Н.Г. Юркевич ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша классификациясын ұсынды:
1. ерлі-зайыптылардың
2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы;
3. ата-анаға деген қарым-
4. маскүнемдік;
5. некеге махаббатсыз түсу
Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я. Соловьеваның классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың классификациясында байқалады:
1. маскүнемдік;
2. мінездерінің сәйкессіздігі;
3. басқа адамға көз салу;
4. некеге жеңілтектікпен отыру;
5. ұзақ уақыттық бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты);
6. қатыгездік;
7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға айырылуы;
8. физикалық және жан ауруларына шалдығу;
9. ата-аналардың және басқа
11. әйелдің бала көтере алмауы;
12. басқа да себептер [44, 75-88б].
Көрініп тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға болады.
Ажырасу жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл мәселе бойынша мотивтерді объетивті емес, субъективті түрде талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады. Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін. Сол үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің өмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық бағдарлары жағынан қалыптасқан көзқарас бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған шешім. Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-құлқы.
Ажырасу процесі мотивтерінің
ар жағында біз есепке
Осы мәселемен
Жасөспірімдік шақтағы балаларда көптеген өзгерістер болып, қажеттіліктер аясы кеңейе түседі. Соларға шолу жасап өтуді жөн көріп отырмыз. Сондай қажеттіліктердің бірі- өзара қарым-қатынас қажеттілігі.
Жасөспірімдік кезеңде
балалардың ата-анасымен
Кон И.С. ата-ана мен баланың арасында пайда болатын бөгетке: ата-ананың баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерісті сезбеу және байқап білуге құлықсыздық, жасөспірімді автономиялық нақтылық деп танымау т.б. себеп болады дейді.
«Олар мені тыңдағысы келмейді!»- бұл жасөспірімдік шақта ең көп кездесетін үлкендерге наразылық, арыз-шағымдардың бірі. Зерттеулер нәтижелерінен анықталғандай, жоғарғы сынып оқушыларының ата-анасымен түсінісу, олармен ашық сөйлесу және жақсы араласу жетінші, тоғызыншы сыныптар аралығында күрт төмендейтіндігін көрсетті. Осыдан келіп, ата-аналарға арналған уақыттың басым бөлігі құрдастарға кететіндігі сұрау жүргізу барысында анықталған (Кон И.С.). Сол себепті, ата-аналар осындай өзгерістерді есепке алып, олардың әртүрлі жағдайларда мінез-құлқын реттей алуына көмек беріп отырулары қажет.
Отбасына деген қарым-қатынас өсе келе өзгереді. Олардың ата-анасының орнын енді құрдастары басатын болады (Х.Ремшмидтің айтуынша бұл ата-ананың «құнсыздануы»). Жасөспірімдердің басым бөлігі үшін ата-ана, әсіресе, аналары оларға ең эмоционалды жақын адамы болып саналады.
Неміс психологтары жүргізген зерттеулер мынандай қорытындыға келген: жасөспірімнің басындағы қиын сәттерінде оның ең жақын және сенімді адамы анасы, ал одан соң жағдайдың қиындығына қарай, келесі кезекте әкесі немесе достары тұратын болып шыққан.