Ата -анасы ажырасқан балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 15:34, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде..............................10
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы.............13
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.............................................................................................................................17
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22
2. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу бөлімі
2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты, обьектісі, міндеті...................................33
2 .2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..........................................................33
2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы........................................38
Қорытынды..............................................................................................................49
Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51

Файлы: 1 файл

Дип.-Ата-анасы-ажырасқан-жасөспірімнің-ажырасу-жағдайына-бейімделудегі-психологиялық-ерекшеліктер.doc

— 678.50 Кб (Скачать файл)

    С. Броуди тура қарым-қатынасқа әсер ететін бала мен ана қатынасының 4 типін бөліп көрсетті.

I. Аналар балаларының қажеттіліктеріне жеңіл және тез үйрене салады, қолдайды, рұқсат береді.

II. Аналар саналы түрде балаларының қажеттіліктеріне үйренеді. Олар берілмейді бірақ, доминантты болады.

III. Аналар балаларына үлкен қызығушылық танытпайды. Аналық сезімнің негізі борыш сезімі.

IV. Ананың мінез-құлығы ретсіздікпен міңезделеді. Олардың тәрбиелік әрекеттері және реакциялары бір-біріне қарама-қарсы болады [51].

Алайда, «сен өміріңдегі қиын сәттерде кіммен ақылдасар едің?» деген сұрақ қойғанда ер балалар да, қыздар да бірдей бірінші орынға аналарын қойған. Ер балалар үшін әкелері екінші орында болса, қыз балаларда достары екінші орынды алып отырған. И.С.Кон осы мәліметтерге сүйене отырып, кез-келген жасөспірім қиын кезеңде анасына жүгінетіндігін анықтады.

     Жасөспірімдер үшін ата-аналардың маңызды функциясы- балаға өмірлік қиын мәселелерді шешуде көмектесу, түсіндіру, ақпараттандыру, өмірлік қырларды бағалауда өз әсерін тигізу. Жасөспірім ересекердің әлеуметтік рөлін игеруге интенсивті түрде беріледі, оның қарым-қатынас жасайтын ортасы тез ұлғаяды және өзбетінше болуға барынша ұмтыла отырып, өздеріне өмірлік тәжірибені, үлкендердің көмегін өте қажет етеді. Ата-аналарының бұл рөлдерін жасөспірімдер өздері де сезеді. Міне, жасөспірімдерде осы сияқты тұлғалық өзгерістерді есепке ала отырып, қиын жағдайларда, әсіресе, отбасындағы ажырасу жағдайында олардың тұлғалық қасиеттері мен бейімделулері қалай өзгеретіндігін анықтап көрейік.                       

     

        1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері

 

  Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе, жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Бұл жерде біз жасөспірімнің ата-анасы ажырасуын қалай қабылдайтынын, қандай реакциялар болатындығын немесе бұл жағдайда балада қандай күйзелістер туындайтынын түсінгіміз келеді. Бірақ ажырасуды қайғыру кезеңінде нені түсінуіміз керек, және бұл қайғыру басқа қайғылармен салыстырғанда қандай? деген мәселе туындайды. Бала үшін ажырасудың заң түріндегі актісінің ешқандай жанама ролі жоқ, яғни оның ата-анасы заңды түрде некеде ме, жоқ әлде заңсыз түрде  ме - ол оған маңызды емес. Бірақ кей кезде ата-анасы заңды түрде некелескен болса да, заңды түрде ажырасу отбасылық қарым-қатынаста тек қосымша рольде болуы мүмкін. Мысалы, ажырасудан кейін де ата-аналар кейбір кезде әрі қарай да жалғасымды түрде бірге тұра береді.

    Сонымен, біз мынадай  ой түйініне келеміз, ата-аналардың  ажырасуын міндетті түрде ажырасудың  психологиялық моменті деп  белгілеу  қажет. Себебі, көптеген ажырасуларға  ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері  түрткі болуы мүмкін деген дәлел жиі кездеседі. Ата-ананың ұзақ уақыттық конфликтілері кезінде олар бірнеше рет ажырасып, қайта қосылуы мүмкін.      

Ата-ананың осындай уақытша ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады. Мысалы, кейбір балалар өзінің анасын немесе әкесін бір ай немесе бір жыл бойы асыға күтеді. Олар мұңаяды, бірақ, дегенмен, денсаулықтары сау қалпында болады. 

Ал кейбір балалар ажырасқанның ертеңінде-ақ бірден өзгеріп, мүлдем басқа болып кетеді, яғни бұл баланың  ажырасуды қалай түсінетіндігіне байланысты: әкесі немесе анасы мәңгіге кетіп бара ма, жоқ әлде қайтадан қайтып келе ме деген ойлардың мазалауы. Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға «анасы мен әкесі ажырасады» деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады [ 12, 37 – 57 б ]

    Балаға өзінің аффектілерін  көрсетуге мүмкіндік беру, ұзақ  әңгімелесу кезінде анық қайғысын бөлісу және онымен қорқыныштары жайлы сөйлесу, коалиция жасауға тырыспау, яғни басқа ата-ананы кінәламау, осыған байланысты болған конфликтілерді балаға жүктемеу – бұлардың барлығы бала үшін күрделі жағдайда ата-аналардың көрсететін көмектерінің алғашқы қадамдары болып табылады.

    Бала үшін ажырасу  жағдайының маңыздылығын бағаламауға  әкелетін ата-ананың күнә сезімі  оларды иллюзияға сенуге немесе баласы үшін ажырасу ешқандай қорқыныш тудыратын оқиға бола қоймас дегенге үміттеніп, осы себептерге байланысты ата – аналар баланың жан айқайын байқамайды немесе оларды көрсетуге кедергі келтіреді. Мұндай ата-аналардың жағдайын ажырасу арқылы келтірген ауырлықты өз жауапкершілігіне алғысы келмейтіндігімен түсіндіруге  болады [24, 220-258б].

     Жауапкершілікті өзіне  ала алмау, өтірік айту, жасыру, күнәні  басқа адамға жабу тек ажырасудан  кейінгі алғашқы көмекке ғана  кедергі келтіріп қоймай, көптеген  балалардың психикалық  жағдайларының  нашарлауының екі негізгі себептерінің  бірі болып табылады. Баланың ажырасуға деген реакцияларын ата-аналар дұрыс түсінбей, олар баланың кризистік жағдайдан шығуына мүмкіндік бермейді. Ата-аналар баланың мінез-құлқы, жан айқайы ажырасумен байланысты екендігін түсінбейді. Баланың мінез – құлқындағы өзгерістерді ата-ананың сындары мен кінәлаушыларының өзара байланысты екендігін де түсінбейді. Бала көмекке сенгеннің орнына, одан сайын өзін жалғыз сезініп, ажырасу жағдайына тән аффектілер мен қорқыныштар одан сайын күшейе түседі. Нәтижесінде, ата-анамен конфликтіге апаратын мінез – құлық ата – ананың жан қуатын, ескермеушілер мен сындардың жұмсауын талап етеді [30, 277-282б].

    Әр жыл сайын ажырасудың  әсерінен толық емес отбасының  санына 700 мың отбасы қосылып отырады, ең ауыры, бала ата – анасының  біреуінде тәрбиеленеді, ажырасу баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізеді.

    Толық емес отбасы  – бұл толық емес, үзілді –  кесілді байланыстағы, дәстүрлі  қарым – қатынас жүйесі жоқ  кіші топ: ана - әке, әке – бала, ана – балалары, бала – ата - әже.

Толық емес отбасында психологиялық климат бұзылады, оған тән  нәрсе шеттетілу, қоғамнан тыс қалу. Көбінесе толық емес отбасы -  ананың бір немесе одан да көп балалармен болуы. Мұндай отбасында ана өзіне тән емес көптеген қызметтерді атқаруға мәжбүр болады, сонымен қатар толық емес отбасында балалар біржақты феминистік тәрбие алады.

     Вильям Сатирдің айтуы бойынша, толық емес отбасындағы бала тұтастай ер адамды және тұтастай әйел адамды елестете алмайды және түсіне алмайды. Баламен қалған ата – ана үшін екінші жоқ анасы немес әкесі туралы негативті, яғни, жағымсыз ой қалыптастыру қиын емес. Балаларымен қалған әйел балада барлық еркектер сондай жаман деген ойдың қалыптасуына барынша күш салуы мүмкін. Осыны естіген ұл бала әрең дегенде «ер адам» болу жақсы емес дегеніне сенеді, сол себептен ол өзінің де жақсы емес екендігіне күмән туындайды [38, 177-201б].

     Екінші рет тұрмыс құрған анасы мен тұратын ұл балаларда жалғыз басты анасымен тұратын балалармен салыстырғанда үрей аз болады, әлеуметтік жүріс-тұрысы бағытталған және танымдық мүмкіндіктерін көп көрсететіндігі анықталған.

     Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, қайта некелесуде ең алдымен, алдыңғы отбасынан келген балалармен қарым-қатынастың қалыптасу мәселесі тұрады. Жасөспірімдік кезеңде балалар өгей әкенің немесе өгей шешенің болуына әрең, қиындықпен үйренеді.

Сондықтан да қайта некелесуде алғашқы жылдар стресске толы болады. 

     Балалар толық емес  отбасында өскендіктен, олар ер  мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың  толық үлгісін елестете алмайды. Педагогтар жүргізген зерттеу материалдары көрсеткендей, жасөспірімдердің оқу үлгерімі көбінесе отбасылық қарым-қатынас, отбасының тұрақтылығы немесе дұрыс ұйымдаспауына тәуелді болады. Шын мәнінде де, толық отбасында баланың мінез-құлқын бақылау сапалы түрде болады. Көп жағдайларда кәмелетке толмаған заң бұзушылардың  арасындағылардың көбін толық емес отбасынан шыққан жасөспірімдер құрайды.

    Криминология аумағымен  заң психологиясының мамандарының  көрсеткіштері бойынша, жағымсыз  отбасылық орта көп жағдайда  жасөспірімнің қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсер етіп оны әлеуметке қарсы әрекеттер жасауға итермелейді [ 12, 229 – 335 б.].

    Ата-анасы ажырасқан  жасөспірімдердің көбі бақытты  жұп құруға өте тырысады және  өз ата-анасының қателіктерін  қайталамауға, әуелі балаларына қатысты ата – насының жіберген қателіктерін өз балаларына қайталамауға үлкен талпыныстар жасайды.

      Жоғарыда айтылғандай, ата – аналардың ажырасуы жасөспірімнің  өз жеке отбасыларына әсері  жоғары болады. Сонымен қатар, ажырасудан  отбасындағы жасөспірімдер өз қатарластарына қарағанда ертерек үйленіп, өзіне жетіспеген эмоционалды жылулықты өзі қалыптастыруға, өз сәйкестілігін табуға тырысады. Алайда мұндай ерте некелесулер көп жағдайда ажырасуға алып келеді.  

    Ата-ананың ажырасуы  жасөспірімнің құндылық бағыттарының қалыптасуына да әсерін тигізеді. Зерттеулер нәтижесінде 18 – 19 жастағы ата – анасы ажырасқан студент жастардың өмірлік құндылықтар иерархиясы – эмоционалды жақындылық, шынайы махаббат, бақытты отбасылық өмір және т.б. деген өмірлік құндылықтарды құраса, ал толық отбасындағы студенттер жоғарыдағылармен қоса, өз мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін максималды түрде пайдалана білу, яғни өзін - өзі жетілдіру, дамыту құндылықтарын да маңызды деп санауды жөн көрген [ 4, 45 -60 б.]. 

     Сонымен қатар, көптеген зеттеулердің нәтижесі бойынша – ажырасу фактісі емес, ажырасудан кейінгі қалыптасқан қарым-қатынастың сипаты маңызды деп санайды. Отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсерін көптеген ғалымдар зерттей келіп, ажырасқаннан кейінгі екінші жылдың аяғында жасөспірім мінез-құлқы ажыраспаған, бірақ үнемі, жиі конфликтіде болатын ата-аналардың балаларымен салыстырғанда агрессивтілігі әлдеқайда төмен екендігі анықталған.

  Осы айтылғандардың барлығын  ескере келіп, жалпы тұлғаның бейімделу мәселесіне тоқталуды жөн көріп отырмыз. Адам тағдыры көбінесе оның бейімделу деңгейімен анықталады- бұл дегеніміз, өмірде болатын әртүрлі жағдайларға бейімделу, туа пайда болған және өмір сүру барысында қалыптасқан қабілеттердің болуы. Зерттеушілердің айтулары бойынша, бейімделу деңгейі тәрбиелеу, оқыту, өмір бейнесі мен жағдайының әсерінен жоғарылап немесе төмендейтіндігін көрсеткен.

    Бейімделудің ең ауқымды  түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық  орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі. Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи  ортаны белсенді меңгеруінен көруге болады.  

    Американдық ғалым У.Джеймс  және оның ізбасарлары (Р.Лазарус, И.Гаккер, Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады [49,150-158б].

      Батыстық психологияның  психоаналитикалық бағыттарының өкілдері (З.Фрейд, Э.Берн,А.Адлер, Э.Эриксон және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзі ретінде адамның қажеттіліктерінің оның қызығушылықтарына, қоршаған ортаның нормативті талаптарына, әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай келмеуінің нәтижесінде пайда болатын конфликтілер деп санайды.

     Ал позитивистер өкілі (А.Бандура, А.Маслоу, Г.Олпорт және т.б.) тұлғаның бейімделуінің қайнар көзін негізін әлеуметтік кедергілер (тек нормативтік сипатта ғана емес) құрайтын қоршаған ортамен болатын конфликтілер деп есептейді. Олардың айтуынша, бұлар тұлғаның өзіндік даму процесін қиындатады.

     Бейімделудің келесі  бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-әрекет және кәсіби міндеттерімен тығыз байланыстырады.

     Сонымен, әлеуметтік бейімделу- бұл әлеуметтік-рөлдік байланыс пен қарым-қатынасқа ену нәтижесінде тұлғаның әлеуметтік нормаларды, ережелерді, құндылықтарды, әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік қарым-қатынас пен әрекеттерді меңгеруі [19, 75-84б].

     Тұлғаның әлеуметтік  бейімделуі екі деңгейде жүзеге  асырылады:

  • өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның әртүрлі әлеуметтік-психологиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;
  • тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-қатынасы бір жүйеде қарастырылады.

    Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі- бұл оның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық статусты иемдену және қандай да бір әлеуметтік-психологиялық рөлдік функцияларды меңгеру процесі.

    Әлеуметтік-психологиялық  бейімделу процесі кезінде тұлға  өмір мен іс-әрекеттің ішкі  және сыртқы жағдайларының арасындағы  үйлесімділікке жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.

Информация о работе Ата -анасы ажырасқан балалар