Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 15:34, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.
Кіріспе..........................................................................................................................7
1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде..............................10
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы.............13
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.............................................................................................................................17
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22
2. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу бөлімі
2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты, обьектісі, міндеті...................................33
2 .2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..........................................................33
2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы........................................38
Қорытынды..............................................................................................................49
Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51
а) Спирменнің рангілік корреляция коэффицентінің формуласына саламыз:
ә) Таблица бойынша критикалық мәнін анықтаймыз n=16 (В.Урбах, 1964).
(р 0,01) яғни, Н теріске шығарылып, Н -қабылданады.
Жауап: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің әлеуметтік-бейімделу ерекшеліктері мен олардың тұлғалық-эмоционалдық қалыптары арасында өзара тығыз байланыс бар және ол стастикалық мәнділік деңгейіне жетеді.
9 кесте. Кэттелдің 16 факторлық сұрақтамасындағы «Q3» факторы мен К. Роджерс және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу әдістемесіндегі «Интерналдылық» шкаласынының өзара байланысын анықтау.
№ |
Өзіндік бақылау |
Ранг № |
Интерналдылық |
Ранг № |
d |
d |
1 |
2 |
2 |
20 |
2,5 |
-0,5 |
0,25 |
2 |
6 |
15 |
25 |
11,5 |
-3,5 |
12,25 |
3 |
5 |
12.5 |
25 |
11,5 |
1 |
1 |
4 |
3 |
6.5 |
24 |
6.5 |
0 |
0 |
5 |
3 |
6.5 |
23 |
4 |
2,5 |
6,25 |
6 |
3 |
6.5 |
24 |
6.5 |
0 |
0 |
7 |
4 |
10.5 |
25 |
11,5 |
-1 |
1 |
8 |
6 |
15 |
27 |
15,5 |
-0,5 |
0,25 |
9 |
4 |
10.5 |
25 |
11,5 |
1 |
1 |
10 |
3 |
6.5 |
25 |
11,5 |
-5 |
25 |
11 |
6 |
15 |
27 |
15,5 |
0,5 |
0,25 |
12 |
3 |
6.5 |
24 |
6.5 |
0 |
0 |
13 |
2 |
2 |
20 |
2.5 |
-0.5 |
0.25 |
14 |
3 |
6.5 |
25 |
11,5 |
-5 |
25 |
15 |
2 |
2 |
17 |
1 |
1 |
1 |
16 |
5 |
12,5 |
24 |
6.5 |
6 |
36 |
136 |
136 |
119,25 |
а) Спирменнің рангілік корреляция коэффицентінің формуласына саламыз:
ә) Таблица бойынша критикалық мәнін анықтаймыз n=16 (В.Урбах, 1964).
(р 0,01)
яғни, Н теріске шығарылып, Н -қабылданады.
Жауап: Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің әлеуметтік-бейімделу ерекшеліктері мен олардың тұлғалық-эмоционалдық қалыптары арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статискалық мәнділік деңгейіне жетеді.
Зерттеу мәліметтерінің сапалық талдау барысында аяқталмаған сөйлемдер әдісінің мәліметтері де зерттеу үшін маңызды болып табылады. Бұл әдістеме нәтижелерін талдауда біз зерттеу мақсатына орай маңызды саналатын қатынастар типіне ғана тоқталмақпыз. Себебі, ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің өз өміріндегі өзгерістер мен отбасылық үйлесімсіздік жағдайлар олардың тұлғалық-эмоционалдық құрылымында өз таңбасын қалдырары сөзсіз. Тіпті кей жағдайда жасөспірімнің бұл дағдарыстық жағдайы оның мінез-құлқында ауытқулар туғызып, түрлі акцентуацияларға әкелуі мүмкін.
Әдістеменің әкесіне деген қатынас (1,16,31,46) шкаласы бойынша бақылау тобымен салыстырғанда, зерттеу тобы жасөспірімдерінің тұжырымдарынан бірқатар ерекшеліктерді көруге болады. Бұл тұжырымдардың сипаты жасөспірім үшін отбасындағы әке беделі мен оның ажырасу жағдайынан кейінгі маңыздылығы немесе керісінше шеттетілуіне байланысты. Мұны төмендегі мысалдардан айқын аңғаруға болады. Мысалы, "Менің әкем мені сирек еркелететін" немесе "егер менің әкем қаласа мен онымен бірге тұруға қарсы болмас едім"; "Мен әкемнің қайтып оралғанын қалаймын" немесе "мен әкемді ешқашан кездестіргім келмейді"; "Анаммен ажырасқанына қарамастан әкем мені жақсы көреді" немесе "әкем менің болашағым туралы ойланбайды" т.с.с.
Зерттелушілердің өзіне деген қатынасынан (2,17,32,47) да елеулі өзгерістерді байқауға болады. Мұнда "егер бәрі маған қарсы болса, онда мен өз-өзімді жек көре бастаймын" немесе керісінше "егер бәрі маған қарсы болса, онда мен ерегісе бастаймын"; "Мен өз алдыма шешім қабылдай алуға қабілетім жететін жастамын деп ойлаймын" немесе "өз пікірімді тыңдатуға қабілеттімін"; "Менің әлсіздігім ешқашан өз ойымды анық жеткізе алмаймын", "Мен сәтсіздіктерге кездескенде өзімді бақытсыз сезіне бастаймын" т.с.с. біржақты тұжырымдарды кездестіруге болады.
Болашаққа деген қатынас (5,20,35,50) шкаласының мәліметтері ата-анасының ажырасу жағдайы жасөспірімнің болашаққа деген жоспарлары мен армандары аясында да ықпал ететінін көрсетеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде зерттелушілердің "Болашақ маған қызықсыз көрінеді", "Мен болашақта бәрі жақсы болады деп ойламаймын", "Мен жақсылыққа үміттенемін", "Бізде болашақта бәрі қалпына келетініне сенгім келеді" деген тұжырымдамаларын келтіруге болады.
Өткен шағына деген
қатынас (9,24,39,54) шкаласы бойынша
жасөспірім үшін ата-анасы
Отбасына деген қатынас (12,27,42,57) шкаласының мәліметтері жасөспірімнің толыққанды дамуы үшін отбасының үйлесімділігі маңызды роль атқаратынын байқатады. Мұнда зерттеу тобы мәлімметтерінің арасында "Басқа отбасымен салыстырғанда біздің отбасымызда қуанышты жағдай жиі болмайды", "Менің отбасым мені түк түсінбейтін кішкентай деп ойлайды" "Менің бала кезімде біздің отбасымыз көңілді еді" деген тәрізді тұжырымдарды жиі кездестіруге болады.
Анасына деген қатынас (14,29,44,59) шкаласы бойынша көптеген жасөспірімдердің анасына эмоционалдық жақындығы байқалады. "Біз анам екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз", "Менің анам балалары үшін көп қиыншылықтар көруде", "Менің ойымша көптеген аналар өз балалары үшін бәрін жасауға тырысады", "Мен анамды жақсы көремін, бірақ кейде ренжісіп қаламыз" т.с.с тұжырымдамалар жасөспірімдердің осы бағыттағы көзқарастары мен түсініктерінің арасында алшақтық бар екенін көрсетеді.
Қорыта келгенде, зерттеу әдістемелері бойынша алынған мәліметтердің сандық және сапалық өңдеу көрсеткіштерінің барлығы да біздің ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасының маңызды өзгерістерге ұшырайтыны және жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктері осы тұлғалық өзгерістермен тығыз байланыстылығы туралы зерттеу болжамымыздың дұрыстығын дәлелдейді.
Қорытынды
Отбасы бала үшін ол туылған орта мен уақытының көп бөлігін өткізетін орта. Отбасында ол өзі қандай болса сол қалпында қабылдайтын жақын адамдары бірге тұрады. Отбасында бала қоршаған орта туралы алғашқы рет біле бастайды. Ал мәдениеті мен білімі жоғары ата-анадан қүралған отбасында баланың білімі жоғары деңгейде дамиды. Отбасы - нақты бір рухани-психологиялық ахуал. Бала үшін ол адамдармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігін үйрететін мектеп. Дәл осы отбасында балада мейірім мен жауыздық, парасаттылық, заттық және рухани құндылықтарға деген құрмет деген сияқты түсінік қалыптасады. Отбасындағы жақын адамдарымен бала махаббат, достық, міндет, жауапкершілік, әділеттілік сияқты сезімдерді басынан кешіреді. Отбасылық тәрбиеге эмоциялар тән. Оның түрткісі ата-анасының балаға деген махаббаты. Ол махаббат балада ата-анаға деген махаббатты оятады [15].
Д. Бауринннің пайымдауынша беделді ата-аналар бала бойындағы жауапкершілікке тәуелсіздік сезімін күшейте отырып, оның өзін жүзеге асыруы мен компоненттілігінің дамуына жоғары дәрежеде ықпал етеді. Н.Беккер пікірінше, баласын жақсы көруімен қатар олардың дербестік кұқығын мойындайтын жанұялардың балалары белсенді тәуелсіз, қайырымды, бастамашыл, тез бейімделгіш және шығармашылық қабілеттіліктің дамуы жоғары болады. Ата-ананың өз баласының табиғатын зерттеулер көрсеткендей "қабылдау және сүю" типі баланың жалпы дамуы мен творчестволық қабілеттерінің қалыптасуына жағымды екені анықталды.
Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің жеке тұлғалық қасиет-сапаларының әлеуметтік бейімделуін айқындау мақсатында жүргізілген эмпирикалық зерттеу барысында іріктелініп алынған әдістемелер арқылы бірқатар маңызды психологиялық жайттарды айқындауға мүмкіндік алдық.
Отбасы бала үшін алғашқы әлеуметтік орта болғандықтан, оның қалыпты дамуы, әлеуметтік бейімделуі мен тұлға ретінде қалыптасуында өскен ортаның психологиялық ахуалының маңызы өте зор. Жанұядағы кез-келген өзгеріс, қиындық бала психикасына өз қолтаңбасын қалдырары сөзсіз.
Жанұялық қиындықтар мен өзгерістердің салдары әсіресе, жасөспірім шақтағы даму кезінде өте күрделі сипатқа ие болады. Себебі, бұл кезеңде жасөспірім психикасының дамуында биологиялық фактордан гөрі әлеуметтік-психологиялық факторлар бірінші кезекті маңыздылыққа ие болады. Жасөспірімнің дамуына тән табиғи өзгерістер мен осы жас кезеңіндегі маңызды психологиялық құрылымдарының қалыптасуының өзі де жасөспірім психикасын бірқатар ауытқуларға әкелуі мүмкін.
Сондықтан да жасөспірім өз қоршаған ортасындағы, сондай-ақ, жанұядағы кез-келген сәтсіздіктер мен қиындықтарға аса сезімтал болып келеді. Өз жанұясындағы психологиялық ахуалдың шиеленісу, ата-аналарының арасындағы келіспеушілік, ажырасу процесіндегі қиындықтар мен көзқарастар қайшылығын жасөспірім ауыр өткереді.
Зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер бізге бірқатар маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
Қорыта келгенде, ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына әлеуметтік-психологиялық бейімделуі жағдайындағы жеке тұлғалық қасиет-сапалары оның эмоционалдық сферасының өзгерістерге ұшырайтындығын айқындау мақсатында жүргізілген эмпирикалық зерттеу барысында іріктелініп алынған әдістемелер бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.
Эмпирикалық зерттеу барысында алынған мәліметтердің сандық және сапалық өңдеу көрсеткіштерінің барлығы да біздің ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінде олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасының маңызды өзгерістерге ұшырайтыны және жасөспірімдердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу ерекшеліктері осы тұлғалық өзгерістермен тығыз байланыстылығы туралы зерттеу болжамымызды толығымен дәлелдеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Аверин В.А. Психология детей и подростков. Уч.пос.- 2-е изд. СПб:
2.Александровский Ю.А. Состояние психической дезадаптации и компенсация. М., Наука, 1976. 272 с.
3. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. М., 1977. 345 с.
4. Антипов Е.Е. Введение в теорию адаптиции. М., 1991. 24 с.
5. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995. 440 с.
6. Березин Ф.Б. Психическая и психофизиологическая адаптация человека. Л., Наука, 1988. 267 с.
7.Валиева А.Б. Психологическая адаптация разведенных женщин в постразводный период. Дис. канд. псих. наук. А., 2005. 165 с.
8. Василюк Ф.Е. Психология переживания. М., МГУ, 1984. 200 с.
9.Витек К.М. Проблемы супружеского благополучия / Под ред. М.С.Мацковского. М., Прогресс, 1998. 144с.
10.Вопросы психической адаптации. Сборник статей. Новосибирск, 1974. 239 с.
11. Головей Л.А. Рыбалко Е.Ф. Практикум по возрастной психологии.-
Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика одиночества. М., 1972. 336 с.
12.Джакупов С.М. Гармоничная семья как условие гармоничного развития человека // Материалы международной научно-практической конференции “Самопознание” – программа гармоничного развития человека”. 21-22 октября. А., 2003. С.82-88
13.Драгуова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте// Вопросы
14.Дружинин В.Н. Психология семьи. М: КСП,1996.-160с.
15.Думбляускас В. Противоречивость развода и его оценки // Человек после развода / Под ред. С.Рапорт. Вильнюс, 1984. С 234-243
16.Жарикбаев К.Б., Чистов В.В. Этика и психология. А., Рауан, 1997. 128 с
17.Захаров А.Н. Психологические особенности диагностики и оптимизации взаимоотношении в конфликтной семье // Вопросы психологии. 1981. №3. С. 58-68