Ата -анасы ажырасқан балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 15:34, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде..............................10
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы.............13
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.............................................................................................................................17
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22
2. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу бөлімі
2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты, обьектісі, міндеті...................................33
2 .2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..........................................................33
2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы........................................38
Қорытынды..............................................................................................................49
Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51

Файлы: 1 файл

Дип.-Ата-анасы-ажырасқан-жасөспірімнің-ажырасу-жағдайына-бейімделудегі-психологиялық-ерекшеліктер.doc

— 678.50 Кб (Скачать файл)

Көптеген ата-аналардың жанама жан айқайлары балалардың реакцияларынан сәл ғана айырмашылығы бар. Балалар ажырасуды ең алғаш ата-анасының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты деп қабылдамайды. Олар өздерін әкесі немес анасы тастап кететіндігін түсінеді. Өкпелеу сезімдері, болашақ алдындағы қорқыныш, ажырасқан жұбына деген ашу-ыза, жек көру сезімі, сонымен қатар (жиі бейсаналы түрде) балаға қатысты да байқалып отырады.

  Ата-анасының ажырасудан кейін баланың дамуы жайында сөз болғанда, бір-бірімен өте тығыз байланысты екі сұрақ туындайды. Бірінші сұрақ келесідей түрде болады: бала үшін толық емес отбасында өмір сүру деген нені білдіреді, яғни тек қана үлкендердің біреуімен ғана тұру. Екінші сұрақ: баланың енді бірге тұрмайтын ата-анаға деген қарым-қатынас құндылығы және маңыздылығы. Осы сұрақтардың екеуі де соңғы жылдары ажырасу мәселесіне арналған зерттеу  жұмыстарының маңызды мәселелерін құрайды. Ажырасудың бала тұлғасының дамуына жағымсыз әсер етуін шектейтін немесе көмек беретін мүмкіншіліктер ата-аналар балаға ата-ананың екеуімен бірдей интенсивті қарым-қатынас жасауына жағдай жасаған кезде, яғни бала бірге тұрмайтын ата – анамен де қарым – қатынаста болатын болса, онда балаға ата-анасының берген көмегі ұтымды болады.

Кейбір авторлар атап көрсеткендей, көптеген балалр ата-анасы көп жыл бұрын ажырасқан болса да – бала да үнемі әкесіне деген сағыныш жалғаса береді. Сонымен қатар, оларда отбасының қайтадан қосылуын армандайды. Осыған байланысты мынадай көзқарас қалыптасады: балалардың  ажырасуға дейінгі және одан кейінгі сипаттамасының бір бөлігі бейсаналы мақсат түрінде ата-аналарын күнделікті ұрыс тудыратын мәселелерден көңілдерін аудару, негізінде оларға бала туралы ортақ жауапкершілікті еске салып, олардың қосылуларын мақсат етеді [17, 219-233].

Баланың әкесімен интенсивті қарым-қатынас жасауының жалғаса беруінің маңыздылығы бала мен ана арасындағы қарым-қатынаста жеңілдік пайда болады және осымен байланысты балада өзіндік толық еместігін сезіну сезімі пайда болады. Көптеген балалар үшін ажырасу билікті жоғалту дегенді білдіреді. Басқа ата-анадан қорғаныш таба алмау мүмкіндігі бірге тұрып, бірге жатудан ата-анаға деген тәуелділік одан сайын күшейе түседі.                                           Бұған қоса конфликтілермен күресу жолында сәтсіздік және қорғансыздық сезімі пайда болады. Түңілу, мұң және биліксіздік сезімі ажырасудан кейін балада өзінің толықсыздығын сезінуінің дамуына әкеледі.

Керісінше, ажырасқаннан кейін де өз әкесімен жақсы байланыста болған балаларда өзінің адамгершілігін сезіну сезімі жоғары болады. Ал баласының қамқорын есепке алмайтын әкелердің балалары өздерін ешкімге керексіз сезініп, реніш сезімі басым болып, өз құрбыларынан әлеуметтік жетілу және өзінің адамгершілігін сезіну сезімінің дамуы жағынан кеш және артта қалады.              Әкесімен жақсы қарым-қатынасты сақтаған ажырасқан отбасының балалары жаңа өмірлік жағдайларға өте жақсы бейімделеді. Отбасында жоқ ата-анамен «жақсы», «интенсивті» қарым-қатынасты қарастыруда оның «тек сандық», яғни сыртқы контактілерін айту жеткіліксіз. Жақсы, яғни ішкі қарым-қатынас осындай қарым-қатынастар жасауға іштей еркіндігін сезіну қажет. Ал бұл үшін тек баламен ғана емес, сонымен қатар  ата-ана бір-бірімен қарым-қатынастарын жалғасымды түрде қолдап тұрулары керек.

Егер бұл іске қосылмай керісінше, ата-ананың әрқайсысы өз қызығушылықтарына баланы араларындағы ұрыс-керіске тартатын болса, онда балалар күрделі конфликтіге түседі. Мұндай ата-аналар өздерінің жұбайлар жайлы жақсы нәрсе айтпайды, баланы ата-ана көп жағдайда тыңшы ретінде пайдаланып, ажырасқан жұбайы туралы сұрастырады немесе керісінше, кейбір нәрселерді айтуға шек қояды. Балаға мұндай жағдай үлкен күйзеліс тудырады. Бір жағына ол бұрынғыдай ата-анасының екеуін де жақсы көреді, ал екінші жағынан – бала ата-анасының күткендерін ақтай алмай қалып, соның себебінен екеуінің біреуінің махаббатын жоғалтып алудан қорқады. Ажырасу мәселесіне байланысты неміс ғалымы Юдифи Валлерштейн дәлелдегендей, ата-аналар арасындағы агрессивті келіспеушіліктер балада тек күйзеліс конфликтілерін ғана туғызбайды, сонымен қатар, олар өздерін бақытсыз махаббаттан емес, жек көрушіліктен пайда болған баламыз деп ойлайды. Бұл балалар өзінің еліктеуші адамына қатысты сәйкестендіру процесінде де үлкен қиналысқа түседі, олар өздерін жақсы көрмейді және өз өмірінің мәні неде екенін көре алмайды, көргісі де келмейді [18,224-245б].

Көптеген балалар өздерінің аналарын әкелерінің жоқтығынан кінәлайды. Әлсіздік пен қамқорсыздықты көрсететін аналар проблеманың нақ «объектісіне» айналады. Олар балаларын аналық қамқорлықтың жоқтығын сезінуге мәжбүр ете отырып,  кінә сезімін сәйкестендіріп, баласында агрессивті қозулардың болуына жол бермейді. 

Объектінің болмауы оның идеализациясын тудырады. Көптеген әкелер бала үшін барлығын қорғаушы «ханзада» деп есептеледі, олар ұзақ уақыттық сапарға кеткенде ауырлықтың барлығы анаға түсіп, әкелері жек көру пәніне айналады. Баланың идеалды әкесі осыған байланысты ұл баласының реалды өзін-өзі бағалауын қиындата және «Мен – идеалын»  құруға кедергі келтіреді, ал қыз балаларға - ер адамдар туралы реалистік көріністің болуына кедергі келтіреді. Осыған қоса кері феномендер де бар, анасы ғана бар отбасында ер адамдардың сынға соншалықты алуына байланысты, ер балада жыныстық сәйкестену және қыз балада қарсы жыныстағыларға қызығушылықтары қатты күйзеліске ұшырайды. Осыдан келіп, Валлерштейн әкенің тек өмірлік бағдарға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мамандықтар жайлы мәліметтің болуында және де ұзақ уақыттық қарым-қатынас құру үшін,  өмірлік мақсаттарынының қалыптасуында орны ерекше екендігін атап көрсетті. Валлерштейн ата-аналарына бала қызығушылығына қатысты белгілі мінез-құлықтың болуын көрсетеді, бірақ осымен бірге ол ата-ананың  тағы бір нәрсені еске салады: ата-аналар жақсы ажырасқан ата-аналар атанулары үшін, олар өздерінің некелерін психикалық жағынан жақсы аяқтауы қажет, өздерінің эмоцияларымен дұрыс жұмыс істей білуге үйренуі керек және олар өз-өздеріне келіп, жаңа өмірге деген үмітке ие болулары керек [25, 58-68].

 

«Ажырасқан» бала.

    Баланың және ата-ана  өзінің арман-тілектері арасындағы  қарама-қайшылықтарды жеңе білу  және тану қиындығы ата-ана  ажырасу арқылы балаға келтіретін жасырын ауыртпалықтың қатарында орналасқан. Қызығушылықтан туындаған кінә сезімі көптеген ата-аналар бала мотивтерін есепке алуға тура келеді, мысалы, бала қызығушылығын өздерінің және қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланады: «Мен мұның барлығын бала қызығушылығына байланысты ант жасадым» деген сөздермен аяқталады. Нәтижесінде баланың ажырасуға деген реакциялары ата-ананың екеуінде қобалжытып мазалайтын маңызды мәселе ретінде емес, керісінше, баланың ажырасуға деген реакциялары ата-аналардың жеке қызығушылықтарына байланысты фрагменттерді шешу үшін қолданылады.  

Ажырасудан кейінгі жасөспірімде жиі ретте әкеге қатысты кризис туындайды. Әдетте, баланың ажырасудан кейінгі ата-ананың конфликтілі қарым-қатынастарына араласуы пассивті болады. Ол өзін қылмыскер емес, жәбірлеуші деп есептейді. Оның мінез-құлық аффектілері өзінің ниетіне, ойына бағытталған және ол ата-ананың ниетімен жүзеге асырылады. Баланың ниеті, ойлары өзіне көңіл аудартуға және ауырсыну мен қорқыныш сезімі, сонымен қатар айырылуды шектеуге бағытталған. Тек қана ата-аналардың қайғырулары қарама-қайшы емес, көптеген балаларда ата-ананың екеуіне де деген махаббатпен қатар олардың қайта қосылу керек деген арман бірге жүреді. Осымен бірге балаларда кері бағытта жүретін күшті тенденциялар байқалады, әсіресе, қамқорлықты қолға алмаған адамға, яғни - әкесіне бағытталған.

  • Бала анасын жақсы көріп тұрып, соған қатысты балада қорқыныштың әсерінен анасына деген агрессия пайда болып, қорқыныш сезімінің әсерінен бала анасына одан сайын тәуелді бола бастайды. Бұл агрессия баламен бірге тұрмайтын ата-анасына көшетін болса неғұрлым азаятын еді.
  • Ата-ананың ажырасумен байланысты көптеген балалар өздерінде кінә сезімін дамытып алуларынан әкелерінің жоқтығы үшін кінәні өтеу қорқынышының өсуіне әкелуі мүмкін.
  • Кейбір балалар керісінше, өкпелерін өз саналарында сақтап, әкелерін кешірмейді (көп жағдайда өмір бойы). Олар өздерін тастанды деп сезініп, сол атқа қалғандары үшін кектерін алуға тырысады.
  • Кей кездері анасына бағытталған жағымды талпыныстар әкесіне де бағытталуы мүмкін. Баланың анасымен идентификациялануы да оның әкесінен бас тартуына әсер етеді.

    Осы және басқа да  мотивтер балада әке махаббатына  қарама-қарсы ағысты туғызады, яғни  баланың әкесімен сәйкестенуіне  қарсы әсерін тигізеді. Бұл психодинамикалық мәселе мынадан тұрады: өкпе, кінә сезімі және қорқыныштарын жоюға қолданылатын әкесіне қарсы тітіркендіргіштің дамуы шын мәнінде баланың психикалық мәселелерін кеңейтеді. Көп жағдайда балалар ыстық махаббат пен жек көру сезімінің ортасында қалады. Көптеген балаларға күресуге тура келетін жағдай, ол өз агрессияларын әкелеріне жұмсауларына байланысты анасына деген қарым-қатынас сақталады [33, 165-167б].

    Ата-ананың ажырасуы  қай уақытта болмасын балаға  үлкен қиындықтар туғызады. Кейбір  ғалымдардың айтулары бойынша ажырасулардың ұзақ уақыттық әсердің ерекше және ерекше емес түрлерін ажырата білу керек дейді. Анықталғандай, баланың ажырасуға дейінгі, ажырасу кезіндегі және ажырасудан кейін дамуының күрделі жағдайы қорғанудың протогенді процестерінің мүмкіндігін жоғарылатады. Осындай қорғану процестерінің нәтижесінде күрделі психикалық бұзылыстар (симптомдар, мінез қырлары) және де кейіннен невротикалық ауруға шалдықтыратын аса жоғары диспозицияның болуы. Бұл невротикалық диспозицияларды ажырасудың ұзақ уақыттық әсерінің ерекше емес түрі деуге болады, өйткені ажырасуды бала өзінде өмір бойы бейсаналы түрде сақтап жүретін конфликтілердің маңызды эмоциялық факторы, яғни пайда болу факторы  ретінде бағалауға болады. Балаға ажырасудан кейін көрсетілетін көмек жасалынуы қажет. Көп зерттеулерде ажырасу жағдайынан кейін көмек көрсетілген балалар мен көмек көрсетілмеген балаларды салыстыруда балаларда едәуір айырмашылық кездескен. Мұндай балалар, яғни дер кезінде психологиялық көмек алғандар ажырасудан кейін көптеген айлар бойы конфликтіге көлемді қорқыныштарды сыртқа көрсеткен, дегенмен отбасында ата-ананың біреуімен жалпы шиеленіс өсе түскен, бірақ ажырасудан кейін отбасылық жағдай қауіпсіздікті ұсынғаны соншалықты, олар жағдайлардың өтуі барысында өздерінің қорғаныстарын біршама босата алды (әсіресе балалар әлі жеткіншектік жасқа жетпеген кезде).

Әрине, жағымсыз жағдайдың әсерінен болжамдар едәуір төмендеп кетуі мүмкін. «Тиімді емес» ажырасудан кейінгі қарым-қатынас экстремалды жағдайларға әкеледі. Балаға деген психикалық қысымның күштілігі соншалықты, ата-анасының ажырасуының нәтижесінде балада постравматикалық күйзеліс, яғни шыдамына шек қойған қорқыныштардың жарылысы болады. Осыдан келіп шығатын мәселе бала үшін екі жақты болып көрінеді: біріншіден, ата-ананың біреуімен айырылысу көптеген айларға созылатын немес көп рет қайталанып отыратын ауырсыну сезіміне айналуы. Бірақ не өзгермей сол қалпында қалады, бұл келесі: балалар ата-анасының арасындағы конфликтілердің объектісі болып қана қоймай, өздерін шешім қабылдаушы ретінде сезінеді [30, 67-75б].

Ажырасудың жасөспірім психикасының дамуына әсерінің келесі мәселесі агрессиямен байланысты.

    Конфликтілер агрессиялы  қозулармен қатар жүреді. Ата-анасы  ажырасқан балалар агрессиялы  конфликтіге неғұрлым бейімді  болып келетін сияқты: өкпелеу, негізгі қажеттіліктерден бас тарту, регрессивті процестер, сәйкестену процесі және кінә сезімі баланың ата-ананың біреуіне немес екеуіне бірдей агрессияның күшеюіне әкеледі. Конфликтілерді өңдеу нәтижесі әр балада әртүрлі болады. Бала қорқыныштарын өзінің агрессиясына бағыттауы мүмкін. Осының әсерінен ол өзінің ары қарай жалғасатын өмірінде басынан өткен сәтсіздіктер мен адалсыздықты, тітіркенуі мен ашу  - ызасын сыртқа шығарып көрсетуден қорқуы мүмкін.

     Ерекше ұзақ мерзімді бұзылыстарға өзін толық сезінбеу мәселесі жатады. Егер балалар өздерін – тастанды және жеткілікті өлшемді махаббатты ала алмадым деп сезінсе; егер олар өз отбасын сақтап қалмауда өздерін кінәлі сезінсе; егер отбасынан кеткен адаммен бірге өздерінің маңызды бір бөлшегін жоғалтып алғандай сезінсе; егер өздерінің сексуалды сәйкестігінде сенімді болмаса; егер олар анасы үшін жетіспейтін жұптық орнын баса алмайтынын сезінсе; егер олар өздерін керексіз, ештеңеге жарамсыз екендігін сезінсе; егер олардың кінә сезімі өздеріне жаңа бір қате жасап қоюына қорқыныш тудырса және т.б. Балада өзі туралы көріністердің барлығы бейсаналы түрде болады. Сондықтан көп жағдайда ата -  насы ажырасқан балалар өмір бойы махаббатқа лайық емеспіз деп ойлап, сәтсіздікті қайта басынан кешіру қорқынышын алып жүреді [42, 25-32].

     Балаларда бұл мәселер кішкентай кезінен пайда болады, ол «өзіне ұқсайтындармен» қарым-қатынасында, кейіннен – жеткіншектермен қарым-қатынаста ең соңында – кәсіби және қоғамдық өмірде көрініс табады. Бір жағынан, бұл өзін толық сезінбеу сезімімен байланысты, осы арқылы олар өздерін жеңіліске түскен деп сезініп, не бірлестікпен қашады, не өзінің артықшылығын үнемі дәлелдеп отыруға мәжбүр болады.

    Ата – анасы ажырасқан  жасөспірімдердің ең көп ауырсынып, қайғыратын өмірінің бір аймағы – ол жұптық қарым – қатынас болып табылады. Бұл жыныстық даму кезінде басталады. Жалғыз қалған ата – анамен бала арасындағы қарым – қатынас тығыз қалыптасып, нағыз серіктестікке ұқсайды. Мұндай жағдайда ата – анаға баланы үйден шығару қиынға түседі, ал бала үшін – «анасын (немес әкесін) мүлдем жалғыз қалдыру да дәл сондай.

     Осыған қоса «сыртқы қоршаған орта алдындағы» қорқыныш күшейе түседі. Мұндай жасөспірімдер ұзақ уақыт бойы үйіне тәуелді болуға бейім болып келеді. Егер үйден босатылып шығу жүзеге аспаса, онда қашып шығуға тура келеді. Кінә сезімінің дамуына жол бермейтін «қашып шығудың» бір түрі өз отбасын негізге алу болып табылады.  Жалпы алғанда, жақсы бейімделіп, сол себептен қашу қиындық тудыратын әсіресе қыз балалар үшін. Олар осыған байланысты конфликтілерді пайдаланып, «сәйкес келетін мүмкіндікті» жібермеуге тырысады [ 1, 199 – 220 б.].

     Салыстырмалы зерттеулерге қарағанда ажырасудан кейін балалардың бейімделуі оның анасының ары қарайғы іс-әрекетіне тәуелді болады, яғни анасы қайта заңды некеге тұра ма, әлде азаматтық некеде бола ма, жоқ ер адамдармен қарым-қатынасты үзе ме т.б. Аналары заңсыз түрде басқа ер адаммен бірге тұрған жасөспірімдерде бейімделу өте ауыр өтеді. Нәтижесінде, олар өздеріне сенімсіз болады. Көп жағдайда әкелері балаларымен кездескенде аналарының қылығын кекетіп, жақсы сөздер айтпайды, сол себепті жасөспірімдер моральдық тұрғыда әлсіреп қиналады.

Информация о работе Ата -анасы ажырасқан балалар