Ата -анасы ажырасқан балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 15:34, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы еліміздің экономикалық - әлеуметтік жағдайдың аумалы – төкпелі кезеңіндегі қиындықтар, рухани – қажеттіліктердің тапшылығы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің қайнар көзі оның – отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ бала үшін өмір мектебі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата – ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сол себепті, әрбір ата-ана өз баласының білімді, мәдениетті, жан - жақты дамыған нағыз адам етіп тәрбиелеуге міндетті.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................7
1. Психология ғылымындағы ажырасу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау
1.1 Ажырасу конфликтілі жағдайлардың бір шешімі ретінде..............................10
1.2 Отбасындағы ажырасудың негізгі себептері мен даму динамикасы.............13
1.3 Ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсері.............................................................................................................................17
1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері...................................................................................................................22
2. Ата-анасы ажырасқан жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделуінің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу бөлімі
2.1 Эмпирикалық зерттеудің мақсаты, обьектісі, міндеті...................................33
2 .2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы..........................................................33
2.3 мәліметтердің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы........................................38
Қорытынды..............................................................................................................49
Қолданған әдебиеттер.............................................................................................51

Файлы: 1 файл

Дип.-Ата-анасы-ажырасқан-жасөспірімнің-ажырасу-жағдайына-бейімделудегі-психологиялық-ерекшеліктер.doc

— 678.50 Кб (Скачать файл)

 Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы  мүмкін:

  • ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;
  • сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін сақтайды;
  • аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп, өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп, мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің «Мені» мен өзбеттілігін сақтайды.

    Бейімделу мәселесін  өте жақсы қарастырған психологтардың  бірі Э.Фроммның айтуынша, адам өзіне қажетсіз, жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға да бейімделе алады, мысалы құлдыққа, диктатураға және т.б. Бірақ бұл бейімделу адамға зардап әкелу арқылы өтеді- тұлғаның моральдық және интеллектуалды қасиеттерінің деформациялануы, эмоционалды бұзылыстардың болуы ақыр соңында қоршаған ортаның өзгеруіне әкеледі, себебі, адам өз табиғатын өзгерте алмайды. Э.Фромм адамда болатын бейімделу процесінің перманенттілігі идеясын ұсынған болатын. Бұл идея бойынша, тұлғаның дезадаптациясының позитивтілігі тұлға дамуының қайнар көзі деп есептеген. Осылайша,тұлғаның бейімделе алмауы Э.Фромм бойынша оның өмір сүруіне сай келмейтін жағдайлардан қашып құтылмайтындығымен түсіндіреді. Бұл ойлар өз қолдауын А.В.Петровский мен В.А.Петровскийлардың зерттеулерінде тапты.

    Дезадаптация патологиялық  және патологиялық емес сипатта болуы мүмкін. Патологиялық дезадаптация психикалық және физилологиялық функциялардың, мінез-құлықтың тасымалдануына, тұлғаның қоршаған ортамен және өз-өзімен  конфликтіге түсуіне, ең күрделісі, суицидке (өз-өзіне қол  жұмсау) дейін әкеп соғады.

     Жоғарыда аталғандардың  барлығын жүйелей келіп, бейімделудің   психологиялық және әлеуметтік-психологиялық  мәселелерін қарастыру адамдардың  қиын, сыни жағдайларда бейімделу  процесін жан-жақты талдауға мол  мүмкіндіктер береді. Сол себепті, адам өміріндегі қиын да келеңсіз жағдайлардың бірі болып есептелетін ажырасу кезіндегі бейімделу мәселесі, оның ішінде, ажырасу жағдайына жасөспірімдердің бейімделулерін қарастырмас бұрын, алдымен адамда жалпы бейімделу процесі қалай өтетіндігіне шолу жасауды жөн көрдік [48, 348-355].  

    Осы айтылғандардың барлығын  негізге ала отырып, жасөспірімдердің  ажырасу жағдайына бейімделудің  психологиялық мәселелерін қарастырайық. Бұл мәселені талдау кезінде  біз жасөспірімнің тек бейімделу  мәселесін ғана емес, сонымен қатар оның отбасындағы болған ажырасу жағдайына бейімделуі кезінде көрсететін реакцияларын, соның салдарынан болатын  жасөспірім тұлғасындағы мінез-құлықтық,  эмоционалды-психологиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі өзгерістерді ашып қарастырамыз.

 

   1.4 Жасөспірімдердің ажырасу жағдайына бейімделудің психологиялық мәселелері

 

    Ата-анасының ажырасу  жағдайына әсіресе жасөспірімдердің  жанама реакциялары көп жағдайда  өте күшті болады. Жасөспірімдердің  өздерінің бағалаулары бойынша, стресс тудыратын өмірлік мәселелер ішінде ата-анасының ажырасуы (ата-аналардың, туған аға-әпкесінің, жақын достарынан айырылудан) кейінгі төртінші орында тұр. Ажырасу жағдайына байланысты жасөспірімдерде ең көп кездестін рекациялар:

  • Болған жағдайды терістеу, сенбеуге тырысады.
  • Жасөспірім өзін ата – анасының арасында ешқандай шиеленістер жоқ деп сендіруге тырысады. Олардың түсіндіргенін тыңдағысы да келмейді, ата-анасының әлі де болса қайта ойланып, қосылып қалар  деген үмітпен өмір сүреді. Көпшілік балалар өзінің ата – анасы қайтадан қосылады деген үмітпен өмір сүрулеріне байланысты мынандай мәліметтер келтіруге болады: 5 – 7 жастағы балаларда 65,7 % болса, жасөспірімдік кезде ол көрсеткіш азаяды, дегенмен де 16%  - ды құрайды.
  • Үрей, қорқыныш, болашағына деген сенімсіздік, жасөспірімнің әлемді эгоцентрлік қабылдауы ретінде оны ең алдымен, жеке өмірінде болуы мүмкін өзгерістер қобалжытады. Сонымен қатар, тұратын жерінде, оқу орнында, материалдық жағдайда болатын ауысулар да алаңдатып, қобалжулар туғызады.Осыған қоса, жасөспірімдер өз қатарластарынан отбасылық мәселелері үшін ұялу сияқты қиындықтар туындайды[ 5, 190 – 195 б.].

     Жасөспірімнің ажырасу  жағдайына деген реакциясының  психологиялық бейнесін құру  үшін оның мінез-құлқын немесе  симптомдарын ескеру қажет. Мінез-құлық ерекшеліктері қайғыру реакциясы ішінде аффект түрінде болуы мүмкін, бірақ олар сонымен қатар ерекше қорғану механизмдері және бейсаналы құмарлық арасындағы конфликтілерден тұратын  күрделі невротикалық жағдайларды бейнелеуі мүмкін. Бірақ маңызды деп есептелетін жағдай, ол ерекше аффектілер немесе психикалық конфликтілер ешбір жағдайда сырттан көрініс таппауы керек, өйткені оларды үлкен адамдар «қалыпсыздық симптомдары» ретінде қабылдайды.

     Жер бетінде біз  өте қатты жақсы көретін адам  егер бізді аяқ астынан ешқандай ескертусіз тастап кетсе, не болатынын елестету өте қиын. Бірақ көптеген ата – аналар бала үшін бұл жағдайдың қаншалықты маңызды екендігін түсіне бермейді. Үйден кеткен әкесі тек үй ошағын, әйелін, балаларын ғана тастап қоймайды, балалары да тек ата – аналарының  ажырасуын қайғырып қана қоймай, оған қоса, өзінің әкесінен мен (немесе анасынан) айырылғанын  да ойлайды.

     Кейбір жағдайларда  бала ата – анасының ажырасуында  өзін кінәлі деп санап, әкесін (немесе анасын) ұстап қала алмағандығын қатты қайғырады.

     Ажырасып жатқан ата-анасының  өмірінде өзінің маңызды еместігін, ажырасуға қалай да болса бөгет  жасай алмау, өзінің әлсіздігін  сезінуінің барлығы ашу-ызаға  әкеп соғады. Баланың ашу-ызасы  ата-ананың екеуіне де бағытталуы  мүмкін, мұндай ашу-ыза ата-ана үшін баланікіне қарағанда өздерінің жеке сұраныстары мен қажеттіліктері маңыздырақ болған кезде осы арқылы олар балаға ауырлық келтіретіндіктерін түсінген уақытта пайда болады [39, 254-267б].

    Ата-ананың екеуіне бірдей  ашу-ызаның болуы немес тек біреуіне ғана, яғни кімді көбірек кінәлі деп санаса, бұлардың ешқайсысы өзара ерекше болып саналмайды.

Біріншіден, агрессиялар – бұл өзінің объектісін ауыстыра алатын құштарлықтар, яғни кейде бақылау кезінде бала кезектестік түрде бірде әкесін, бірде анасын жек көрсе, кей жағдайларда келтірген зардаптары үшін екеуін де бір уақытта жек көруі мүмкін.

Екіншіден, саналы аффектілермен қатар сезімнің бейсанасы позициялары да болады.

     Кінәлаудың ерекше  түрі – бұл балалардың ажырасу  жағдайы үшін өз – өздерін кінәлауы. Көп жағдайда балалардың ата – анасын немесе олардың біреуін ғана кінәлауы өзінің жеке басын кінәлау сезімін қорғау болып табылады. Көптеген балалар, әсіресе жасөспірімдер ажырасу жағдайын естіп, аңдаусыз үстінен түсуі оларды қобалжытып, кейіннен ол ата – ананың қарым-қатынасы мен араларындағы конфликтілер баласына деген қатынастан қарағанда олар үшін неғұрлым маңызды екендігін түсінеді. Бұл баланың күтпеген эгоцентризміне, оның ата-аналарының ортасында әлем орталығы деген түсінік қалыптасады. Егер балада осы сенім күші болса, онда ол ажырасу жағдайын отбасын тастап кеткен ата-ана мен өзінің жеке қарым-қатынастарының құлдырауы деп түсінеді. Және ол өзін сәтсіздікті басынан кешірген махаббат құрбаны деп қабылдайды [30, 281-285б].

    Осыған ұқсас кінә сезімдері ата-анасы ажырасқан барлық балаларда байқалатын өзінің толық құндылығын шеттетілу сезімі арқылы көрінетін жоғалтып алу сезімдерімен түсіндіріледі. Мұндай кінә қиялдары көп жағдайларда ата-ана арасында болған дау-дамай тәрбиелеуге байланысты, яғни бала төңірегінде болғандықтан, еске түсіру кезінде күшейіп отырады. Осылайша, бала өзін конфликтілердің басты себебі ретінде қабылдай бастайды.

     Бала үшін бұл өзінің  ата-анасының ажырасуында өзін  кінәлі деп санау жеткілікті  түрдегі күрделі негіз болып табылады. Сондықтан, көп жағдайда көптеген балалар анасы мен әкесінің арасындағы конфликтіні біріктіруші ролінде ойнауға тырысады.

Ажырасу бұл әрекеттің бұзылуының дәлелі болып табылады. Ата-ананың біреуінің кетуі- айырылу және махаббатты жоғалтып алу алдындағы қорқыныш сезіміне айналады. Бұл қорқыныштар жасөспірімдердің инстинктивті конфликтілерін жүзеге  асырады және бұлар мәдени бейімделудің қозғаушы күштері болып есептеледі. Осының нәтижесінде, ажырасу көптеген балаларға жазалау, нашар тәртіптері үшін сазайын  тарту, жеткіліксіз табысы  мен шек қойылған ойлары үшін жазалау деп түсінеді [41, 25-23б].

     Ата-анасының ажырасуында  өзін кінәлау сезімінің дамуы  шын мәнінде ереже болып табылады. Валлерштейн және Келлидің айтулары бойынша, осыған ұқсас құбылыстар 30-50 % жағдайларда кездеседі. Ал Ф. Гельмудтың айтуы бойынша, бұл кішкентай балалармен қатар жасөспірімдерде де сондай, кейде тіпті жоғары болуы да мүмкін. Баланың өзін-өзі кінәлау сезімі қорқыныш тудырады, яғни сазайын тарту және жеке басының биік күшінің алдындағы қоқыныштың пайда болуы. Бірақ ата – аналарының ажырасуының себебінде өзін қатты емеспін деп есептейтін балаларда біршама күрделі қобалжу күйіне түседі екен. Мысалы, оларда: «егер мені анам немесе әкем бала – бақшадан алып кетпесе мен балаларға не деп айтамын» деген сияқты  сұрақтар туындайды. Осыған қоса ажырасу жағдайына түскен балаларда болатын ең үлкен қорқыныш түрі  - ол әкесін кейін тағы да анасын жоғалтып алу (немесе керісінше) қорқынышының пайда болуы.

     Бір балада мұң басым болса, басқасында ол ашу-ызамен көмкеріледі, үшіншілері өздерін кінәлі сезініп, өз-өздерін ұяттымын деп ойласа, төртіншілері әкесімен қоса анасын да жоғалтып аламын ба деген қорқынышпен әкесінің кеткеніне не ашуланарын, не мұңаярын  білмей қиналады. Эмоциялар әр индивидте әртүрлі көрінуі мүмкін – мұң, қайғы, ауырсыну сезімдері, ашу-ыза, кінә сезімі және қорқыныш – бұлардың барлығы баланың ата-анасының ажырасуына көрсететін қалыпты реакциялары.

    Бұлар тек жай ғана  реакциялар емес, егер бала психикалық жағынан сау болса, онда осы эмоциялардың біреуіне ғана жауап қайтару керек, яғни реакциясы бір түрде ғана болуы қажет [37, 58-65б].

    Өзінің ата-анасын жоғары  дәрежеде жақсы көретін балалардың  өзі олардың ажырасуларына қайғымен  қарайды, өйткені, ажырасу олардың өмірлеріндегі шешуші оқиға болып есептеледі. Бірақ жоғарыда аталған сезімдер кез-келген баланың жан жинағында болады. Олар тек жан қиналысын ғана емес, сонымен қатар біруақытта жан теңдігін қалпына келтіру үшін күрес құралы болып та саналады.

    Ажырасу жағдайынан кейінгі дағдарыстың күшеюінің екі негізгі себебі бар: олар ата-ана ажырасу арқылы балаға келтірген ауыртпалығы үшін өзіне жауапкершілікті ала алмау және ажырасудан кейін бала тәрбиесін жауапкершілікке алған ата-ана, яғни анасының ажырасудан кейінгі дағдарысы. Аталған мәселелер ажырасудан кейін ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпеуі мүмкін емес, ал бұл нақты қарым-қатынас баланың ажырасуға байланысты өзінің қайғыларын жеңуге жанама әсерін тигізетінін көрсетеді.

    Экономикалық қысым және сонымен байланысты ауыртпалықтар ажырасқан ананың балаға аз уақыт бөлуіне әкеліп соғады. Отбасылық ауыртпалықтар ананың жұмыстан бос уақытта да баласына аз көңіл бөлуіне әкеледі. Осы уақытқа дейін анасымен болған кішкентай балалар енді бала – бақшаға барады немесе ата-әжесімен қалса, оқушы кезінде үйде жалғыз қалуға мәжбүр болады.

    Жан ауыртпалығына тап  болатын аналардың көңіл-күйлері  өзгеріп тұрады. Стресстік жағдайда  баласының ең қарапайым сұраныстары  анасынан баласы   шектен тыс талап етіп тұрғандай сезінеді. Аналардың көңіл-күйлері өзгергенде, ана мен бала қарым-қатынасын тек үстіртін мәселелері. Ана – бала қарым-қатынасының агрессивті жағы – тек бала жақтан ғана күшеймейді. Ананың осы уақытта баласына қатысты ерекше агрессияны дамытудың өзі көп негіз болып есептеледі [45, 78-85б].

     Күнделікті болатын  конфликтілер күшті тітіркенушілікті  туғызады. Көрініп тұрғандай, ажырасқаннан  кейін анаға баласының сұраныстары  үлкен талап қойып тұрғандай  болып, кейде шыдамы шегіне жетіп, таусылатын кездері де болады. Ұрыс пен тітіркенушілік өз кезінде екі жақты да «агрессивтілік оталуына» әкеп соғады.

     Ата – ананың  жасөспіріммен  болған конфликтісінде агрессивтілікті  шектен шығармай ұстап тұрудың  маңызды факторы, ол ата-ананың  баласының арман-тілектерін, не жасағысы келеді, неге қарсылық білдіріп тұрғанын түсінуде. Осылайша түсіну баламен біртіндеп сәйкестеніп немесе оның көзқарасымен келісімге келе алу мүмкіндігінің нәтижесі болады. Бұл  дегеніміз, балаға деген талаптарды өзгерту керек дегенді білдіреді. Егер бала ата – аналарының көзқарасымен санасса, онда онда олар баланы қарсыласқаны үшін жазаламайды.

     Отбасындағы ажырасу  жағдайымен  байланысты болатын  агрессиялар бар. Көптеген аналар  үшін ажырасу жаңа бастау негізі  болып табылады. Әрине, өткен өмір жеке басының толық қалыптаспағандығына көп із қалдырса, соғұрлым балаға ашу – ыза, ұят және т.б. сезімдерден жаза тиюі мүмкін [1, 55-59б].

    Осы уақытқа дейін  ажырасу жағдайымен байланысты  ата-ананың мінез-құлқындағы өзгерістер  бақылауға алынды. Осыған байланысты бірінші орында ата-аналар ажырасудың балаға тигізер әсері қандай екендігін өз-өздеріне есеп бере ала ма деген сұрақ тұрды. Сол үшін ата-аналарға ажырасу бала үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсету үшін жұмыстар жасалды, яғни осы арқылы ата – аналар өздерінің жеке өмірлерінің қызығушылықтары арқылы келтірген ауыртпашылықтарын сезініп, келтірген зардаптары үшін өздеріне жауапкершілікті алып, баланың ары қарай дамуына жағдай жасап, оның мұңдары мен өкпелерін, агрессивтік көріністерін түсінген болатын. «Кінә үшін жауапкершілік» ажырасуға әкелген жағдайлардың дамуына немесе ажырасуда өзін кінәлі емеспін деп санайтын ата – аналардың да позициясы болу керек.

     Ажырасудан кейін баланың қайғырулары басталып, ата-ананың кризисі аяқталады деп айту қате болар еді. Шын мәнінде олай емес, соңғы уақытта бұрын бірге болған жұптардың ажырасу кризисін зерттеп жатқан көптеген жұмыстар бар. Олардың жеке бастарының мәселелері азаймайды, керісінше, бірден өседі. Ажырасу көптеген ата–аналарға қосымша психикалық, әлеуметтік, экономикалық проблемалар әкеледі [11,44-78б].

Информация о работе Ата -анасы ажырасқан балалар