Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.
Кіріспе......................................................................................................3
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59
Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық
ерекшеліктерінің ғылыми теориялық
аспектілері...................
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық
қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші
арасындағы психологиялық ерекшеліктері.................
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден
жауап алу барысындағы психологиялық
жағдайлар.....................
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы
қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.................
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық
ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу.......................
2.1 Бетпе – бет және тану
процестерінің орын алуының психологиялық
ерекшелігі....................
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы
психологиялық ерекшеліктерін
анықтаудың эксперименталды зерттеу.......................
2.3 Тергеу қызметкерлерінің
кәсіби шеберлігін арттыруға арналған
ұсыныстар ..............................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар ...................
Кіріспе
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде. Стратегиялық міндет: Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі, ” – деді. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, діни экстремизм, халықаралық терроризм және есірткі саудасына қарсы күресті арттыру арқылы жетуге болатынын атап көрсетті . Қазақстан бүгінгі күні терроризм , ұйымдасқан қылмыс, заңсыз қару, есірткі сату т.б. қауіп қатермен күрес жолында дүние жүзі елдерінің одақтастықты нығайту және кеңейту үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауда./1/ Орта Азия аймағындағы мемлекеттердің одақтастығының артуы қазіргі заманға қылмыс түрлеріне қарсы тұра білудің кепілі. Бүгінгі күн психологиясы тұрғысынан алғанда құқық қорғау органдарының тергеу бөлімдерінің тұрақтылығы мемлекет тарапынан белгілі бір материалды және басқа қызығушылықтан бөлек психологиялық көмекті қажет етеді. Сондықтан да, мемлекеттік деңгейде тергеу қызметкерлерінің беделін көтеру қажет.
Тергеу органдарының кәсіби іс - әрекеті мемлекеттік іс - әрекет мемлекет бұл органдар алдына азаматтардың қылмыстық зиянкесті әрекеттерінен қорғауға бағытталған белгілі бір мақсатпен міндеттеуді қояды.
Тергеуші болу үшін , арнайы табиғи нышандардың болуы қажет емес. Тергеу іс - әрекеті үшін жүйке жүйесі, ми, темперамент типінің рөлі зор. Т.Богдан, В.Ф. Конн тергеуші қызметіндегілер адамгершілік негізде қызмет етулері керектігі жөнінде зерттеген.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз жаңа , түбірлі өзгерісті , яғни сапалы күйге көшуді жүзеге асыруда және демократия , әрі нарықтық қатынастар бәсекелестік жағдайына икемделгіш , әрі белсенді, жан- жақты дамыған жеке тұлғаларды қажетсінеді.
Тергеу органдары қызметкерлері жеке тұлғасының қалыптасуы мәселесін екі жақты қарастыру керек.
Тергеуші жеке тұлғасының қалыптасуы барысында сезіну мен өзіндік сана - сезімнің рөлі артуы тиіс. Егер де қызығу, қажеттіліктер, мотивтер мен мақсат жұмыс мазмұнына сәйкес келіп жетсе, бұл жағымды оң нәтижелерге жеткізетін болады.
Психикалық заңдылықтарды білу , оны оперативті іздеу іс - әрекетінде қолдану және арнайы психологиялық әдістемелерді қолдана білуі тергеушінің жұмысын жеңілдететін әбден мүмкін. Өйткені өзіне қажетті адамдармен бірге қарым - қатынасқа терең түскен жағдайда өз әрекетін реттеп жүйелей алуы, заң бұзушы адамдардың мотивтерін терең түсінуі, объективті объекті тани біліп оны дұрыс бағалап, нәтижесін практикалық іс - әрекетінде қолдана білуі абзал.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тергеу іс-әрекетіндегі қызметкерлер мен жәбірленушілердің арасындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
1. Құқық психологиясы, яғни тергеушінің жеке тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген шетелдік, ресейлік, отандық әдебиеттерге талдау жүргізу.
2. Тергеуші мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерін қарым-қатынасы мен эмпатиясын анықтау.
3.Тергеушінің, құқық органдары қызметкерлерінің психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын, кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер тергеушінің кәсіптік іс-әрекетін тиімді жүзеге асуы үшін, оның жәбірленушімен қарым-қатынас барысында кәсіптік эмпатиялық жағдайларға берілмеуіне психологиялық үсыныстар жасалса, онда тергеушінің кәсіби шеберлігі артады.
Зерттеу объектісі: тергеу процесін жүргізудегі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен жәбірленушінің психологиялық ерекшеліктерінің қарым-қатынасы мен эмпатиясының үдерісі.
Зерттеу пәні: құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктерінің қарым-қатынас деңгейі мен эмпатиясын айқындау.
Зерттеу әдістері:
1.В.В. Бойко әдістемесі
2. В.Ф.Реховский қарым – қатынас
жасаудың жалпы деңгейі
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: тергеу іс-әрекетінің және тергеушінің психологиялық ерекшеліктерінің анықтауға негіз болған мәдени - тарихи даму тұжырымдамасының авторы Л.С. Выготский; тергеуші іс-әрекетіне қатысты іс-әрекет теориясының классигі А.Н. Леонтьев; Кон И.С. сана мен іс-әрекеттің тығыз бірлігі теориясының авторы С.Л. Рубинштейн; Антонян Ю.В., Енекеев М.И., Эминов В.Е, психология преступника и расследование преступлений деген еңбегі; психология преступника Чуфаровский Ю.В; отандық құқық психологиясына қатысты бірқатар еңбектерінің авторы С.М. Илеусізова, құқық психологиясына қатысты еңбектердің авторы Г.К. Пралиева, А.Т.Ақажанованың т.б. ғалымдардың еңбектері ғылыми -әдістемелік негіз ретінде қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: тергеу іс-әрекеті; тергеушінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне қатысты ғылыми-теориялық аспектілер айқындалып, құқық психологиясының ғылыми түсінік базасы нығайтылды;
-тергеуші бақылампаздығының
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- тергеу іс -әрекеттерінің және
тергеушінің жеке
- аталған проблемаға қатысты тергеушінің психологиялық ерекшеліктерін айқындайтын әдебиеттерге ғылыми сілтемелер жасалынып, құқық психологиясының тәжірибеде ерекше мазмұнға ие болды.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті басқармасының ЛА 155 мекемесінде жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, эксперименталды зертеу бөлімінен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі психология ғылымының жағдайын біршама даму үстінде деп бағалауға болады. Соңғы онжылдықта психологиялық зерттеулер ауқымы кеңіді, жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Психологиядағы талданып жатқан мәселелердің көлемі өсіп, оны түсіну құралы өзгеруде. Зерттеу әдіснамасы мен әдістері жетілуде.
Психология ілімінің түп-төркінін білмейінше, психологияның құрылымы мен бағытын, әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестерді, тіпті психологиялық факторларды білмейінше кез келген әрекетті, оның ішінде қылмыстық әрекетті түсіну мүмкін емес. Ал мұндай ілімді «тірі» қылмыскерді көрмей, оның күрделі де қиын, кейде қойғылы тағдырын, жеке басының ерекшелігін, қызығушылығы мен мұқтажын білмейінше, тек қылмыстық істер туралы еңбектерді оқып қана ала алмайсыз. Бұл жеке тұлға мен оның іс-әрекеті арасындағы үзілмес байланыстың барлығын тағы да дәлелдейді. /2/
Тергеу ісінің мақсаты – негізгі әлеуметтік құндылықтарды қорғау, құқық бұзушылықты тексеруде шындықты ашып, кінәліні сотқа беру. Сондықтан тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық ерекшеліктері оның тергеу қызметіндегі әлеуметтік-саяси, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Алдын ала тексеру – бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс, ол мақсат тергеушінің бұрын болған қылмысты қазіргі кезде қалпына келтіруі болып табылады. Тергеуші қызметін анықтайтын негізгі құрамдас бөлігі болған оқиғаны, осы іске қатысты әрбір адамның өзара қатынасын қалпына келтіре отырып, қылмыс жасаған субъектінің жеке тұлғасын тану үшін әр түрлі деректер жинауы мен зерттеуі болып саналады. Дәл осы алдын ала тексеру барысында болған қылмыстық оқиғаның көрінісін қалпына келтіру процесі іске асады. Деректерді енді ғана жинай бастаған тергеуші бұл мәліметтердің соңы қайда апарып соғарын білмейді, болған оқиғаны көз алдына толық елестете алмайды. Танымдық әрекеттің бұл ерекшелігі жиналған мәліметтерді таңдап-талғауда көп қиындық әкеледі, сол себепті үлкен көлемдегі әр қилы деректерді бір арнаға жинауға, бөлек-бөлек пікірлерді өзара байланыстыруға тура келеді. Тергеуші қызметінде қажет ақпаратты іздеуге, оны дұрыс таңдауға, қолда бар ақпаратты түсінуге жетелейтін білім мен тәжірибе жинақталады. Бұл білім мен тәжірибе оның қиялын дамытатын алғышарт болып табылады. /3/
Тергеушіге керек қасиеттің бірі – оның оқиғаның даму барысын болжай білуі, соған қарай өз әрекетін дұрыс жоспарлап, жолға қоюы. Тергеушінің өз әрекетін дұрыс жоспарлауы оның сезгіштік (рефлекстік) ой-өрісіне байланысты. Оның әрекеті қылмыскерге тек оң әсер етпей, кейде кері әсер етуі тиіс. Сондықтан тергеуші тергеуді жалпы жоспарлағанда алдын ала нақты әрекеттерді көп жоспарлауды саналы саналы түрде шектеуі керек. Көп жағдайда тергеудің жақсы жүргізілуі оның басында дұрыс жоспарлануына байланысты болады. тек тәжірибе, білім мен интуиция нақты дұрыс жоспар құруға көмегін тигізеді. Өз әрекетін дұрыс таңдауы үшін тергеушіге кең әрі жылдам көзқарас керек. Әйтсе де бұл үшін ол тергеудің барлық мүмкін деген бағыттарын көре білуі және әр бағыттағы өз әрекетін дәл жоспарлай білуі тиіс. Тергеу әрекетінің табысты болуы – тергеушінің жағдайға жылдам бейімделуіне көмегін тигізетін жан-жақты ақпараттан хабардар болуына байланысты.
Тергеуді жоспарлау
а) өз версиясын ұсыну;
ә) тергеудің жалпы стратегиясын анықтау;
б) тергеу әрекеттері жүйесін және оған қатысты адамдарды анықтау;
в) жекелеген тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері мен тактикалық тәсілдерін анықтау;
г) тергеу қорытындысына сын көзбен қарау.
Тергеушінің кәсіби біліктілігі тергеу аппаратын жинақтағанда, жеке тергеу топтарын құрғанда, әр түрлі үлгідегі қылмыстарды тексеруге тергеушілерді дұрыс пайдалана білу де керек.
Тергеу әрекеттері мен өндірісін құру ісі қылмыс кердің, көп жағдайда жәбірленушінің қандай психологиялық топқа жататынын білу, сол психологиялық ерекшеліктерін ескеру сияқты мәселелерге сүйене отырып іске асады. /4/
Тергеу әрекетінің мақсаты – негізгі әлеуметтік құндылықтарды құқықтық қорғау, орын алған құқық бұзушылықтың шындығын анықтау, жазықты адамды сотқа беру. Сол себепті тергеушінің жеке басының кәсіби-психологиялық қасиеттері оның тергеу қабілетінің саяси-әлеуметтік, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерімен көрінеді.
Алдын ала тергеу – бұл бұрын болған оқиғаны тергеу барысындағы дәлелдермен қалпына келтіру мақсатын көздейтін мақсатты процесс.
Тергеуші әрекетінің психологиялық құрылысының негізгі ерекшелігі оның болған оқиғаны толық елестете алатындай, осы оқиғаға қатысты адамдардың қарым-қатынасын, қылмысты субъектінің жеке тұлғасын тани алатындай әр алуан деректерді жинай білуі болып табылады.
Дәлірек айтсақ, алдын ала тергеуде болған оқиға үлгісін құру процесі жүреді. Алғаш дерек жинай бастаған тергеуші болған оқиғаның толық келбетін көз алдына елестете алмайды, бұл істің соңғы қорытындысын біле алмайды. Танудың бұл ерекшелігі ақпарат жинау, оны екшеу, бағалау ісінде қиындықтарға әкеледі, әр деректің табиғатын тану үшін немесе жеке-жеке деректердің бір-бірімен байланысын анықтау үшін бір-біріне ұқсамайтын үлкен көлемдегі версияларды тексеруге тура келеді.
Тергеуші әрекетінде жинақталған криминалдық білім мен тәжірибе керекті ақпаратты іздеуде, оның қажеттісін таңдап ала білуде, қолдағы ақпаратты дұрыс түсіне білуде көмегін тигізеді. Бұл білім мен тәжірибе тергеуші қиялының дұрыс бағытта дамуына да керекті алғышарттар болып табылады. /5/
Осыған байланысты ойша деректердің өзара байланысты жобасын өткен оқиға мен қазіргі құбылыстардың байланыстырып құру қажеттігі туады. Таным танылуға тиісті деректер мен құбылыстарды тексеруге, бағалауға бағытталған іс-тәжірибе әрекеттерін қамтиды.
Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері