Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа

Описание работы

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31

2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59

Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

4. Затты әдейі тура көрінетін  жерге қол салу арқылы байқатпай жіберу.

5. Басы артық құпия орын дайындау. Алғашқы құпия орын бос болып  шыққан соң, кейінгілеріне мән  бермеуі мүмкін деген есеппен.

6. Тінту кезінде әдейі айғай-шу  туғызып, тергеуші көңілін алдарқатып, обьектіні басқа жерге тығып  үлгереді.

Жоғарыдағы ақпараттарды алдын ала жинап, оған талдау жасауы тергеушіге тінтудің алғашқы бөлімін табысты аяқтауға, яғни тінтілушінің әрекетін ойша болжап қоюға мүмкіндік береді. /23/

Тінту жасаған кезде арнайы маман  шақыру керек, ол іздеп жүрген заттың ерекшелігін, қандай өзгерістерге түсуі мүмкін екенін жақсы біледі.

Тінту жүргізетін жерге түсетін  жарықтың мол болуын қамтамасыз ету  керек, кәдімгі бөлмеде іздеген  зат көзге түспеуі мүмкін.

Жоғарыда атап өткеніміздей тергеушінің  қырағылығына оның шаршап- шалдығуы кері әсер етеді. Тінту ұзаққа созылып, жұмыс ауырлап кеткенде үзіліс жариялау керек. Қылмыскер осындай тергеушінің шаршаған сәтін жиі өз пайдасына шешіп кетеді.

Тінту жасаған тергеушіге керек  қасиеттер: ұстамдылық, сабырлылық пен  көңіл күй тұрақтылығы. Пәтерді, жеке адамды тінту, оны қамауға алу күдіктінің, оның отбасының құқығына нұқсан келтіреді. Тінту кезінде қылмыстық жолмен келген қару, бағалы заттар, күдіктінің қамалып, жазаға тартылуына, ол отбасы мүлкінің тәркіленіп матетериалдық жағдайының нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Тінтудің табысты аяқталуы кінәлі мен оның отбасы үшін көптеген жоспарларының  күйреуіне әсер етіп, уайым-қайғы  әкеледі. Міне осының бәрі тергеудің өте бір шиеленіскен жағдайға, күрделі психологиялық атмосферада өтіп,  қобалжу, ашу, ыза, намысқа тию және т.б. тудыратынын дәлелдейді.

Тергеуші мен анықтау бөлімі қызметкерлері де бейжай қала алмайды, олар да әр түрлі көңіл күйлерді бастан кешеді. Ол көңіл күйлер: риза болмау, ашулану, іздеген затын табуға ұмтылу, қиындықтан күрес және т.б.

Тінту процесінде қақтығыс туып жатқан жағдайда тергеуші бұйыру арқылы тінтілушінің мінез-құлқына әсер етуіне болады. Тергеушінің  тағы бір міндеті адаммен сөйлесуі арқылы тіл табысуы.

Бұл тергеушінің бірнеше мәселені шешуіне  жәрдемдеседі: тінтілушіні  сендіре білу, оның көңіл күйін  бақылау, іздеп жатқан заттың тінтілуші  үшін маңызы және т.с.с.

Олай болса, тінту кезінде тінтілушіні  әңгімеге тарту, сол арқылы оның  ішкі сезімін, айналадағы оқиғаларға қарым-қатынасын білу тиімді. Дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері адамның қандай күйде екенін тез танытады.

Тінтілушіні сөзге тарта отырып, тергеуші оның психофизиологиялық реакциясына  барлау жасайды. /24/

Сонымен бірге сөйлеу арқылы оның жүйкесіне тиіп, оның өзін-өзі ұстап беруіне жол ашады. Әсіресе, тінтуге байланысты сұрақтар оның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін.

Мақсатқа жету жолындағы ерік жігері тергеушіге тінтуді табысты аяқтауына  көмектеседі. Жеңіс оңай келеді деп  ойлауға болмайды. Алғашқы қиындықтан ақ қолды сілтей салуға болмайды. Іздеген нәрсенің ең соңғы сәтте табылатын кезі сирек кездеспейді.

Сондықтан тінтудің соңына дейін  сенімділікті жоғалтпау керек. Әйтпесе  бұл іздеу қызметіне кері әсерін тигізеді. Үмітін үзген тергеуші іздеу жұмысын қалай болса солай жүргізеді. Күдікті үшін тінтуде күрделі психологиялық атмосфера одан қылмысқа қарсы қару бағалы затар т.б. табылған кезде туады. Енді ол қарсылық білдіріп әр түрлі қулық арандатушылыққа барады. Тергеушінің сақтығы мен байқағыштығы болмаса, мұндай жағдайдың арты жақсылыққа апармайды. Осы кезде тергеуші  өзінің кәсіби білімдарлығы мен шеберлігін танытуы керек.

Тергеуші бүкіл тінту процесі  кезінде әдептілік-адамгершілік принциптерін ұмытпауы керек. Ол қанша жерден қылмыскерге ашулы, оның істеген қылмысына жеккөрушілікпен қараса да, тінтудің басынан аяғына дейін ұстамды, сыпайы бола білуге тиіс. Оның тарапынан ешқандай қорлау, не күш көрсету сияқты мінез байқалмағаны дұрыс. Күдіктінің жеке өмірін қамтитын хаттар, құжаттар, фотосуреттер, күнделіктерді тексергенде тергеуші әсіресе әдепті болғаны жөн.

Тінту әрекеті басынан бастап психологиялық  білімдарлықты талап етеді. Тінтілушінің пәтеріне кіргенде, оның  қылмыс қаруын, ұрланған заттарды т.б. айғақтарды тығып  немесе көзін жойып үлгермейтіндей ету керек. Мысалы, олардың күн тәртібін білу керек. Жұмыстар қайтар мезгілін біліп сол сәтте пәтерге бірге кіру керек т.с.с.

Тінтілуші, оның сыбайластары, отбасы және бөтен адамдар тінту жасалатынын  білмеуі тиіс. Тінту жасағанда  қылмыскердің білім дәрежесін, ақыл-ой қабілетін, кәсіби шеберлігін білу маңызды.  Мәселен өнеркәсіптік орында ұрлаушылар оны жасырудың небір әдістерін біледі. Олар алтынды топырақпен араластырып жерге шашып тінту біткен соң оп-оңай жуу арқылы ажыратып ала алады. Осы  сияқты физико-химиялық білімдерін  өз пайдасына шешіп жататын кездері болады. /25/

Кейде қылмыскер психологиялық  заңдылықтарды ескере отырып, тергеушінің  қиынның қиынын жасырылған заттарды іздейтінін, ал көз алдындағыға мән  бере бермейтінін білмейді. Осы мүмкіндікті пайдалануға тырысады.

Ғимаратты тінту жұмысы жеке тұлғаны  тінтумен қатар жүргізіледі, себебі іздеп жатқан зат иесінің не отбасы  мүшелерінің өзінде болуы мүмкін.

Жеке адамға тінту жасап, ондағы қаруды алып қою тінту әрекеттерінің  алдында жасалғаны дұрыс, бұл сол жердегі адамдардың өміріне қауіп төндіруден сақтайды.

Ал жалпы күдікті мен отбасы мүшелеріне толық тінту жасау  жұмысын тінтудің соңына қалдырған  жөн. Осыдан соң бірден бетпе беп  кездестіру жасап, тінту кезінде  табылған жаңа мәліметтерді бекіту керек.

Тінту жасалытын орында қатаң тәртіп орнауы керек, бос жүрістер мен артық  әңгіме тергеуші назарын басқа жаққа  аударады. Тінту жасайтын топ өзара  ақпарат алмасу немесе кейбір мәселелерді  шешуді алдын ала ойлап алғаны жөн.

Тергеу әрекетінің екі түрі – тінту мен тұтқындау, психологиялық тұрғыдан бір мезгілде жүргізілетін қызметтер, себебі тінту қылмыскерді табу және тұтқындау үшін жүргізілсе, ал тұтқындау үшін жүргізілсе, ал тұтқындау міндетті түрде тінтуге ұласады.

Психологиялық тұрғыдан тінту мен тұтқындау, көптеген айырмашылықтарыга қарамастан ұқсастығы бар процестер.

Басқа тергеу әрекеттеріне қарағанда, тұтқындау титықтау (стресс) жағдайында өтеді. Ол тергеу қызметіне қатысты  адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, терең және жан-жақты талдаудың қажеттігімен сипатталады. Осы факторлардың себебінен құқық қорғау органдары қызметкерлері мен тұтқындаушы адамдар арасында психикалық процесс жүреді.

Белгілі бір ұйымдастырушылық ойлау тәртібінің бұзылуы, қорқыныш сезімі қауіптену, назар аударудың  төмендеуі – осының бәрі ой және дене жаттығуының, дайындығын керек етеді. сол себепті кез келген тергеуші мен анықтау қызметкері тұтқындауды табысты жүргізе алмайды.

Тұтқындауды жоспарлау мен іске асыру процесінде тергеушінің әбден  бір  жүйеге түскен басқарушылық қабілеті үлкен роль атқарады, оның қатарына қалыптасқан жағдаятты, күдіктінің жеке тұлғасының ерекшеліктерін ескере отырып, іс-шараны сәтті жүргізу, оның қашып кету мүмкіндігін жоққа шығарып, тіпті өз еркімен берілуге мәжбүр ету жатады. Біз тұтқындау мен тінтудің психологиялық аспектілері көбіне ұқсас болып келетінін айтып өттік. /26/

Олардың екеуі де күдіктінің жеке тұлғасы мен тұтқындау болатын  жердің жағдайын зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Бұл ақпараттар тұтқындаудың уақытын, орнын, тәсілдерін белгілеуде маңызды. Дегенмен, күдікті туралы ой пікірлер, жақсы мінездеме берілген күннің өзінде оның қарсыласуын, тіпті қарумен қарсыласуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті әрбір істе тұтқындауға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін ескермесе болмайды.

Тұтқындау кезіндегі қарсыласу  мүмкіндігі әсіресе қарақшыларда көп  кездеседі, олар қоғамға қарсы көзқарастармен, жеккөрушілігімен, ашушаңдығымен, өзімшілдігімен, сонымен қатар ішкі істер қызметкерлеріне  деген жаулық көзқарасымен ерекшеленеді.

Күдіктінің жүйкесі жұқарған жағдайда оны тұтқындау көңіл-күйінің құбылмалығын көрсетуімен ерекшеленеді. Ашушаңдық, өзін өзі ұстай алмау, күйіп-пісу, тез тұтанып кету – күдіктінің осы қасиеттерінің бәрі оның қарсылық көрсету мүмкіндігін арттырады.

Тұтқындайтын уақытты таңдау да психологиялық талдауды қажет етеді. Кейде тәжірибеде тұтқындауды ешбір алдын ала дайындықсық өткізуге тура келетін кездер кездеседі, оған белгілі бір жағдайлар итермелейді. Бірақ, көптеген оқиғаларда асықпай уақыт таңдауға мүмкіндік болады, соындықтан да күдіктінің қатты ашуланып не қорқып титықтаған кезінде, алкоголь немесе наша пайдаланып, өзін өзі жоғалтқан кезінде оны ұстауға асықпаған жөн. Бұндай кезде оның өзіне өзі келуіне мүмкіндік беру керек. /27/

Психологиялық әсер етудің ең бір тиімді жолы, ол – қылмыскерді өз еркімен берілуге көндіру. Бұл жерде онымен өзара келісімге келуге болады, бірақ ол үшін тұтқындалушының жеке басының психологиялық ерекшеліктерін жақсы біліп, сәтті пайдалана білген жөн. Мұндай келісімге қылмыстының жақын, сыйлайтын адамдарын ата-анасын, балаларын, туыстарын, достарын, т.б. қатыстыра  отырып келуге болады.

Қоршауға  алынған қылмыскер (не бүтін  бір топ) берілуден  бас  тартып, кепілге алынған адамдардың өміріне қауіп төнген жағдайда  үлкен психологиялық қиындықтар туады. Мұндай жағдайда шұғыл іздестіру тобының міндеті кепілге алынған адамдардың қауіпсіздігі мен оларды қылмыскердің қолынан арашалап алу болып табылады.

 

1.2  Тергеушілер   мен  жәбірленушілерден  жауап  алу  барысындағы  психологиялық жағдайлар

Куәгерлер мен жәбірленушілер жауап  алу ісіне қылмысты зерттейтін еңбектерде басты назар аударылған. Оның себебі бұл адамдардың жауаптары қылмыстың  бетін ашуға көп көмегін тигізеді. Куәгерлер  мен жәбірленушілерден жауап алу ісіне қылмысты зерттейтін еңбектерде басты назар аударылған. Оның себебі бұл адамдардың жауаптары қылмыстың бетін ашуға көп көмегін тигізеді. Куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алуға дайындық кезеңі төмендегідей жұмыстарды қамтиды:

  1. Анықтауды  қажет ететін  материалдар мен сұрақтарға  талдау  жасау.
  2. Жауап  берушінің  жеке  тұлғасын  зерттеу.
  3. Жауап алудың   сәтті   болуына  қажетті  жағдай  туғызу.
  4. Тергеушінің  өзін- өзі  ұстауы.

Куәгер мен жәбірленушіден жауап  алу қандай оңай болып көрінсе  де, оған жауапкершілікпен қарап, біраз дайындалуды керек  етеді. Қойылатын сұрақтардың тізімі, мазмұны мен реті анықталған жоспар болу керек. Жауап алмастан бұрын осы істің материалдарын тағы да бір екшеп, дәлелдерді ой елегінен өткізіп алу да қажет іс.

Егер тергеуші жауап алуға салғырт  дайындалса, онда ол жауап алғанда өз-өзіне сенімсіз болып, ештеңеге қол жеткізе алмайды.  Тергеушінің жауап алуға нашар дайындалғанын жауап беруші де байқайды, оның да ойы шашырап, қажет деректерді еске түсіре алмай осының бәрі жауап алу қорытындысына әсер етеді. ал егер жәбірленуші мен куәгер әдейі жалған жауап беретін жағдайда тергеушінің дайындығы нашар болуы олардың позициясын нығайта түседі. /28/

Бұған олардың өмірбаян деректері, кәсіби мен білімі өмірдегі дағдылары, жұмыс орны сияқты қылмысқа және қылмыскерге қатысты  деректері жатады.

Жауап алудың ресми кезеңінде  тергеуші кәсіби көзімен бақылау арқылы жәбірленушінің не куәгердің сырт келбеті, мінез-құлқы, сөйлеу, қимылдау мәнері т.б. қасиеттері туралы ақпарат алып, тергеуге шындап көмектескісі келе ме, әлде болмашы деректермен шектеліп қалуды көздей ме – осы арасын да ажыратып алады.

Куәгер, жәбірленуші туралы жиған  мәліметтер олармен психологиялық  байланыс орнату кезінде, жауап алудың тиімді тәсілін таңдауға көмегін  тигізеді. Олардан жауап алудың уақыты мен тәсілін, жауап алатын орынды таңдай білудің де психологиялық маңызы зор. Әдетте куәгерлер мен жәбірленушіден жауап бірден алынады. Кейде бұл ереже бұзылады. Егер, жәбірленуші, кейде тіпті куәгердің өзі қылмыс нәтижесінен көңіл күйі бұзылып не денсаулығына нұқсан келген жағдайда олардан жауап алу кейінге қалдырылады.

Қарақшылық, шабуыл, бандитизм мен терроризм сияқты ауыр қылмыстарды тергеу барысында куәгерлер мен жәбірленушілерден алған жауаптар негізінде тінту мен тұтқындау жүргізу қажет болса, бұл мәліметтердің дәлдігін анықтай түсу үшін жауап  алуды екінші қайтара жүргізу керек.

Психологиядағы әйгілі реминисценция – қайта еске түсіру арқылы жақсарту құбылысын ескеру керек. Сол себепті, тергеуші кейбір жауаптары екіұшты, толық емес немесе өте маңызды деп тапқан куәгерлер мен жәбірленушілер және қайтара жауап алғаны дұрыс. Алғашқы жауап алуда арада жақсы байланыс орнап, куәгер не жәбірленушіде еске түсіру процесі жүріп, қылмыстық оқиға немесе құқық бұзушының жеке тұлғасы туралы маңызды деректерді еске түсіруі мүмкін.

Психологиялық көзқарас тұрғысынан куәгер мен жәбірленушіні жауап алуға  шақыру уақыты  олардың жұмысына нұқсан келтірмеуі тиіс, оларға қиындық  пен жағымсыз әсер тудырмауы керек.

Олардың да уақытымен санасып, жұмыстан тыс уақытында, ал оқушы не студенттерді оқудан соң не сабаққа дейін шақыртқан, дәлізде ұзақ күттірмеген жөн.

Егер шақыртылған тұлғалардың  жауаптары өте қажет болса, онда оларды телефон арқылы шақыртуға  болады.

Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері