Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа

Описание работы

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31

2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59

Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Тергеуші кінәлінің осындай  психологиялық жағдайын пайдаланып, оған қылмыстық топтағы қарым-қатынастың, қылмыскерлердің жалған достығының бет пердесін ашып, осы сәтті шындықты ашуға пайдалануына құқылы.

Алайда, қылмыстық топ психологиялық  қатынасты ескере отырып, мұндай тәсілдерді пайдаланғанда өте абай болған жөн. Осындай тактиканы пайдаланамын деп заңды бұзып, адамгершілік, әдептілік принциптерінен аттап кетуге болмайды.

Кінәсіз адамның белгілі бір  жағдайлармен күдікті, тіпті кінәлілердің қатарынан орын алғандағы психологиялық жайы ерекше орын алады. Ол мұндай жағдайда ашу, ыза, қарсыласу, орынсыз күдікпен тезірек айығу сезімдерін бастан кешеді.

Жауап алудың тиімділігі көбіне тергелушінің қандай психологиялық жағдайда болуына, өз кінәсін сезіне білуінде, дұрыс, дәл жауап беруге дайын болуына  байланысты болады. Тергеуші  кері психологиялық әсерлерді жойып, дұрысын   қолдап отыруы тиіс.

Адам әрекетін оған әсер ететін доминанттар, яғни сол сәттегі бас миының қозу ошақтары анықтайды, олар басқа жүйке орталықтарының жұмысын баяулатады. Өмірдегі әр түрлі қиын жағдайларға байланысты адамның әлгі ошақтарында қозу динамиканың қоспасы пайда болады, осы себептен адамда уайым, қорқыныш, өзіне сенбеушілік, қобалжу туады. Бұл жағдайды қылмыскер де бастан кешіруі мүмкін, ол толқу, өкіну, қорқу, сияқты күйлерді сезініп,  жасаған қылмысына ойша қайта-қайта оралып, алдағы қиындықтарын ойластырады.

Заңгерлер мен психологтарды соңғы  кезде құқық бұзушының қорғаныс доминантына зерттеу қызықтыруда. Доминанттың әсерімен қылмыскерлер өзін қауіпсіз сезінеді, әшкерелеу  мен жазаланудан құтыламын деп ойлайды. Сол өзін өзі қорғау әректтері керісінше тергеу орындарының назарын аударады, қылмысқа қатысы бар деп ойлауға негіз болады.7

Мұндай әрекеттер «өзін өзі  әшкерелеу әрекеттері» деген  атқа ие болады.

Өзін әшкерелеу әрекеттері әр түрлі болады. Ең көп тараған түрлері:

  • жалған көрініс көрсету;
  • ақталу үшін жалғандыққа бару;
  • себепсіз және төтеннен кетіп қалу;
  • тергеуді жалған жолға түсіруге әрекеттену;
  • қылмысты тергеу ісіне қызығушылық танытады;
  • қылмыскер туралы ойдан шығарылған сөздер тарату;
  • қасақана әрекеттер;
  • іс - әрекетіндегі өтірік көлгірсу;
  • өзінің кінәсіз екендігіне үнемі елді сендірсігі келуі;
  • нақты дәлелденген деректердің өзін жоққа шығаруы;
  • жәбірленуші мен куәгерді сатып алуға тырысуы, өтірік айғақ беретін куә іздеуі, қылмыстан соң өзінің қалыпты өмір  салтын өзгертуі, тек қылмыскер ғана білетін маңызды деректерден хабардар болуы, қылмыс орнына қайта оралуы және т.с.с.

Әр тергеу жағдаятында өзін әшкерелеу  әр түрлі көрінеді. Мәселен «Қазығұрт» мөлтекауданы жанындағы ашық алаңқайдан зорланған жас қыздың мәйіті табылды. Бұл қылмыс орнына қылмыскердің қайта оралуы мүмкін болғандықтан, бұл жерге құпия бақылау орнатады. Көп ұзамай сол жерге Махмудов деген келеді. Сұрастыра келгенде оның араққа салынған адам екені, соның кесірінен жұмыстан қуылғандығы, азғындыққа, жыныстық зорлыққа бейім адам екені анықталды.  Махмудовтың кінәсі дәлелденді. Өзін әшкерелеу әрекетінің психофизиологиялық табиғатына қарап, оның түрлерін, ерекшеліктерін ажырата білу шеберлігі тергеушілер мен анықтау бөлімі қызметкерлеріне шұғыл – тактикамен анықтау бөлімі қызметкерлеріне шұғыл – тактикалық сұрақтарды шешуде, қажетті дәлелдерді іздеп табуға, күдіктіден жауап алуда дұрыс саясат ұстана білуде, т.б. әрекеттерді табысты атқаруға көмегін тигізеді. /35/

Доминанттар мұнымен шектелмейді, бұрыннан-ақ белгілі, қылмыскер психологиялық қобалжуды бастан кешіреді. Өзінің қылмысқа қатысы бар екенін жасыру үшін өзін сабырлы ұстауға тырысады, бұл әрекеті ми жасушаларының баяулауына әкеп соғады. Қылмыскер өзіндегі қобалжуды басу үшін құпияны біреумен бөліскісі келеді. Оның дәл сондай сәтін байқай білу, сол сәтті пайдаланып шындықтың бетін ашып, қылмысты ашуда тездету жолында құқық пен әдеп нормаларын бұзбау тергеушінің басты міндеті.

Алдын-ала тергеу кезінде кінәлі мен тергеуші арасында қақтығыс орын алуы жиі кездеседі. Оның себебі күдікті тергеуге өз қалауымен келмейді, сонымен қатар әрбір жауап алу оның қылмысының ашылуына бір қадам жақындай түседі, бірақ жауап бермеуге, тергеуге келмеуге тағы болмайды.

Тергеуші жауап алу кезінде  шындықты ашқысы келеді, оның қолында билік бар, ал кінәлі шындықты жасырғысы келеді, бірақ заңға бағынуы тиіс. Дегенмен де осы кезде туған кикілжің жеке бас өшпенділігіне ұласып кетпегені жөн. Екі арадағы қарым-қатынас қылмыстың сот процесі нормалары мен әдептен аттап өтеуі тиіс. Жауап алу кезінде әр қылмыскеркге жеке дара психологиялық жол таба білу керек. /36/

Бұл жол табудың ең көп тараған  түрлерін қарастырайық. Біріншіден, кінәлінің қисынды ойлауы мен ар-ұят сезімдеріне әсер ету. Тергеуші кінәліні тергеудің табысты аяқталатынына, шындықтың ашылатынына сендіре біледі, сол үшін өтірік сөйлеу оның өзіне зиян келтіретінін түсіндіреді.

Екіншіден, кінәліні жауап беруге қызықтыру. Тергеуші кінәліге жауап  алу кезіндегі оның белсенді көмегі, өзіне белгілі деректерді жасырмай жайып салуы қылмыстың орын алу себептерін ашады да, оның кінәсін жеңілдетуге септігін тигізетінін түсіндіреді.

Алғашқы жауап алудың кезінде тергеуші айыпталушымен оның кәсібі, қызығатын  істері, оның отбасы, балалары туралы сөз  қозғап, оның көңіл күйіне әсер етуге  тырысады. Бұл әсіресе кінәлі жауап беруден үзілді-кесілді бас тартқан, қатты күйреп не керісінше қатты ашуланған кезінде тиімді тәсіл болып саналады. /37/

Жауап алу кезінде күш көрсетуге  тыйым салынған. Бұл мінезі жұмсақ адамдардың жасамаған кінәсін мойындай салуына себеп болады. Осылай Булатов деген азамат өз әйелін өлтіргенін мойындаған. Кейініріек белгілі болғаны – ол өзіне өзі жала жапқан. Оған себеп өзін  қоршаған адамдардың өзіне күдікпен қарауы деп түсіндірген. Сонымен қатар анықтау органы қызметкерлері күдікті ретінде Булатовты тергегенде күш көрсеткен, абайсызда өлтіргеніңді мойында деген кеңес берген. /38/

Өзіне өзі жала жабуға адамның психикасындағы өзгерістер де себеп болады. Мәселен  Қадыров деген азамат өзінің ұятсыз әрекеттерін жасыру үшін адам өлтіру қылмысын мойнына алады. кейін өз әрекетін былай түсіндіреді: ол бұзылған адам ретінде өмір сүргенше, қылмыс жасадым деп мойындауды артық санаған.

Олай болса, адам санасы мен еркіне психологиялық әсер ету психикалық зорлық-зомбылыққа ұласпауы тиіс. Алғашқы тергеуде психикалық күш көрсетудің кез келген түріне тыйым салынады.

Қиын жағдайларда тергеуші тергелушінің өмірінде болған барлық маңызды факторларды біліп алғаны дұрыс.  Мәселен, кінәлінің жеке тұлғасын зерттеу барысында тергеуші оның радиотехникамен айналысатынын анықтайды. Өзі де радиотехниканы жақсы білетін тергеуші жас жігіттің сүйікті тақырыбына сөз қозғап, толық психологиялық байланыс орнатты. /39/

Тергеушінің жеке тұлғасын зерттеуде  тергеуші оның жақсы жақтарын біліп  алып, сол тұрғыдан оған әсер етуге тырысуы дұрыс. Жақсы біліп тұрса да, оның тұлғасының жаман жақтарын бетіне басу әдептілікке жатпайды. Жауап алу барысында кінәлі не күдікті өзін сауатты, ұқыпты және түсінігі зор адам тергеп жатқанын сезінуі керек, сонда ғана өзінің алғашқы қадамын жасайды, яғни тергеу ісіне көсерін тигізе бастайды.

Жасалған қылмыс пен тағылған айыпқа кінәлінің қарым-қатынасы қылмыстың  себебімен байланысты, күллі тергеу барысында кінәлі соған сүйенеді. Тергеу ситуациясының шартына тек  қылмыстың себебімен байланысты, күллі тергеу барысында кінәлі соған сүйенеді. Тергеу ситуациясының шартына тек қылмыстың себебін зерттеу мен талдау ғана кірмейді, сонымен бірге кінәлінің жеке тұлғасының өмірдегі қалыптасқан ұстанымы, адамгершілік-әдептілік көзқарастары да қылмыстың себебін түсіндіретіндіктен, зерттеуді және талдауды қажет етеді.

Біз жауап алудың шиеленіскен жағдайдағы түрлерін қарастырдық. Енді еш шиеленіссіз  өткен айғақ беруге дайын фактілерді қарастырайық.

Жағдаяттың шиеленіспеуі кінәлінің  барынша дәл жауап бергенінің дәлелі бола алмайды. Ол қателеспеуі, жағдайды дұрыс түсінбеуі, тіпті соңында өз қатесін мойындай отырып, оны әдейі азайтып айтуы мүмкін.

Мұндай жағдайда кінәлінің жауаптарының қатесін болжау психологиясын меңгеру  керек өзіне өзі жоғары баға беру, жеке басына сын көзбен қарай алмау, айналасындағыларға жаны ашымау сияқты кінәлінің ерекшеліктері оның ерікті-еріксіз  түрде өз қателігін жұмсартып көрсетуіне себепкер болады.

Кінәлінің өзіне-өзі жала жапқан ситуациясында да тергеу ісінде еш кикілжің болмайды. Өзіне-өзі жала жабу мынандай жағдайларда кездеседі: айыпталушы көнбіс, өз позициясын қорғай алмайтын, психологиялық әсерлерге төзімсіз болса. Сондай ақ саналы түрде нағыз қылмыскер жазадан босатуды көздесе, кейде біреудің төзімді болған жағдайларда. Ал енді көп жағдайда басқа ауыр қылмысын жасыру үшін біреудің қылмысын мойнына алады, сол арқылы өзіне алиби жасауды ойлайды. Мұндай өтірік оқиға болған орынға барғанда қылмыстың қалай, қашан болғаны т.б. жағдайларды анықтау үстінде ашылып қалады. Егер тергеуші өзі білетін мәліметтерді жасыруын не жалған жауап беруін қоймаса, тергеуші оған әшкерелеу әдісін қолдануға құқылы. Тергелетін адамды әшкерелеу – оның жауаптарын жоққа шығару, жинақталған басқа деректермен қарама-қайшылығын көрсету, қисынды деректерге сүйену деген сөз. Тергеушінің айыпталушыға әсер ету тәсілдерінің бәрін санамалап шығу мүмкін емес. Ең бастысы, тергеуші қорқыту, адам намысын аяққа басу, өтірік уәде беру және т.б. тәсілдерді қолданбауы тиіс. /40/

 Олай болса, тінту психологиялық  тұрғыданы күрделі және өзіндік  қиындығы бар тергеу әрекеті  болып табылады, негізгі белгісі  тінтілушінің еркнен тыс болатындығы. 

Тергеу барысында тергеуші мен тергеуге қатысты басқа қызметкерлер үйлерді, әр түрлі құрылыстарды, жер телімдерін, киімдерді тіпті адам денесін де тергеуге қажетті ақпарат алу мақсатында тінтиді және зерттейді.

Бұл тергеушінің жасырылған объект табылған соң оны тыққан адамның  әрекеті де ашылады деген танымдық, құрылымдық, ұйымдастырушылық мақсатынан туған әрекет.

Осыған орай, тергеушіге қылмысты ашу үшін алға қойған сұрақтарды ойша шешу, ойлау процесі мен іс-әрекеттің  кезектілігін анықтау, жасырылған объекті  мен тығылған адамды іздеу, табу әрекеттерін іске асыруы керек.

Құнды заттар адамның әрекетінің ойша жоспарын жасау тінту өндірісіне дайындықтың алғы шарты болып табылады.

Тінту қорытындысы тек дәлелдеушілік  мағынасында ғана емес, сонымен қатар  өндірістегі басқа тергеу әрекеттерінің тактикалық мақсатқа қолданылатын бір кезеңі болып саналады.

Сондай-ақ қылмыстық еңбектерде куәгер  мен жәбірленушіден жауап алу  психологиясына ертеден назар куәгерлер  мен жәбірленушілердің жауаптары  қылмыстық істе ең көп тарағаны болып  табылатынымен ерекшеленеді.

Ал жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алғанда олардың психикалық жағдайын зерттеген жөн, бұл олардың  ішінде қоғамға жат көзқарастағылары, азғындық жолға түскендері, қатыгез, арамза, адамгершілік нормаларын ьұзушылар  болса, онда олармен тәрбие жұмысын жүргізуге көмегін тигізеді. Психологиялық жеке қасиеттерін білу арқылы тергеу кезінде әрқайсысына жеке дара жол, психологиялық тәсіл таба біледі.

Сонымен бірге әрбір айыпталушыға да жеке дара психологиялық жол таба білу, яғни оның логикалық ойына, сана-сезіміне әсер ету қажет. Тергеуші оған шындықты жасырмай айту өзіне пайдалы екенін, барлық деректерді ашып айтқанда қылмыстың себебі ашылып, оның кінәсін жеңілдететінін түсіндіруі шарт.

Ғылым ретінде құқықтық психологияның  міндеті тергеушінің теориялық негіздегі әрекеттерінің шығармашалық табыстарына байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тергеу  іс- әрекетіндегі  психологиялық   ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу

2.1  Бетпе – бет   және  тану  процестерінің   орын алуының  психологиялық  ерекшелігі

Бетпе-бет кездестіру негізінде  жауап алудың бір түрі сеіклді, онда да жауап алғандағыдай дайындықтар, тактикалық және психологиялық тәсілдер керек. Бетпе-бет кездестіру – бұрын тергелген екі адамнан қайтадан бір мезгілде жауап алатын тергеу қызметі, мақсаты – олардың жауап тарындағы қарама-қайшылықты жою. Жауап алуға ұқсас жерлері болғанымен бетпе-бет кездестіру – жұмыс барысы, психологиялық қатынастар тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар процесс. Психологиялық тұрғыдан бетпе-бет кездестіру – үш адамның арасында болатын психикалық байланыс. /41/

Міне оның осы белгісі тергеу қызметінің бұл түрін заң психологиясында  арнайы сөз жарыстыруға  негіз  болады. Себебі бетпе-бет кездесетін екі адам арасында алғашқы кезде  шиеленіскен  қатынастар мен эмоционалдық ашушаңдық байқалады. Бұл олардың жауаптары бір-біріне қарама-қарсы болған жағдайда орын алады. Объективті шиеленіскен психикалық қатынастар екі жақ саналы түрде жалған жауап бергенде болады. Ал субъективті шиеленіс деп біреуі екіншісінің ұстаған бағытын түсінбей, деректерді қате қабылдаған кезін айтсақ болады.

Бетпе-бет кездестірудің мақсаты  – шындықты ашу, ол үшін жалған жауап  берушінің өтірігін әшкерлеу үшін оған әсер ету жұмыстарын қолға алу  керек. Ал оған әсер ететін – екінші тіркелуші адам. Бетпе-бет кездестірудің негізгі мақсатының өзі – сол екінші жауап беруші арқылы жалған жауап берушіге психикалық ықпал жасау. Олай болмаған жағдайда бет-бет кездестіруде жағдай одан бетер ушығып кетеді.

Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері