Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.
Кіріспе......................................................................................................3
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59
Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67
Соңғы жылдары тергеу
Сол орынды айғақты тексеру деген атаудың өзі жауап алумен байланысын көрсетіп тұр. Айырмасы сол орынға барып жауап алғанда кейбір әрекеттердің қалай болғаны көрсетіледі, сол оқиға болған орын зерттеліп, алынған жауаптар нақты материалдық жағдаймен салыстырылады. Ал тергеуші кабинетінде жауап алғанда бұл мүмкін емес. Бұл жағынан алғанда «тексеру» қарау мен тінтуге жақын келеді.
Бірақ оқиға болған орынды қарау мен тінту сол жерде көзбен көрген адамның түсіндіруінсіз көрсетуінсіз. Психологиялық жағынан оқиға болған жерде айғақты тексеру тану процесімен жақын келеді. Айғақтарды тексеріп жатқан кісі оқиға болған орынды, сондағы жекелеген заттарды т.б. таниды. Танудың әрбір сәті оның мәліметімен жүргізіледі.
Айырмасы: тану кезінде тергеуші сол объектіден тапқан заттарды көрсетеді. Ал айғақты тексеру кезінде ол адам заттарын жатқан жерін өзі көрсетеді, өзі таниды. Сонымен бірге бұл жерде не болғанын, қалай болғанын айтып береді, ал тергеуші бұл фактілерді өзіндегі деректермен салыстырады. Бұл бетпе-бет кездестіруге ұқсайды, бұған қатысушылар: бір жағынан-тергеуші адам екінші жағынан - материалдық жағдай.
Озқиға болған орында жауапты тексеру ісіне көптеген тәжірибелік әдістердің көп элементтері жинақталған. Мұнда тергеу экспериментіндегідей белгілі бір оқиғаның сол жерді, сондай жағдайда, дәл солай болу мүмкіндігі тексеріледі және суреттеліп отырған әрекеттер қайта көрсетіледі. Дегенмен, бұл айғақты процесін тергеу экспериментіне айналдыра алмайды. Бұл екеуінің психологиялық табиғаты екі түрлі. Айғақты тексеру барысында тек қана бұл оқиғаның болу мүмкіндігі ғана емес, ол қай жерде болды, ол қалай болды, ол тергеушіге қаншалықты белгілі-осы арасы да анықталады. Бірақ оған жағдай жасап, тәжірибе әрекеттері бірнеше нұсқада қайталанбайды. Тергеу эксперименті оқиғаның қалай болғанын көрнекі түрде қайталап шықсам, ал оқиға болған орында көрсеткішті тексеру материалдық жағдайды зерттеу, бір-бірімен салыстыру, түсініктеме алу сияқты мақсатты көздейді. Дей тұрғанмен, сол оьрында айғақты тексеру ісінің қорытындылары да тергеу эксперименті қорытындыларындай бағаланады.
Бұл істің негізгі мақсаты-жауап алу барысында келіп түскен ақпараттың дұрыстығын дәлелдейтін қосымша ақпараттар табу. Оқиған болған орынға барғанда тергеушінің ісіне бұрын айтылмаған мәліметтер түсуі мүмкін.
Тергеуші оқиға болған жерде
алғанда кабинетте жауап
Жалпы оқиға болған жерде жәбірленушіден куәгерден, күдіктіден және айыпталушыдан да жауап алуға болады.
Оқиға болған жерде жауап алуға мынадай негіздер бар:
-оқиға болған жерді анықтау қажеттілігі.
-із кесу жолдарын анықтау қажеттілігі.
-тергеу үшін маңызды заттардың қайда екенін анықтау қажеттілігі.
-тергеу үшін таныс емес адамдарды анықтау.
-оқиғаның кейбір сәттерін анықтау және көз жеткізу.
-қылмыс жасауға итермелеген жағдайларды анықтау.
-оқиға болған орын, кейбір объектілер, олардың бағыты туралы тергеушінің қиыншылықты білетіндігін анықтау.
Кейде айыпталушының қылмыс болған және баға заттар жасырылған орынды көрсетуге өтірік келісетін жағдайлары да кездеседі. Шын мәнінде, олар тергеуші мен оның қасындағы мамандарды басқа, еш нәрсе таба алмайтын жерлерге алып барады. Ондағы мақсаты: алдын-ала тергеу кезінде берген алғашқы жауабынан кейін сотта бас тарту. Сөйтіп өзін алдын-ала жауап алу кезінде сол кездегі дәлелдер не басқа жағдайлар мәжбүр етті деп, жауабынан танып шығу, өзін ақтап алуды көздейді.
Тергеу әрекеті барысында мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Оқиға болған орында шығып, бірақ тығылған затты, өлікті немесе тағы басқа нәрселердің қайда екенін көрсетуден айнып, басқа жерді көрсетуі мүмкін. Оның мұндай қылығын дер кезінде әшкерелеу үшін тергеуші әрдайым айыпталушының әрбір әрекетінен көз жазбауы тиіс. Бұл тергеушіге қажетті шара қолдануға тіпті шын мәнінде бағалы заттар, өлік немесе тағы басқа қай жерде жасырылғанын болжап білуге мүмкіндік береді.
Оқиға болған жердегі жауап алудың
нәтижелі болуы тергеушінің
Жалпы бұл жұмыс психологиялық маңызы бар ұйымдастырушылық сәттерден тұрады. Ең алдымен, оқиға болған орынға шығу уақытын дұрыс таңдай білген жөн. Айыпталушы ең алғашқыда көбіне дұрыс жауап береді, көп ұзатпай оны оқиға болған орынға апарып, жауабының дәлдігіне көз жеткізу керек. Ал кешіктірген жағдайда айыпталушы өз жауабынан айнып кетуі мүмкін. Тергеуші негізгі орталық фигура-тергеушінің психологиясын жақсылап тексергені жөн. Бұл онымен психологиялық байланыс орнатуға, тексеру барысында неғұрлым көбірек дәлелдер жинауға септігін тигізеді. Оқитға болған орынға шығып жауап алғанда,айыпталушы мен күтіктіге бұл процесс оның жағдайын ауырлатпайтынын, қайта қылмыстың қалай болғанын анық білгенде ғана істі әділ шешуге мүмкіндік болатынын айтып түсіндірудің маңызы зор. Сондай-ақ егерде біреу оған жала жауып отырған болса, осы тексеру барысында ашылатынын да тексеру тексеру керек.
Тексеру барысында қажетсіз, көңілді басқа жақа аударатын бөлшектердың (бөтен адамдар, басы артық құралдар және т.с.с.) болғаны дұрыс. Тексеруге басқа қатысушы адамдардың (қылмыс куәлар, мамандар анықтау органы қызметкерлері) да мұқият әзірленгені жөн. Олар да өзі мүмкіндіктері мен құқықтарын жақсы білім кездейсоқ жағдайларға дайын болғаны дұрыс. Оларға өз тараптарынан айыпталущыны жек көрушілік, аяушылық т.б. сезімдерін білдірмеуін ескерткен жөн, әйтпесе жауап беруші тергеушіге деген сенімін жоғалтып, тергеу әрекетіне зиян келуі мүмкін.
Сирек те болса оқиға болған орынның
өзгеріп кететін кездері болады
(ескі үй сырылып, орнына жаңа үй салынуы,
тағы сол сияқты). Мұндай жағдайда тергеуші
үлкен шыдамдылықпен
Айыпталушы оқиға болған орынға келмей тұрып, сол орынды түгелдей сипаттап беруі керек, есінде қалған барлық заттарды, кіретін есік қайда, терезе қайда - бәрін айтып береді. Бұл оның кейінірек жауабын өзгертіп жіберуіне жол берілмейді.
Оқиға болған орында жауап алуды тексеруді қорытындыларын дұрыс хаттамалау да - психологиялық маңызы бар жұмыс. Хаттамада айыпталушының тергеу жолын бастан аяқ, оның әрекетінің сипатын, оның түсініктермелері мен пікілерін тегіс бергені маңызды болып табылады. Фотосуреттер, бейнетаспалар, сияқты құжаттарда-маңызы зор материалдар. Олар оқиға болған орында жауап алудың негізгі кезеңдерін, тергеу барысындағы айыпталушының әрекеттерін, яғни обьектіні іздеу, көрсету, табу барысындағы әрекеттерін түгел қамтуы тиіс.
Оқиға болған орынға шыққан кезде тергеуші белсенді әрекет етпейді, адал жауап берушіге көмектесіп, жалған жауап берушінің өтірігін әшкерелемейді, тергеу әрекетін бетімен жібереді, деген ой тумау керек.
Дей тұрғанмен, тергеу әрекеттерін басқара бағыт бере отырып, тергеуші тергелушінің айтар сөзін аузына салып бергені немесе бірдеңеге сендіруге тырысуы дұрыс емес. Осы ережелерді ескере отырып, оқиға болған жерде айғақты тексеру де жауап алу сияқты екі кезеңнен тұрады: біріншісі-еркін әңгімелесу, екіншісі-сұрақ-жауап.
Оқиға болған орыннан хабардар болу үшін, сол жер туралы кеңірек мағлұмат алу үшін, айыпталушы алдымен оқиға болған орынмен ауызша таныстырып өтеді, кейін сол жауабын қылмыс болған орынға барғанда қайталап айтып береді. Бұл оның кейінірек алғашқы жауабынан танып кетуіне жол бермейді. Сонымен қатар оқиға болған жерді қаншалықта жақсы білетінін байқатады.
Оқиға болған орынды бағдарлауға ондағы жекелеген жағдайларды еске түсіруге тек адамның еске сақтауымен байланыстыра білу қабілеті ғана көмектеспейді, оның қабілеті мен ойлау іскерлігінің де маңызы маңызы зор.Оқиғаны еске түсіру бірнеше түрде өтеді.Оқиға кейде еске бірден түседі, бұл кезде ойланып толғанып күш жұмсаудың қажеті жоқ. Ал бірлен еске түсіре алмаған жағдайда адам бәрін ой талқысына салады. Адам ой есебін шешеді, болжам жасайды, сол жерде әр түрлі мүмкіндіктер тексеріп көреді соңында бәрін есіне дұрыс түсіргенін сезінеді.
Үшінші сұрақты қорыту: осылай жоғарыда аталған тергеу әрекеттері тергеуші қызметінде қажетті ақпаратты іздеу, дұрыс таңдау, түсіну үшін креминалистік біліммен тәжірибе жинау маңызды. Бұл білім мен тәжірибе адам қолындағы болжамдарды жетілдіру үшін қажетті алғышарт болып табылады. Бетпе-бет кездестіру жауап алудың бір түрі болғандықтан, оған жауап алғандағыдай тактикалық және дайындық жасалуы керек. Бетпе-бет кездестіру-бұрын жауап алынған адамның көрсетуілеріндегі қарама-қайшылықтарды жою үшін жүргізілетін тергеу әрекеті. Жауап алуға ұқсас болғанымен, процессуалдық тактикалық жағынан ғана емес психологиялық жағынан да өзіндік ерекшелігі бар. Психологиялық көзқарас тұрғысынан бетпе-бет кездесу-тараптар арасында болатын өзіндік психологиялық жүздесу. Міне осы қасиеті оның заң психологиясында жеке дара тергеу әрекеті деп ақарастыруға негіз бола алады.
Бұл кездесуге тән нәрсе көбіне оған қатысушы адамдардың арасындағы шиеленіскен қатынастар мен көңіл күйдің толқуы жағдайында өтетіндігі. Тергеуші бұл тергеу әрекетінің өткізуге дайындық барысында оған қатысушыларды психологиялық жағынан терең зерттеп, оларды соған дайындап, әр әрекетін жоспарлап қойған жөн, бұл бетпе-бет кездестірудің нәтижелі өтуінің кепілі.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан тану - танушы адамның объектіні көруі, өз ойындағы объектімен салыстыруы, сол арқылы оған анық көзі жетуі жағдайында өтетін тергеу әрекетінің бір түрі. Тану психологиялық мазмұны жағынан бірнеше кезеңнен тұрады. Олар: танушы бұрын бұл адамды не затты көрген, оны ерекше белгісінен таниды, немесе танудың өзі іске асады.
Тергеу экспериментінің
Тергеу эксперименті – оған қатысушыларға психологиялық жағынан қатты әсер ететін психологиялық маңызы бар тергеу әрекеті. Себебі оның қорытындылары белгілі бір құбылыстың, оқиғаның болу- болмау мүмкіндігін көрнекі түрде көрсетіп береді, ал оны жоққа шығару күдіктіге, айыпталушыға қиынға соғады. өзінің мазмұны жағынан тергеу әрекетінің көп түрі адам баласының мүмкіндіктерін зерттеу мен баға беру болып табылады.
Соңғы жылдары тәжірибеде оқиға болған орында айғақты тексеру секілді тергеу әрекеті кең қолданылып жүр. Бұл әрекеттің іс жүзінде кең тарап келе жатқаны және нәтижелілігі байқалады. Оқиға болған жерде жауапты тексеру күрделі тергеу әрекеті. Мұнда оқиға болған орынды қарау, жауап алу, тергеу эксперментінің психологиялық ерекшеліктері бар. Бұл әрекеттің табысты болуы тергеушінің ұйымдастырушылық қабілетіне байланысты.
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу
Тергеу органдарының кәсіби іс - әрекетіндегі азаматтардың қылмыстық әрекеттеріне бағытталған белгілі бір мақсатпен міндеттеуді қояды.
В.В. Бойко әдістемесі бойынша эмпатиялық қабілет деңгейін анықтау
Әр шкаладағы бағалау 0-ден 6 баллға дейін құбылып отыруы мүмкін және эмпатия құрылымындағы нақты параметрлердің маңыздылығын көрсетеді.
Келесі ерекшеліктер сізге тиісті ме, бағалаңыз, тұжырымдамалармен келісесіз бе?
Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері