Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа

Описание работы

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31

2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59

Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Олар үздіксіз даму заңдылығына  негізделген, жеке даралық қасиетке ие. Тәжірибеде жиі байқалатыны адамды мұндай белгілері арқылы да тануға болады. Тек осы тану процесі кезінде қылмыскердің даусы мен жүрісін әдейі өзгертуіне жол бермеу керек. Ол үшін күдікті сол сәтте өзін бақылап және тыңдап тұрғанын білмеуі керек.

Соңғы кезде криминалистер мен  психологтар адамды даусына қарап  ажырату мәселесіне үлкен мән  беруде. Адамның сөйлеу мәнерінің өзіндік белгілеріне: сөйлеу жылдамдығы, сөздерді созу ерекшелігі, сөйлем құру тәсілі, сөз қолдану тәсілі, екпіні мен интонациясы жатады.

Қылмыскерді ұстаудың басқа жолы қалмаған кезде кориминалистер психологтарды  қатыстыра отырып, техниканы пайдаланып қылмыскерді дауыс және сөйлеу ерекшеліктерін анықтау тәсілін кең қолданып жүр. Үнтаспаға жазылған адам даусына қарап, мамандар оның дене бітімін, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін (жасы, жынысы, мінезі, ой-өрісі, тұратын жері) анықтау мүмкіндігіне ие.

Әр тілде жергілікті ерекшеліктері (диалект) болады. Сондай-ақ басқа тілден енген  сөздерді дұрыс қолданбауынан  оның ұлтын анықтауға да болады.

Алматыда жеті жасар баланы ұрлаған  қылмыскер баланың әкесіне телефон  соғып, ақша сұрайды. Әкесі бұл туралы полицияға хабарлайды. Қылмыскердің келесі қоңырау жалғандағы сөздері үнтаспаға жазылады. Мамандар бұл жазбамен танысып, қылмыскердің жасы 40 шамасында, ол оқымаған адам, Талғар ауданы диалектісімен сөйлейтінін анықтады. Радиодан бірнеше мәрте қылмыскердің дауысын беріп, жергілікті халықтан оны табуға көмектесуін сұрайды. Тыңдаушылар оның сөзінің мазмұнына алаңдамауы үшін, оның бір сөзді, сөйлемді қайталаған жерлерінен монтаж жасайды. Алты радиотыңдарман қылмыскердің даусын танып, атын атаған. Бұл адам шынын да іздеп жүрген қылмыскер болып шықты. /53/

Бұл мысалда дауыс пен сөйлеудің  бір белгілеріне ғана назар аударылған. Сондықтан дауыс пен сөйлеудің  бір ерекше белгілері басылған жазба  маңызды («Р»-ды айта алмау, кекештену, ысылдап сөйлеу, диалектизм мен жаргонизмдерді қолдануы және т.с.с.).

Адамды сипаттағанды оның дене, бет  қимылы, жүрісін ескеру де маңызды. Мәселен, жылдам, секеңдеп не шайқатылып жүруі; ал қолын арқасына ұстауы, кеудесіне  айқастыру т.б. сөйлегенде қолын  кеудесінде қысып, таңдағанда екі қолын екі жаққа жайып т.с.с. қимылдар көрсетуі мүмкін.

Бұрын көрген объектіні есте сақтап, бірнеше ұқсас объектілер ішінен тани білу қабілеті танудың негізін  қалайды. Бұдан шығатын қорытынды, тануға дұрыс баға беру үшін танудың  психологиялық механизмін білу керек.

Танудың екі түрін психологтар  көрсетеді:

  • Симультанттық (синтетикалық)
  • Сукцессивтік (аналитикалық)

Симультанттық тану-адам жадында сақталған  объектіні тануға барғаннан-ақ өз атындағы адам бейнесімен  сәйкес келгендіктен бірден тану.

Сукцессивтік тану-ойша салыстырып, объектінің белгілерін салыстырмалы түрде таңдай отырып біртіндеп тану.

Тәжірибеде көрсеткендей, танудың  бірінші түрі сенімді. Егер тез арада  тани алмаса, ойша еске түсіріп, санада сақталған белгілерімен салыстырып барып, тану-танымауы екіталай.

Тану процессі оның мүшелерінің  бәрі сиятын кең қызмет кабинетінде  өтеді. Егер қылмыс пен қылмыскерді  қабылдау ерекше жағдайда өткен болса, оған басқаша жағдай жасау керек. Танушы мен танылушының ар-намысына тиетін немесе куәгердің өмірі мен денсаулығына  қауіп төндіретіндей жағдай тумауын тергеуші қамтамасыз етеді. Тану жарық жақсы түсетін кабинетте өтуі тиіс.

Танылатын объектінің қатарында тұратын  басқа объектілерді дұрыс таңдау керек. Олар бір-бірінен ерекшеленіп  тұрмауы тиіс. Мәселен, тықыр бас, бірнеше күн алынбаған сақал бәтеңкеде  бау мен шалбарда белдіктің болмауы бұл адамның уақытша қамау камерасында отырғандығын  танытады да, бұл тану процесінде сол адамға бағыт сілтеп, тануда қателік кетуіне жол беруі мүмкін. Өлікті танудың психологиялық ерекшеліктері бар тануда қатысушылар оның жақындары мен туыстары болады.

Сондықтан тергеуші өте сыпайы болуы  тиіс. Сол жердің, яғни моргтың атмосферасы  танушының психофизиологиялық мүмкіндіктеріне  әсер етіп, кейбір ортақ белгілеріне  қарап, қателіктер жіберуі мүмкін. Осының бәрін ескере отырып, тергеу процесінің бұл түрі басталмай тұрып тергеуші танушыны психологиялық жағынан дайындап, оны тыныштандырып, қорқынышын жеңуге көмектеседі.

Жалпы тану процесінде тергеуші оған қатысушылардың бәрінің қимыл  - әрекетін көзден таса қылмайы, оның бір мүшесінің екіншісіне психологиялық әсер етуін болдырмауы тиіс. Танудың дұрыс өтуін тексеру-жауап алу кезінде объектіні сөзбен сипаттауы мен танудағы әрекетін салыстыру. Осы элементтерді салыстыру мен талдау-баға беру процесінде болуы тиіс әрекеттер.

        Тергеу эксперименті-қолдағы бар және жаңа түскен дәлелдерді тексеруге бағытталған жеке дара процессуальды әрекет. Оның мазмұны – қылмысты іске байланысты шындықты білу мақсатында белгілі бір оқиғаның, әрекеттің не құбылыстың қалай болғанын білу үшін тәжірибе жасау.

Бұл эксперимент негізінде біреудің не тергеушінің суреттеріндегі жағдаят, соған сәйкес бұрын белгілі болған тәжірибе әрекеттері қайта көрсетіледі. Тексеру процесінде тек заттар  мен оқиға болған жердің белгілері мен қасиеттері анықталады. Мысалы, тексерілген бөлменің есігі ашылғанда қатты шиқылдайтынын байқаған тергеуші, мұны хаттамаға тіркейді. Бірақ ол есіктің шиқылы көрші бөлмедегілерге естілуі қандай, оны дыбыссыз ашуға анықтайды. Тергеу экспериментінің табиғатын дұрыс түсінбеу оны тану процесімен шатастыруға әкеп соғады.

Тану да тергеу эксперименті  секілді  арнайы қайта туындаған жағдайда өтеді. Бірақ тануда тергеу экспериментіне тән белгі-белгілі бір әрекеттің  іске асу мүмкіндігі тәжірибеде тексеру болмайды. Тергеу эксперименті тану  процесінен кейін болады, сонымен бірге оның дұрыс өткен-өтпегеніне сенімді болуы үшін тағы бір тексереді. Мысалы,  танылмаған қылмыскерді   енді оқиға болған кездегідей алыстан, қара көлеңкеде тану мүмкіндігін тексереді.

Тергеу эксперименті оған қатысушыларға  психологиялық жағынан қатты  әсер етеді, себебі мұнда оқиғаның қалай  болғаны көрнекі түрде куәландырылады, күдіктіге не айыпталушыға бұл оқиғаны  жоққа шығару қиын болады мәселен, дүкенге  терезе әйнегінен кірген, тонаған деген айып  тағылған күдікті бұл істе сыбайласы болмағанын, жалғыз өзі жасағанын айтады. Тергеу эксперименті өтті.  Айыпталушы мұндай тәсілмен дүкенге кіре алмады, енді ол жасы кәмелетке толмаған сыбайласы болғанын, терезе көзінен ішке кіріп, дүкен есігін іштен ашып бергенін мойындауға мәжбүр болды.

Тергеу экспериментіне тергеушіден  басқа: айыпталушы, жәбірленуші, әр түрлі  сала мамандары, техникалық қызметкерлер, т.б. қатысты. Тергеу экспериментінің негізінде қылмыстық оқиғаны толығымен қайта көрсету мүмкін емес, сондай-ақ оған қатысушылардың ар-намысына, өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін әрекеттерге жол беруге болмайды. Мысалы, зорлауға байланысты істегі жәбірленушімен тергеу эксперментін өткізуге болмайды.

Жалпы өзінің мазмұны жағынан, тергеу экспериментінің көпшілігі адам мүмкіндіктерін (объектіні көру, адам дауысын есту, иіс сезу т.с.с.) белгілі бір әрекеттерді іске асыру мүмкіндіктерін (кішкене тесіктен өту т.с.с.) зерттеу және бағалау.

Сондай-ақ адам шеберлігі мен дағдылары (жалған құжат дайындау, құлыпты ашу т.б.) тексерілді. Тергеу экспериментінің шартын анықтау және шыққан қорытындыға баға беруде адамның нақты психофизиологиялық мүмкіндіктері туралы ғылымға сүйенеді.

Тергеу экспериментін өткізу мүмкіндігі егер тергеуші әрекеттерді іске асырғанда болады:

  1. материалдық жағдайды қайта қалыптастыруы, ол қылмыс болған кездегі жағдайға ұқсас болуы қажет.
  2. Субъективті психофизиологиялық факторларды қайта жаңғырту.
  3. Ең тәжірибелі әрекеттердің үлгісін жасау.

Егер қалыпты өмірде адам өзін табиғи бірқалыпты ұстаса, ал тергеу эксперименті кезінде психологиялық дайындық    пайда болады, ол барын салып жақсы көруге, естуге мән беруге тырысып, бар ерік- жігерін соған жұмсайды. Ал кәдімгі өмірде адам өз ойымен, өз уайымымен жүгіріп  айналады болып жатқан дыбыс, әңгіме, оқиғаларға мән бермеуі мүмкін.

Екінші жағынан, құылмыстық оқиғаның әдеттен тыс жағдайында ішкі толқу, ашу, қорқыныш үстінде жасаған әрекетін тергеу эксперменті үстінде қайталай алмайды. Мысалы қылмыскер оқиға  болған орыннан қашып бара жатып  үлкен арықтан аттап өтуі, биік қорғаннан секіріп кетуі мүмкін, ал сол әрекетті тергеу эксперименті кезінде қайталай алмайды. /54/

Айыпталушы, тіпті кейде жәбірленуші  тергеу экспериментін, өткізуге келісім  бергенімен, өз мүддесі тұрғысынан тергеу эксперименті кезінде өзінің білімі мен қабілетін әдейі жасыру мүмкін. Шындықтың ашылуы үшін мұндай тәжірибе нәтижесіз болады. Сол үшін тергеу эксперименті қорытындыларына абайлап баға берген жөн. Әйтсе де, бұл тергеу эксперменті кезінде болған оқиғаны айқындайтын деректер алу мүмкін емес деген сөз емес. Тергеу экспериментін басқаратын-тергеуші. Тергеу экспериментін өткізу туралы туралы шешім қабылдайтын да, өз болжамдарын ұсынатын, бұл іске кімдер қатысатынын, тәжірибені өткізу шартын белгілейтін, оған баға беретін де тергеуші тәжірибе барысында барлық жердегі әрекеттерге қатысады деген сөз емес.13

Қалыс қалушы куә таңдауда тергеуші тәжірибенің күрделілігін, алынған  қорытындылардың бағасын ескеруі  қажет. Қажет болғанда арнайы кәсіби білім бар не сырт бітіміне қарап  қалыс қалушы куәлар шақыруға болады.

Тергеуші  тәжірибе өтетін жерге  келгенде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді! Тәжірибеге қатысушылардың міндеттерін  белгілейді, оқиға болған кездегіге  ұқсас жағдай туғызады. Тергеу экспериментінің  дәл сол оқиға болған жерде  өтуі сол күнгі оқиғаның қалай болғандығына сенімділікті арттырады. Сонымен бірге қылмысқа қатысты дерктерді еске түсіруге де игі әсер етеді.

Кейде экспериментті оқиға болған жерден тыс жерде өткізеді. Қылмыс қаруының өзін емес, соған ұқсас  заттарды пайдаланады. Эксперименттің басында қауіпсіздік шараларын тағы бір тексеріп, оған қатысушылар міндеттері мен тәжірибенің мазмұнымен таныстырып шығады.

Бұл тергеу әрекеті мүшелері тәжірибе барынсында  күрделі психологиялық  жағдайда бастан кешіреді, бұл олардың  қи мылына, даусына, сөйлеу мәнеріне әсер етеді.

Тергеу экспериментіндегі негізгі  мақсат-тәжірибе жүзінде алынған қорытындыға дұрыс баға беру.

Тергеушінің міндеті-тәжірибе өндірісін  ұйымдастыру. оларды қадағалау, эксперимент  барысын хаттамалау, тергеу қорытындысына баға беру. Стергеуші тәжірибе санын анықтайды, қажет болған жағдайда қайталап өткізеді. Тергеу эксперименті бірнеше мәрте өткізіледі. Бір тәжірибені бірнеше рет қайталау зерттеліп жатқан оқиғаның қалай болғанына, оның қорытындыларының кездейсоқ емес, дұрыс екеніне көз жеткізеді.

Тәжірибенің бернеше рет қайталануы-тергеу экспериментінің бірінші принципі.

Екінші принцип - көп нұсқалық, яғни әр тәжірибені біраз өзгертілген  жағдайда іске асыру.

Мысалы, куәгердің көрші бөлмедегі  дауысты есту, сөздерді түсіну мүмкіндігінің қаншалықты екенін білу үшін, айыпталушы кәдімгі, қатты, жай дауыстармен, есікті қатты жауып, жартылай жауып, ашып қойып сөйлеп көреді немесе куәгерді есікке жақын  жерге қойып, бөлменің ортасына қойып көріп тәжірибенің бірнеше нұсқасын өткізеді.

Бұл айтылғандардан тергеу экспериментінің  қорытындыларының дәлелдеушілік мәнін  бағалау ережелері шығады. Бұдан  әрекеттердің 2 түрі шығады; ол белгілі  бір әрекеттердің іске асуының объективті мүмкіндіктерін тексерушілік  2) бұл  әрекеттерді осы күдіктінің істегендігінің субъективті мүмкіндігін тексерушілік.

Тергеу экспериментіне қатысушы тұлғаның қолынан келген әрекет бұл қыл  мысты дәл соның жасағанының  дәлелі бола алмайды. Мұндай қорытынды  қолда бар басқа дәлелдермен  сәйкес келгенде ғана жасалады. Ал тергеу эксперименті теріс нәтиже бергенде оған баға беру бұдан да күрделі. Мұндай жағдайда бұл құбылыс болмаған, болуы мүмкін емес деп бағаланады. Солай бола тұра, жоғарыда аталған тәжірибені бірнеше мәрте қайталау мен көпнұсқалылығы сақталуы керек. Тергеу экспериментін бір адамға ғана емес, бірнеше адамға жасатып, тек сол тұлғаның ғана қолынан келетін іс екенін дәлелдеу маңызды. Адам баласының мүмкіндіктерін бағалау үшін тәжірибеге психолог шақыртуға болады. Мәселен, мынадай жағдай көрші болған; эксперимент өзінің ауылдарының көрші үйге кіргенін көргенін (бұл үй иесі өлтірілген) айтқан әйелдің көрсетуін жоққа шығарады.  Себебі мұндай қарағы түнде, осындай қашықтықта адам бейнесін ажырату мүмкін емес. Бірақ кейінірек куәгер әйел қараңғыда көзі жақсы көретін, тіпті алыс қашықтықтағы адамды ажыраты алатынын тәжірибеде жүзінде дәлелдейді

Қылмыстық оқиға орын алған кездегі  іс-әрекетті тергелуші эксперимент  кезінде қайталай алмауы кей жағдайда ештеңені дәлелдемейді. Тәжірибе кезінде  адам бұрынғы қабілеттері қабілеттері мен шеберлігін жоғалтуы мүмкін немесе қылмыс үстінде адам әр түрлі көңіл күйлерді бастан кешіп тұрып жасай  алған әрекетін кейін қайталай алмауы да мүмкін. Мысалы, тонаушылар ақша толы портфелін тартып алған кассир қатты жылдамдықпен үлкен қашықтықты жүгіріп өткен, бірақ тәжірибеде бұл рекордын қайталай алмады. Солай бола тұра басқа көптеген қосымша тергеу әрекеттері оның кінәсіз екенін дәлелдейді. Сондықтан болжау тәжірибелерінің нәтижелеріне баға бергенде тергелуші адамның қылмыс болған кездегі, эксперимен кезіндегі психологиялық жағдайларын ішкі және сыртқы әсерлерді есепке алғаны жөн.

Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері