Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.
Кіріспе......................................................................................................3
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59
Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67
Алдын ала тергеу материалдарын ерте жария етудің тағы бір қауіпті тұсы бар. Әлі де тексеруді қажет ететін шешімдер мен болжамдар ендігі жерде дәлелденген фактілер ретінде қабылдануы мүмкін.
Бұлардың теріс әсері
Істі тергеу барысында адамдардың жеке өміріне араласуға, өткенін қазбалауға, күнделікті тұрмысына, отбасылық қарым-қатынасына, тіпті жеке құпияларына араласуға тура келеді. Бұл мәліметтерді жария ету ол адамдарға көп зиян әкеліп, олардың әшкереленуі мен қайғыруларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан заңның тергеушіге адамдардың жеке өмірі туралы мәліметтерді өте қажет болмаса жария ете бермеуді тапсыруы кездейсоқтық емес.
Сонымен бірге, тергеуші өзінде бар билікті пайдаланып, іске қатысты кез келген мәліметті ала алатын мүмкіндіке ие. Оның кейбірі мемлекеттік құпия болып, жасырын ұстау санатындағы істер болып табылады. мұндай істе тергеуші тек жекелеген деректерді ғана емес, жалпы істің бәрінің құпиялылығын сақтауы тиіс.
Жария етуге болмайтын мәліметтердің құпиялылығын сақтаудың өзіндік психологиялық қиындықтары бар. Құпияны сақтай білу – ол табиғаттың сыйы емес, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің жемісі, сабырлылық пен тәртіптіліктің белгісі.
Бесенеден белгілі, адам бір жаңалық естігенде, көңіл күйіне қатты әсер ететін үлкен бір табысқа қол жеткізгенде не сәтсіздікке ұшырағанда, біреумен бөлісу қажеттігін сезінеді. Қызықты оқиғаны әңгімелеп беру, өз жұмысының маңыздылығын көрсету, өз табысын мақтаныш ету сияқты нәрселерден өзін аулақ ұстау, әсіресе, жас адамға қиын.
Әр түрлі қоғамдық көзқарастардың ортасында болуы, әр қилы сыртқы әсерлер тергеушіден ерекше жауапкершілікті талап етеді.
Әрбір дабыра болған қылмыстық іс, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамаланса, өз айналасында қоғамдық-саяси жағдаят туғызады, ал ол тергеу ісінің бағытына әсер етеді. Қоғамдық пікірдің сеніміне кейде тергеуді жүргізіп жатқан адам ие болып, оның ісінің дұрыстығына жалпы сенімділік пайда болады. Бұл жағдайда оның әрекеті мен айтқан сөздері талқыланады. /14/
Қайсыбір істі болмасын баспа орындарында жария етерде тергеушінің ерекше сақ болғаны жөн. Іс әлі толық аяқталмай жатып, баспа бетінде дәлелденген факті ретінде көрсетілуі өте қауіпті болып саналады. Газет не журнал мұндай жағдайда өзінің кесімін шығарып, оқырманды істің дәл солай болатындығына сендіріп қояды. Бұл кесімнің дұрыс еместігін дәлелдеу тергеушіге қиынға соғады. Бұрын айтылған пікір мен осы істің айналасындағы қоғамдық көзқарас ылғи да оның аяғына оратылумен болады.
Оқиға болған жерді тексеру – бұл тергеу үшін маңызды, дәл сол іске қатысты материалдық объектілерді, оның белгілері мен қарым-қатынасы, болған оқиғаның ізін табу болып саналады. Оқиға болған жерді тексеру үшін маңызы бар, тура оқиғаның болған жерінде қылмыстық іс туралы ақпаратты белсенді, мақсатты түрде қабылдап, оны талдау мен екшеуден өткізетін процесс болып табылады. оқиға болған орынды тексеру барысындағы тергеу әрекетін іздеу мен әр түрлі ақпараттар жинау, оны ой елегінен өткізу, болған қылмыстық оқиғаның ойша үлгісін жасау процесі деп бағалауға болады.
Әрбір қылмыс адамдардың материалдық жағдайына, сана-сезіміне әсер етеді. Оқиға болған жердегі өзгерістер тексеріліп, дәлел ретінде тіркеліп, зерттеледі.
Оқиға болған жерді қарау алғашқы тергеу әрекетіне жатады, ал көптеген ауыр қылмыстық істерде жеке бір тұлғаны тергеу ісі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл жерде істің табысты не сәтсіз аяқталуы қылмыстың ізіне дәл түсе білуге, керекті деректерді дәл таба білуге, сөйтіп қылмысты ашуға байланысты болады. Басқаша болған жағдайда тергеу ісіне теріс әсер етіп, оны теріс бағытқа қарай әкетеді немесе тығырыққа әкеп тірейді.
Оқиға болған жерді қарау қылмыс іздерін, басқа да заттай деректерді табуға, оқиғаның себебін т.б. іске қатысты жағдайларды анықтауға бағытталған жеке дара тергеу әрекеті болып табылады. Сонымен бірге бұл тексеру тергеу әрекеттерінің: тұтқындаудың, тінтудің, тергеу экспериментінің, сол орында жауап алудың ажырамас бөлшегі болып табылады. Сонымен бірге оқиға болған орынды тексеру-тергеу қызметінің маңызды бөлігі, бұл тексеру кезіндегі деректерді басқа еш жерден және ешқандай басқа тәсілмен табу мүмкін емес. Мысалы, аяқ іздері мен саусақ таңбалары, есікті бұзған құралдар туралы ақпарат осындай маңызды деректер болып саналады. Оқиға болған орынды зерттеу процесінде тергеуші тергеудің бағыты мен болған оқиғаның шындығын ашуға қажетті мәліметтер мен деректерді алу үшін танымның әр қилы үлгілері мен тәсілдерін пайдаланады. /15/
Тергеушіге оқиға болған жерді жақсы зерттеуі ол оқиғаның картинасын қалпына келтіруге, өз деректеріне эмпирикалық база дайындауына, т.б. тергеу әрекеттерін іске асыруына мүмкіндік береді. Ешқандай құжаттар, көзбен көргенмен салыстыруға болмайды. Сол себепті өндіріске көпжылдық ескі қылмыстық істі алғанда да оқиға болған орынмен танысу керек.
Көп жағдайда оқиға болған орынды көру белгісіздік тергеу жағдаятында өтеді, бұл тергеудің алғашқы кезеңіне тән нәрсе.
Қандай оқиға болды: қылмыс не бақытсыз жағдай ма, әлде көзбояушылық па? Егер қылмыс болған болса, ол қандай қылмыс? Оны кім жасады және не үшін?
Тергеу әрекеті – шұғыл шаруа, кейінге қалдыруға төзбейді. Басқа алғашқы тергеу әрекеттеріне қарағанда оқиға болған жерді тексеру тез арада жүргізілуі тиіс. Кез келген жайбасарлық жағдайдың өзгеріп, іздер мен айғақтың жойылып кетуі мен куәгерлердің маңызды фактілерді ұмыта бастауына әкеліп соқтырады. Бұл кезде тергеушінің тексеруге дайындалып, өз тактикасын ойланып немесе біреумен ақылдасып жатуға уақыты тар. Ол өте жылдам қимылдауға мәжбүр, солай бола тұра кішкене ғана жіберген қателігі ең бір зәру дәлелді жоғалтуы мүмкін екенін естен шығармайды. Мұның бәрі тергеушінің жауапкершілік сезімін арттырады, ал жас мамандарда «қателесуден қорқу» сезімі жиі бой көтереді.
Бұл олардың қатты тоқуынан, асығыстығы мен ой белсендігінің төмендеуінен көрінеді, мұндай жағдайда қызметін өз дәрежесінде атқара алмайды және процеске қатысушылар әрекетіне басшылық ете алмайды. Ал білікті тергеушілер мұндай қиын кезеңде өте жылдам, сонымен бірге сенімді қимылдап, тез бейімделеді. Олардың бақылағыштығы, ойлау қабілеті артып, тексеру ісін шебер басқарады.
Жалпы мұндай тергеушілерде барлық ой күші мен дене күші жинақталады.
Оқиға болған орынды қарау үшін тергеуші мына шаруаларды ұйымдастыруы керек: оперативтік топ жасақтау, ғылыми-техникалық құралдарды дайындау, тексеру, мамандар шақыру, оқиға болған жерді күзету және т.б.
Бұл жұмыста оперативтік топтың ылғи да тұрақты болуы, оның әр мүшесінің өз міндетін жақсы білуі, бірлесе қызмет істеуі маңызды. Мұндай топты жасақтар алдында олардың өмірлік және кәсіби тәжірибелерін, психологиялық ерекшеліктерінің сәйкес келуін ескеру қажет (бірін-бірі сыйлауы, қиналғанда көмекке келе білуі, өзара келіспеушілікті жеңе білуі т.с.с.). /16/
Оқиға болған жерді тексеру – тергеу қызметінің ішіндегі жария түрі, көп адамның көз алдында өтеді. Бұл іс белгілі бір психологиялық даярлықты, жағдайды тез меңгеріп әкетуді, тексеру тобын басқару қабілетін, тәртіп орната білуді, әріптестік атмосфера тудыра білу сияқты қабілеттерді керек етеді.
Оқиға болған жерді тексеру – тергеуші, мамандар мен куәлар әрекетін қамтитын, тергеуші басшылығымен іске асатын, іздеу, тану, ұйымдастыру, куәландыру элементтерінен тұратын күрделі кешенді қызмет түрі. Қысқаша анықтамасы.
Қызметтің танымдық элементі құрамына кіреді:
- қоршаған ортамен танысу;
- деректер;
- құбылыстар;
- олардың байланысының себебі;
- болжамдарды ұсыну.
Қызметтің іздестіру элементі – бұл іздеу, қылмыскер әрекетіндегі өзгерістерді байқау, іздер мен заттай дәлелдерді алу.
Ұйымдастыру элементіне тексеру барысында оперативтік топты басқару жатады (оқиға болған орынды күзетуді, жәбірленушіге көмекті, тексеру ісіне қатысушылардың міндеттерін бөлуді ұйымдастыру).
Тергеудің куәландыру элементі – бұл тексеру барысында табылған оқиға ізі, заттай дәлелдер, көрініп тұрған фактілерді куәландыру, бекіту, тіркеу.
Тергеуші оқиға болған орынды тексерудің хаттамасын, схемасы мен көрінісін қағазға түсіреді, өзі немесе мамандар көмегімен суретке түсіріледі, аудио-бейне таспаға жазады. Көп жағдайда үйдегі барлық затты тізіп жазып шығады, инвентарлық тізімге ұқсайтын мұндай хаттама негізгі, қажетті детальға назар аударуға кедергі жасайды.
Тергеуші әрекетінің біз атап шыққан белгілері – шартты нәрсе. Тәжірибеде оқиға орнын қараудағы тергеуші әрекеті тұтастығымен көрінеді.
Оперативтік топ мүшелеріне атқарылатын қызмет түрі нақты бөлінуі тиіс. Оқиға болған жерді қараудың табысты өтуі оның мүшелерінің ұжымдық ұйымдасқан әрекетіне байланысты, тергеуші, анықтау органдары, эксперт мамандардың тергеудің алғашқы кезеңіндегі бірлесіп, ұйымдасып әрекет етуі – ол бірге оқиға болған жерге жедел-тергеу тобымен шығуы. Олардың оқиға болған жердегі бірігіп әрекет етуінің шарты - әркімнің өз қызметін жете білуі. Егер тергеуші оқиға болған жерді тексеріп, табылған деректерді хаттамаға түсірсе, оперативтік қызметкер жедел іздестіру шараларын іске асырады, ал маман эксперт тергеушіге оқиға іздерін табуға, бекітуге көмектеседі. /17/
Бұл іс-шаралар оқиға болған орынды қарап жатқанда бір мезгілде жүзеге асырылып, тергеушіге тексеру мен жалпы тергеудің сапалы жүргізілуіне жағдай жасайды. Қылмыстық әрекет артында қандай да болмасын із қалдырады. Бұл іздердің өзіндік ерекшелігімен қатар, жалпы бір жүйе түзеді.
Тексерудің табысты болуы
Тексерудің табыстылығы көбіне тергеушінің криминалдық білімділігіне байланысты.
Қылмыс іздеріне қарап, оның қылмыстың қай түріне (кісі өлтіру, зорлау, басқыншылық т.б.) жататынын болжап, қылмыстың ойша үлгісін құрайды. Осындай болжамдармен ол қылмыс іздерін мақсатты түрде іздейді.
Оқиға болған жерге баға бергенде, әрине, тергеушінің кәсіби және өмірлік тәжірибесі роль атқарады. Тәжірибелі, көргені көп тергеуші оқиға болған жерді тез меңгеріп әкетеді, бірден қылмыстың моделін жасайды, бұрын өзі көрген қылмыстармен ұқсастықты іздейді, салыстырады.
Кәсіби білімі өмірлік тәжірибесімен астасып, оның істі тез ашуына себеп болады. ал жұмысқа жаңа кіріскен тәжірибесіз тергеушінің алдында кәсіби тәжірибе жинақтау мәселесі тұрады. Бұған қол жеткізу үшін ылғи білімін көтеріп отыруы, тәжірибелі тергеушілерден үйренуі, мәжіліс, конференция, семинарларда тәжірибе алмасуы арқылы қол жеткізуге болады.
Оқиға болған орынды тексерудің табыстылығы көбіне тергеушінің бақылағыштығы мен керекті нәрсені көре білуіне байланысты. Тексеруді бастамай тұрып, болған оқиға туралы жалпы мәлімет алу керек. Іс өндіріске түспей тұрып оқиғаның анық-қанығын біліп алу өте маңызды.
Жағдайды жақсы түсіну, болған қылмыстық істі одан әрі терең зерттеу үшін тергеуші түск ен ақпараттарды: полиция қызметкері, лауазымды адамдардың, оқиғаны көзбен көрген куәлардың, жәбірленушілер мен қылмысты алғаш хабарлаған адамның берген мәліметтерін ой елегінен өткізеді.
Осы мақсатта бүкіл оқиғаны болған жерді қарап шығып, оның шекарасын белгілеп, алдағы тексерілуі тиіс жерлерді белгілеп, жоспар құрып қою маңызды. Оқиға болған орынды тексерудің табысты болуы тергеушінің ойлау қызметіне де байланысты. Сол орынды жан-жақты тексеріп, түгел қағазға түсіріп алу тергеушіге қандай оқиға болғанын ойша елестетуге мүмкіндік береді. Дәл осындай күрделі ойлай білу қабілеті тергеушіге оқиға болған орыннан табылған заттарды қылмыспен байланыстыруға, кейбір құбылыстардың себебін ашуға, көзбояушылықты тани білуге септігін тигізеді.
Тергеу ісінде ойлаудың ерекшелігі – бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы версияларды ұсына білуде. Тергеу версиясы осындай әр қилы фактілердің шындығын тексеруден шығады.
Бұл болжамдардың бәрі шындық жағдаятпен салыстырылады. Осылай тергеу болжамдары бұрын болған қылмысты ашуға бағыт-бағдар беріп отырады.
Оқиға болған орынды қарау кезінде көп жұмбақтарды ақпараттың тапшы жағдайында шешуге тура келеді. Мұндай кезде тергеуші өзінің білімі мен тәжірибесіне, сондай-ақ интуициясына сүйенеді. Әсіресе кісі өлімі сияқты ешбір куәгері жоқ, күрделі істі шешкенде интуиция мен ішкі болжам, ішкі сезімнің салмағы басым. Тергеуші неғұрлым кісі өлтіру картинасы ішкі түйсігімен «көре» білсе, осы «ішкі көрегендігінің» шындыққа айналу мүмкіндігі мол. Кісі өлімі болған жерді тексеру барысында қылмыстың болмашы ізі қылмыстың толық келбетін ашып береді. /18/
Тексеру барысында алғашқы болжамның дұрыс болмай шығатын кезі де болады. Бұл психологиялық көзқарас тұрғысынан 2 жағдайға әкелуі мүмкін. Алдымен жетіспейтін деректерді іздестіру ісі жалғасады. Кейде жаңа ақпарат түспейді де, ал мәселенің шешімі сол ескі деректер ішінде жатады. Мұндай жағдайда бұрыннан қалыптасқан жүйені бөлек-бөлек элементтерге бөліп, әрбір элементті бұрын байқалмаған белгілері мен байланыстары тұрғысынан қайта қарау керек болады. Осыдан ойлаудың негізгі қасиеті ашылады – объектінің жаңа байланыстарын қосу арқылы оның жаңа белгілерін ашу. Жаңа байланыста бұрынғы заттардың жаңа қасиеттері көрінеді. Осы талдаудың негізінде жаңа жағдайлар жүйесі, сонымен қатар жаңа версиялар туады.
Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері