Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.
Кіріспе......................................................................................................3
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59
Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67
Телефон қоңыраулары тек психологиялық байланыс орнатып қана қоймайды, сонымен бірге жауап беруге келетін адамдардың толқуын басады. Телефон арқылы шақырту бұл фактіні олардың туыстары, көршілері және бөтен адамдардан жасыруға көмегін тигізеді. Жауап алуға шақырту қағазы арқылы келтіруге болады, бұл жағдайда бөтен адамдар оқып қоймас үшін конверттің аузын жақсылап бекітіп, мекен-жайы мен фамилиясын анықтап жазып жіберу керек.
Куәгерлер мен жәбірленушілер жауап алу орнын белгілеуді де психологиялық тұрғыдан шешу маңызды. Бұл мәселе заңды түрде шешілген, куәгерлерден тергеу өндірісімен бірге жауап алынады. Бірақ кей жағдайларда, мәселен куәгер мен жәбірленуші қылмыстың кейбір сәттерін, тергеу үшін маңызды бір деректерді еске түсіре алмай жатса, оларда қылмыс болған жерде жауап алудың негізі бар. /29/
Сондай-ақ куәгер мен жәбірленушіден жауап алынғаны туралы әлі жария етуге болмайтын жағдайда олардан жауап алуды бір қоғамдық орындарда өткізуге психологиялық тұрғыдан рұқсат етіледі. Жалпы жауап алатын орынды таңдағанда адамгершілік - әдептілік жағын ұмытпаған жөн.
Жасы келген қариялар мен науқас адамдарды тергеушінің алдына шақырту дұрыс емес. Оның өзі бұл адамдардың үйіне барып жауап алғаны жөн. Егер мұны жасауға мүмкіндігі болмаса, онда анықтау органдары мен басқа тергеу қызметіндегі көмекшілеріне осындай кісілерден өздері тұратын мекен-жайында жауап алуға тапсырма беру қажет.
Науқас жәбірленуші мен
Куәгерлерден жауап алудың психологиялық негізі заң нормасына белгіленген, мысалы, бір іс бойынша тергелетін куәгерлерден жауап алу бір жерде, бір бөлмеде болмау керек, олар бірін-бірі көрмеуі, естімеуі керек.
Жауап алудың негізгі психологиялық ережесі – ол көзбе көз, бөтен адамдарсыз, бетпе-бет болуы. Заң бойынша бұл процесс тергеуші кабинетінде өтеді. Бұл жердің жағдайы, іскер де қатал стилі, сенімді және орнықты әңгіме бұл жұмыстың табысты өтіуне көмегін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, бүкіл жауап алу ісі барысында тергеушіге ешкім кедергі келтіріп, ойын бөлмеуі тиіс мысалы, телефон қоңырауы, қызметкерлердлің кабинетке кіре беруі т.б.
Жауап алу – бұл тергеуші мен жауап берушінің ұзақ, мағыналы, тікелей болатын әңгімелесуі. Бұл процестің арқасында шындықтың беті ашылады.
Жауап алу кезінде екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінез-құлық, екі түрлі тәсілін ұстанған адамдар бетпе-бет келеді. Бұл кезде тек жауап берушінің ғана емес, басқа адамдардың тағдыры шешіледі.
Бұл майданда жеңіп шығу үшін тергеушіге оның психология саласындағы арнайы білімі, жауап алу тәсілі мен әңгімелесу барысындағы кәсіби шеберлігі көмектеседі. Әділ, адал, жанашыр, принципшіл тергеуші жауап берушілердің сеніміне ие болып, дұрыс дәл жауап беріп, істің ашылуына көмектескісі келетін тілегін тудырады.
Жауап алудың табыстылығына тергеушінің басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттері, мысалы, өзін-өзі ұстай білуі, көңіл күйінің тұрақтылығы, өмірлік тәжірибесі, кәсіби білімі, шеберлігі де көмектеседі.
Тергеушінің сыртқы болмысына жататындар: сыртқы келбеті, дене бітімі, өзін өзі ұстауы, киім стилі және т.б. Оның ұқыптылығы, жинақылығы, қарапайымдылығы, іскерлік стильдегі қарапайым киінуі, тартымдылығы мен кісімен тіл табыса білу қасиеттері көмек беруіне септігін тигізеді.
Куәгерлердің тергеуші алдына келгендегі психологиялық жағдайын ескеру керек, көп адамдар үшін тергеушінің шақыртуы қалыпты нәрсе емес, қорқу мен сасқалақтау сезімдерін туғызары анық. Осындай күрделі жағдайда тергеушіге жоғарыда айтылған қасиеттер болмаса, екі тараптың арасында ешбір байланыс орнамайды. /30/
Жауап алудың барлық кезеңдерінде тергеушінің шүйіркелесіп әңгімелесуі керек-ақ. Жауап берушінің көзқарасын, көңіл-күйін, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілген әңгіме оның тергеушіге деген сенімін арттырып, оқиғаның шындығын ашып айтып беруіне септігін тигізеді.
Дегенмен, қателіктерге жол бермеу
үшін, жәбірленушінің қылмыс болған уақыттағы
психологиялық жағдайы мен
Тергеуші мен тергеуші арасында
психологиялық байланыс орнатудың
түрі көп және әрқилы. Бұл олардың
жеке басы ерекшеліктері мен
Жәбірленушілер мен
Жауап алуға жәбірленуші мен куәгерді шақырғаннан соң, олардың болған жағдайды асықпай еске түсіріп, еркін әңгімелеп шығуына кедергі келтірмеу керек. Керісінше, оларға жол сілтейтін сұрақтар беріп, «былай жауап бер» деп аузына салып беруге болмайды. Бұл олардың басқа бағытқа ауып кетуіне жол береді. Сондай-ақ куә немесе жәбірленуші жауап беріп жатқанда тергеуші тарапынан дөрекілік, кекесін, менсінбеушілік, асықтырушылық болмауы тиіс.
Егер жауап беріп жатқанда, куәгер не жәбірленуші тақырыптан ауытқып бара жатса, онда тергеуші нақты толықтыратын сұрақтар қоюына болады. Ал жауап беруші саналы түрде не абайламай жалған жауап беріп жатқан жағдайда тергеуші оған ескерту жасап, бағытын өзгертуді сұрайды.
Оқиғаны қалай қабылдау сапасы обьективті және субьективті факторлардың қатысына байланысты. Оның алғашқысына куәгерлер мен жәбірленушілердің өздеріне, олардың сезім мүшесіне қатысы жоқ факторлар жатады. Олар: тәуліктің уақыты, айналаның жарықтығы, оқиғаның қысқа не ұзақ мерзімде өтуі, ауа райы (қалың қар, қалың тұман, ашық күн және т.б.). Бұл обьективті факторлар жәбірленуші мен куәгердің болған оқиғаны есте сақтау дәрежесін жақсартуы немесе нашарлатуы мүмкін. Ал субьективті факторларға жәбірленушінің, куәгердің өз дене бітіміндегі кемшіліктер (нашар көруі, естуі т.б.), психофизиологиялық жағдайы жатады.
Мысалы, көру қабілеті төмен куәгер
қылмыскердің сыртқы түр-тұлғасын, адам
қаққан автомашинаның нөмірін
Тергеу кезінде куәгер мен жәбірленушіден жауап алу барысында қылмыстың тура болған уақытын анықтау қажеттігі туады. Ол үшін көптеген куә жинаған дұрыс, олардың әрқайсысының жауаптарын бір-бірімен және басқа да жиналған дәлелдермен салыстыру қажет.
Тергеуші тергеліп отырған адамға оқиғаның уақытын есіне түсіруі үшін көмекке келгені жөн.
Мәселен, куәгер немесе жәбірленуші үшін маңызды, уақыты белгілі бір оқиғаның болған сағатын еске түсіреді. Сонан соң тергеуші жауап берушіден одан басқа немен айналысқанын есіне түсіргізеді де, сол әрекеттерінің қайсысынан кейін қайсысы болғанын тізіп, кестесін жасайды, сөйтіп ақыры өзін қызықтыратын қылмыстық оқиғаның уақытына жетеді.
Куәгерлер мен жәбірленушілердің құлақпен естіген деректері де маңызды. Оған: адамның есту қабілеті, дыбыстың түрі мен күші, дыбыстың естілу қашықтығы, естуге кедергі келтіретін жағдайлар (жаңбыр, тұман, қар, қатты тұрған желдің бағыты т.с.с.) адамның сол сәттегі психофизиологиялық жағдайы жатады.
Сирек те болса тергеуші куәгердің әдейі жалған жауап беруі немесе жауап беруі немесе жауап беруден қашқақтайтын сәттерін кездестіреді. Мұндай жағдаятта куәгердің осындай бағыт ұстану себебін ашу қажет (өз басы пайдасы, жеккөрушілік, біреуге тәуелділік т.б.).
Мұндай күрделі кезеңде тергеуші әлгі себептерді жоюға тырысуы керек, жауап берушінің ар-ұяты мен азаматтық парызын есіне салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгені жөн. /32/
Жауап алудың қорытынды кезеңінде тергеуші әр түрлі жолмен (қолмен жазу, машина немесе компьютерде теру, үнтаспаға жазып алу) жауап берушінің айтқан сөздерін хаттамалайды да, оны жазбаша түрде жауап берушіге дұрыстығына көз жеткізуге береді, ол бұл құжатпен танысып, қол қояды. Яғни тергеуші мен тергелуші арасында, ақпарат алмасу жүреді, бұдан 2 аспект байқалады:
Тергеу барысында тергелушінің жағдайын сырт келбетінен білу үшін жақсылап бақылауға жағдай жасалуы тиіс: ол әрбір ақпаратты бергенде қандай күйде болды, дауыс ырғағы (жылдам ба, сөздері байланысы ма, үзік- үзік пе) қандай? Мәселен, дауыс ырғағының өзгеруі, жылдамдатып кетуі немесе сөзінің үзіліп қалуы, қатты күлуі, тез демалысы сөзді бөле беруі сияқты белгілері оның қорыққандығының не ашуланғандығының белгісі.
Жәбірленуші мен куәгерден жауап алу олардың жеке тұлғасын, психикалық жағдайын терең зерттеуді қажет етеді. Бұл олардың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін тәрбие жұмысын жүргізуге жағдай жасайды.
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Күдікті мен айыпты жағдайында қылмыскер болмауы мүмкін. Сондықтан негізгі мәселе – осы жеке тұлға қылмыс жасады ма, жоқ па деген сұрақты шешу үшін ол адамның психологиясын жете зерттеу керек. Жауапкершіліктен қашып, өзінің қылмысқа қатысын жасыру мақсатында қылмыскер айналасына көңіл-күйін, уайымын білдіргісі келмейді. Ол сол күнгі оқиғаны еске түсіргісі келмей, оны өзінде тығып ұстағысы келеді, ал ол сезім жасырған сайын іште ушыға түседі. Ақыр соңында өз сезімін жасыру заңдылықтары оның психикалық сана-сезімінің бұзылуына әкеп соғады.
Егер күдікті мен кінәлінің із жүзінде көп айырмасы болғанымен, психологиялық тұрғыдан айырмашылық байқалмайды. Күдікті адамның көңіл күйі жиі өзгеріп, өзіне деген сенімін жоғалтып, тергеу қорытындысының қалай боларын білмегендіктен, жиі күйзеліске ұшырайды.
Ал күдіктіге қарағанда кінәлі
адам істің мән-жайын жақсы
Бірақ, алдын-ала тергеу кезінде бұл екеуі де ұқсас күй кешеді, психологиялық жағдайлары бірдей болып келеді. /33/
Жауап берушілердің психикалық жағдайлары, жеке қасиеттері алдын ала тергеу кезінде белгілі болады, осыдан бастап олардың әрқайсысына тиімді тактика мен психологиялық әдістерді таңдайды.
Жауап беру кезінде күдікті де, кінәлі де әрқилы сезімдерді бастан кешіреді. Қылмыс жасаған адам қылмысының ашылып қалуы мен жазадан қорқады. Бұл оның психикасына қатты әсер етіп, ерік жігерін басып, өзін-өзі игере алмай, күйзеліске ұшырайды. Әдетте қылмыс жасаған адамда қорқыныш оны жауапқа тартпай тұрып-ақ басталады.
Жауап берушінің мұндай психологиялық жағдайы онымен психологиялық байланыс орнатуға кедергі келтіреді. Жауап алу кезінде кінәлі өзінің істеген қылмысын туыстары мен достары, қызметтестері мен көршілері біліп қоятын болды ғой деген қорқыныш үстінде болады. Айналадағы адамдардың өзі туралы пікірі тіпті азғындық жолға түскен адамдар үшін де маңызды. Өз әрекетінің жария болмауын ойлауы олардың көп әрекетінен түсініктеме береді. Тергелушінің мұндай пиғылын байқаған тергеуші одан дұрыс, тура жауап беруін сұрап тек солай ғана өз жақындарының түсініктігіне қол жеткізе алатынына сендіру керек.
Дегенмен, сирек те болса айнала жұрттың пікіріне құлақ аспайтын қылмыскерлер (рецидивистер) кездеседі. Олар көбіне «ұсталмаған – ұры емес» принципін ұстанады, ал кейбірі қол жеткізген әлеуметтік, материалдық, қызмет дәрежелерінен айрылып қалудан қорқады. Сол себепті жауап алу кезінде шындықты айтудан қашқақтайды.
Мұндай жағдайда тергеуші кінәлінің әлгі психологиялық күйден шығып, адал еңбегімен өзінің әлеуметтік жағдайын түзеп, қоғамның тең құқылы мүшесі болуға сендіруі тиіс.
Кінәлінің психологиялық жағдайының ауырлығын оның бостандықтан айырылу, қалыпты өмір салтының бұзылу, кілең қылмыскердің арасында өмір сүруден қорқуымен түсіндіруге болады. мұндай сезім, әсіресе, алғаш қылмыс жасап, алғаш жауапқа тартылғандарда болады. Олар қамаудан құтылудың, бостандықтан айыратын жазадан қашып құтылудың амалы – жалған жауап беру, кінәні мойындамау деп түсінеді. Бұндай жағдайда оның кінәсін мойындамауы ештеңені шешпейтінін, дәлелдер жеткілікті болып тұрса, ол бәрібір жазасын алатынын айтып түсіндіру керек. Сондай-ақ, оның кінәсін ашық мойындауы қылмыстың толық ашылуына белсенді көмектесуі оның жазасын сотта жеңілдетінін айтып түсіндіру де маңызды.
Тәжірибе көрсеткендей, топ болып жасалған қылмыста кінәлі өзінің әр сыбайласына әр түрлі қарайды. Егер оның ішінде біреуіне борышты болса, соны ақтауға тырысады. Көбіне қылмыстық топ ішіндегі психологиялық қарым-қатынас жүйесі күшке, қорқынышқа,қалыптасқан инстинктке байланысты. Сол себепті тергеу барысында оларды бөліп тастаған жөн, сонда ғана мұндай қарым-қатынас әлсірейді. Өзі осы қылмыстық топқа әкеп қосқан, қылмыс жасауға итермелеген адамға деген жеккөрушілігі күшейе түседі. /34/
Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері