Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа
Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.
Кіріспе......................................................................................................3
1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31
2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59
Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67
Бұл қызметтің орындалу барысында танымдық іс-әрекет кезінде пайда болған объектілермен эксперименттер жасалады. Алдын ала тергеуде танымдық процесс түскен ақпараттың бір тәртіпке түспегендігімен ерекшеленеді. Түсіп жатқан ақпараттар ағыны танымды іске асырушы тұлғаның қалауына бағынып, қалай бұрғысы келсе, солай кете бермейді. Ақпараттар көлемі, жылдамдығы, түсу у ақыты таным іске асатын жағдайларға байланысты болып келеді.
Зерттеу пәні ретінде қылмыс – күрделі де жан-жақты құбылыс, бір де бір куәгер оның барлық элементтерін бірден көре алмайды:
- дайындық әрекеттерін;
- қылмыскердің келісімін;
- субъективті жақтарын;
- іс-әрекет пен оның
Мұның бәрі басқа деректердің араласуымен дәлелденеді.
Алдын ала тергеу – бұл теориялық-танымдық емес, ең алдымен қылмыстық іс-әрекет арқылы реттелетін тәжірибелік іс-әрекет.
Заң тек жекелеген тергеу әрекеттерін реттеп қана отырмайды, сонымен бірге бүкіл тергеу барысын белгілі бір тәртіпке салып отырады. Ол:
Тергеушінің қылмыстық процесс мүшелерімен, азаматтармен, лауазымды тұлғалармен, мекемелермен, ұйымдармен қарым-қатынасын реттейді, әрбір іс-әрекеттің орындалу барысын, тергеудің аралық міндеттерін шешудің кезегін реттейді, белгілі бір кезеңдегі іс-әрекеттер кешенін орындауға және тергеуші қызметін белгілі бір мерзіммен шектеуіне міндеттейді. /6/
Бұл тергеушінің жұмысына басқа мамандық иелеріне тән емес, нақты нормалық сипат береді. Тергеуші қызметі әр қилы төтенше тапсырмаларды дұрыс шешу үшін жан-жақты білімділік пен іскерлікті керек ететін белгісімен ерекшеленеді. Сонымен бірге тергеуші жеке тұлғаны диагностикалау әдістерін білу, одан ақпарат алу мен оны қайта тәрбиелеу ісін дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттерімен өзін қамтамасыз ететін психологиялық бағдарламасы болуы керек. Тергеуші әр істің табысты аяқталуына құлқы жоқ адамдардың қарсылығын жеңе білуі де тиіс. Дәл тергеуші қызметіндей істің табысты аяқталуына кедергі келтіретін қарсыластары көп қызмет жоқ шығар.
Тергеуші қызметінде кінәлі адамдардың ұйымдасқан түрде қарсы әрекет етуі істі тергеу мен ашуға елеулі қиындықтар туғызатынын ескеру қажет.
Әсіресе тергеушіге барлық күш-жігерімен қарсы әрекет істейтін адам – қылмыскердің өзі осы жолда ол барлық амал-айласын: өтірік айту, алдау, жала жабу, бопсалау, пара беру т.б. көптеген шегі жоқ мүмкіндігінің бәрін де пайдалануға тырысады.
Тергеуші тек заңға және өз ар-ұжданына сүйене отырып әрекет етуге ғана құқұлы. Тергеуші әр түрлі тактикалық тәсілдерді, оның ішінде психологиялық реагенттерді қолдануға құқылы (мәселен, тергеуші қылмыскерге оның сыбайластарының өз қылмысын мойындағаны туралы төтеннен айтып, өзінің негізгі мақсатын жария етпей қалуына болады).
Дегенмен психологиялық
Тергеуші мен іске қатысы бар адамдар арасындағы теңсіздік мынадан көрінеді: тергеуші болған іс туралы толық және жан-жақты хабардар емес, ал соңғылар өз қолымен жасаған не көрген жағдайдың қайсысын жасырып қалуды біледі. Тергеу жүргізуші тексеру барысында қылмыс ізімен жүріп келе жатса да, ылғи оқиғаның ең соңында болады.
Ал қылмыскер уақыт пен
Тергеуші әділ тергеуге кедергі келтірушінің мақсатын біліп алып, оны есепке алып отыруы керек. Өз жолын айқындау үшін тергеуші өз таңдауының және тратегиясының дұрыстығын көптеген дерек көздері арқылы анықтап алуы тиіс. Тергеуге тән нәрсе тек қана күрес емес екенін атап айту керек. Сонымен бірге нағыз тергеушіге тән қасиет – тергелушіге психологиялық әсер етуі, қылмысты ашу үшін оның бағыты мен көңіл күйін өзгерте алуы. /8/
Еңбектерде «психологиялық реагент» пайдалану тәсіліне рұқсат етіледі, оның ролін зат, дерек, адам, құбылыс, мәлімет ойнауы мүмкін. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты: күдіктіге «реагент» ұсына отырып, яғни оған психологиялық шабуыл жасай отырып, оның өтірік айтуына шамасын келтірмеу.
Бұл жағдайдың кінәсіз адам үшін маңызы жоқ, ал қылмыскерге психологиялық кері әсерін тигізеді. Тергеу ісінің басында тергеуші де толық мағлұмат болмағандықтан, оған белгісіздік жағдайында шешім қабылдауына тура келеді. Тергеуші ақпаратқа мұқтаж жағдайда жұмыс істейді. Осыдан барып оның жұмысында эмоционалдық қиындықтар болады, сол себепті оның болжам жасау мен шешім қабылдауда эвристикалық қасиеттерді пайдалануы заңды.
Жұмыс барысындағы тергеушінің ой-пікірі тек оның өз әрекеттеріне ғана бағыт беріп қоймай, сонымен бірге барлық іске қатысты тұлғалардың әрекеттерімен сәйкес келіп отыруы керек. Ол өзі үшін де, басқалар үшін де ойлануы, іске қатысты адамдардың қимылдары мен шешімдерін ертерек болжап, соған өз әрекетін жоспарлауы тиіс. Бұл өзара бірлесіп әрекет ететін топқа әр қилы, кейде мүлде қарама-қарсы көзқарастың өкілдері: тергеуші мен тергелуші, жауап алушы мен жауап беруші т.б. жиналады. Тергеу процесіндегі адамдардың көзқарастарының сәйкес келмеуі, қарама-қайшы келуі психологиялық тұрғыдан психологиялық элементтерді: сана, ерік күшін, мінез, адамгершілік принциптерді ескере отырып, тергеу тактикасын белгілеп алуды керек етеді. Тергеушіге әр түрлі мамандық иелерінен жауап алуға тура келеді, ал сол мамандық иелеріне ғана түсінікті кәсіби мәселелерді оның да білуі тиіс. /9/
Кейбір мағлұматтардың дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін оның графикалық немесе басқалай өзгеріске түскен-түспегенін білу маңызды. Тек сонда ғана тергеуші деректер мен мәліметтердің дұрыс не жалғандығына анық көз жеткізе алады.
Тергеушінің танымдық іс-әрекеттері оның өзіне ғана тән кәсіби ой-өрісін қалыптастырады.
Тергеуші қызметінде адамдармен араласу арқылы жиналған ақпарат маңызды роль атқарады. Тергеу әрекеттерінде адамдармен араласу мәселесі өзіндік сипатқа ие болады.
Адамдармен араласудың конфликтілік, рефлекстік сипаты бар. көпшілікпен тіл табыса білу – адамдармен араласа білудің жеке бір аспектісі болып табылады.
Көпшілікпен тіл табыса білу процесінде белсенді түрде ақпарат алмасады, одан рефлекстік процесс дамиды. Тергеудің табысты болуы көп жағдайда тергеуші мен басқа іске қатысты адамдармен күдікті, кінәлі, жәбірленуші, куәгермен бірлесе әрекет етуіне байланысты болып келеді. Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас тергеуші қызметінің ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Дәлірек айтқанда, тергеудің барлық кезеңдерінде тергеушінің қылмыстық процестің басқа мүшелерімен психикалық өзара әсер етуі іске асырылады. Мұндай бірігіп әрекет етуді ақпараттық және таңдау-бағыттау процестері құрайды. Бұл жағдайда тараптардың әрқайсысы ақпарат қабылдаушы болып саналады да, осының негізінде тараптар біріне бірі баға береді, соған орай өз әрекетінің стратегиясы мен тактикасын белгілейді.
Осындай жағдайда әр қилы ақпараттар пайдаға асады: ауызша мәліметтің мәні мен мағынасы, сөйлеу интонациясы, бет қимылы, дене қимылы, сыртқы келбеті, эмоционалдық-жағдаяттық әсерлері, жеке тұлғалар арасындағы психикалық ерекше қасиеттер көрінеді.
Тергеу кезінде жеке тұлғалардың қарым-қатынасы көбіне екі жақтың бірін-бірі қатаң бақылауы, белгілі бір деңгейде психикалық тітіркенушілік, кейде тіпті қатты қобалжу жағдайында өтеді. Тараптардың әрқайсысының әрекеті қарсы байланыс негізінде болып, психикалық жағдайлары өзгеріп отырады. Тергеушінің пс ихикалық жағдайы оның әлеуметтік-маңыздылық статусымен, жеке тұлғалық-кәсіби сапасымен, нақты сол іс бойынша ақпараттық қаруланумен, өз мақсатына жету жолындағы сенімділігімен, жағдаяттық әрекеттермен байланысты.
Тергеушінің жалпы сыртқы көрінісі оның тергеуші адамдармен арадағы психикалық белсенділігінен көрінеді. Ал куәгер, жәбірленуші, күдікті мен кінәлі адамдардың психикалық жағдайлары белгілі бір деңгейде өз әрекетіне құқықтық жауапкершілік, өзінің жазаға кесілу мүмкіндігін сезіну, өзінің мәжбүрлі әрекетін мойындау, жалпы сырт көрінісінде психикалық қобалжу болады. /10/
Әрине, бұл адамдардың психикалық жағдайы оның құқықтық жағдайына, яғни оның күдікті не кінәлі, жәбірленуші не куәгер болуына байланысты.
Түсіп жатқан мәліметтерді ой елегінен өткізгенде қателіктер жіберіп алмау үшін тергеушіге қисынды заңдылықтар мен ойлау үлгілерін сақтап, ылғи белгілі деректердің байланысы мен нақтылығын тексеруге диалектикалық көзқараспен қарауы керек.
Бір шешімге келу үшін өз қолында дәлелдер жеткілікті ме, жоқ па – соны үнемі қадағалап отыруы тиіс.
Қылмыстық істі тергеу процесін тергеуші төмендегі істерді шешу үшін қажет деп білсе болады:
Тергеу жағдаятының
Тергеу жағдаяты – бұл динамикалық ақпараттық жүйе, оның элементтері болып белгілі бір қылмыстық істе маңызды белгілер мен қасиеттер, тергеу процесіне қатысушылардың қарым-қатынасы, тараптардың болып жатқан не енді болатын қорытындылары.
Тергеу жағдаятының үлгісін құру – бұл тек ақпарат қабылдау ғана емес, оған қисынды аспект ретінде, процестің қорытынды кезеңіндегі ерікті әрекет ретінде жан-жақты баға беру. Сондықтан тергеу ситуациясының моделі тек болуы мүмкін қисындық қорытынды ғана емес, тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша не болды, алда не болатыны туралы ақпараттық шешім болып табылады. тергеу ситуациясының табысты шешілуі көбіне-көп тергеушінің кәсіптік тәжірибесіне байланысты болып келеді.
Тергеуші үшін психологиялық күрделі жағдаят – бір өндіріске бірнеше үлкен істер шоғырланған кезі, себебі олардың әрқайсысы тез шешуді талап етеді, әсіресе қиын жағдаят тергеу мен қамауда ұстау өндірісінің мерзімі бұзылған кез болып саналады. Мұндай ситуциялар істі шебер жоспарлау, көңіл күйдің тұрақтылығы, өзін-өзі ұйымдастыра білу, мақсатқа ұмтыла білу, халықты ұйымдастыра білу сияқты іскер қабілеттер мен шеберліктің арқасында табысты шешіледі. Белгіленген уақытта қылмыстыларды анықтауда тергеушінің басқарушылық қабілеті, қылмысты ашуға қатысы бар адамдарды соңынан ерте білу қабілетінің үлкен маңызы бар. /11/
Тәжірибе көрсеткендей, әсіресе ауыр қылмысты (кісі өлтіру, тонау, зорлау, жаппай тәртіпсіздік, терроризм және т.б.) тексеру, оны ашу ісі ұзаққа созылып кетсе, бұл жағдай тергеуші психикасына әсер етеді.
Бұл істе көптеген қауіп-қатер төнуі мүмкін, оларды үнемі есепке алу керек. Солардың бірі – тергеу өндірісіндегі асығыстық пен шалалық. Қылмысты жылдам ашып, кінәліні уақытында табу сияқты іске тергеуші әбден ойланып, шығармашылықпен келуі тиіс, ол үшін тергеудің бағытын, мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын анықтап алу керек.
Ойға алған іс-шараларды
Бұл жерде тергеуші алдында тұрған қылмыс тек құқытық-процессуальдық заңда көрсетілген жолмен ғана ашылуы тиіс екенін естен шығармау керек.
Жақсы да білгір тергеушіні өзі жинаған немесе әр орыннан жиналған материалға әділ баға беруінен және дұрыс талдау жасай білуінен танимыз. Істің тез аяқталуына керек-ақ, тиімді бір дерек келіп түссе, егер ол басқа дәлелденген деректерге қарама-қарсы болып шықса, одан дереу бас тарту – тергеу ісінің табысты болуының кепілі екенін тәжірибелі тергеушілер баса айтады.
Бұл жағдаяттардың өзіне-өзі жала жабу, кәмелетке толмағандар қылмысы, тапсырыспен кісі өлтіру сияқты істерде жиналған деректер жеткіліксіз болғанда маңызы бар.
Тергеушіге берілген билік оны
басқа кәсіп иелерінен ерекше
орынға қояды. Оның заңға негізделген
қаулылары мен бұйрықтарын
Тергеуші мемлекет атынан әрекет етеді, оны биліктің беделді күштері қолдайды, оның әр түрлі санкцияларды қолдану мүмкіндігі бар. осы билікті заңды әрі орынды пайдалану – тергеушіге қойлатын маңызды кәсіби талап.
Тергеуші азаматтардың жеке өмірі мен қызметіне орынсыз араласу, оларды жұмысынан бөлу, күш көрсету сияқты істерден аулақ болуы тиіс. Сонымен бірге іске қатысты тұлғалардың қарсы әрекеттері және т.б. қиындықтар одан барлық кедергілерге қарамай қылмыстық істі тергеуде өз ойын тікелей жүзеге асыруды талап етеді. /13/
Күн сайынғы көріп жүрген адамдар басындағы қайғылар тергеушінің жеке тұлғасына, оның сенімділігі мен қайраттылығына әсер етпеуі керек. Тек өз әрекетінің әділдігі мен дұрыстығын сезіну ғана мұндай істе күш береді.
Тергеушіге тән бір белгі – ол тергеу құпиясын сақтай білу қажеттілігі. Қылмыскер мен оның сыбайластары жауапкершіліктен қашып және тергеу ісіне кедергі келтіру үшін әрдайым істің жағдайы, бағыты, тергеушінің алдындағы жоспарын толық білуге тырысады. Дәлелденген материалдар мен тергеушінің жоспарының ерте бастан жария болуы тергеу ісіне кедергі келтіруі және істі ашуға көмектескен кісілердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері