Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2013 в 08:16, дипломная работа

Описание работы

Мемлекетіміз қазіргі таңда тергеу қызметкерлеріне көмек беру жағын қатты ойластыруы тиіс, себебі олар өзге мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекет атынан жұмыс жасайды, әрі белгілі бір билік құзыреті бар болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына жолдауында “ Қазақстан өз даму сатысында жаңа табыстарға қол жеткізуде.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................3

1.Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерінің ғылыми теориялық аспектілері.................................................................6
1.1 Тергеу іс- әрекетіндегі құқық қорғау қызметкерлері мен жәбірленуші арасындағы психологиялық ерекшеліктері...........................6
1.2 Тергеушілер мен жәбірленушілерден жауап алу барысындағы психологиялық жағдайлар..............................................................................27
1.3 Тергеушілер мен жәбірленуші арасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................31

2. Тергеу іс- әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу............................................................................38
2.1 Бетпе – бет және тану процестерінің орын алуының психологиялық ерекшелігі............................................................................38
2.2 Тергеуші мен жәбірленушінің арасындағы психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың эксперименталды зерттеу...........................52
2.3 Тергеу қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға арналған ұсыныстар ........................................................................................................59

Қорытынды.....................................................................................................62
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................64
Қосымшалар ...................................................................................................67

Файлы: 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 528.00 Кб (Скачать файл)

Оқиға болған орынды тексеру болған оқиға туралы ғана емес, жеке тұлғаның ерекшеліктері (биологиялық, денсаулық, психологиялық) туралы мәліметтер алуға, мақсатты әрекеті ретінде, тәртіп бұзушы тұлғаның көптеген ерекшеліктерін ашады. Сол себепті қылмыс жасаудағы дәлелдер қалайда пайда болады, ал бұл заңды процесс болып табылады.

Қылмыстық әрекеттің қорытындысы мен тәртіп бұзушы тұлғаның арасында объективті байланыс болады. Ол байланыс қылмыстың түрі мен тәсілінен, ал кейде қылмыс болған орыннан байқалуы мүмкін. Оқиға болған орынға барлау жасағанда қылмыскердің жеке тұлғасын ашу мүмкіндігін қарасытырамыз. Себебі оқиға болған жерден алынған ақпарат қылмыскердің мінез-құлқы туралы ой қорытуға септігін тигізе алады. Кей қылмыс түрлерін «ер адамдікі» (мысалы, зорлау, зорлықпен өлтіру, терроризм т.б.) немесе «әйел адамдікі» (сәбиді өлтіру, алаяқтықтың кей түрі) деп бөлуге болады.

Оқиға болған жердегі қылмыс тәсілдеріне қарап қылмыскер жынысын ажыратуға болады. Есікті сындыру, сейфті бұзу, оны жылжыту, үйдің қабырғасын, едені мен төбесін тесу ер адамның күшін керек етеді. Мұндай жағдайларда қылмыскерді еркек деп ойлауға негіз бар.

Егер қылмыскер күш қолданбаса, құралдар пайдаланбаса, бұл мәліметтер қылмыскерді әйел деп ойлауға  себеп болады.

Қылмыскердің жнысын анықтауға  оқиға болған жердегі оның қалдырған  заттары мен іздері себепкер болады. Олар: темекі тұқылындағы, киімдердегі, ыдыстағы далап іздері, шаш қыстырғыштар сияқты әйел пайдаланатын заттар, ал портсигар, оттық, темекі т.б. заттарды ер адамдар пайдаланады.  

Қылмыс болған орыннан қылмыскердің жасы туралы да мәлімет алуға болады. Ересек адам мен кәмелетке толмаған жастың психологиясында айырма бар. Бұл айырма қылмыстың түріне қарап, оны ересек адам немесе жас адам жасағанын ажыратуға көмегін тигізеді.

Тергеу тәжірибесі көрсеткендей, ересек адам ұрлық жасағанда ең бірінші ақша, қымбат заттарды алса, кәселетке жасы жетпегендер тәтті тағамдар немесе спирттік ішімдіктер, спорт және фототауарлар, сағаттар т.б. заттарды алады.

Кейбір қылмыс іздеріне қарап та (қол, аяқ іздері, жеке заттары, киім, аяқ киімдері, оқулық-дәптерлері т.б.) қылмыскердің жасы туралы болжам жасауға болады.

Оқиға болған орынды қарау қылмыскердің кәсібі мен кәсіби шеберлігі туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді (мысалы, слесарь сейфті бұза алады, электромонтер күзет дабылын  өшіре алады).

Оқиға болған жерді қарау процесінде жасалған психологиялық талдау бойынша қылмыстың түріне қара оның себебін де анықтауға болады (мәселен, ұрлық іс-әрекет оны жасаған адамның дүниеқорлығын көрсетеді).

Қылмысқа қарап қылмыскердің мінез-құлқы  да (сараңдық, ашушаңдық, қаталдық және т.б.), ерік күшінің қаншалықты екені де (батылдық, қорқақтық, абайлағыштық, шеберлік және т.б.) танылады.

Оқиға болған орынға қарап қылмыс істеген субъектінің психологиялық, кейде көңіл-күй жағдайын білуге болады. егер қылмыскер ұрлық жасайтын уақытты дәл белгілеп, артында еш із қалдырмай, бәрін жоспармен жасаса (мысалы, үйдің ішін қиратпай, жарықты сөндіріп, есікті жауып дегендей) онда бұл адам өте салқынқанды, есеппен жүретін, әккі болғаны.

Сонымен тергеу әрекетінің психологиялық ерекшелігі – негізгі әлеуметтік құндылықтарды құқықтық қорғау, заң бұзушылықты, тергеу барысында шындықты ашу, кінәліні сотқа беру. Сол себепті тергеушінің жеке тұлғасының кәсіби-психологиялық ерекшеліктері оның тергеу әрекеті кезіндегі әлеуметтік-саяси, адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерінен көрінеді. /19/

Тергеушінің тағы ерекше қасиеті  - оның істің барысын, құпия сақтай білуінде, өз қызметіндегі маңызды мәліметтерді сыртқа шаша бермеуінде.

Осы талаптарды орындау тергеушінің  кәсіптік дағдысына айналуы тиіс.

Тергеу әрекетінде маңызы бар кезең  – ол оқиға болған жерді тексеру, іске қатысты материалдық объектілерді, олардың тергеуге қатысы бар белгілерін, бір-бірімен байланысын, қылмыстың  іздерін табу және зерттеу.

Оқиға болған жерді қарау қылмыстық істі тексеруде үлкен роль атқаратын қылмыстық оқиға туралы сол қылмыс болған жерден ақпарат іздеу, ол  ақпаратты істі шешу үшін түсіне білу, оған анализ бен синтез жасау болып табылады. Сондай-ақ оқиға болған жерді қарау кезіндегі тергеуші қызметі қылмыстық оқиғаның ойша қаңқасын (моделін) жасау, ол үшін әр түрлі дәлелдерді іздеу, табу және оларды қағазға түсіруімен көрінеді.

Кәдімгі тергеу ситуациясы – қылмыстың әр түрін тексеруделе белгілі бір ақпараттармен, дәлелдермен қамтамасыз ету жағдайында өтетін танымдық-іздестіру қызметінің жинақталған жүйесі.

Кез келген қылмыс түрі адамдардың материалдық жағдайының өзгеруіне, сана-сезіміне әсер етеді. Сол оқиға болған жердің өзгерістерін көзбен көре біліп, оларды тіркеп, зерттеп, дәлел ретінде пайдалану қажет.

Тінту психология тұрғысынан күрделі және ерекше тергеу әрекеті болып табылады, оның ерекшелігі тінтілетін адамның өз еркімен болмайтын процесс екендігінде.

Тінту барысында тергеуші және бұл іске қатысты лауазымды тұлғалар үйлерді, түрлі ғимараттарды, жер телімдерін, киім-кешекті, тіпті адам денесін бір ақпарат алу мақсатында тексереді және зерттейді.

Тінту – жасырын обьектілерді іздеу, текеруден айырмасы – бұл жерде  мақсат белгілі, солай бола тұра, қай  жерден іздеу керектегі белгісіз болып тұрады. Бұл әрекет тергеушінің танымдық, жоспарлы, ұйымдасқан әрекетінің арқасында жасырған обьектіні табуға сол адамның өзі септігін тигізеді.

Осыған байланысты жасырған затты  табу үшін тергеушісі 2 түрлі әрекетті жүзеге асыруы керек болады: белгілі  бір обьектіні іздеп табу үшін оны жасырған адамның ойлау процесі мен іс-әрекетінің бағытын білуі керек; жасырылған затты іздеуге және табуға өзі кірісуі керек. /20/

Тінту процесіне кіріспес бұрын тінтитін  кісінің бағалы заттар мен қылмыс құралын қайда жасыруы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көруі керек, ол үшін ішкі түйсігімен өзін сол тінтілуші адамның орнына қойып көруі керек (оның білімін, кәсібін, мінезін, әдетін, қызығушылығын және т.б. ескеруі тиіс).

Бұл сұрақтың шешімін табу үшін тінтілетін адамның объектіні жасыру тәсілі орнын табуда қандай ойлау әрекетін жүзеге асырғанын білуге қандай керек. Кез келген адам бір обьектіні жасырғанда қолда бар мүмкіндігін, кәсіби білімін, нақты бір психикалық ерекшеліктерін пайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды – тергеушінің тінтитін кісінің жеке тұлғасын, оның өмірін әбден біліп алуы өте маңызды. Мұндай мәліметтер қылмыскердің тыққан затын табуға көп көмегін тигізеді.

Тінтуге тән нәрсе, тергеуші мен  басқа іске қатысқан  кісілер  бір мақсатты, ал тінтілуші адам басқа, мүлде қарама-қарсы мақсатты көздейді.

Тінту әрекеті тінтілуші адамның  қалауымен емес, оның еркінен тыс  жүзеге асатын болғандықтан, әрдайым  ұрыс-керіс жағдаятын тудырады.

Тінту анық іздеу әрекетінен тұратын  тергеу әрекетінің бір түрі. Полиция  мен құқық қорғау органдары қызметкерлері алдарына қылмыс құралын, бағалы заттарды, т.б. табу міндетін қояды. Тергеушінің тінту кезінде оның өндірісі, іздеп жатқан зат, оның орны туралы толық мәлімет болмайды. Бұл факторлар тергеушіге жасырынған заттар туралы ақпарат алуына кері әсерін тигізеді. /21/

Тінту жасауда тергеушіден әр түрлі  психологиялық қасиеттер, кәсіби білім, шеберлік, тәжірибе талап етіледі.

Оған жататындар: тінту әрекетінде даярлық; тінту жасалатын жерге  жіті бақылау мен дұрыс талдау; тінтілетін кісінің мінез-құлқы  мен іс-қимылын қадағалау және т.б.

Тінту нәтижесінің табысты не сәтсіз болуы көбіне бұл тергеу әрекетіне  дайындықтың қандай болғанына байланысты. Тінтуге алдын ала дайындық жасау  бұл істің уақытында басталып, жоспарлы түрде өтуіне, оның мүшелері арасында табысқа жетуге деген сенімділік орнауына жағдай жасайды.

Ал нашар дайындықпен басталған тінту жүйесін, босқа әуре болуға, шашыраңқы іс-әрекетіне алып келіп, соңында істің табысты аяқталатынына сенімсіздік ұялатады.

Тінтуге даярлық барысында тергеушіге мына төмендегі сұрақтарға жауап табуы керек:

 

 

 

 

 

 

 

 





 

 

 

  


 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 


 

 


 

 

 

 

Тергеуші тінтуге дейін сұрақтарға жауап тапса, онда тергеу өндіріс  кезінде күтпеген оқыс оқиғалар орын алмайды және оның табысты болуының мүмкіндігі мол болады.

Тінтілетін обьектінің көлемі, ондағы ғимараттар, бөлмелер туралы алдын  ала алынған ақпарат тінту  кезіндегі белгісіздіктен шығарады. Сондай-ақ іздеп жатқан заттың ерекшелігі, оның тінтілуші адамға қалай келіп  түскенін, оған қатысын білу де маңызды.

Осыны негізге ала отырып, обьектіні  жасырған адамның ойлау процесін болжау, ол арқылы оның болашақтағы  әрекеті мен мақсатын болжау мүмкіндігіне ие болады.

Тінтілушінің құнды заттар мен  басқа заттарды жасыру тәсілі мен  орнын таңдау кезәндегі ойлау процесін болжау кезінде тергеуші оның арнайы қызығушылығын, психикалық ерекшелігін, іс-әрекетін ескереді.

Осы мақсатпен оның қай жерлерге көп барғаны, қандай заттарды жөндеуге немесе т.б. жерлерге өткізгені анықталады. Тінтуге дайындық барысында тінтілушінің тінту кезінде қарсылық көрсетуі мүмкін бе, жоқ па деген сұраққа жауап табу үшін жеке басы да тексеріледі.

Тінтілушінің жеке тұлғасын зерттеу, оның әрекетін алдын ала білу тінтілетін ғимаратқа кіру жоспарын уақытқа  өзгертуге, сол арқылы іздеп жүрген құнды заттардың көзін жоймауына мүмкіндік алады.

Тінтудің табысты өтуі көп жағдайда тергеушінің ұйымдастырушылық қабілетіне де байланысты.

Тінту – көп кезеңнен тұратын, дайындық пен жоспарлауды, оның мүшелері арасында келісіммен әрекет етуді қажет ететін процесс. Осы ұйымдастыру жұмыстарының бәрі тергеушінің мойнында болады.

Тергеуші тінтудің уақытын белгілейді, тергеу әрекетіне қатысатын топты  жасақтайды, керекті ғылыми – техникалық құралдарды дайындайды, керек болған жағдайда мамандар шақырады, тінтілетін адамның жеке тұлғасын зерттейді, тінтудің тиімді жолдарын қарастырады.

Тінту кезінде ақпарат алу тәсілдерінің бірі – бақылау мен оның нәтижелеріне талдау жасау. Әсіресе тінтілетін тұлғаның әрекетін аңду көп мәлімет беруі  мүмкін. Мұндай бақылаудың толық  және нақты нәтиже беруі үшін тінту кезіндегі кикілжіңнің заңдылықтарын білу керек.

Біріншіден, мұндай жағдайда тінтілуші өзінің болашағын тінтудің нәтижесіне қарай болжайды. Осыдан оның көңіл-күйі қатты қобалжып, онысын өзі білдірмеуге тырысады. /22/

Екіншіден, тінтілушілер затты жасырған жерге жақындағанда, тінтілушінің іс-қимылында өзгерістер пайда болады, тінтушіні сол қауіпті орыннан әкетуге тырысады. Осы кезде тінтілушінің аяқ, қол, бет  қимылына, дауысындағы өзгерістерге бетінің қызаруы,  терлеп кетуі сияқты белгілеріне мән берген жөн.5

Тінтілетін обьектілерден басқа, жануарлар мен құстардың да іс-қимылына мән берген жөн. Олар да жасырынған адам мен заттардың қайда екеніне  жөн сілтеуі мүмкін. Көптеген үй жануарлары өліктің қасында болғанда немесе өз территориясында бөтен адам болса, мазасызданып кетеді.

Белгілі бір іспен айналысқан адамның  қателіктері мен әбестіктері  сырттан қараған адамға жақсы  байқалады. Бұл өзін-өзі бақылау  басқа береудің әрекетін бақылаудан гөрі психикалық әрекет ретінде қиын шаруа екенін түсіндірсе керек.

Тергеудің нәтижелі болуы тергеушінің  көзқарастарының қырағылығы мен  мақсатқа жету жолында қайсарлығына да байланысты. Тергеушінің тінту  барысында ерік-жігері мол, шаршамайтын, басқа шаруаларына алаңдамайтын болуы тиіс.

Тінту жұмысы бірқалыпты болғандықтан ол тінтушіні жалықтырып, шаршатып жібереді. Сол себепті ұзаққа созылға тінту кезінде үзіліс жариялаған дұрыс. Дегенмен, тінту кезінде басқа іске алаңдамай, нақты жоспармен жүрген жөн. Тінту жүргізушілер ара-арасында тінтудің түрін өзгертіп отырса болады (мәселен, хаттарды қарап болған соң, жиһаздағы құпия жерлерді іздеу немесе т.с.с.).

Тінту жүргізген адамдар қылмыскердің айғақ заттарды жасырғанда түрлі  психологиялық факторларды есепке алатынын ұмытпағаны жөн.

Оларға жататындар:

1. Шаршау мен бейқамдықтың пайда болуын есепке алу. Мәселен, айғақ затты сөренің орта шеніндегі кітаптың арасына тығады. Кітаптарды қай жақ шетінен бастап қараса да ортасына жеткенде жалығады, алғашқы қырағылық бәсеңдейді.

2. Жиіркенішті есепке алу (затты  малдың көңінің т.б. жерлерге тығады).

3. Тергеуші тарапынан сыйластық  пен сыпайылықты есепке алу  (обьектіні ауыр науқастың, жас  баланың кереуетіне тығады немесе  жақын туыстарының моласына жасыруы  да мүмкін).

Информация о работе Тергеу іс-әрекетінің психологиялық негәздері