Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 22:13, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Жасөспірімдер бойында құқық бұзушылықтың қалыптасуы және оған әлеуметтік ортаның тигізетін әсерін анықтау қазіргі заманның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Белгілі бір қоғам ортасында адамдар көптеген дағдарыстан өтеді. Солардың ішінде балалық шақпен ересектік кезең арасындағы аралық және өтпелі кезең болып табылатын жасөспірімдік кезең кеңінен қаралады. Бұл кезең жеке тұлға ретінде қалыптасып, өмірлік жоспар құруда жауапкершілікті талап ететін кезең болып табылады. Жасөспірімдер негізгі қасиеттермен сапаларды қарым-қатынастың өзіндік жеке тәжірибесімен жанұядағы, мектептегі, көшедегі үздіксіз қатынастар арқылы игереді.

Содержание работы

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I Құқық бұзушы жасөспірімдердің қылмысқа баруында қарым-қатынастың алатын орны.

1.1 Жасөспірім шақтағы қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері ..............................................................................................................7
1.2 Жасөспірім шақтағы құқық бұзушылар және қылмыстық психологиялық аспектілері .................................................................................................................18
1.3 жасөспірімдер арасындағы қалмыстың алдын-алу шараларындағы психологтың ролі ......................................................................................................31

II Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу

2.1 Құқық бұзушы жасөспірімдердің қылмысқа баруында қарым-қатынастың деңгейін зерттеу процедуралары ............................................................................35
2.2 Жасөспірімдердің қарым-қатынасын зерттеу әдістемелердің нәтижелерін сандық және сапалық талдау ..................................................................................40
2.3 Зерттеу процедурасының нәтижелерін талдау ...............................................50

Қорытынды ...............................................................................................................60

Қолданылған әдебиеттер ..................................

Файлы: 1 файл

нурпеисова. д.doc

— 829.50 Кб (Скачать файл)

  Токсикалық қосылыстар мен  оның орнын басушы медициналық  препараттарды қолданған жасөспірімдер  кез-келген қылмысқа барады. Кейбірде  осы токсикалық қосылыстарды қолдану тобына жасөспірімдердің примитивті қылмыстық топтарын жатқызуға болады.

      Нашақорлықпен байланысқан  топтық қылмысты болдырмау жұмыстарымен  айналысуда полиция қызметкерлері  мен педагогика саласындағы жұмысшылар  үлкен роль алады./37-25/

     Нашақорлық – есірткілерді сақтау, қабылдау, даярлау мен қорытындылатын өте күрделі әлеуметтік – жағымсыз құбылыстар. Бұл жасөспірімдерге наша қолданушылар және қылмысты ойластыру әрекетінің субъектілері ретінде қарайтындай, біршама халықаралық сипатқа ие қылмыстық бизнестің кірісті сферасы. Олар ешқашан жалғыз әрекет етпейді, көбіне нашақорлар тобын түзету орындарында жазасын өтеп шыққан жасөспірім немесе ересектер басқарады. Мұндай топтарға: анық көрінетін конспиративтілік, корпаривтілік, топта рольдердің анық бөлінуі, мінез-құлықтың өзіндік заңдылықтары мен ережелері, ақпарат алмасу белгілері жатады. Көбіне есірткі көзін табу, сақтау, даярлаумен айналысатын топтардың көбін есірткі қосылыстарын қолданатын нашақорлар құрайды. Есірткіні таратушы топтардың көбісінің есірткі қабылдамайтыны анықталған. Олар тек есірткілердің көзін тауып, даярлап, сақтап, басқа адамдарды нашақрлыққа бастап апарады. Нашақорлықтың, оның әсерінен жүзеге асатын топтық қылмыстың негізілері келесідегідей:

    1. құрамында есірткілік қосылыстары бар манджурлық, үнділік, оңтүстікконопля, опийндік мақсаты заңсыз түрде өсіріп, тарату;
    2. олардың нашақорлардың конспиративті арналары бойынша басқа аумақтарға таратылуы;
    3. есірткілік дәрі-дәрмектерге қол жеткізу мақсатында жасанды рецептер даярлау;
    4. дәрі-дәрмектік мақсатта қолданылатын есірткілермен оның рецептерін сақтау;
    5. есірткіні қабылдау мазмұны және оларды жасырын орындарға сақтауды ұйымдастыру;
    6. есірткіні қабылдап топтық қылмысқа бару немесе есіркіге қол жеткізуде ақша табу үшін қылмыс жасау;
    7. синтетикалық есірткілердің «винт» (еті үйреніп кетпейтін) түріндегі және есірткіге еліру мақсатында тірі ағзалар мүшелерін, өрмекші тәрізділер қолдану бойынша арнайы лабораториялар құру.

   Есірткіні тарату топтары  арасында сауда-саттық территориясын  бөлісу, қылмыстық әрекетті ойластыру сферасы үшін ашық жасырын күрестер жүреді. Бұл «күресулерде» адамдардың көп бөлігі жапа шегеді, ал жасөспірімдер – бұл күресте тек айырбас құралы ретінде қаралады.

  Криминальды субмәдениет жасөспірімдер  қылмысын қайта жаңғырту механизмі ретінде қаралады. Жасөспірімдердің криминальды топтарындағы өзара криминализацияның негізгі факторы болып табылады. Оның түсініктеме үшін басқа да терминдер: «екіншілік өмір», «әлеуметті-жағымсыз топтық-құбылыс», «ассоциальды» қолданылады. /18-89/

  Алғашында криминальды субмәдениет  жабық тәрбиелеу және түзету  орындарында пайда болып, кейін  жасөспірімдердің көп бөлігін, соның  ішінде еңбек ету және білім  алу барысында бетімен кеткен  жасөспірімдер арасына тарала  бастады, криминальды суб кез  келген мәдениет сияқты өз мәнділігінде агрессивті болып келеді. Бұл арнайы мәдениетке оның құндылықтарымен нормаларын бұзып, оған өзіндік ережелерімен атрибуттарды енгізеді. Мұның тасымалдаушы құралы ретінде тіл табылады. Қазіргі күні тіл – жасөспірімдердің ғана емес, мемлекеттік дамуының депутаттары ерікті түрде қоланатын қылмыстық жаргон болып табылады. Осы ұлттық тіл нақышын жоғалту қоғам криминализациясы процесінің өріс алу симптомына айналады. Бұл криминализация ең алдымен өскелең ұрпақты тілдік иновацияға деген өзіндік жасерекшеліктері бойынша қоғам бөлігінің криминальды қарым-қатынас кезінде біршама белсенділік таныта өзгертеді./30-41/

  Рецидивисттер – креминальды субмәдениетті тасымалдаушы қызметін атқарады, олар түрмелер мен түзету колониялардан өтіп, тұрақты қылмыстық тәжірибемен «ұрлау, тонау» түсініктерімен заңдарын игеріп, кейін оларды өскелең ұрпаққа беріп, таратады. Мұнда жасөспірімдік қылмысты қайта жаңғыртудың екі психологиялық механизмдері туралы сөз қозғалады:

  1. персональды – мұнда рецедивистер – ересектер арасынан шығып, нақты бір жасөспірімдерге «басшылық» етіп, оны қылмыстық өмір заңдарымен таныстырады.
  2. Барлық тұрғындарды қылмысқа тарту мақсатында оларды криминальды категориялар туралы ой қозғауына итермелейді. Бұл топтар жас қылмескерлер мен өмірдің қылмыстық бейнесі үрдісін тасымалдаушыларды бастапқы даярлау мектептері болып қалыптаса бастайды. /29-144/

    Криминальды субмәдениет  негізінде криминальды бірлестіктер іс-әрекеті мен өмірін реттеп отыратын рухани және материальды құндылықтар жиынтығы түсіндіріледі. Бұл құқық бұзушы жасөспірімдердің криминальды белсенділігін, ұйымшылдығын, өміршеңдігін қабілеттеп отырады. Криминальды субмәдениет негізін жас қылмыскерлерді топқа біріктіретін түрлі үрдістер, ритуалдар, құндылықтардың бөтен азаматтық қоғамға біріктіреді.

     Криминальды субмәдениет  қарапайым жасөспірімдік – жастық  субмәдениеттерден топ мүшелерінің өз арасында өзара қырым-қатынас пен мінез-құлықты реттеуші нормалардың криминальды мазмұнымен ерекшелінеді. Бұл криминальды іс-әрекет және өмір көрінісіне нақты тәртіпті енгізе отырып, тура және қатаң реттеп отырады. Бұған келесідегілер енеді:

  • Жалпы қабылданған нормалармен, олардың криминальды мазмұнына қатысты тез көрінетін өшпенділік
  • Қылмыстық дәстүрмен іштей байланысу
  • Арнаушылықтан жасырыну
  • Атрибуттардың топтық санасында қатаң тәртіптелген тұтас жүйелердің болуы.

     Жасөспірімдердің криминальды субмәдениетіне келесідегідей ерекшеліктері тән:

  1. «өзгелерге», әлсіздерге жән қорғанысыздарға агрессивті, қатал және сыни қатынасын білдіретін тұлға құқығын дәлелдеу.
  2. Адамдардың қайғысын бөлісу, соның ішінде өзінің қайғысын сезінудің болмауы:

1) «өзгелерге» екіжүзділік, таныту;

2) парзитизм, «төмендеу» эксплуатациясы

3) бұзақылықты білдіретін адамдар  еңбегінің нәтижелерін бағалау.

4) Ұрлау және тонаудан көрінетін  серіктестіктер құқығын сыйламау 

5) әйел (ер) адамдарға жыныстық еліігуге  деген сыни қатынастың етек алуы.

6) Асоциальды мінез-құлықтың кез-келген  формасы және өзгермейтін инстинктердің  етек алуы. /24-45/

  Жасөспірімдердің жасерекшелік  ерекшеліктерін жоғары есепке  алатын қылмыстық әлемде қалыптасатынқұндылықтар  – криминальды субмәдениет құндылықтары жасөспірімдердің қызығушылығын арттырады:

а) қоғамда өріс алатын сәтсіздіктер компенсациясы мен өзіндік тұжырымдау еркін мүмкіндіктерімен іс-әрекеттің кең аумағының көрінуі;

б) экспериментальды жағдайлар, жалған романтика, құпиялық. /29-182/

 

1.3 Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу шараларындағы психологтың ролі

   Қоғамда әлеуметтік-эканомикалық  өзгерістердің ұзаққа созылған  кезеңінде адамдар үнемі психологиялық  қысымды бастарынан кешірді. Бұл  жасөспірімдер (тұрақсыз, өзіндік жасерекшелік  қасиеттерге ие) психологиясына да қатысты болды. Жасөспірімдерде көбіне өз ата-аналарымен және мұғалімдерімен сенімді қарым-қатынас қалыптаспайды. Ал жасөспірім тұлғасы туралы мәліметтерге психологиялық зерттеу жүргізу маңызды болып келеді.

   А.П.Гуськов «Соттық іс-әрекеттің эффективтілігі көп жағдайда маңызды болады, егер іс барысын зерттеуде психолог білімі қолданылса» деп көрсетті.

  Соттық-тергеу практикасында  психологиялық категориялардың  шынайы сәйкестену қажеттілігі  өз уақытында көптеген танымал  орыс қаңгерлері өз еңбектерінде қарастырады. Солардың бірі А.Б.Брусловский. Ол: «Соттық процеске қатысушыларды барлық жағынан қоршаған орта психологиясын өзінің әр қадамында психологиялық сұрақтарды шешуі тиіс. Әр қадамдағы кез келген кодекс психологиялық проблемаларды алға тартып, оны сотта шешуді ұсынады» деп жазды. Соттық практика мен құқықтық ғылымдар психологияға көп көңіл бөлетінінде айта кеткен жөн.

  Осыған байланысты эксперт-психологтың  сөзін келтіруге болады: «Тұлға  проблемасы – сот психологының  іс-әрекетіндегі орталық мән болып табылады.   Мұны практик-заңгерлер білуі қажет. Өйткені олар тұлғаға қатысты мәліметтерде жинайды. Осының негізінде соттық психолог-эксперт сот процесіндегі тұлғаларға психологиялық зерттеу жүргізеді.»/4-253/

  Қылмыстық прцесте соттық-психологиялық тексерістің түрлері арасында ерекше орынды психикалық бұзылыстарға еш қатысы жоқ, психикалық дамуда артта қалушылығы бар айыпталушы (сотталушы) жасөспірім қабілеттілігін соттық-психологиялық тексерістен өткізе алады. Толық мағынада өз әрекеттерінің қоғамға қауіп төндірушілік сипатын мойындап, оларды басқару, барлық индивидуалды мінез-құлық механизмдері нақты тұлға аумағында қызмет атқарады. Бұл индивидуалды мінез-құлық механизмдері маңыздылығы бойынша тұлғамен сыртқы ортаны бірге бірлестікте қарастырады. Бұлар қылмыс мотивімен мақсатынан тыс терең ұғынылып, таңдала алмайды. А.П.Гуськов «Тұлға кінәсін анықтау – айыпталушы тұлғаның психологиялық құрылымының мазмұнын көрсетуден ғана басталады» деген./4-136/

     Қылмыс мотивациясы  әрқашан ғылымда пристолы назарға ие болады.

  Психикалық күйді анықтау  үшін соттық-психологиялық секілді  соттық-психиатриялық тексеріс (немесе  кешенді соттық-психологиялық-психиатриялық) қолданылады.

    Психикалық денсаулығы  туралы күдік туғанда ғана  соттық-психиатриялық тексеріс жүргізіледі. Сондықтан тергеушіге, сотқа тексерістің сәйкес келетін түрін таңдау құқығы жүктеледі. Соңғы кездерде кешенде тексерістер кеңінен қолданылады. Оны қолдану барысында дифференсациялану тиіс. Психологқа зерттелуші өзінің психикалық күйі кезінде іс-үшін маңызды болып келетін жағдайды дұрыс қабылдап, оларға дұрыс жауап бере алады ма деген сұрақтар қойылады. Тергеу ісіндегі жасөспірімнің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерімен немесе эмоционалды күйімен психикалық даму деңгейін, құқық бұзушылық жағдайларының нақты шарттарын психолог ескеруі керек. Психолог іс үшін маңызды болып табылатын жағдайды жасөспірімнің дұрыс қабылдай және дұрыс жауап бере алатынын анықтау керек.

    Кешенді соттық-психологиялық-психиатериялық  тексеріс ақыл-ой кемістігі дибельдік, психофизикалық, шефантилизм, астеникалық синдром дәрежесіндегі олигрофениямен байланысқан жағдайда міндетті түрде қолданылады. /19-213/

    Тұлғаның, соның ішінде  жасөспірімнің, психопатиялық дибельдіктің  жеңіл дәрежесіндегі олигофрения ауыруы және олардың индивидуальды-психологиялық ерекшеліктерімен эмоционалды күйлері – кешенді соттық-психологиялық-психиатриялық тексеріс пәні болып табылады. Тексерістің жүргізілуі өзіндік маңызға ие болады немесе бұған қаралатын іс-жайындағы алдағы өндірісте тәуелді болады.

    Осыған байланысты психикалық  күйлері қатарын құру – тергеуші  мен сот үшін қиыншылық тудыртпайды, осының негізінде тексерісті  жүргізуді қажет етпей қалады/48-172/

   Жасөспірім тұлғасының психикалық  бағдарының көрінуін қылмыстың жасалу фактісі мен оның жүзеге асу тәсілі барысында байқауға болады. Жасөспірімнің педагогикалық игеріліп алынған дәрежелерімен қоғамға қарсы көзқарастарының тереңдетілген түрлері жасалынған қылмыстың сипатымен ауырлығы бойынша қарастырылып, тергеу жүргізіледі./6-63/

 Тұлға мотиві, мақсаты, мінезі  және оның өз ойынан айнуы  сияқты психологиялық категориялар  тергеуші, сот қабылдауында тиімді  болып табылады және ол арнайы  танымдылықты талап етпейді. Бұл  күрделі тұлғалық және жанұялық  жағдайлар мен тұлғаның осы шарттарға тәуелді болуының түрлі формалары туралы сөз қозғалғанда реакция және қабылдау дәрежесі бойынша жасөспірімдердің күйін дәлелдеу арнайы танымдылық талап етпейді және бұл индивидуалды болып табылады. Бірақ психикалық күйлері сипатын куагерлер және айыпталушының өзіндің берген жауабы көмегімен дәлелдеуге болады. Кейбір психикалық күйлер, жоғарыда келтіріліп кеткендей тергеу немесе соттық процеске қатысушы психологтың тек тексеріс немесе кеңес беруді жүргізу жолдарымен анықталады. /36-45/

     Егер жасөспірімнің ақыл-ой кемістігі бар екендігі анықталса, онда педагог 16 жастан жоғары жасөспірімдерден жауап алу процесіне қатыса алады. Ал егер оның дені сау және жасы 16-да болып, тергеушімен жасөспірімнің жауап алуға маман ретінде қатысу құқығын заң орындары неге шектейтіні туралы сұрақтар туындағанда ғана психологпен педагог көмегі қажет болады.

   Педагог пен психолог  жасөспірімнің құқықтық қызығушылықтарын  қорғайды. Жасы  16-ға толмаған  жасөспірімнің жауап алу процесінде  психолог маманның қатысуы-идеальды мадель болып табылады. Осыған байланысты айыпталушы тұлғасының детальдық мәнділігі дұрыс жауап беруге кедергі ететін себептерді шектеп, олардың барысымен танысуға мүмкіндік береді. Мұнда тергеушіге тек жасөспірімнің оқуы немесе жұмыс орнынан алынған мінездемелер ғана емес, тұлғаға қатысты басқа мәліметтер де көмек бере алады. Мұның ішінде тергеуші кез келген жағдайда жауап алу алдында танысатын психологтың қорытындыларымен ұсыныстары ерекше көмек береді. Жасөспірімдік кезеңде балада педагогикалық құрамға қатысты антипатияның ерекше сезімдері көрінеді. Ал психолог – жасөспірімдермен сенімді психологиялық қарым-қатынас орнатуға қабілетті болуы тиіс. /32-158/

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу