Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Гидроксихлорохин - химиялық құрылысы, фармакологиялық әсері жағынан хингаминге құсас.

Сhloridinum - хлоридин (Б): 0,05 және 0,1 таб. - 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң (3 күн), безгекті алдын алу үшін 0,025 күніне 1 рет (маляриялық кезеңнен өткенше). Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, анемия, тератогенді әсер. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесі мен бүйрек ауруларында, жүктіліктің алғашқы 3 айында..

Рrimachinum - примахин (Б): 0,009 таб. - 1 таб. тәулігіне 3 рет (2 апта). Жанама әсері: диспепсия, жүрек тұсының ауырсынуы, цианоз (метгемоглобинемия), глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығында - эритроциттердің гемолизі мен гемолитикалық анемия. Қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында, бүйрек аурулары, стенокардияда, жіті жұқпалы ауруларда, ревматизмнің өршу кезеңінде қолдануға болмайды.

д) Токсоплазмозды емдеуге арналған дәрілер. Токсоплазмоздар - 
жасуша ішілік паразиттер. Тасымалдаушы мысык, кейде басқа жануарлар 
болуы мүмкін. Алиментарлы, су арқылы және тұрмыстық жағдайлармен 
жұғады. Токсоплазмоздар лимфа түйіндерін, ішекті, өкпе, бауыр, жүрек, 
ОЖЖ-н, көзді зақымдап, түсік және іштегі ұрық дамуының кемтарлығына 
алып келуі мүмкін. Емдеу үшін: хлоридин (жүктіліктің алғашқы 3 айында 
қолдануға болмайды), хингамин, аминохинол, сульфаниламидтер, 
макролидтер, тетрациклиндер, «Фанзидар», «фансимер» тағайындалады.

е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер. Қоздырғышы - 
Ваlаntidium соli тоқ ішекі зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар, 
әсіресе  шошқалар.   Емдеу -  мономицин,  тетрациклиндер,метродинидазол, тинидазол.

ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер. Тері лейшманиозында (қоздырғышы -  Leishmania tropica) - дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда (қоздыргышы -1еishmania donovani) бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер, зақымдау көзі болып табылады. Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метронидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады. Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады. 
8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.

Гельминтоз - құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған. Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі. Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпақ құрттар). Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт, өкпе, бас миын, тері,, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап, ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін. Ішек гельминтозының клиникалық белгілері біріңғай: АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия.. Препаратты таңдау копроовоскопиялық(үлкен дәретті) зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер енгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.

1. Нематодоздарда қолданылатын дәрілер. Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида (жылан құрт)), энтеробиоз (қоздыргышы бәсір), трихоцефалез (қоздыргышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздыргышы), стронгилоидоз (қоздыргышы ішек кенелер). Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис), мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантрин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады. Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың іш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады. Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда колданылады.

Рiperazini adipinas - пиперазин адипинаты: 0,5 таб.; 3-4 таб. тәулігіне 2 рет (тамақтан 1 сағ. алдын немесе тамақтан 1 сағ. кейін); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. 1 апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді. Жүрек айну, іш тұсының ауыруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін. ОЖЖ-ң органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.

Нафтамон - (5,0 ұнтақты кант сиропында немесе 0,5 шекте еритін 10 таб. таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда) қолданылады. Левамизол - 0,15 - 1 таб. ұйықтар алдында (1 аптадан кейін қайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады. Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.

Меbendazolum - мебендазол (Б): 0,1 таб. - гельминтке қарсы спектрі кең, тиімділігі жоғары, энтеробиозда, трихоцефалезда, аскаридозда, анкилостомидозда, стронгилоидозда, шек цестодозда, трематодозда, аралас инвазияда қолданылады. Энтеробиозда тек қана 1 таб., ал қалған жағдайда 1 таб. күніне 2 рет 3 күн бойына қолданылады. Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

Медамин - мебендазолға ұқсас, шек нематодозында қолданылады.

Руrantelum - пирантел (Б): 0,25 таб.; 5% 15 мл (3 ас қасық); 3 таб. таңертең 1 рет. Аскаридозда, энтеробиозда, анкилостомидозда, трихоцефалезда (сирек) тиімді. Диспепсия, бас ауыруы, бас айналуы байқалуы мүмкін. Пирвиний памоаты - энтеробиозда тшмдк Дитиазанин - трихоцефалез бен стронгилоидозда тиімді. Дифезил - тек трихоцефалезде қолданылады.

Барлық нематодқа қарсы дәрілерді жатырдың біріңғай салалы бұлшық ет тонусын жоғарылатуына байланысты жүктілікте қолдануға болмайды, ал қанға сіңірілгеннен кейін тератогенді әсер көрсетеді.

2. Цестодоздарда қолданылатын дәрілер. Цестодоздарға тениоз (қоздырғышы қарулы (шошқа) таспа құрт), тениаринхоз (қоздыргышы қарусыз (өгіз) таспа құрт), дифиллоботриоз (қоздыргышы жалпақ құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы ергежейлі таспа құрт). Цестодоздарды емдеу үшін: фенасал (йомесан, никлозамид), аминоакрихин, празиквантель (азинокс, билтрицид) қолданылады. Әсер ету механизм»:құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесін уақытша әлсіруіне алып келеді.


Рhenasalum - фенасал (Б): 0,25 таб.- таңертең аш қарынға бірден 8-12 таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу диетасын белгілеп, кешке тек шай мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде клизма қойылады. Жүрек айну, аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің асқынуы байқалуы мүмкін. Фенасал тениаринхозда, дифиллоботриозда, гименолепидозда колданылады. Тениозда аз қолданылады, себебі цистицеркоз пайда болу қауіпі бар (фенасал шошқа таспа құртынын, жұмыртқасына әсер етпейді, мүшесінің  бұзылуынан ішекте жұмыртқасы жарылып, одан шыққан ұрық аш шектің қабырғасы арқылы, күре тамырда қан ағысымен миға, көзге, жүрекке, көлденең жолақ бұлшық еттеріне, тері асты клетчаткасына түсіп, цистицеркоз дамиды). Тениозды фенасал препаратымен емдеуде міндетті түрде қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді. Аминоакрихин - улы, гименолепидозда қолданылады. Цестодоздарға қарсы дәрлермен емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.


Рraziquantel - празиквантель (Б): 0,6 таб. - 2 таб. (1күн) тәулігіне 3 рет. Са2+ иондары үшін гельминттердің жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, құрттардың бұлшық ет жүйесінің спастикалық салдануына алып келеді. Цестодозда, трематодозда және аралас инвазияда қолданылады. Жүрек айну, іш тұсының ауыруы, бас ауыруы мүмкін. Цестодозды емдеу үшін мебендазол мен асқабақ дәндері қолданылады.

3.Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын дәрілер. Ішектен тыс гельминтоздарға трематодтар жатады: фасциолез (қоздыргышы бауыр двуусткасы, бауыр, өтті зақымдайды), описторхоз (қоздыргышы мысык, немесе сібір двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), клонорхоз (қоздыргышы қытай двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), шистосомоз (қоздыргышы шистосомдар, қан тамыр, қуық, ішекті зақымдайды). Филярий нематодтары филяриатоз тудырып, қан және лимфатикалық жүйені, тері асты клетчаткасын, көз ұлпаларын зақымдайды, бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралған. Цестодоз таралуы: цистицеркоз (қоздыргышы цистицерк, булшык ет, ми, көзд1 зақымдайды) және эхинококкоз (қоздыргышы эхинококк, бауыр, өкпе, миды зақымдайды), Трематодоздарды емдеу үшін хлоксил және празиквантель қолданылады. Әсер ету механизмі: гельминттердің энергетикалық процестеріне әсер етіп, шистосоматозда (празиквантель), филяриатодозда (дитразин), тениоз, трематодозда (празикванталь).


Сhloxylum - хлоксил (Б): 2,0 ұнтақ; 1/2 стакан сүтпен әр 10 минут сайын (3-5 рет) таңғы астан 1 сағ. соң (2 күн), басқа да емдеу сызбалары бар, 4-6 айдан соң емдеу курсын қайталау қажет. Бауырдың гельминтоздарында: описторхозда, фасциолезда, клонорхозда қолданылады. Жанама әсері: бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр тұсының ауыруы, протеинурия, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек тұсының ауыруы, эозинофилия(лейкоциттердің бір түрі), аллергиялық реакциялар байқалады. Жүрек, бауыр ауруларында, жүктілікте қолдануға болмайды. Празиквантель - улылығы төмен, трематодозда және цестодозда тиімді. Филяриатозда дитразин (0,05 және 0,1 таб. таулігіне 3 рет 10 күн бойына) қолданылады. Тері бөртпелері, кышыма, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, бауыр мен көк бауырдың көлемі ұлғаюы мүмкін.

Асқорту жолдарына әсер ететін дәрілік заттар.

Классификациясы:

1.Тәбетке  әсер ететін дәрілік заттар.

2.Құсық  шақыратын және құсыққа қарсы  әсер ететін дәрілік заттар.

3.Асқазанның  секроторлық функциясы бұзылғанда  әсер ететін дәрілік заттар.

4.Ұйқы безінің  секрециясы бұзылғанда әсер ететін  дәрілік заттар.

5.Өт айдаушы  дәрілік заттар.

6.Іш өткішгіш  дәрілік заттар.

 

1.Тәбетке  әсер ететін дәрілік заттар.

а)Тәбетті көтеретін дәрілік заттар.

Ащылар - өсімдік тектес дәрілік заттар,ашты дәмі бар. Дәм рецепторларын тітіркендіреді, аштық орталығын рефлекторлы ынталандырады да, тәбетті көтереді, асқазан шырынын шырышты қабаттада рефлекторлы түзілуін жоғарылатады да,астың қортылуын жақсартады.

Полын горькийдің жапырақтарында және шөбінде, вахта трехлисттінің (трофоли) жапырағында,аир күре тамырында, золототысячниктің шөбінде,одуванчиктің тамырында, подорожниктің жапырағында ашшылар болады.Ашылар препараттарын (тұнба,тұндырма,жинақтар)тамақ алдында 20-30 минут бұрын қолданамыз.Дәмді преправалар пряностілер ашты дәмді және хош иісті болып келеді.

Ащыларды қабылдауға болмайды: асқазан секрециясы жоғары болса, асқазан және онекі елі ішектің ойық жарасында.

Настойка полыни-Полынь тұндырмасы.Tinctura Absinthii.: Флакон 25мл-10-20 тамшыдан 20-30 минут тамақ алдында қабылдаймыз.

Зат алмасу процестерін ынталандыратын дәрілік заттар тәбетті көтереді:инсулин, витаминдер, анаболитикалық стероидтар, карнитин, апилак. Антигистаминді препарат ципрогептадин(апетиген,перитол) орталық ынталандырғыш әсер көрсетіп,нейрогенді анорексияда ,ұзақ созылмалы дерттерге қарсы қолданамыз.

2.Құсық  шақыратын және құсыққа қарсы  әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).

Құсық шақыратын  дәрілік заттар көп қолданбайды.Уытты заттардан асқазанды босататын әдістердің бірі :асқазанды жуу,адсорбенттерді және тұзды іш өткізгішті ерітінділерін  қолданамыз.

б)Тәбетті төмендететін дәрілік заттар (анорексигенді дәрәләк заттар):фепранон, Дезопимон, дексфнефлурамин (изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин); мазиндол (теронак, санорекс).

Әсер ету механизмі: гипоталамустегі тоқтық орталығын ынталандырады да,аштық сезімді азайтады.

Қолданылуы:алиментарлы семіздікке (тамақты көп жегенде) гормондардың түзілуі бұзылғанында  семіздік пайда болса,аз калориялы тағамдарды қабылдап,арнаулы диета ұстаймыз.

Кері әсері: ауыз қуысыкебеді,іш қатуы немесе өтуі мүмкін, қан қысымы көтеріледі, психостимуляторлық әсерінен ұйқы бұзылады, тез ашуланшақ келеді (сондықтан анорексигенді препараттарды күннің бірінші жартысында қабылданады), ұзақ қолданғанда бейімдеушілік пайда болады.

Қабылдауға болмайды: жүкті болғанда,гипертензияда (қан қысымы жоғары болса), ми қабатының және коронардың қан айналуы бұзылса, психикалық дерттерде, глаукомада, эпилепсияда,психозда.

Ең алдымен фенамин анорексигенді препараты қолданған, бірақ оның кері әсері өте жоғары болғандықтан, қазіргі кезде оны қолданбаймыз. Оған сәйкес келетін аналогтарын қолданамыз:

Фепранон – Phepranonum (А) драже 0,025гр. күніне таңертең және күннің орта шенінде (тамаққа дейін 1 сағат) екі мезгіл 1 дражеден.

Дезопимон – Desopimonum (А) таб.0,025 тамақтанған кезде фенаминге қарағанда екі препаратта әлсіздеу, бірақ кері әсерлері аз.

Мазиндол – Mazindol (А) таб. 0,001-тамақпен бірге. Фенаминге қарағанда белсенділігі артық, дәрілік бейімделушілікті аз шақырады.

Дексфенфлурамин - Dexfluramin(А) капс.0,015 және 0,06 тыныштандырғыш әсер көрсетеді, қан қысымын көтермейді.

Барлық анорексигенді препараттар тек қана рецепт арқылы беріледі.

2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.

Тура (орталыққа) әсер ететін дәрілік заттар (құсық орталығын ынталандырады): апоморфин, морфин, наперстянка препараттары, ісіке қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Рефлекторлы әсер ететін дәрілік заттар (асқазанның шырышты қабатындағы рецепторларын тітіркендіреді): термопсис препараттары және ипекакуана, меди сульфаты, цинк сульфаты.

Практикада апоморфинді ғана қолданамыз. Ішімдіктен айырғанда оны арақтан рефлекторлы жүрек айнытқызып емдік жүргіземіз (тек стацинарда).

Apomorphini hydrochloridum-апоморфин гидрохлориді - (А) амп. 1% ерітінді 1мл тері астына 0,2 - 0,5мл енгіземіз.

- Құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар көп қолданады.

1.Нейролептиктер (этаперазин, трифтазин галоперидол  және т.б. ) - құсық орталығының  рецепторларын тежейді, химия терапияда, хирургиялық операциядан соң  және жүкті әйелдердің токсикозында  қолданамыз .

Метоклопрамид (церукал, реглан) - нейролептиктермен әсер ету механизмі ұқсас, асқазанның босауын тездетеді, асқазан және онекі елі ішектің ойық жараларында, метеоризмде қолданамыз. Ағза жақсы қабылдайды, ұйқышылдықты шақырады, ауыз қуысы кебеді, құлақта шуыл пайда болады, паркинсонизм болуы мүмкін.

Метоклопрамидке бромоприд ұқсайды.

Метоклопромид - Metoclopramidum. таб.0,01 күні 1 таблеткадан 3-4 мезгіл тамақ алдында, бірден жұтқан дұрыс. амп. 1% ерітінді 2мл көк тамырға және бұлшық етке тәулігіне 1-3 мезгіл  енгіземіз.

Информация о работе Жалпы рецептура