Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Тиэтилперазин (торекан) - Құсық орналығын тежейді, кері әсері нейролептиктерге қарағанда аздау: ауыз қуысын кептіреді, ұйқышылдық шақырады, ұзақ қолданғанда паркинсониз болуы мүмкін.
Тиэтилперазин - Thiethylperazinum. (Б) таб.(драже) 0,0065 -1таб (драже) күніне 2-3 мезгіл;свечи 0,0065. амп. 0,65%1 мл ерітінді бұлшық етке.
М-холиноблокаторлар (Аэрон) және антигистаминдік (аллергияға қарсы) (димедрол, дипразин) құсық орталығын тежейді, жүрек айнығанда пайдаланамыз.
Жергілікті анестетиктер (анестезин, новокаин) - құсыққа жақсы әсер етеді, гастриттерде, айық жараларда қолданамыз. Химиотерапиялық ісіктерде тропесетрон (навобан) және ондансетрон (зофран) құсыққа қарсы қолданамыз.
3.Асқазанның
шырышты қабаттарына әсер
а)Асқазан бездерінің секрециялары төмендегенде қолданылатын дәрілік заттар.
Алдын алу шараларында асқазанның шырышты қабаттарының секреторлық қасиетін және қышқылдығын тексергенде пентагастрин (асқазан шырынының синтетикалық аналогы-гастрин гармоны). Егер асқазан бездерінің секрециялары төмендеген болса, пентагастрин асқазан секрециясын жоғарылатады. Егер асқазанның шырышты қабаттарын органикалық бұзылыстар болса, онда пентагастрин көмектеспейді. Бұл кезде гистаминді қолдануға болады, ол асқазанның Н2 - рецепторларын ынталандырады, асқазан шырынының бөлінуін көбейтеді, бірақ гистаминнің кері әсері көп. Себебі ол асқазанның Н1 рецепторларын (қан қысымын төмендетеді, бронхтың спазымын шақырады және т.б.). Бұл жағдайды болдыртпауы үшін қосымша Н1 гистамин блокаторларын қолданамыз (димедрол, дипразин және т.б.)
Асқазан бездерінің
Гипоацидті жағдайда функционалды бұзылыстарда, асқазанның бездерінің секрецияларын ашыларды және қышқыл минералды суларды пайдалану арқылы жоғарылатамыз. (Есентуки №17) .
Ал анацидтік жағдайда,асқазанның шырышты қабаттарының органикалық бұзылыстарында, бұл дәрілер тиімсіз әсер етеді. Сондықтан :
Сок желудочный натуральный -Succus gastricus naturalis. Флакон 100 мл, тамақ ішкен кезде күніне 1-2 ас қасық қолданамыз.
Пепсин – Pepsinum (шошқаның асқазанының шырышты қабатының ферменті): ұнтақ, 0,2-0,5 гр ұнтақты қолданамыз. 1-3%тұз қышқылынан дайындалатын микстураның құрамына кіреді, себебі пепсин ас қортатын белок, қышқылды ортада тиімділігін көрсетеді. Бұл микстураны ацидин - пепсин таблеткасымен (Acidinpepsinum) ауыстыруға болады, оны 0,25 және 0,5гр тамақпен бірге қабылдаймыз, ¼ немесе ½ стақан суға езіп.
Хлорлы сутегі қышқылының разведенный ерітіндісі - Acidum hydrochloricum dilutum - (Б) ¼ немесе ½ стақан суға ерітіп 10-15 тамшы тамақпен бірге қабылдаймыз.
Пепсидил флакон 450 мл Абомин таб.0,2 қолданамыз.
б)Асқазан бездерінің секрециялары жоғарылағанда қолданылатын дәрілік заттар.
Асқазан бездерінің секрециялары жоғарылағанда гиперацидтік гастрит пайда болады. Сол кезде асқазан қышқылы көбейеді, қыжыл пайда болады.Қышқылды-пептитті факторының бұзылуынан асқазанның шырышты қабаттарының сақтану қасиеті төмендеп,асқазан және онекі елі ішектің ойық жаралары пайда болады. Пептикалық ойық жаралар. Осы кезде қолданылатын дәрілік заттар:
1.Антацидтік дәрілік заттар (anti-қарсы, acidus-қышқыл) - магний окисі, магний гидроокисі, алюминий гидроокисі, натрий гидрокабонаты, кальций карбонаты осажденный, араласқан препараттар (магний, алюминий гидроокисі, магний окисі, фосфат алюминиясы, негізгі карбонат магний-әртүрлі қарым-қатынаста қолданмыз): алмагель, фосфалюгель, маалокс, мегалак, гелюсил-лак;Таб. Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель және т.б.
Бұл заттар асқазандағы асқазан сөлімен әсер етіп, оны нейтралдайды.Асқазанның шырышты қабаттарының тітіркенуін тежейді, ауырып тұрған сезімді басады,қыжуды тоқтатады. Асқазан және онекі елі ішектің ойық жараларында гиперацидтік гастриттерде қолданамыз. Оларды тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң және ұйықтар алдында қолданамыз.
Магний оксиді - Magnesii oxydum. ұнтақ 0,5. асқазан қышқылымен әсер еткенде магний хлориді ішекке сіңбейді, аздан іш өткізгіш әсер көрсетеді. Гипермагнемияда қолдануға болмайды, невралогиялық және жүрек - тамыр дерттеріне әкелуі мүмкін.
Aluminii hydroxydum - алюминия гидроокисі: ұнтақ 4% суспензия түрінде ішке 1-2 шай қасық қолданамыз. Антацидтік қасиетімен бірге адсорбтеуші, қармаушы әсер көрсетеді, ішті қатырады, фосфаттың сіңуін тежейді.
Алмагель-Almagel: флокон 170мл. құрамында күрделі заттар алюминий гидрооксиді және магний оксиді гель түрінде Д-сорбенті қосылып өтті айдайды.
Алмагель-А-Almagel-А: құрамында анестезин болады, қышқылдың құрамы жоғары болғанда пайда болған дерттерде қолданады, жүрек айниды, құсық пайда болады, қатта ауыру сезімі пайда болады.
Натрий гидрокарбонаты-Natrii hydrocarbonas тез және қатты әсер етеді, бірақ антацидтік әсері тез. Тез арада рН-ты 7-ге дейін көтереді, кейде оданда жоғары, хлорлы сутегінің екінші рет секрециялануын шақырады. Асқазандағы хлорлы сутегіне әсер етіп, (СО2) көмір қышқыл газын құрайды, ол асқазанның созылуын шақырады, ойық жарада асқазанның перфорациясын (тесілуін) тудырадырады. Натрий гидрокорбонаты ішек-асқазан жолдарына жақсы сіңеді.
Кальций карбонаты осажденный (тұнған): көмір қышқыл газының түзілуін, НСl (хлорлы сутегінің) екінше рет секрециялануын шақырады. Жоғары дозада гиперкальциемияны тудырады. Ұзақ уақыт қолданғанда іштің қатуын, нефрокальциноз шақырғандықтан, жиі қолданбайды.
Қосылып келіп қолданылатын препараттардың - тиімділігі жоғары және қатты әсер етпейді. Антоцидтер көптеген препараттардың: тетрациклиндердің, дигитоксиннің, ацетилсалицил қышқылының ішекке және асқазанға сіңуін өзгертеді.
2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
а) Н2- гистаминоблокаторлары: циметидин (гистодил, нейронорм, примамет, тагамет), ранитидин (зантак, зоран, ранисан), фамотидин (гастросидин, ульфамид, фамосан, квамател), низатидин (аксид, низакс), роксатидин (алтат).
Әсер еті механизмі: асқазан қабырғасында орналасқан Н2 - гистамин рецепторларының түнгі және базальді секрециясын тежейді, тағаммен бірге түзелетін асқазан тұз қышқылының секрециясын да тежейді. Олар күндізгі және түнгі ауырып тұрған сезімді басады, гастропротекторлы әсер етіп, асқазандағы және онекі елі ішектегі ойық жараларды жазады. Таблетка және ампулада ерітінді түрінде көк тамырға енгізуге арналған.
Н2 - гистаминоблокаторларды асқазандағы және онекі елі ішектегі ойық жараларды, гиперацидтік гастриттерде қолданамыз.
Кері әсері:диспепсия, бас және бұлшықеттердің ауыруы, теріде бөріткен пайда болады, бас айналады, бауырдың істеу функциясы бұзылады, лейкопения, депрессия шақырады.
Қабылдауға болмайды:бауыр, бүйрек дерттерінде, 14жасқа дейінгі балаларға, бала емізгенде, жүкті болғанда.
Циметидин-Cimetidinum(Б) таб.0,2-1 таб.күніне 3 мезгіл тамақпен бірге және 1-2 таб. ұйықтар алдында;амп.10%ерітінді 2 мл көк тамырға 4-6 мезгіл.
Ранитидин - Ranitidinum таб. 0,15 және 0,3- күніне 2 мезгіл; амп.2,5% ерітінді 2 мл - көк тамырға күніне 3-4 мезгіл .
Фамотидин - Famotidinum таб.0,02 және 0,04 -күніне 2 мезгіл.
б)М-холиноблокаторлар:
Селективті емес: атропин, метацин, платифиллин, красавка препараттары: курстық ем жасағанда кері әсері көп, тез бейімдеушілік болады, ол терапевтік белсенділігін азайтады. Антацидтермен бірге жақсы әсер етеді және әсер етуін созады. Н2 - гистаминоблокаторлармен бірге қосып пайдаланған жөн.
Селективті: пирензепин (гастрозепин) асқазандағы М1 – холинорецепторларын.
Пирензепин - Pirenzepinumтаб. 0,025 және 0,05 күніне таңертең және кешке 30 тамақ алдында 2 таб. қабылдаймыз.
Амп.0,5%ерітінді 2мл в/м, в/в тамшылап күніне 2 мезгіл.
в)ингибиторлар:
омепразол ()пантопразол (контролок), ланзопразол (ланзап, ланзоптол), рабепразол.
Әсер ету механизмі:асқазанда сутек ионының түзілуін бұзады, бактериостатикалық әсер көрсетеді.
Қолданылуы: пептиттік ойық жарада, егер басқа препараттар көмектеспесе.
Кері әсері:диспепсия, бас ауырады, ұйқышылдық пайда болады.
Қабылдауға болмайды:бала емізгенде, жүкті болғанда.
Омепразол-Omeprazol (Б) капс.0,02 -таңертең тамақ алдында 1 капс,күніне бір мезгіл.
3.Гастропротекторлар:
Олар асқазанның шырышты қабаттарын қорғайды. Жараларды жазады. Оларға: висмут препараттары жатады: де-нол, Викалин, Викаир. Олар асқазанның шырышты қабаттарын тітіркенуден қорғайды. Антацидтік әсер көрсетеді. Бактерицидтік әсер көрсетеді. таб.0,12 гр.тамақ алдында 30 минут бұрын немесе ұқтар алдында күніне 4 мезгіл, курстық ем 4-8 жұма.
Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) – простагландин Е1-ң синтетикалық аналогы, стериолты емес қабынуға қарсы дәрілердің ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді.
Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон) – мия тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералогкортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы факторларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған, ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.
4. Репаранттар – бұл препараттар асқазан мен ұлтабардың жараларының жазылу барысын күшейтіп жазылу барысын күшейтетіп, регенерацияны қуаттандырады (тек гастроэнтрологияларда ғана емес, сонымен қатар медицинаның барлық салаларында қолданылады): анаболикалық стероидтар (феноболин, ретаболил және т.б.) және метаболитикалық процесті қуаттандыратын дәрілер (метилурацил, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден); биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополия және т.б.): шырғанақ (оюлепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б. жатады.
4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
Ұйқы безінің секрециясы жетіспегенде:созылмалы панкреатит болады. Бұл кезде ас қорыту жолдарының ферменттері: протеаздар (көбінесе триптин), амилаздар, липаздар және басқа қосымша заттар - гемицеллюлоза, пепсин, өт компоненттері қолданылады.
Препараттар:панкреатин (трипсин + амилаза) солизим және нигедаза, Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм форте, Дигестал, Энзистал, Фестал (протеаз + липаз + амилаз), Креон, Ликреаза, Панцитрат - жоғары ферменттік белсенділіктері бар.
Бұл препараттарды асқазанды, бауыр және ішек жолдарын жақсы жұмыс істеуіне қолданамыз. Препараттар жақсы әсер етеді.
Қабылдауға болмайды:өткір панкретитте қолданбаймыз.
Панкреатин -Pancreatinu таб.(драже) 0,5 тамақпен бірге немесе тамақтан кейін.
Креон-Сreon:капс.0,3 -тамақпен бірге.
Фестал-Festal-драже №20,100 тамақпен бірге немесе тамақтан кейін.
Өткір панкреатитте - ұйқы безінің ферменттік белсенділігі онекі елі ішекте емес, бездің тіндерінде сектецияланады.
а)ұйқы безінің
секрециясын төмендететін дәрілік заттар:М-холиноблокаторлар,
б)протеолитикалық ферменттердің ингибиторы (тежегіш) (антиферментті препараттар) пантрипин, ингитрил, контрикал (трасилол), гордокс, антагозан-ферменттердің белсенділігін тежейді. Барлық препараттарды тамшылатын көк тамырға немесе баяу енгіземіз. Алларгиялық реакция шақырады.
Контрикал-Contrycal:фл.(амп.)
5. Өт айдайтын дәрілер
Өттің құрамында ішектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендерді эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінен ұлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медициналықтәжірибеде өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз.
а) Өт түзілуін күшейтетін дәрілер. Холеретиктер - өттің түзуін күшейтетін дәрілік заттар болып табылады (Холесекретиктер – холеретиктер):
- жануарлардан алынған: «Аддохол», «Холензим», «Лиобил» таб – құрамында жануарлардың құрғақ өті бар.
- синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон):
- өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гүлі (қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т.б.).
Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның жамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холесцистидте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары.