Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Remantadinum  - ремантадин (Б): 0,05 таб. - 2 таб. шығарылып, 1-ші күні 3 рет, 2-ші және 3-ші күні 2 рет, ал 4-ші күні 1 рет тамақтан кейін; тумауды алдын алу үшін - 1 таб. күніне 1 рет 10-15 күн бойына тағайындалады.

Охolinum- оксолин (Б): 0,25% жағылма түрінде тұмауды алдын алу үшін, оны мұрынның шырышты қабықшасына тәулігіне 2 рет жағады; 0,2% жаңа дайындалған ерітінді аденовирусты конъюнктивитте көз тамшысы түрінде (күніне 5-6 рет); 0,25% жағылма түрінде көздің қабағына түнде жағу үшін. Жанама әсері: тітіркендіріп, күйдіргіш сезімін тудыруы мүмкін. Оксолин сондай-ақ терінің вирусты ауруларында (кәдімгі ұшық, белдеулі теміреткі) 1%, 2% және 3% жағылма түрінде қолданылады.

Тұмауға қарсы дәрілерге сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады:

Арбидол - тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитетің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.

Рибамидил (рибавирин) - РНҚ және ДНҚ вирусының синтезін тежейді. Тұмау вирусының А және Б түріне, ұшық, қызылша, жел шешек, гепатит А және В вирустарына әсер етеді. Жанама әсері: асқазан тұсының ауырсынуы, метеоризм, қандағы тікелей емес билирубиннің жоғарылауы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жіті бауыр және бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, жүктілік.

Ribamidil - рибамидил (Б): 0,2 таб. - 1 таб. күніне 3-4 рет тамақтан соң тағайындалады.

Interferonum leicocyticum - лейкоцитарлы интерферон - 2 мл флаконда құрғақ ұнтақ түрінде шығарылып, ампула құрамын 2 мл суытылған қайнаған су қосып, ерітіндіні әр мұрын қуысына 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет немесе ингалятор көмегімен белгіленеді. Тұмауды, ЖРВИ (ОРВИ) және көздің вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Интерферон адамның вирусқа қарсы иммунитетінің табиғи факторы болып табылады. 
2. Ұшықты зақымдануларда қолданылатын дәрілер: рибамидил (рибавирин), ацикловир (зовиракс, виролекс), валацикловир (валтрекс), фамцикловир (фамвир), видарабин, идоксуридин (керецид), теброфен, риодоксол. Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.

Асусlovir - ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда - 50-100 мл 0,9% NaСl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын; 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді.

Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тер бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті - тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байк,алады. Жүктілікте қолдануға болмайды. Валацикловир және фамцикловир - ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин - жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен - 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті  қолданылады. Риодоксол - 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады. 
3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: 
ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, 
триаптен). Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының тұқымдасына 
жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түрінде, 
гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, 
АІЖ-ы мен бүйректің, зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ 
вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және 
АИТВ (ВИЧ) (адамдагы иммуннотапшылык, вирусы) инфекциясында 
қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал 
фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті 
белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, 
лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық 
нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің 
бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия 
байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануга 
болмайды.

Gancyclovir  - ганцикловир - 0,5 құрғақ заты флаконда - нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. - күніне 3 рет. 
4. Адамдағы иммуннотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін 
дәрілер: азидотимидин (зидовудин, ретровир), фосфоноформат 
(фоскарнет, фоскарвир, триаптен), ганцикловир (цимевен). Адамдағы 
иммуннотапшылық вирусы ретровирус тұқымдасына жатады. Препараттар 
ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсер ету механизмі: АИТВ- 
протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді.

Zidovudin- зидовудин - 0,1 капс. -1 -2 капс. күніне 4-6 рет. Ретровирус репликациясын (өзіне сәйкес құрылым өндіру) тежеп, ауру дамуы баяулап, 6-8 айдан кейін оған вирустың тұрақтылығы пайда болады. Жанама әсері:қан жүйесінің бұзылуы (анемия, лейкопения және т.б.), бас ауыру, ұйқысыздық, миалгия, қызба, бүйрек қызметінің тежелуі және т.б. Жүктілікте, емізулі әйелдерге қолдануға болмайды.

Ставудин (зерит) - зидовудин аналогі, зидовудинмен ұзақ уақыт емделгеннен кейін ішке қолданылады. Диданозин (видекс) және зальцитабин (хивид) ЖИТС кешенді емдеуде және зидовудиннің тиімс1зд1пнде колданылады.

АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдеу үшін терапия құрамына вирусты протеиназа ингибиторы болып табылатын препараттар қолданылады, олар вирус ақуыздарының түзілу процесін бұзады, вирустың белсенділігі темендеп, ауру дамуы баяулайды. Протеиназа ингибиторлары: саквинавир (инвираза), нельфинавир (вирасепт), индинавир.

5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: 
метисазон (марборан). Метисазон вирус ақуызының синтезін тежеп, 
вирустардың репродукциясын (қайта жаңғыру) жояды. Шешекті алдын алу 
үшін және шешекке қарсы егуден кейінгі асқынуды емдеу үшін 
қолданылады. Жанама әсері жағынан диспепсия, бас айналуы байқалуы 
мүмкін. Бауыр, бүйрек, АІЖ-ң ауруларында қолдануға болмайды. 
6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон альфа 
(альфаферон, велферон) - гепатит В және С. Интерферон альфа-2А (реаферон, 
роферон-А) - гепатит В. Интерферон альфа-2А (интрон-А, реальдирон) -созылмалы гепатитте А, В және С. Интерферон - вирустардын енгізілуіне жауап ретінде жасушада өндірілетін вирусқа қарсы иммунитеттің бейспецификалық факторы. Вирус талғамалы ақуыз синтезін тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы белсенділ'ігінің спектрі кең (тұмау, ұшық, гепатит, ЖИТС (СПИД) және т.б.), сонымен қатар иммуностимуляторлық және ісікке  қарсы әсері бар. Интерферон вируспен зак,ымдалатын жасушаның тұрақтылығын күшейтіп, вирустардың репродукциясын жояды. Интерферондар жергілілікті (көз тәжірибесінде, ұшықтык, зақымдалуда, тұмауда-мұрынға арналған тамшы және ингаляция түрінде) және парентеральды (гепатит, ЖИТС, ісіктер) қолданылады. Парентеральды енгізгенде тұмау сияқты жағдай, ал ұзақ қолданғанда қан жасалуының, бауыр қызметін бұзылуы және аллергиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.

Interferon а1pha (Wellferon) - интерферон альфа (велферон): 10 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда - арнайы ерітіндіде ертп.10 000 000 ӘБ күн ара б/е (т/а) енгізіледі.

Rеаvеrоnum - реаферон (Б): құрғақ зат 1 мл амп. - инъекцияға арналған суда еріліп, 1 мл-ден тәулігіне 2 рет (реальдиронға ұқсас) енгізіледі.

Интерфероногендер - интенферонның, түзілуін тудыратын заттар. Бұндай қасиет вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтардан басқа медицина тәжірибесінде вирусты инфекциялардың кешенді емдеуінде қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарда бар:

  • Тұмау мен ЖРВИ ауыр түрінде: неовир (б/е), арбидол (таб.);
  • Ұшықты зақымдануында: мегасин, ларифан (жергілікті); циклоферон (б/е, к/т);
  • Көздің вирусты инфекциясында: полудан (көз тамшысы);
  • Вирусты гепатиттің А, Б, С, Д түрінде, АИТВ-инфекциясында, екіншілік иммуннотапшылықта, хламидиозда: циклоферон (б/е және к/т).

 Әсер ету механизмі: адам ағзасында эндогенді интерферонның синтезін қуаттандырады.

Интерфероногендер улы емес, науқастарда жеңіл өтіп, басқа препараттармен сыймды. 
                       7.  Қарапайымдыларға  қарсы  дәрілер  
а) Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер. Трихомонадоз - трихомонада қоздырғышы тудыратын несеп-жыныс жүйесінің ауруы, әйелдерде кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде уретрит ауруын тудырады. Трихомонадозды емдеудің негізгі препараттары нитроимидазол туындылары болып табылады. Оларға: метронидазол (трихопол, флагил, метрогил, клион), тинидазол (фасижин), орнидазол (тиберал). Облигатты анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар мен қарапайымдыларға қатысты белсенді болып табылады. 5-нитротоптың түрленуі ДНҚ синтезінің басылуын, шиыршықты құрылымның жоғалуы мен ДНҚ жіптерінің үзілуіне әкелетін белсенді аралық қосылыс түзілуін қамтамасыз етіп, ал бұл жасушаның жойылуына соқтырады. Әсер ету механизмі: нуклеин қышқылдарын жойып, бактерицидті әсер етеді. Әсер ету спектрі: қарапайымдылар (трихомонада, амеба, лямблий), спора түзбейтін анаэробты бактериялар, Неlicobacter руlоri. Нитроимидазол туындылары АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйықтықтарына, қабыну және некроз, абсцесс ошақтарына өте жақсы енеді. Қарапайымды инфекцияларда (трихомонадоз, амебиаз, лямблиоз, тері лейшманиозы, балантидиаз); әртурлі анаэробты инфекцияларда, асқазан жарасында қолданылады. Жанама әсері: диспепсиялық бұзылыстар (тәбет төмендеуі, ауыздың ащы металл татуы, жүрек айнуы, құсу, диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну, діріл, кандидоз, полиурия, зәрдің қызыл қоңыр түске боялуы, тетурам тәрізді әсерлер байқалуы мүмкін. Қолдануға қарсы көрсеткіші:жүктіліктің алғашқы үш айында (тератогенді(іштегі нәрестенің механикалық өзгеріске ұшырап ауытқуы) әсер етеді, сүтке ащы дәм береді), лактацияда, ОЖЖ-ң үдемелі ауруларында. Емделу кезінде спиртті ішімдіктер (дисульфирамға ұқсас реакциялар, іштегі толғак, тәрізді ауырсынулар, лоқсу, құсу, бас ауыру, терінің қызаруы) қабылдауға болмайды.


Меtronidazolum- метронидазол (Б): 0,25 және 0,5 таб. -трихомонадозда сызба бойынша 0,25 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін 10 тәулік бойына; амебиазда 0,25 тәулігіне 3 рет 10 тәулікке дейін; лямблиозда 0,25 тәулігіне 2 рет 5 тәулікке дейін; қынапты супп. (таб.) 0,5 түнде; 0,5% 10 мл еріт. амп. және 0,5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т тамшылатып енгізіледі.

Трихомонадозда сондай-ақ трихомонацид, нитазол, фуразолидон қолданылады.

б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер. Лямблийлер ішекті, өт 
қапшығы мен өт жолдарын, бауырды зақымдап, энтерит, энтероколит, 
холангит, холецистит, дуоденит шақырады. Лямблиозда метронидазол, 
тинидазол, фуразолидон («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрлер», 
«Нитрофуран туындылары» тақырыптарына қараңыз) қолданылады. 
Лямблийге қарсы аминохинол, акрихин, хлорхинальдон белсенділік 
көрсетеді.

в) Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер. Амебалар тоқ ішектің 
бойы мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы 
жара колиттерін тудырады. Амебалар ток ішектің шырышты қабықшасынан 
қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрекке өтіп амебалы процестер 
шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз:

1.1шектегі амебиазда қолданылатын дәрілер (амебты дизентерия).

2.1шектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер.

Амебиаздың кез келген түрін емдеуге нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер» тақырыбына қараңыз) жатады. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондардың 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан («Синтетикалык, микробқа қарсы дәрілер» тақырыбына қараңыз) ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады.

Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы :эметин (ипекакуана тамырының алкалои.ды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлокторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эмотин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді.

Жанама әсерлері: құсу, лоқсу, тітіркендіргіш әсер, қышыма, есек жем, жүрек қызметінің бұзылуы, гипотензия, полиневрит, бұлшық ет әлсіздігі. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жүрек және бүйректің органикалық ауруларында.

Еmetini hydrochloridum - эметин гидрохлориді (Б): 1% 1 мл еріт. амп. т/а және б/е тәулігіне 2 рет тағайындалады.

Ішектен тыс амебиазада әсіресе бауырдың амебты зақымдалуында безгекке қарсы препарат хингамин қолданылады.

г) Безгекке (малярия) қарсы дәрілер. Безгек қоздырғышы малярия плазмодиі, тасымалдаушы Аnopheles масаның ұрғашысы болып табылады. Үш күндік, төрт күндік және тропикалық деген малярияның 3 түрі бар. Маса денесінде малярия плазмодиі жыныстық циклда дамиды. Дені сау адамды зақымдалған маса шақса оған спорозоиттар енеді. Адам денесінде малярия плазмодиясының жыныссыз циклі дамиды. Одан спорозоиттар қан арқылы бауырға, одан ұлпаларға (преэритроцитарлы) өтеді. Бауыр жасушасында өсіп, көбейеді, ұлпалық мерозоиттар түзеді, одан қандағы эритроциттерге еніп, ол жерде тез өсіп, эритроцитті мерозоиттарға бөлінеді, 48 сағаттан кейін үшкүндік, 72 сағаттан кейін төрткүндік, ал 24-48 сағаттан соң тропикалық маляриялар қанға өтіп, эритроциттерді зақымдайды. Бұл процесс қызба ұстамасына алып келеді. Эритроцитарлы мерозоиттардың бір бөлігі қайта эритроциттерге еніп, ал бір бөлігі жыныс түріне (гаметалар) айналады. Үш және төрт күндік малярияда ұлпалық мерозоиттардың бір бөлігі қайтадан бауырға еніп, параэритроцитарлы форма түзеді. Қызба ұстамасы қалтырау, дене қызуының 39-41°С жоғарылауымен, қатты бас ауыруы, ентігу, тахикардия, гипотензия, сандырақтау, бұлшық еттердің ауыруымен жүреді. Одан бауыр, көк бауыр ұлғайып, анемия, лейкопения, ал ауыр жағдайында маляриялық комаға ұласуы мүмкін.

Малярияға қарсы препараттар малярия плазмодиясының дамуының түріне байланысты әртүрлі кезеңдеріне әсер етеді.

1.Гематошизотропты дәрілер - эритроцитарлы түріне әсер етіп, малярия ұстамасын емдеу және алдын алу үшін және жеке химиопрофилактикасында қолданылады. Оларға: хингамин (делагил, хлорохин), хинин, мефлохин (лариам); кейде бигумаль (прокванил), хлоридин (пириметамин, тиндурин), гидроксихлорохин (плаквенил) жатады.

2.Гистошизотропты дәрілер - ұлпалық түріне әсер етеді: а) преэритроцитарлы түрінде - хлоридин, бигумаль (ерте қайталануын алдын алу үшін); б) параэритроцитарлы түрінде - примахин, хиноцид (кеш қайталануын алдын алу үшін);

3.Гаметотропты дәрілер - жыныстық түріне әсер етіп, малярия химиопрофилактикасында қолданылады: примахин (примаквин), хиноцид (квиноцид), хлоридин, бигумаль.

Қиыстырылғаи препараттары: «Фансимер» таб. (хлоридин + мефлохин + сульфадоксин), «Метакельфин» таб. (хлоридин+сульфален), «Фанзидар» таб. (хлоридин+сульфадоксин).

Ескерту: хингамин жэне гидроксихлорохин коллагенозды емдеу үшін қолданылады.

Сhingaminum- хингамин (Б): 0,25 таб. 1-2 таб. 2-3 тәулігіне тамақтан соң; безгекте сызба бойынша 3 күннен 5 күнге дейін; 5% 5 мл еріт. амп. -10 мл б/е; 10 мл 10-20 мл 0,9% NaСl еріт. бірге маляриялық комада к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұзақ қолданғанда (коллагенезді емдеуде)-дерматиттер, диспепсия, бас ауыру, ретинопатия, лейкопения, бауыр зақымданулары, миокардтың дистрофиялық өзгерулері байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, қан, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды.

Информация о работе Жалпы рецептура