Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Эритропоэзды тежейтін дәрілер эритромияда (полициемия) қолданылады. Олар жілік майына тежегіш әсер көрсетеді.
Фосфордың радиоактивті препараттары: Р-32 фосформен белгіленген натрий фосфатының ерітіндісі, имифос.
II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
Бұл препараттар нуклеин қышқылдарының синтезін құрылымды және ферментті ақуыз ситезін күшейтеді. Олар лейкопоэз және басқа да ұлпалардың регенрациялық процесін күшейтеді. Лейкопения және агранулоцитоз, сондай-ақ нашар жазылатын жарақаттар, ойық жаралар, күйік, сынықта, мүшелердің дистрофиялық процесінде ұлпа регенерациясын күшейту үшін қолданылады. Әртүрлі ісіктерде қолдануға болмайды, жұқпалы ауруларда микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындайды.
Метилурацил – Methyluracilum (Б): 0,5 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 3-4 рет; 0,5 супп, 10% жағылма түрінде шығарылады.
Пентоксил - Pentoxylum (Б): 0,2 таб, шығарылады, 1-2 таб тәулігіне 3-4рет тамақтан соң белгіленеді.
Натрий нуклеинаты - Natrii nucleinas: 0,1 ұнт түрінде шығарылып, 1,0 –нан тәулігіне 3-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Ісіктердің химиотерапиясымен байланысты лейкопениялардың ауыр түрлерінде, апластикалық анемияда және панцитопенияда, жілік майын ауыстырып отырғызуда, лекопоэзбен иммунитеттің тежелуімен байланысты септикалық жағдайларда, ЖИТС-ң кешенді терапиясында нейтрофильдердің шеткерлік қанға өндірілуін және бөліп шығарылуын, гранулоциттердің, моноциттердің және Т-лимфоциттердің (молграмостим – адамның рекомбинантты гранулоцитты-макрофагальды колоние қуаттандырғыш факторы) өсуін реттегіш гемопоэзды (колоние қуаттандырғыш) өсу факторларының препараттары қолданылады.
Филлграстим (нейпоген) Filgrastim: 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл –ден к/т тәулігіне 1 рет белгіленеді.
Молграмостим (лейкомакс) – Molgramostim: 0,00005; 0,00015; 0,0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша тәулігіне 1 рет т/а, к/т енгізіледі.
Лейкопоэзды тежейтін дәрілер лейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы: меркаптоппурин, цитарабин және т.б.
III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
Гемостаз (heama – қан, stasis – тоқталу) жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе – теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып қан кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе-теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдай да дәрілік препараттарды арнайы таңдауда қажет етеді.
а) Тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілер
1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
Адроксон – Adroxonum (Б): 0,025% 1 мл еріт. амп шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғандандырып – жергілікті белгіленеді.
Этамзилат (дицинон) - Aethamsylatum `(Dicinon) (Б): 0,25 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне (тәулігіне 8 таб дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е енгізіледі.
Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетуде тиімді. Этамзилат тамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерін тежеп, тромбоциттердің агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксон тромбоциттерде түзілетін тромбоксан А2 синтезіне қатысып, тромбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады.
Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан ұюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокальцемияда қолданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда қолданылады.
Кальций хлориді - Calcii chloridum: 10% 5 және 10 мл еріт. амп шығарылып, тек к/т! (б/е, т/а енгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.
Кальций глюконаты - Calcii gluconas: 0,5 таб – 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.
2. Тромбоциттердің агрегациясын төмендететін дәрілер (антиагреганттар): ацетилсалицит қышқылы (аз мөлшерде – 0,0-0,25 тәулігіне); индобуфен (ибустрин), тиклопидин (тиклид), дипиридамол (курантил), ксантинол никотинаты, пармидин. Тромбоциттердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен әсерлесу адгезиясын және агрегациясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Жүректің ишемиялық ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында және күре тамыр тромбозында қолданылады. геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілік пен лактацияда қолдануға болмайды.
б ) Қанның ұюына әсер ететін дәрілер (коагулянттар)
1. Қан ұйытатын
дәрілер (гемостатиктер – прокоаугулянт
ә) Әсері тікелей емес: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминінің аналогтары: (викасол, фитоменадион).
Викасол – Vikasolum (Б): 0,015 таб. шығарылып, 1 таб тәулігіне 1-2 рет; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып, 1-1,5 мл тәулігіне 1 рет б/е енгізіледі. К витаминінің суда еритін аналогы болып табылады. Гипопротромбинемиямен байланысты қан кетуде тиімді. Вирусты гепатитте, гепатитте, операциядан кейінгі жатырдан, геморройдан, өкпеден, мұрыннан ұзақ қан кетуде қолданылады. әсері 12-18 сағ кейін басталады.
б) Әсері тікелей: in vivo және vitro – ағзада және одан тыс жерде (шыныда) түтікшеде белсенділік көрсетеді.
Донор (қан беруші) қанның препараттары
Тромбин – Thrombinum: құрамында 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCl еріт, ерітеді. Тромбин фибриогенді фибринге айналдыратын, қан ұю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капилярлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтату үшін тек жергілікті қолданылады! К/т және б/е енгізуге болмайды (тромбоэмболия).
Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нұсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.
Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка), қалақай (крапива), мыңжапырақ (тысячелистник), айланшөп таран (қымыздық) (горец почечуйный) және т.б.
Желатин – қанның тұтқырлығын төмендетеді (ішке, т/а). Жергілікті гемостатикалық және коллагенді сіңдіргіш (губка), желатинді сіңдіргіш, феракрил (дәкені, тампонды ылғалдап) белгіленеді.
2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
а) Әсері тікелей (тек қана ұю факторына әсер етеді).
Гепарин – Heparinum (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де – 5 000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) – к/т, б/е, т/а енгізіледі. Ung. Heparini 25,0- зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады.
Гепарин – протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді, ондағы тромбиннің белсенділігін төмендететін қанның ұбына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға енгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 4-5 сағ созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон 1000 флебитте, тромбофлебитте, варикозды сыртқа қолданылады.
Төмен молекулалы гепариндерге (гепариноидтар): эноксапарин, фраксипарин жатады.
Фраксипарин – Fraxiparin: 0,3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының т/а енгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ.
Гепарин және гепариноидтарды әртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан құю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады.
Пртамин сулфаты гепариннің антагонисті болып табылады.
Жанама әсері: әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер, гематурия, гемартроздар және т.б. аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Қан кетуге бейімділікте, тромбоцитопенияда, лейкозда, жүктілікте (алдыңғы 3 айында) қолдануға болмайды.
Гирудин – қандағы тромбиннің ферменттік белсенділігін төмендететін (медициналық сүлік) сілекей бездерінің ақуызы (полипептид). Сүлікті гипертониялық кризде және ми қан айналымы бұзылысында (емізік тәрізді қсік аймағына) қолданады.
б) Әсері тікелей емес: in vivo , белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витаминінің антагонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарылатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-24 сағ, ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағаттан соң басталады. әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияны ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және оны алдын алуда қолданылады. емдеу кезінде қан ұю жүйесінің көресткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет.
Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұбының төмендеуінде, бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Неодикумарин (пелентан) - Neodicumarinum (Pelentan) (А): 0,05; 0,1 таб шығарылып, тәулігіне 1-2 таб белгіленеді.
в) Фибринолизге әсер ететін дәрілер
1. Фибринолитикалық дәрілер – жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизинге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді.
а) тікелей: фибринолизин (плазмин) – фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын қан ұюын төмендететін жүйенің компоненті. әсіресе жаңа пайда болған фибрин (суда ерімейтін ақуыз қан ұюына қатысады, тромбиннің әсерінен болатын фибриногеннің (плазма ақуызы) туындысы) жіпшелерін ерітеді.
Фибринолизин – Fibrinolysinum (Б): 10 000; 20 000; 30 000 және 40 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, алдын-ала 100-400мл 0,9% NaCl ерітіндімен ерітіп, к/т тамшылатып енгізіледі.
б) тікелей емес: актилизе, стрептокиназа (авелизин, стрептаза), целиаза, стрептодеказа, урокиназа.
Стрептокиназа және оның аналогтары целиаза және урокиназа профибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда және тромб түзілу қауіпінде қолданылады. стрептодеказа – стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72 сағ дейін сақталады) препараты.
Жанама әсері: аллергиялық реакциялар.
Стерептокиназа – Streptokinasa: 250 000 және 500 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 100-150 мл 0,9% NaCl еріт.немесе 5% глюкоза еріт. ерітіп, к/т тамшылатып енгізіледі.
Актилизе – профибринолизинді фибринолизинге өтуін күшейтетін, плазминогеннің и(профибринолизиннің) адаидағы рекомбинантты күшейткіштері. Жіті артериялық және веноздық тромбозда қолданылады.
2. Антифибринолитикалық дәрілер – фибринолизге кедергі жасайды. Фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер – ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді.
Бұл препараттар фибринолизиннің (плазминнің) түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарлауымен байланысты қан кетулерде (бауыр ауруларында, жіті пакреатитте), хирургиялық операциялардағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады. Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары: аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба).
Аминокапрон қышқылы - Acidum aminocapronicum: 5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т; 2,0-3,0 ұнт ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді.
Антиферментті препараттары: контрикал, гордокс – фибринолизиннің белсенділігін тежейді.
Контрикал – Conthrycal: 10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып белгіленеді.
Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер
Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш
және антагонисті препараттары
Гормондар ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар гемостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігінде орынбасушы терапия ретінде тағайындалады. Гормонды препараттары ішкі секреция бездердің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды, ал гиперфункциясында антигормонды (антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.
1. Гипофиз гормондарының препараттары
а) Гипофиздің алдыңғы бөлігініңі гормондарының препараттары Гипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.