Жалпы рецептура

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция

Описание работы

Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.

Файлы: 1 файл

фармакол. каз.лек.docx

— 321.97 Кб (Скачать файл)

Окситоцин – Oxytocinum (Б): 1 мл (1мл – 5ӘБ) амп к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.

Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогы; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.

Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб – босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіру қажет) әр 30 мин сайын 1 таб белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан даму) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.

Питуитрин – жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцин және вазопресин (антидиуретикалық гормон) бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ы жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде (несептің тоқтамауы) қолданылады.

Жанама әсері: жағынан АҚ-ң жоғарлауы байқалады.

Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.

Питуитрин – Pituitrinum (Б): 1 мл (5 ӘБ) амп – толғақты күшейту үшін 0,2-0,25 мл әр 15-30 мин. сайын 4-6рет т/а, б/е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1 мл б/е және 1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к/т тамшылатып, ал 1 мл-ден б/е – энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.

Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.

Простагландиндер тобының препараты: динопрост (энзапрост F, простагландин F), динопростон (простагландин Е, простин Е, препедил гель).

Простагландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылыдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндердің Е және F түрі миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті және қуаттандыру (кейде окситоцинмен біргі) үшін, сонымен қатар медициналық  көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында (13-25 апта аралығында) оны тоқтату үшін қолданылады.

Жанама әсері: жағынан лоқсу, құсу, іш өту, тахикардия, бронхспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал интравагинальды, экстрааминальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интрааминальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге ұқсас, срндай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, глаукомада және эпилепсияда қолдануға болмайды.

Динопрост – Dinoprost (Б): 0,001 және 0,005 құрғақ зат амп. Шығарылады, 5% 500 мл глюкоза немесе 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде ерітіп, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып енгізіледі.

Динопростон – Dinoprostonum (Б): 0,0005 таб шығарылып (1 таб. әр 1 сағат сайын) тек стационар жағдайында: 0,01% 5 мл еріт. амп шығарылып, 500 мл 0,9% натрий хлорид немесе 5% глюкоза еріт. бірге к/т тамшылатып енгізіледі; 0,04% және 0,08% 3 мл гель, 0,1% 2,5 мл еріт. (бір реттік инеде) – қынапқа 1 рет немесе әр 6 сағ сайын екеуден енгізіледі.

        1. Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер

(Утеротониялық  дәрілер)

Бұл препараттар миометрияның жиырылуын сергітетін заттар, ол кезде қан тамырлары қысылып, қан кету тоқтайды. Утеротониялық дәрілер босанғаннан кейінгі гипо және атониялық қан кетуді тоқтату үшін, босанғаннан кейінгі және түсіктен кейінгі жатырдың инволюциясын (қайтадан дамуы) тездету үшін, жатырдан гинекологиялық қан кетуде қолданылады. жүктілікте және босануда (жатыр бұлшық ет тонустық жиырылуы іштегі баланың тұншығуына алып келуі мүмкін) қолдануға болмайды.

Қара күйе алкалоидтары: эргометрин, метилэргометрин (метилэргобревин), эрготамин, эрготал.

Қара күйе – дәнді өсімдіктердегі паразитті саңырауқұлақ. Эрометирннің белсенділігі жоғары болып келеді. Эрготамин ми қан айналым жүйесіне әсер етіп, мигренде (ми қабықшаларының артерияларының пульсын төмендетеді) қолданылады. Қара күйе алкалоидтары ОЖЖ-не тыныштандырғыш әсер көрсетіп, климакстық неврозда, вегетативті дистонияда, неврогенде және т.б. бұзылыстарда қолданылады. «Белласпон» (эрготамин), «Беллоид» (эрготоксин) препараттарының құрамына кіреді.

Жанама әсері: көбінесе эрготаминде байқалады: лоқсу, құсу, іш өту, әлсіздік, бұлшық ет ауырсынулары. Эрготаминді стенокардияда, гипертониялық ауруларда атеросклерозда, тромбофлебитте, сепсисте, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.

Эргометрин малеаты -  Ergometrini maleas (Б): 0,0002 таб шығарылып, 1 таб тәулігіне 2-3 рет белігіленеді. 0,02% 0,5 және 1 мл амп, шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.

Метилжргометрин тартраты - Methylergometrini tartas (Б): 0,000125 таб, 0,025% 10 мл флаконда – 10-20 тамшыдан тәулігіне 3 рет; 0,02% 1 мл амп шығарылып, 40% 20 мл глюкоза еріт. б/е және к/т енгізіледі.

Синтетикалық препараттары: котарнин (стиптицин).

Котарнин – жатырдан қан кетуде қолданылады, қара күйе алкалоидтарына қарағанда әсері әлсіз. Котарнин хлориді - Cotarnini chloridum (Б): 0,05 таб, шығарылып 1 таб тәулігіне 3 рет белгіленеді.

Өсімдіктекті дәрілер («әлсіз» жатыр дәрілері): қалақай  жапырағының тұнбасы, жамыршақ (пастушья сумка) тұнбасы мен сығындысы, бұрыш таран (горец перечный) тұнбасы мен сығындысы, мыңжапырақ (тысячелистник) шөбінің тұнбасы мен сығындысы, бөріқарақат (барбарис) тұндырмасы, тоққұдыс (чистец) сығындысы, шәңгіш (калина) қабығының қайнатпасы, арника тұндырмасы – босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кетуде, жатырдың суинволюциясында және меноррагияда қолданылады. Жүктілікте қолдануға болмайды.

  1. Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.

(Токолитикалық  дәрілер)

Жүктілікті көтере алмаушылықта және мезгілінен бұрын босану қауіпінде (стационарда), босану кезінде операцияға дайындау алдында қолданылады.

β2- адреномиметиктер: фенотерол (партусистен), сальбутамол (сальбупарт), гексопреналин (гинипрал), ритодрин (пре-пар), тербуталин (бриканил).

β2-адренорецепторларды қуаттандыру нәтижесінде миометрияның тонусы мен жиырылуы қызметі төмендейді. β2-адреномиметиктер айрықша токолитикалық әсері бар бірден бір дәрілік заттар тобы болып табылады. Жақсы қабылданады және ұрық пен жаңа туған балаға кері әсер көрсетпейді. Күре тамырға енгізуден бастайды (минутына 10-20 тамшыдан баяу, тамшылатып), сонан соң бұлшық етке және пероральды енгізумен жалғастырады.

Жанама әсері: тахикардия, қолдың дірілдеуі, бұлшық ет әлсіздігі, АҚ-ң төмендеуі, терлеу, тынышсыздық және лоқсу байқалады. Жүрек ақауында, жүрек ырғағының бұзылысында, тиреотоксикозда және глаукомада қолдануға болмайды.

Партусистен – Partusisten (Б): 0,0005 құрғақ зат амп. шығарылып, 5% 500 мл глюкоза еріт. ерітіп к/т тамшылатып енгізіледі; 0,005 таб шығарылып, 1 таб әр 2-3 сағ. сайын (тәуліктік мөлшері 40 мг) белгіленеді.

Гестагенді гормондар: прогестерон, оксипрогестерон капронаты, аллилэстренол (туринал) – миометрияның қозуын төмендетеді, бірақ әсері тиімсіз.

Әртүрлі дәрілер: магний сульфаты (миометрияның жиырылғыш қабілетін тежейді), натрий оксибутираты ( күшті толғақты әлсіздендіру үшін қолданылады).

Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер

I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер

Эритропоэз – кемігінде (жілік майында) түзілетін эритроциттердің өнімі. Эритропоэз стимуляторлары қан аздықты (анемияны) емдеу үшін қолданылады.

1. Гипохромды (темір тапшылық) қаназдықта қолданылатын дәрілер (түс көрсеркіші 0,9 төмен).

Темірдің негізгі мөлшері оттегінің тасмалдауын қамтамасыз ететін, ағзадағы гемоглобиннің құрамында, ал қалған мөлшері ұлпалы депода (жілік майында, бауырда, көк бауырда) болады. Темір тапшылығында тек гемоглобиннің мөлшері ғана емес, тыныс алу ферменттерінің белсенділігі де төмендеп, ол оттегі тапшылығына алып келеді. Темірдің сіңірілу органикалық қышқылдардың (аскорбин, алма, фумар, лимон қышқылдары және т.б.) әсерінен аш ішекте өтеді. Темірдің сңірілуі кобальт, мыс, марганец, мырыш микроэлементтерінің әсерінен жақсарады.

Темір препараттарын теміртапшылық гипохромды анемияларда, яғни темір сңірілуі бұзылуында, созылмалы қан кетуде және жүктілік кезінде кеңінен қолданады.

Жанама әсері: ішке қабылдағанда темір ішекте күкірт сутегімен байланысып іш қатуда, АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш әсерінен құсу және лоқсу байқалуы мүмкін. Темір препараттары (таб, капс, драже түрінде шығарылады) ауыз қуысында құрамындағы сульфат сульфидке айналып тісте қара дақтың пайда болуын тудырады, сондықтан шайнамай қабылдаған дұрыс. Ал темір препараттарын парентеральды енгізгенде күре тамыр жолдарында ауырсынулар, флебит, бет және мойын терісінің гиперемиясы, тахикардия, тыныс алу бұзылуы, ауыз қуысында металл дәмінің келуі, лоқсу, құсу, арқа мен буынның ауырсынуы және аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Гемохроматозда, апластиялық және гемолитикалық анемияда, бауыр және бүйректің созылмалы ауруларында, созылмалы қабыну ауруларында және лейкозда қолдануға болмайды.

Темір препараттарының жіктелуі

Ішуге арналған препараттар

Парентеральды енгізуге арналған препараттар

Темір (II) сульфатының препараттары

а) Әсері ұзартылған:

Ферро-градумент

Гемофер пролонгатум

Тардиферон

 

б) Әсері қысқа

«Ферроплекс»

«Конферон»

«Сорбифер дурулес»

«Актиферрин»

Темір (II) фурмаранының препараттары

Хеферол

«Ранферон»

«Гемсинерал»

Темір (II) лактатының препараттары:

«Гемостимулин»

«Фитоферролактол»

Темір (II) хлоридінің препараттары:

Гемофер

Алоэның темірмен сиропы

Күре тамырға енгізуге арналған

Ферковен

Феррум-Лек

 

Бұлшық етке енгізуге арналған

Фербитол

Феррум-Лек


 

Ферро-градумент – Ferro-Gradument: 0,525 таб шығарылады, 1 таб. таңғы астан 1 сағ бұрын белгіленеді.

Tardyferon – Тардиферон: 0,257 драже, 1 дражеден тамақтан 1 сағ бұрын таңертең және кешке қабылдауға белгіленеді.

«Ферроплекс» - «Ferroplex»: 1-2 дражеден тәулігіне 3 рет тамақтан кейін белгіленеді.

«Сорбифер – дурулес» - «Sorbifer durules»: 1 дражеден тәулігіне 2 рет тамақтан 30 мин бұрын белгіленеді.

«Актиферрин» - «Actiferrin»: 1 капс тәулігіне 1-2 рет; сиропын (шәрбәт) – 1шай қасықтан тәулігіне 1-3 рет; тамшысыш – 40-50 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет белгіленеді.

Феррум-Лек - Ferrum Lek: 2 мл амп. шығарылып, б/е; 5 мл амп шығарылып, к/т енгізіледі.

Ферковен – Fercovenum: 5 мл амп. шығарылып, к/т енгізіледі. Темір мен кобальттың препараттары болып табылады.

«Гемостимулин» (құрамы: темір лактаты, мыс сульфаты, құрғақ тағамдық қан).

2. Гиперхромды қан аздықта қолданылатын дәрілер ( 1, 2 <)

 а) Пернициозды (қатерлі В12-тапшылық, мегалобласты, Адиссон – Бирмер анемиясы) анемия В12 витаминінің тасмалдануын қамтамасыз ететін асқазан сөліндегі Касла «ішкі факторы» болмауынан (гликопротеин) В12 витаминнің сіңірілу жетіспеушілігінен пайда болады. В12 витамині бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдерінде бар, ал өсімдік тағамдарында кездеспейді. Адамға тәулігіне 1-3 мкг қажет. Цианокобаламин эритроциттердің өндірілуін күшейтеді.

Пернициозды (қатерлі) анемияда бауыр және жүйке жүйесінің ауруларында қолданылады.

Жанама әсері: аллергиялық реакциялар, тахикардия, жүрек тұсының ауырсынуы, қан ұюының жоғарлауы және ОЖЖ-гі қозудың жоғарлауы байқалуы мүмкін. Жіті тромбоэмболияда, эритремияда және эритроцитозда қолдануға болмайды.

Цианокобаламин (витамин В12) – Cyanocobalaminum (Vit. B12): 0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05 1 мл ерітінді ампулада шығарылып, күн ара немесе күнде б/е, т/а, к/т енгізіледі. Мөлшерін науқастың жағдайына қарай белгілейді. Бір инеде В1 және В6 витаминдерін бірге енгізуге болмайды, себебі кобальт иондары оларды бұзып, витамин В12, витамин В1-ң аллергиялық реакцияларын күшейтеді.

б) Макроцитарлы (фолий тапшылық) анемия ағзада фолий қышқылының көп шығындалуында (мысалы, жүктілікте) байқалады, сонымен қатар кейбір препараттарды қабылдағанда (метотрексат, триметоприм, триамтерен) пайда болуы мүмкін. Вс витамин (фолий қышқылы) көкөніс жапырақтарының, бұршақ тұқымдастарының, түйе бұршақ (фасоль) құрамында кездеседі, ал сүт өнімдерінде, бауыр, бүйрек, жұмыртқада аз кездеседі. Ағзаға тәулігіне өте қажет. Оның жеткіліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кездеседі. Ағзаға тәулігіне 0,2 мг қажет. Фолий қышқылы эритроциттердің түзілуіне өте қажет. Оның жеткеліксіздігінде эритроциттердің ірі түрі түзіліп (макроцит), оның жалпы эритроциттердің саны бірден төмендеп кетеді.

Фолий қышқылы (Вс витамин): 0,001 таб шығарылып, ½ -1 таб. тәулігіне 1-2 рет белгіленеді. Фолий қышқылын цианокоболаминмен бірге белгіленеді.

Эпоэтин – альфа (эпрекс, эпоген) – адамның рекомьинантты эритропоэтині. Эритропоэтин бүйректің гликопептидті гормонның препараты. Қызыл қан түйіршіктерінің пролиферациясы (көбеюі) мен жетілуін күшейтеді. Бүйректің созылмалы ауруларымен, ревматоидты артритпен, қатерлі ісіктермен, ЖИТС-мен байланысты анемияларды, шала туған балалардың анемиясында қолданылады.

Информация о работе Жалпы рецептура