Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Кортикотропин – Corticotropinum (Б): 10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат – 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1 мл-ден тәулігіне 3-4 рет б/е; 0,9% NaCl еріт бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.
Соматотроин – Somatotropinum: 2-4 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 0,25% 2мл новокаин еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.
Өсу гормоны (СТГ) секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид (сандостатин) акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.
Октреотид – Octreotidum: 0,00005 және 0,0001 амп. т/а енгізіледі.
Гонадотропты гормондарының препараттары:
Менопаузалы гонадотропин - Gonadotrpinum menopausticum (Б): 75 ӘБ флаконда 1 мл 0,9% NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.
Хорионды гонадотропин - Conadotropinum chorionicun (Б): 500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. Лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп, сперматогенезді күшейтеді.
Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікті және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.
ФҚГ және ЛГ секрециясының ингибиторы даназол (данавол, данол) болып табылады. Акроиегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизді жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады.
Лактин – Lactinum: 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы) қолданылады.
Пролактин секрециясының ингибиторы бромокриптин (парлодел) мен лизурид (лизенил) болып табылады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен соматотропты гормонның және пролактиннің секрециясын азайтады. Акромегалияда, гастро-энтеропанкреатиндік жүйенің эндокриндік ісінулерінде, сүт безінің қатерсіз ісігінде, етеккірдің бұзылуында және бедеулікте қолданылады.
б) Гипофиздің ортаңғы бөлігінің препараттары
Интермедин – Intermedinum: 0,05 және 0,1 флаконда, 1-2 мл еріткіште ерітеді; көз тамшысы – 3 тамшыдан, 0,2-0,3 мл 3 күнде 1 рет көздің кілегей қабығының астына инъекциялау үшін белгіленеді. Көздің көру қабілетінің өткірлігін арттырып, қаарңғығы бейімделуін жақсартады. Көздің торлы қабығының дегенеративті өзгеруінде, гемералопияда, жоғарғы дәрежелі миопияда және т.б. қолданылады. Пигмент алмасуын реттейтін меланоформды гормонға сәйкес келеді.
в) Гипофиздің артқы бөлігінің препараттары
Окситоцин, питуитрин («Миометрияға әсер ететін дәрілер» тақырыбына қара) жатырдың бұлшық етін жиырады. Босанудың әлсіздігінде қолданылады.
Адиурекрин – Adiurecrinum (құғақ питуитрин) (Б): 5 мл флаконда (1 мл –де – 20 ӘБ бар) 2-3 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет қант диабетіне, энурезде, мұрын қуысына енгізу үшін белгіленеді. Гипертониялық ауруларда қолдануға болмайды. Себебі, құрамында ағзада сұйықтықты ұстап қалатын, АҚ жоғарлату қабілеті бар антидиуретикалық гормон вазопрессин бар.
2. Қалқанша
безі гормондарының
(антитиреоидты дәрілер)
Қалқанша безінің гипофункциясында кретинизм (балаларда ой-қимылының жеткіліксіздігі) және микседема (үлкен жастағы адамдарда семіздік, ісінулер, психикалық дамымаушылық) байқалады. Қалқанша безінің гормондары негізгі зат алмасуды реттеп, энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарлатады.
Тиреоидты препараттар гипотиреозда, микседема, эндемиялық зобта, семіруде, кретинизмде, қалқанша безінің ісігінде қолданылады.
Тиреоидин – Thyreoidinum (Б): 0,05; 0,1 және 0,2 таб шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 1-2 рет тәуліктің бірінші жартысында тамақтан соң ішуге белгіленеді.
L – тироксин - L – Thyroxin (Б): 0,0001 таб шығарылып, тәулігіне 1-2 таб белгіленеді.
Қиысьырылған препараттары: «Тиреором», «Тиреокомб», «Йодтирокс».
Жанама әсері: тахикардия, ден қызуының көтерілуі және терлеу байқалады. Тиреотоксикозда, қант диабетінде, Адиссон ауруында, едәуір азғындықта және коронарлы артенияның жеткліксіздігінің ауыр түрінде қолдануға болмайды.
Эндемиялық (ауыз су мен тамақ өнімдерінің құрамында йодтың жеткіліксіздігінен туған) зобта (жемсау) йод препараттарын қолданады. Олар: калий йодиді – 0,0001 таблетка; йодбаланс, йодомарин, «Антиструмин» және т.б.
Қалқанша безінің гиперфункциясында (гипертиреоз, Базедов ауруы) қалқанша безі гормонының синтезін төмендететін антитиреоидты дәрілер қолданады. Антитиреоидтар – гормондардың синтезін азайтып, тироксиннің, трийодтирониннің негіздік алмасуын төмендетеді. Қалқанша безінің препараттары фосфор мен кальций алмасуын реттеп, олардың қандағы құрамын жоғарылатады, фосфор мен кальцийдің қаннан сүйек ұлпаларына өтуін қамтамасыз етеді. Антитиреоидты дәрілер уытты шашыраңқы жемсауда қолданылады.
Мерказолол - Mercazolilum (Б): 0,005 таб, шығарылып 1-2 таб тәулігіне 1-4 рет тамақтан соң белгіленеді.
Пропиотиоурацил (пропицил) – Propiltiouracil (Б): 0,05 таб шығарылып, 2-6 таб тәулігіне 3-6 рет тамақтан соң белгіленеді.
Жанама әсері: лейкопения. Екі препарат та жүктілікте, емізулі әйелдерге және айқын лейкопенияда қолдануға болмайды. Сонымен қатар йод препараттары: молекулалары және родиактивті йод (йод 131), калий йодиді.
Кальцитонин (тиреокальцитонин) – сүйекке кальцийдің жинақталып қалуына жағдай жасап, гипокальцемиялық және гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.
Кальцитрин – Calcitrinum (Б): 10 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып, 1 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, остеопорозда, парадонтозда 0,25-0,5 мл-ден күнде б/е және т/а енгізіледі. Гипокальциемияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
Қалқансерік безінің гипофункциясында қандағы кальций құрамы төмендейді, үлкендерде тетания, ал балаларда спазмофилия (ес түсінен танумен жүретін қалтырау) байқалады. Жедел кезеңінде қалтырауға қарсы препараттар және куальцийдің препараттары тағайындалады.
Қалқансерік безінің гиперфункциясында қандағы кальций ионының құрамы жоғарылап, ал сүйектерде азаяды, ол остеопорозға (сүйек ұлпасының ыдырауы), сүйектің деформиясына және сынғыштыққа алып келеді. Ондай жағдайда кальцитонин қолданылады.
Паратиреоидин (паратгормон) тиреокальцитониннің антагонисті болып табылады. Кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.
Паратиреоидин (Б): 1 мл амп. шығарылып, 1-2 мл күнде немесе күара т/а, б/е, енгізіледі. Гиппокальцемияда, созылмалы гипопаратиреозда (тетанияны алдын алу үшін) қолданылады. қандағы кальцийдің құрамы көбеюінде қолдануға болмайды.
4. Ұйқы безі
гормондарының препараттары
арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
Инсулин ұйқы безінің β-жасушаларында өндіріліп, жасушадағы анаболикалық процесін күшейтеді, көмірсу алмасуын реттеп, глюкозаның жасуша ішіне тасымалдануын және олардың ұлпалармен сіңірілуін қамтамасыз етіп, гликогенезді, май қышқылдарының және ақуыздың синтезделуін күшейтеді. Инсулин гормонының жеткліксіздігінен қант диабетіне алып келеді.
Инсулин – Insulinum (Б): 5 және 10 мл флаконда (1 мл-де 40 немесе 80 ӘБ бар) – т/а, б/е, к/т енгізіледі. Міндетті түрде дәрігердің нұсқауымен мөлшерленеді. Гипогликемиялық әсер көрсетіп, қант диабетінде және гипергликемиялық комада қолданылады.
Әсері қысқа инсулиндер суда ериді, т/а, б/е, к/т енгізіледі. әсері 30 мин басталып 8 сағ созылады.
а) адам инсулиніне ұқсас инсулиндар (гендік инжинерия әдісімен алынған): актрапид НМ, актрапид ЧМ, инутрал ХМ, инсуман Рапид, хоморал – 40, хумулин Р Регуляр;
б) монокомпонентті (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид МС, актрапид МК, инсулрап СПП, инутрал СПП, илетин ІІ Регуляр;
в) жоғары дәрежеде тазартылған (шошқаның ұйқы безінен алынған): актрапид;
инсулиннің депр-препараттары т/а, кейде б/е енгізілетін суспензия болып табылады.
Әсері орташа инсулиндер (инсулиннің суспензиялары) - әсері 30 мин – 3 сағ басталып, 14-24 сағ созылады. Оларға: инсумен Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады.
Әсері ұзақ инсулиндер (кристалды цинк-инсулиннің суспензиясы) әсері 3-4 сағ басталып, 24-28сағ созылады. Оларға: ультратард НМ, ультрарард ЧМ, хумулин У ультраленте жатады.
Инсулиндердің жанама әсері: аллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады.
Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
35-40 жастан асқан науқастарда ІІ типтегі қанта диабетінде (инсулинге тәуелсіз) ауыз қуысы арқылы енгізілетін препараттар белгіленеді.
Сульфонилмочевина туындылары Ұйқы безі жасушаларындағы, эндогенді инсулиннің синтезін және босап шығуын күшейтеді.
Бутамид (орабет) – Butamidum (Б): 0,25 және 0,5 таб шығарылып, 1 таб тәулігінде 1-3 рет 1 сағ тамақтан алдын қабылдау қажет.
Глибенкламид - Glibenclamidum (манинил) (Б): 0,005 таб шығарылып, ½-1 таб, тәулігіне 1-2 рет аш қарынға және тамақтан 2 сағ соң белгіленеді.
Букарбон, толазамид, хлорпропамид, глипизид (глюренорм), гликлазид (диабетон, предиан).
Бигуанидтер ұйқы безінен тыс әсер етеді, яғни инсулинге тәуелсіз глюкозаның ұлпаларға сіңірілуін күшейтеді. Липолизді күшейтіп, АІЖ-да глюкозаның сіңірілуін азайтады.
Глибутид (адебит) - Gilbutidum (Б): 0,05 таб. тамақ үстінде қабылдау қажет.
Глиформин, фенформин, метформин (сиофор), акарбоза (глюкобай).
5.Бүйрек
үсті безінің қыртысының
Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және жыныс гормондары деп аталатын өмір сүруге маңызды 40-қа жуық гормондар өндіріледі.
Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар кортикостероидтарға жатады. Ағзада холестериннен немесе ацетилкоэнзинмен синтезделеді. Бұл процесс гипофиздің АКТГ-мен реттелініп отырады. Кортикостероидтар синтетикалық жолмен алынады.
Минералокортикоидтар (альдостерон) ағзадан натрий, хлор иондарының және судың жиналуы мен калий иондарының шығарылуын күшейтеді. Ұлпалардың гидрофильділігін арттырып, АҚ жоғарлатады, сонымен бірге қаңқа бұлшық еттерінің тонусы мен жұмысқа қабілеттілігін (сондықтан миастенияда, адинамияда қолданылады) жоғарлатады. Адиссон ауруында, гипокортицизмде, адинамияда, жалпы бұлшық ет әлсіздігінде және т.б. тағайындалады. Гипертониялық ауруда, ісінумен жүретін жүрек жеткіліксіздігінде, стенокардияда, атеросклерозда, нефритте, нефрозда және бауыр циррозында қолдануға болмайды. Дезоксикортикостерон ацетаты – Desoxyorticosteroni acetas (Б): 0,005 таблеткада шығарылып, күнде немесе күнара тіл астына; 0,5% 1 мл майлы ерітіндісін күнара 1-2 мл-ден б/е енгізіледі.
Глюкокортикоидтар зат алмасудың барлық түріне әсер етеді:
Глюкокортикоидтар қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін) сондай-ақ , шокқа қарсы және антитоксикалық әсері бар. Ревматизмде, ревматоидты артритте, радикулитте, коллагенозда, бронх демікпесінде, жіті панкреатитте, жіті лейкозда, экземада, геморройда, Адиссон ауруында, миастенияда, аллергиялық нейродермитте және басқа да тері ауруларында кеңінен қолданылады. глюкокортикоидтарды шокты емдеу (жарақаттан кейінгі, операциялық, қардиогенді және т.б.) және алдын алу үшін белгілейді. Мүшелер мен ұлпалардың трансплатациясында (ауыстырып қондыру) және де әртүрлі аутоиммундық ауруларда қолданылады.
Жанама әсері: кортикоидтарға тәуелділік, семіздік, гипокалиемия, бұлшық ет әлсіздігі, ісінулер, гипертензия, гипергликемия, остеопороз және сүйектің патологиялық сынықта, жүйке және психикалық бұзылыстар (ұйқысыздық, эйфория және т.б.), иммунитеттің төмендеуі, инфекцияларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, стероидты пепсиндік жара (ішек және өңеш жарасы) және т.б. байқалуы мүмкін. Гипертониялық ауруларда, қан айналымның жеткіліксіздігінде, жіті эндокардитте, психозда, асқазан мен ұлтабардың жараларында, нефритте, остеопорозда, операциядан кейінгі кезеңде, туберкулездің белсенді түрінде, қант диабетінде, жүктілікте және Ицентко-Кушинга ауруында қолдануға болмайды.