Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 12:02, лекция
Фармакологияның алдына қойған мақсаттары:
1. Белгілі дәрілік заттарды дұрыс, ағзаға қауыпсіз қолдана білу.
2. Жаңа дәрілік заттарды тауып, оларды дұрыс қолдану.
3. Дәрілік заттардың сапасын дұрыс тексеру.
4. Дәрілік өсімдіктерді дұрыс қолданып, фитотерапиялық анализ жасау.
5. Клиникалық фармакологияны дамыту. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін зерттеу.
6. Дәрілік заттардың уытты әсерлерін зерттеу, дозасын дұрыс тағайындау.
Гидрокоризон ацетаты – Hydrocortisoni acetas (Б): 2,5% 2 мл суспензия амп шығарылып 0,2-0,3-1 мл-ден аптасына 1 рет буын қуысына; 1-2 мл тәулігіне 1-2 рет б/е; 0,5% көз жағылма; 1% дерматологиялық жағылма. Гидрокортизон және кортизон табиғи глюкортикоидтарға жатады, ал қалғандары синтетикалық препараттар.
Преднизолон – Prednisolonum (Б): 0,001 және 0,005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3рет; 0,5% жағылма; 3% 1 мл еріт, амп 1-3 мл баяу, ал 250 мл 0,9% натрий хлорид еріт тамшылатып к/т енгізіледі.
Дексаметазон (дексазон) – Dexamethasonum (Б): 0,0005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде немесе тамақтан соң; 0,1% 10 мл флакондағы суспензия, көз және құлақ тамшылары түрінде тағайындалады.
Триамцинолон (полькортолон, кеналог) – Triamcinolonum (Б): 0,004 таб шығарылып ½-1 таб тәулігіне 1-4 рет белгіленеді.
Синафлан (флуоцинолон ацетониді) және флуметазон пивалаты – жоғары қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетін преднизолонның дифтортуындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.
Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лориеден С», «Локакортен», «Локакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон» және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» - сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет» (Кленил(, «Пульмикорт» (Бенакорт), «Ингакорт» (Флунизолид), «Серетид» - ингаляция үшін; суппозиторий түрінде «Ультропрокт».
6. Жыныстық гормондарының препараттары
Әйелдің жыныстық безінің препараттары
Экстрогенді препараттары әйелдің жыныстық безінің жетіспеушілігінде, бедеулікте, қынаптың шырышты қабатының атрофиясында, босану әлсіздігінде, мерзімінен асқан жүктілікте, климакста, сүт бездерінің ісігінде және т.б. қолданылады. Қатерлі және қатерсіз ісіктерде, эндометриозда және жатырдан қан кетуде бейімділікте қолдануға болмайды.
Эстрон – Oestronum (фолликулин); 0,1% 1 мл майлы ерітінді ампулада шығарылып, күнде 1 мл-ден б/е енгізіледі.
Эсирадиол дипропионаты – жоғарыдағыдай.
Эттинилэстрадиол (микрофоллин) – 0,00001 және 0,00005 таб.
Синэстрол – Synoestrolum (Б): 0,001 таб – 1-2таб тәулігіне 1-2 рет; 0,1% майлы ерітінді амп. шығарылып, тәулігіне 1-2 мл б/е-тек қуық асты безінің рагында белгіленеді.
Гестагенді препараттар жатырдың қозғыштығын және жиырылғыштығын азайтады, жатырдың шырышты қабатының пролиферация фазасынан секреторлы фазасына өтуін күшейтіп, сүт бездерінің жетілуін күшейтеді. Қан кетулерде, жүктіліктің соңына дейін сақтай алмауда (түсік), эндометриозда, бедеулікте (эстрогендермен бірге) және аменореяда қолданылады. Бауыр ауруларында, гепатитте, сүт бездерінің және жыныс мүшелерінің рагында және тромбозға бейімділікте қолдануға болмайды.
Гестагендерге: прогестерон, дюфастон (дидрогестерон) жатады.
Прогестерон (прожестожель, утрожестан) – Progesteronum (Б): 1%-2,5% 1 мл майлы еріт амп шығарылып, 1мл-ден б/е енгізіледі.
Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер
(Контрацептивтер)
а) қиыстырылған (гестаген+эстроген – етеккір циклілінің 5–ші және 1-ші күнінен бастап 21 күн бойы қабылдап, 7 күндік үзіліспен немесе 28 күн бойы, ди және үшфазалы болуы мүмкін): «Бисекрин», «Марвелон», «Ноновлон», «Овидон», «Ригевидон», «Тризистон», «Триквилар» және т.б.
б) моногормонды (құрамында гестагендері бар «мини-пили»-тәулігіне 1 рет 6-12 ай үзіліссіз): континуин, фемулен, оврет, лютеонорм, микронор.
в) посткоитты: постинор (норгестрел).
Тромбоэмболияға бейімділікте, қан айналудың бұзылуында, бауыр ауруларында, қатерлі және қатерсіз ісікте, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
Еркектің жыныс гормонының препараттары
(андрогенді препараттар)
Андрогендер еркектің жыныс бездерінің қызметі дамымаушылығында (импотенция), бедеулікте, евнухоидизмде, аналық бездің және сүт бездерінің ісігінде, климакста және жатырдан қан кетуде қолданылады. Қуық асты безінің рагында қолдануға болмайды. Анаболикалық әсері бар, яғни ақуыз синтезін, сүйекте кальций иондарының ұсталып қалуын күшейтеді.
Тестостерон пропионаты – Testosteroni propionas (Б): 1% және 5% 1 мл майлы еріт. амп шығарылып, тәулігіне 1 рет б/е, т/а енгізіледі.
Метилтестостерон – Methyltestosteronum (Б): 0,005 және 0,01 таб шығарылып, тәулігіне 1-2 таб тіл астына (толық сіңірілгенше) енгізіледі.
Андрогендер ақуыз синтезін күшейтуіне байланысты аноболитикалық белсенді болып табылады. Ақуыз бен ферменттердің синтезін қуаттандырып, тыныс алу процесін күшейтеді. Энергияның жиналуын және кальций иондары сүйекте жиналып қалуын қамтамасыз етеді. Эритропоэзді күшейтіп, ағзада фосфор мен азотты ұстап қалады. Анаболитикалық стериодтары дистрофияда, ауыр жарақаттардан кейін, операциядан кейін, күйіктен кейін, ауыр инфекциядан кейін, остеопорозда, сүйек сынығында, ойық жара ауруларында, миокарда дистрофиясында, панкреатитте, созылмалы гепатитте және т.б. белгіленеді. Қуық асты безінің рагында, жіті және лактацияда қолдануға болмайды.
Метандростенолон (неробол) – Metandrostenolonum (Б): 0,005 таб шығарылып, 1-2 таб тәулігіне 1-2 рет белгіленеді.
Феноболин – Phenobolinum (Б): 1% және 2,5% майлы еріт. амп шығарылып, 1 мл-ден к/т әр 7-10 тәулік сайын белгіленеді.
Ретаболил, силаболил, метандростендиол және т.б.
8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
Витаминдер зат алмасу процесіне қажетті ағзаға түсетін заттар. Витаминдер метаболизм реттеуіне қатысу арқылы биохимиялық және физиологиялық процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Витаминдерді кеңінен авитаминоз және гиповитаминозды емдеу үшін ағзаға сыртқы факторлар әсер еткенде, ішкі мүшелердің қызметін, физикалық және психикалық жұмыс қабілетін жақсарту мақсатында кеңінен қолданылады.
Суда еритін витаминдер
Тиамин бромиді - Thiamini bromidum: 3% және 6% еріт. амп шығарылып 1 мл тәулігіне 1 рет б/е енгізіледі. В1 дәнде дақылдарды, ашытқының, бауырдың, бүйректің құрамында кездеседі. Көмірсу алмасуына қатысатын ағзада кокарбоксилазаға айналады. В1 витамині ацетилхолиннің синтезі үшін қажет. Гиповитаминозда: бұлшық ет әлсіздігі, полиневриттер, сезімталдықтың бұзылуы, ал ауыр жағдайларда бери-бери (парез, салдану, жүрек жеткліксіздігі, ісінулер, диспепсия) байқалады.
Невритте, невралгияда, радикулитте, АІЖ-ң жүрек қан тамыр жүйесі және тері ауруларында қолданылады.
Жанама әсері: аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін.
Кокарбоксилаза гидрохлориді – Cocarboxylasi hydrochloridum: 0,05 құрғақ зат амп. шығарылып, 2 мл еріткіште ерітіп, 2-4 мл-ден тәулігіне 1 рет бұлшық етке, кей жағдайларда тері астына, күре тамырға енгізіледі.
Рибофлавин – Riboflavinum (Vit B2) 0,005 және 0,01 таб; 0,001% еріт. көз тамшысы түрінде шығарылады. В2 бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүт өнімдері, ашытқа және дәнді дақылдардың құрамында кездеседі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысады. Жеткіліксіздігінде ангулярлы хейлит (ерін шырышты қабатының қабынуы) глоссит, мұрын терісінің және құлақ қалқанының зақымдалуы, васкулярлы кератит, ал балаларда анемия және дене салмағының төмендеуі байқалады. Кератитте, коньюктивитте, иритте, терінің жұқпалы ауруларында және сәуле ауруында қолданылады.
Никотин қышқылы – Acidum nicotinicum (Vit PP, B3)(Б): 0,05 таб; 1% 1 мл еріт. амп шығарылып, к/т енгізіледі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысып ағзада никотин қышқылының амидіне айналады. Тамақтың құр