Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

 

42)Айналымдағы заттардығы кепілі және ломбартқа өткізу ерекшеліктері. 327-бап. Айналымдағы тауарларды кепiлге салу

1. Тауарлардың  жалпы құны кепiл туралы шартта  көрсетiлгенiнен кем болмайтын  жағдайда оларды кепiл берушiде  қалдыру және кепiл берушiге  кепiлге салынған мүлiктiң (тауар  қоры, шикiзат, материалдар, жартылай  фабрикаттар, дайын өнiмдер және  т.б.) құрамы мен нақты түрiн  өзгерту құқығын бере отырып, оларды кепiлге салу айналымдағы  тауарларды кепiлге салу деп  танылады.

Айналымдағы кепiлге салынған тауарлар құнының кемуi, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалған бөлiгiне сәйкес болуына жол берiледi.

2. Кепiл берушi иелiктен айырған айналымдағы  тауарлар оларды алушының меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе  оралымды басқаруына көшкен кезден  бастап кепiлге салынған нәрсе  болудан қалады, ал кепiл берушi сатып алған, кепiл туралы шартта  аталған тауарлар оларға кепiл  берушiнiң меншiк немесе шаруашылық  жүргiзу құқығы пайда болған  кезден бастап кепiлге салынған  нәрсеге айналады.

3. Айналымдағы  тауарларды кепiлге берушi кепiлдердi жазу кiтабын жүргiзуге мiндеттi, оған тауарларды кепiлге салу  шарттары туралы, кепiлге салынған  тауарлар құрамының немесе нақты  түрiнiң операция жүргiзiлетiн соңғы  күнде өзгеруiне әкелiп соқтыратын, соның iшiнде оларды ұқсатуды қамтитын  барлық операциялар туралы жазбалар  жасалады.

4. Кепiл берушi айналымдағы тауарларды кепiлге  салу шарттарын бұзған жағдайда  кепiл ұстаушы кепiлге салынған  тауарларға өзiнiң белгiлерi мен  мөрiн қою арқылы шарттың бұзылуы  жойылғанға дейiн олармен операциялар  жасауды тоқтата тұруға құқылы.  

328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу

1. Қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:

1) жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;

2) құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады.

Ломбардтар инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.

3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.

4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.

5. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:

1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;

3) операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;

4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

5) кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;

6) өзге де талаптар қамтылуға тиіс.

Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс.

6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.  

 

43)Кепілдік және кепіл болушылық негізі, нысаны және жауапкершілік ерекшеліктері. 329-бап. Кепiлдiк

1. Кепiлдiк  бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде  көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие  берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң  орындалуына толық немесе борышқормен  ортақтасып iшiнара жауап беруге  мiндеттенедi.

2. Бiрлесiп  кепiлдiк берген адамдар, егер  кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып  жауап бередi.

3. Кепiлдiк  шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы  мүмкiн. 

330-бап. Кепiл болушылық

Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.

331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi мен нысаны

1. Кепiл болушылық  немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде  кепiлдiк және кепiл болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн.

2. Кепiлдiк  немесе кепiл болушылық шарттары  жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау  кепiлдiк немесе кепiл болушылық  шартының жарамсыз болуына әкелiп  соқтырады.

3. Егер кепiлдiк  берушi немесе кепiл болушы борышқордың  мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне  алатынын несие берушiге жазбаша  түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл  болушының ұсыныстарынан бұл  үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе  кепiл болушылық шарттарының жазбаша  нысаны сақталған деп есептеледi.

4. Екінші деңгейдегі банктер банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беруді уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Кодекске сәйкес және уәкілетті органның аталған операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ескере отырып жүзеге асыра алады.

Екінші деңгейдегі банктердің осы Кодекстің нормаларын сақтамай және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескермей берген банк кепілдіктері мен кепілгерліктері олардың жарамсыз болуына әкеп соғады.  

332-бап. Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының жауапкершiлiгi

1. Кепiлдiк  және кепiл болушылық, егер шартта  өзгеше белгiленбесе, тек заңды  талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күнi бұрын белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды  бiлмесе, жауапкершiлiктен босатылмайды.

2. Кепiлдiк  берушi несие берушi алдында, егер  кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты  өндiрiп алу жөнiндегi сот шығындарын  және борышқордың мiндеттеменi орындамауы  немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан  туындаған несие берушiнiң басқа  да зияндарын төлеуде тап сондай  көлемде жауап бередi.

3. Кепiл болушы  несие берушi алдында, егер кепiл  болушылық шарттарында өзгеше  көзделмесе, кепiл болушылықта көрсетiлген  сома шегiнде жауапты болады. Қосалқы  жауапкершiлiктi мойнына алған кепiл  болушыға талаптар қойылғанға  дейiн несие берушi бұл талапты  борышқор қанағаттандыратындай, атап  айтқанда, қарсы талапты есепке  алу және белгiленген тәртiп  бойынша борышқордың мүлкiнен  ақы өндiрiп алу арқылы ақылға  қонымды шаралар қолдануға тиiс.

Міндеттемеде тараптардың ауысуы. 339-бап. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысу негiздерi мен тәртiбi

1. Мiндеттеме  негiзiнде несие берушiге тиесiлi құқықтың (талап етудiң) ол мәмiле (талап етудi беру) бойынша басқа  адамға берiлуi; немесе ол құқық  заң құжатының негiзiнде басқа  адамға ауыстыруы мүмкiн.

Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы жөнiндегi ережелер регрестi талаптарға қолданылмайды.

2. Несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы  үшiн, егер заң құжаттарында немесе  шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың  келiсiмi талап етiлмейдi.

3. Егер несие  берушi құқықтарының басқа адамға  ауысқаны жөнiнде борышқорға жазбаша  түрде хабарланбаса, жаңа несие  берушi осыдан туындайтын өзiне  қолайсыз салдарға тәуекел етедi. Бұл жағдайда бастапқы несие  берушiге мiндеттеменi орындағаны  тиiстi несие берушiге орындағаны  болып табылады.

4. Мiндеттеменiң  жекелеген түрлерi бойынша талап  ету құқығын берудiң ерекшелiктерi заң актiлерiнде белгiленуi мүмкiн.

 

Талап құқығының және міндеттеменің ауысуы ерекшеліктері.

 Азаматтық құқықтық жауапкершілік  ұғымы және түрлері. Азаматтық  құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық  жауапкершілік  қолданылады.  Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына  келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік  заңға және шартқа  сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы  жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың  құқығын қорғау  жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану  үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың  әртүрлі пікірі қалыптасқан.

Азаматтық құқық  жауапкершілікті  қолдану арқылы  әділетке жету үшін  барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында  түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.

Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем  мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік  функциясы  айырықша мәнге ие.

Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді  зерттеумен  айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік   немесе   шешім  қабылдауға  жағдай  тудырған  болса, жауапкершілік  те арта түседі.  Еркіндік   шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.

Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.

 

44)міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілік. 350-бап. Мiндеттеменiң бұзылуынан туындаған залалдардың орнын толтыру

1. Мiндеттеменi бұзған борышқор несие берушiге  оның бұзылуынан туындаған залалдың  орнын толтырып беруге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабының 4-тармағы). Айып төлеумен қамтамасыз етiлген мiндеттемедегi залалдың орнын толтыру осы Кодекстiң 351-бабында көзделген ережелермен белгiленедi.

2. Мiндеттеменiң  бұзылуынан туындаған залалдың  орнын толтырудан борышқорды  босату жөнiндегi тараптардың мiндеттеме  бұзылғанға дейiн қабылдаған келiсiмi жарамсыз болады, алайда тараптар  өзара келiсiм бойынша мүлiктегi нақты келтiрiлген зиянды ғана  өндiрiп алуды көздеуi мүмкiн.

3. Егер заңдарда  немесе шартта өзгеше көзделмесе, залалды анықтаған кезде, мiндеттеме  орындалуға тиiстi жерде, борышқор  несие берушiнiң талабын өз  ықтиярымен қанағаттандырған күнi, ал егер талап ерiктi түрде қанағаттандырылмаса, талап арыз берiлген күнi қолданылған  баға назарға алынады. Мән-жай  негiзге ала отырып, сот шешiм  шығарған күнi не нақты төлем  төленген күнi қолданылған бағаны  назарға ала келiп, залалдың орнын  толтыру туралы талапты қанағаттандыра  алады.

4. Айырылып  қалған пайданың мөлшерiн анықтаған  кезде оны алу үшiн несие  берушi алдын ала қолданған шаралар  және осы мақсатта жасалған  дайындықтар ескерiледi.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі