Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.

2. Кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, пәтерлер, жер учаскелерiне  және басқа қозғалмайтын мүлiкке  құқықтар (ипотека) кепiлi қозғалмайтын  мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан  Республикасы Заңымен реттеледi. Ипотека туралы Қазақстан Республикасының  Заңында өзгеше ережелер белгiленбеген  реттерде ипотекаға осы Кодекстегi кепiл туралы жалпы ережелер  қолданылады.

3. Мемлекеттік  тіркеуге жататын әуе және  теңіз кемелерінің, ішкі суда  жүзетін кемелердің, "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің кепілі (кемелер  ипотекасы) Қазақстан Республикасының  арнайы заң актілерімен реттеледі. Осы Кодекстегі кепіл туралы  жалпы ережелер Қазақстан Республикасының  арнайы заң актілерінде өзге  ережелер көзделмеген жағдайда  кемелер ипотекасына қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар жасалып жатқан теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзетін кемелерге, "өзен-теңізде" жүзетін кемелерге де қолданылады.

312-бап. Кепiлге салынған мүлiктi күтiп ұстау мен сақтау

1. Кепiл берушi немесе кепiл ұстаушы кепiлге  салынған мүлiк олардың қайсысында  екенiне қарай, егер заң құжаттарында  немесе шартта өзгеше көзделмесе:

1) кепiлге  салынған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз  ету үшiн, соның iшiнде оған үшiншi жақтар тарапынан қол сұғылып, талаптар қойылуынан қорғау үшiн  қажеттi шаралар қолдануға;

2) кепiлге  салынған мүлiктiң жоғалу немесе  бүлiну қаупiнiң пайда болуы  туралы екiншi тарапқа дереу хабарлауға  мiндеттi.

2. Кепiл ұстаушы  және кепiл берушi басқа тарапта  тұрған кепiлге салынған мүлiктi құжаттар бойынша және оның iс  жүзiнде бар екендiгiн, көлемiн, жай-күйiн  және сақталу жағдайын тексеруге  құқылы.

3. Кепiлге  салынған мүлiктiң жоғалу немесе  бүлiну қаупi туып, кепiл ұстаушы  осы баптың 1-тармағында көрсетiлген  мiндеттердi өрескел бұзған жағдайда  кепiл берушi кепiлдiң мерзiмiнен  бұрын тоқтатылуын талап етуге  құқылы.

 

40)Кепіл және оның түрлері. 299-бап. Кепiл ұғымы

1. Мiндеттемеге  сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз  етiлген мiндеттеменi орындамаған  ретте кепiлге салынған мүлiк  құнынан осы Кодексте белгiленген  алып тасталатындарды қоспай, осы  мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында  артықшылықпен қанағаттандырылуға  құқығы бар мiндеттеменi атқаруының  осындай әдiсi кепiл деп танылады.

Кепiл ұстаушының кепiлге салынған мүлiк, кiмнiң пайдасына сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.

 303-бап. Кепiл түрлерi

1. Ипотека - кепiлге  салынған мүлiк кепiл салушының  немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде  және пайдалануында қалатын кепiл  түрi.

Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.

Бөлiнетiн жемiстер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың құқықтарының объектiсi болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда тiркелуге тиiс.

2. Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл  берушi кепiл ұстаушының иелiгiне  беретiн кепiл түрi.

Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде қалдырылуы мүмкiн.

3. Құқықтарды  кепiлге салу кезiнде иелiктен  айырылуы мүмкiн мүлiктiк құқықтар, атап айтқанда, кәсiпорындарды, құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды жалға беру  құқықтары, шаруашылық серiктестiк  мүлкiндегi үлеске құқық, борыштық  талап қою, авторлық, өнертапқыштық  және өзге де мүлiктiк құқықтар  кепiл мәнi болып табылады.

Жер учаскесiне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепiлге беруге, жер және өзге табиғи ресурстық заңдарда белгiленген шектер мен ережелер бойынша жол берiледi.

Мерзiмдi құқық оның әрекет жасау мерзiмi бiткенге дейiн ғана кепiл мәнi бола алады.

Кепiл құқығының борышқоры кепiл туралы хабардар болуға тиiс.

Егер кепiлге салынатын құқық құжатпен расталатын болса, кепiл шарты құқық белгiлеушi құжатты беру арқылы ресiмделуi мүмкiн.

4. Бағалы қағаздар кепiлi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Егер кепіл туралы шартта өзгеше көзделмесе, кепіл нысанасы болып табылатын ақша банкке орналастырылады.

Осы ақша үшін алынатын сыйақы (мүдде) кепіл ұстаушыға тиесілі болады.

Ақша кепіл ұстаушыға немесе өзге тұлға кепіл ақшаны пайдалану мүмкіндігін шектейтін шарттарды сақтаған кезде (банк сейфіне, сейфтің ұяшығына, сақтауға арналған жеке үй-жайда сақтауға беру) осы тұлғаға берілуі мүмкін. Осындай тұлғаның кепіл ақшаны пайдалану жөніндегі шектеулерді орындамауы оның ақша берілген кезден бастап негізсіз байығаны үшін жауаптылығына негіз болып табылады.

Кепілге беру келісім шарты. 307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны

1. Кепiл туралы  шартта кепiлдiң мәнi мен оны  бағалау құны, кепiлмен қамтамасыз  етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi мен орындалу мерзiмi көрсетiлуге  тиiс. Онда кепiлге салынған мүлiк  қай тарапта екендiгi және оны  пайдалануға болатындығы көрсетiлуге  тиiс.

2. Кепiл туралы  шарт жазбаша түрде жасалуға  тиiс.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы  ережелердi сақтамау кепiл туралы  шарттың жарамсыз болуына әкелiп  соқтырады. Кепілді тіркеу, оның мазмұны және сақталуы. 305-бап. Кепiл берушi

1. Борышқордың  өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн.

2. Егер заң  құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттың меншiк иесi не меншiк  иесiнiң келiсiмiмен оған шаруашылық  жүргiзу құқығы бар адам заттың  кепiл берушiсi бола алады.

3. Кепiлге  салынатын құқыққа ие адам  құқықты кепiлге берушi бола алады.

Жалға беру құқығын немесе бөтен адамның затына өзге құқықты оны меншiктенушiнiң немесе оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар жақтың келiсiмiнсiз, егер заң құжаттарында немесе шартта аталған жақтардың келiсiмiнсiз бұл құқықты иелiктен айыруға тыйым салынған болса, кепiлге салуға жол берiлмейдi. 307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны

1. Кепiл туралы  шартта кепiлдiң мәнi мен оны  бағалау құны, кепiлмен қамтамасыз  етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi мен орындалу мерзiмi көрсетiлуге  тиiс. Онда кепiлге салынған мүлiк  қай тарапта екендiгi және оны  пайдалануға болатындығы көрсетiлуге  тиiс.

2. Кепiл туралы  шарт жазбаша түрде жасалуға  тиiс.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелердi сақтамау кепiл туралы шарттың  жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.

 

 

 

 

 

41)Кепіл пәнін иелену және билік ету ерекшелігі. 315-бап. Кепiлге салынған нәрсенi пайдалану және оған билiк ету

1. Егер шартта  өзгеше көзделмесе және кепiл  мәнiнен өзгеше туындамаса, кепiл  берушi кепiл нысанасын оның мақсатына  сәйкес пайдалануға, соның iшiнде  одан жемiстер мен табыстар  табуға құқылы.

2. Егер заң  құжаттарында немесе шартта өзгеше  көзделмесе және кепiл мәнiнен  туындамаса, кепiл берушi кепiл ұстаушының  келiсiмiмен кепiлге салынған нәрсенi меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе  оралымды басқару иелiгiнен айыруға, оны басқа жаққа жалға немесе  тегiн пайдалануға беруге не  өзге түрде оған билiк етуге  құқылы.

Кепiл берушiнiң кепiлге салынған мүлiктi өсиет етiп қалдыру құқығын шектейтiн келiсiмi жарамсыз болады.

3. Кепiл ұстаушы  өзiне кепiлге берiлген нәрсенi шартта көзделген реттерде ғана  кепiл берушiге оны пайдалану  туралы үнемi есеп бере отырып  пайдалануға құқылы. Шарт бойынша  кепiл ұстаушыға кепiлге салынған  нәрсенiң негiзгi мiндеттеменi өтеу  мақсаттарында немесе кепiл берушiнiң  мүдделерi үшiн жемiстер мен табыстар  табу мiндетi жүктелуi мүмкiн.

 Кепілдегі  затты сату. 319-бап. Кепiлге салынған мүлiктi сату

1. Осы Кодекстiң 20-бабына сәйкес кепiлге салынған ақы өндiрiлiп алынған мүлiктi өткiзу (сату), егер заң құжаттарында өзгеше тәртiп белгiленбесе, iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жария саудаға салып сату арқылы жүргiзiледi.

1-1. Ақшаны және ақшалай міндеттеме бойынша құқықтарды (талаптарды) кепілге беру кезінде - кепілге қойылған осы мүлікті өткізу кепіл нысанасы болып табылатын немесе ақшалай міндеттеме бойынша кепілге қойылған құқықтар (талаптар) бойынша тиесілі ақшаны кепіл ұстаушыға беру жолымен, ал кепіл нысанасына өндіріп алу қолданылған кезде ақшаны беру мүмкін болмаған жағдайда кепіл берушінің кепіл нысанасына құқықтарын кепіл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүргізіледі.

Егер кепіл нысанасы болып табылатын ақша сомасы кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерінен асып кетсе, айырма кепіл берушіге қайтарылады. Кепіл ұстаушының талаптарын өтеу үшін ақша сомасы жетпеген жағдайда, заңнамалық актілерде немесе шартта өзгеше нұсқау болмаған ретте, ол кепілде негізделген артықшылықтарды пайдаланбай, жетпеген соманы борышкердің басқадай мүлкінен алуға құқылы.

2. Кепiлге  салынған мүлiктi соттан тыс мәжбүр  ету тәртiбiмен сату ерекшелiктерi осы Кодекспен және қозғалмайтын  мүлiк ипотекасы туралы Заңмен  белгiленедi. Ипотеканы iске асыру  үшiн қозғалмайтын мүлiк ипотекасы  туралы Заңмен белгiленген ережелер  мен рәсiмдер. егер осы Кодексте  өзгеше көзделмесе, кепiлдiң басқа  түрлерiн орындау кезiнде мүлiктi сату үшiн қолданылады.

3. Кепiл берушiнiң  өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған  мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы  шешiмiнде оның жария саудаға  салынып сатылуын бiр жылға  дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға  құқылы. Кейiнге қалдыру осы мүлiктi кепiлге салу арқылы қамтамасыз  етiлген мiндеттеме бойынша тараптардың  құқықтары мен мiндеттерiне әсер  етпейдi және борышқордың кейiнге  қалдырылған уақыт iшiнде несие  берушiнiң өскен шығындары мен  айып төлеу сомасын өтеуден  босатпайды.

4. Кепiл берушi мен кепiл ұстаушыны қоса алғанда, кез келген заңды тұлғалар  мен азаматтар саудаға қатысуға  құқылы.

Сауда басталардың алдында сот немесе сенiм бiлдiрiлген жақ (осы Кодекстiң 320-бабы) саудаға қатысушының әрқайсысынан кепiлдiк жарна төлеудi талап етуге құқылы. Кепiлдiк жарналар сауда аяқталғаннан кейiн қайтарылып берiлуге тиiс. Саудада ұтып шыққан қатысушының кепiлдiк жарнасы түпкiлiктi бағаның есебiне есептеледi. Саудада ұтып шыққан, бiрақ түпкiлiктi бағаны төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы қайтарылмайды және соттың немесе сенiм бiлдiрiлген жақтың билiгiнде қалады.

5. Қатысқан  сатып алушы екеуден аз болуы  себептi сауда жасалмайтыны жарияланған  жағдайда кепiл ұстаушы кепiлге  салынған мүлiктi сот шешiмiмен  немесе мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға лицензиясы  бар жеке және заңды тұлғалардың  қорытындысы негiзiнде сенiм бiлдiрiлген  жақ белгiлеген оның ағымдағы  бағалау құны бойынша өз меншiгiне  аударуға, не жаңадан сауда белгiлеудi талап етуге құқылы.

6. Егер кепiлге  салынған мүлiктi өткiзу кезiнде  түскен сома кепiл ұстаушының  талаптарын өтеуге жеткiлiксiз  болса, ол заң құжаттарында немесе  шартта өзгеше нұсқаулар болмаған  жағдайда жеткiлiксiз соманы борышқордың  басқа мүлкiнен кепiлге негiзделген  артықшылықты пайдаланбай-ақ алуға  құқылы.

Егер кепiлге салынған мүлiктi сату кезiнде түскен сома кепiл ұстаушының кепiлмен қамтамасыз етiлген талабы мөлшерiнен асып кетсе, айырмасы кепiл берушiге қайтарылады.

7. Борышқор  мен үшiншi жақ болып табылатын  кепiл берушi (зат берушi) кепiлге  салынған нәрсе сатылғанға дейiнгi кез келген уақытта одан ақы  өндiрiп алуды және оны сатуды  кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi немесе оның орындалу мерзiмi өтiп  кеткен бөлiгiн орындап, тоқтатуға  құқылы. Бұл құқықты шектейтiн  келiсiм жарамсыз болады.

Кепілдің тоқтауы. 322-бап. Кепiлдi тоқтату

1. Кепiл:

1) кепiлмен  қамтамасыз етiлген мiндеттемелер  тоқтатылғанда;

2) осы Кодекстiң 312-бабының 3-тармағында көзделген негiздер болған кезде кепiл берушiнiң талабы бойынша;

3) егер кепiл  берушi осы Кодекстiң 314-бабының 2-тармағында көзделген құқықты пайдаланбаса, кепiлге салынған зат құрыған немесе кепiлге салынған құқық тоқтатылған ретте;

4) кепiлге  салынған мүлiктi жария саудаға  салып сатқан ретте, сондай-ақ  оны сату мүмкiн болмаған ретте (осы Кодекстiң 319-бабы) тоқтатылады.

2. Кепiлдiң  тоқтатылғаны туралы кепiл туралы  шарт тiркелген реестрде белгi соғылуға тиiс.

3. Кепiлмен  қамтамасыз етiлген мiндеттемелердiң  орындалуы салдарынан не кепiл  берушiнiң талабы бойынша кепiл  тоқтатылған кезде (осы Кодекстiң 312-бабының 3-тармағы) кепiл ұстаушы өзiнде кепiлде болған мүлiктi кепiл берушiге дереу қайтаруға мiндеттi. 

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі