Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

2. Егер осы  баптың бiрiншi тармағындағы ережелермен  шарт мазмұнын анықтау мүмкiн  болмаса, шарт мақсатын ескере  отырып тараптардың шын мәнiндегi ортақ еркi анықталуға тиiс. Бұл  орайда шарт жасасу алдындағы  келiссөздер мен хат жазысуды, тараптардың өзара қатынастарында  орныққан тәжiрибенi, iскерлiк қызмет  өрiсiндегi әдеттегi құқықтарды, талаптардың  бұдан кейiнгi мiнез-құлқын қоса  алғанда, тиiстi мән-жайлардың бәрi ескерiледi.

 380-бап. Шарт еркiндiгi 

1. Азаматтар  және заңды тұлғалар шарт жасасуға  ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында  немесе өз еркiмен қабылдаған  мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге  жол берiлмейдi.

2. Тараптар  заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса  алады. 

381-бап. Аралас шарт

Тараптар заңдарда көзделген түрлi шарттардың элементтерi бар шарт жасаса алады (аралас шарт). Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келiсiмiнен немесе аралас шарттың мәнiнен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтерi бар шарттар туралы заңдардың тиiстi бөлiктерi қолданылады.  

382-бап. Шарт жағдайларын анықтау

1. Тиiстi шарттың  мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан  басқасында, шарт ережелерi тараптардың  өз қалауы бойынша белгiленедi.

Шарттың ережесi заңдарға сәйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.

2. Егер шарттың  ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк  қалып белгiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында  қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтармен белгiленедi. 

383-бап. Шарт және заңдар

1. Шарт тараптар  үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып  жүрген заңдармен белгiленген  мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сәйкес келуге тиiс.

2. Егер шарт  жасалғаннан кейiн шарт жасалған  кезде қолданылып жүрген ережелерден  өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер  заңдармен белгiленген болса, жасалған  шарттың ережелерi оның күнi бұрын  жасалған шарттардан туындайтын  қатынастарға да қолданылады  деп заңдармен белгiлегендегiден  басқа жағдайларда, өз күшiн сақтайды.  

384-бап. Ақылы және ақысыз шарт

1. Шарт бойынша  тарап өз мiндеттемелерiн орындағаны  үшiн ақы алуы немесе бiр-бiрiне  бiр нәрсе беруi керек болса, бұл  ақылы шарт болып табылады.

2. Бiр тарап  екiншi тарапқа одан ақы алмай  немесе ешнәрсе бермей бiр нәрсенi ұсынуды мiндетiне алған шарт  ақысыз шарт болып табылады.

3. Егер заңдардан, шарттың мазмұнынан немесе мәнiнен  өзгеше туындамаса, шарт ақылы  болуы мүмкiн. 

385-бап. Баға

1. Шарттың  орындалуы тараптардың келiсiмiмен  белгiленген баға бойынша төленедi.

Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.

2. Шарт жасалғаннан  кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер  мен жағдайларда немесе заң  құжаттарында белгiленген тәртiп  бойынша жол берiледi.

3. Ақылы шартта  баға көзделмеген және шарт  ережелерiн негiзге ала отырып  оны анықтау мүмкiн болмаған  реттерде шартты орындау шарт  жасасу кезiнде осыған ұқсас  жағдайларда әдетте осы сияқты  тауарлар, жұмыс немесе қызмет  үшiн алынатын баға бойынша  жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.  

387-бап. Жария шарт

1. Коммерциялық  ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң  сипатына қарай оған өтiнiшпен  келетiн әркiмге қатысты жүзеге  асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды  атқару немесе қызмет көрсету  жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн  шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын  көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн  көрсету, энергиямен қамтамасыз  ету, медицина, мейманхана қызметiн  көрсету және т.б.).

Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.

2. Тұтынушылардың  кейбiр категорияларына жеңiлдiк  беру заңдармен жол берiлетiн  жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ  жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей  болып белгiленедi.

3. Тұтынушыға  тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну  мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық  ұйымның жария шарт жасасудан  бас тартуына жол берiлмейдi.

Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.

4. Заң құжаттарында  көзделген жағдайларда Қазақстан  Республикасының Үкiметi жария шарттарды  жасау және орындау кезiнде  тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы  мүмкiн.

5. Жария шарттың  осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады. 

389-бап. Қосылу шарты

1. Ережелерiн  тараптардың бiреуi формулярларда  немесе өзге стандартты нысандарда  белгiлеген және басқа тарап  оны ұсынылған шартқа тұтастай  қосылу жолы деп қабылдай алатын  шарт қосылу шарты деп танылады.

2. Егер қосылу  шарты заңдарға қайшы келмегенiмен, бұл тарапты осындай шарттар  бойынша берiлетiн құқықтардан  айыратын болса немесе мiндеттеменi бұзғаны үшiн басқа тараптың  жауапкершiлiгiн жоятын немесе  шектейтiн болса не қосылған  тарап үшiн онда анық қиындық  келтiретiн, шарттың талаптарын белгiлеуге  қатысатын мүмкiндiгi болып тұрғанда  өзiнiң ақылға қонымды түсiнiлетiн  мүдделерiн негiзге ала отырып  қабылдамай-ақ қоятын талаптары  болса, шартқа қосылған тарап  шартты бұзуды талап етуге  құқылы.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар  болған кезде, өзiнiң кәсiпкерлiк  қызметiн жүзеге асыруына байланысты  шартқа қосылған тараптың шартты  бұзу туралы қойған талабы, егер  қосылған тарап шарттың қандай  жағдайларда жасалғанын бiлсе  немесе бiлуге тиiс болса, қанағаттандырылуға  жатпайды. 

390-бап. Алдын ала жасалатын шарт

1. Алдын ала  жасалатын шарт бойынша тараптар  алдын ала жасалатын шартта  көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет  көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi.

2. Алдын ала  жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн  заңдарда белгiленген нысанда, ал  егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын  ала жасалатын шарт нысаны  туралы ережелердiң сақталмауы  оның жарамсыз болып қалуына  әкелiп соқтырады.

3. Алдын ала  жасалатын шартта негiзгi шарттың  мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк  беретiн ережелер болуға тиiс.

4. Алдын ала  жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн  мерзiм көрсетiледi.

Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс.

5. Алдын ала  шарт жасасқан тарап өзi көздеген  шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта  өзгеше көзделмесе, осы арқылы  келтiрiлген залалды екiншi тарапқа  өтеуге мiндеттi.

6. Алдын ала  жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға  тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол  жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға  ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады.

7. Егер ниеттер  туралы хаттамада (ниеттер туралы  шартта) тараптардың оған алдын  ала жасалатын шарт күшiн беру  ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық  шарт болып табылмайды және  оның орындалмауы заңдық зардаптарға  әкелiп соқтырмайды. 

391-бап. Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт

1. Тараптар  несие берушiге емес, шартта көрсетiлген  немесе көрсетiлмеген және борышқордан  мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды  талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге  мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт  болып танылады.

2. Егер заңдарда  немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша  өз құқығын пайдалану ниетiн  бiлдiрген кезден бастап тараптар  өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың  келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе  өзгерте алмайды.

3. Борышқор  шартта өзiнiң несие берушiге  қарсы қоя алатындай қарсылықтарын  үшiншi жақтың талаптарына қарсы  қоюға құқылы.

4. Үшiншi жақ  шарт бойынша өзiне берiлген  құқықтан бас тартқан ретте  несие берушi, егер заңдарға және  шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты  пайдалана алады. 

 

 

 

 

 

50)Шартты бұзу, өзгерту негіздері. 401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi

1. Егер осы  Кодексте, басқа да заң құжаттары  мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.

2. Тараптардың  бiреуiнiң талабы бойынша шарт:

1) екiншi тарап  шартты едәуiр бұзған кезде;

2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында  немесе шартта көзделген өзге  реттерде тек сот шешiмiмен  өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.

3. Шартты  орындаудан бiржақты бас тартылған  жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара  немесе толығымен бас тарту (осы  Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.

 Шартты  орындаудан біржақты бастарту. 404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)

1. Шартты  орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе  тараптардың келiсiмiнде көзделген  жағдайларда жол берiледi.

2. Тараптардың  бiрi, атап айтқанда:

1) шартқа  негiзделген мiндеттеменi орындау  мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);

2) белгiленген  тәртiппен екiншi тарапты банкрот  деп таныған;

3) шарт жасалғанда  негiзге алынған мемлекеттiк органның  актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған  жағдайларда шартты орындаудан  бас тартуға құқылы.

3. Егер заң  актiлерiнде немесе тараптардың  келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт  мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда  шартты орындаудан бiржақты бас  тартуға жол берiледi.

4. Егер осы  Кодексте, басқа да заң актiлерiнде  немесе тараптардың келiсiмiнде  өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан  бiржақты бас тартылған жағдайда  бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей  ескертуге тиiс.

Жария және қосылу шарты. 387-бап. Жария шарт

1. Коммерциялық  ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң  сипатына қарай оған өтiнiшпен  келетiн әркiмге қатысты жүзеге  асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды  атқару немесе қызмет көрсету  жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн  шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын  көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн  көрсету, энергиямен қамтамасыз  ету, медицина, мейманхана қызметiн  көрсету және т.б.).

Коммерциялық ұйымның заңдарда көзделген жағдайлардан басқасында, жария шарт жасасу жөнiнде бiреуге басқалардан артықшылық жасауға құқығы жоқ.

2. Тұтынушылардың  кейбiр категорияларына жеңiлдiк  беру заңдармен жол берiлетiн  жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыс пен қызметтiң бағасы, сондай-ақ  жария шарттың өзге ережелерi тұтынушылардың бәрiне бiрдей  болып белгiленедi.

3. Тұтынушыға  тиiстi тауарлар (жұмыс, қызмет) ұсыну  мүмкiншiлiгi бола тұра коммерциялық  ұйымның жария шарт жасасудан  бас тартуына жол берiлмейдi.

Коммерциялық ұйым жария шарт жасасудан негiзсiз жалтарған жағдайда осы Кодекстiң 399-бабындағы 4-тармақта көзделген ережелер қолданылады.

4. Заң құжаттарында  көзделген жағдайларда Қазақстан  Республикасының Үкiметi жария шарттарды  жасау және орындау кезiнде  тараптар үшiн мiндеттi ережелер (үлгi шарттар, ережелер және т.б.) шығаруы  мүмкiн.

5. Жария шарттың  осы баптың 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарына сәйкес келмейтiн ережелерi жарамсыз болып табылады.

389-бап. Қосылу шарты

1. Ережелерiн  тараптардың бiреуi формулярларда  немесе өзге стандартты нысандарда  белгiлеген және басқа тарап  оны ұсынылған шартқа тұтастай  қосылу жолы деп қабылдай алатын  шарт қосылу шарты деп танылады.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі