Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 19:26, дипломная работа
Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің
теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.1. Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде
пайда болуының және дамуының мәселелері . . . . . . . . . 7
1.2. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің түсінігі
және құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
1.3. Саяси партиялар конституциялық-құқықтық
институт ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
1.3.1. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары . . . . . 20
1.3.2. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы . . . . . 30
1.3.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
құқықтық институт ретінде қалыптасуының
конституциялық-құқықтық кезеңдері . . . . . . . . . 40
2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері . . . . .50
2.1. Саяси партиялардың құрылуының, жұмыс істеуінің
және тарауының құқықтық негіздері . . . . . . . . . . . .50
2.2. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын
құқықтық реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
2.3. Саяси партиялардың қаржылық қызметін құқықтық
реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі . . . . . . . . . . .68-72
Сайлау процесінің маңызды сатысы болып, ол саяси партиялардың кандидаттарды ұсынуы табылады. Нақ осы сатыда Президент, депутат, сенатор және өзге де сайланбалы лауазымды тұлғалар кімдердің қатарынан болатыны анықталады.
«Сайлау туралы» Конституциялық Заңның 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Президенттікке кандидат ұсыну туралы шешім республикалық-қоғамдық бірлестіктің жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады да хаттамадан үзінді жасалады. Атап өту крек, заң қоғамдық бірлестікке өзіне мүше болып табылмайтын адамды кандидаттыққа ұсынуына тыйым салмайды.
Қоғамдық бірлестіктердің Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды ұсынуы Президенттікке кандидаттарды ұсыну тәртібімен бірдей болғанымен, біраз ерекшеліктері бар. Яғни, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды тек республикалық емес, сонымен бірге жергілікті қоғамдық бірлестіктер де ұсына алады.
1999 жылғы 6 көкектегі Конституциялық
заңға сәйкес сайлау туралы
заң Парламент Мәжілісі депутат
Партиялық тізімдегі тұлғаларды орналастыру тәртібін партия дербес белгілейді және оны тізімді ұсыну туралы партияның жоғары органының хаттамасының үзіндісімен қосып, Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялық тізімді қалыптастырудың мұндай процедурасы сайлау құқығының теориясында «қатал тізім» деп аталады. Мұндай модельде сайлаушы жалпы тізімге дауыс береді не мүлдем дауыс бермейді. Оның партия ұсынған тізімге қандай да бір өзгерту енгізу құқығы жоқ. Кейбір елдерде «жұмсақ тізім» жүйесі кең тараған. Оған сәйкес, сайлаушыларға белгілі бір кандидаттарға артықшылықтар беру арқылы партия бекіткен тізімді өзгерту мүмкіндігі беріледі. Сөйтіп, сайлаушылар еркі партия комитетерінің еркіне қарамастан, сайлау нәтижесіне ықпал жасайды, себебі, партиялар тізіміндегі кандидаттардың орны сайлаушылардың дауыс беруімен өзгереді. Бұл жүйенің жағымды жағы, елде жоғары саяси рейтингке ие азаматтардың ғана жоғары жылжуына мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, әртүрлі сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға кандидаттарды ұсыну сатысы еліміздің сайлау туралы заңымен мұқият реттелген.
Президенттікке, Мәжіліс және Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсынғаннан кейін, оларды тіркеу басталады. Аумақтық сайлау комиссиясына тіркелу үшін депутаттыққа кандидаттардың кез келген саны ұсынылады, бірақ тіркеуден бұрын олар өткізген құжаттар мұқият тексеріледі. Саяси партиялардың бір мандатты округ бойынша депутаттыққа кандидатты ұсыну кезінде оларды тіркеу төмендегідей құжаттар болған кезде жүргізіледі:
1) саяси партияның жоғары органы отырысының осы саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген тиісті сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі хаттама үзіндісінен көшірме;
2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініш;
3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
5) кандидаттың өзін
ұсынған саяси партияның
6) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың заңға сәйкестігін тексеріп, ол туралы Мәжіліс депутаттығына кандидатты тіркеу жөнінде хаттама жасалады және 15 күннің ішінде Орталық және тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі. Мұнан басқа, аумақтық сайлау комиссиясы жеті күннен кешіктірмей, тіркелген сайлау комиссиясы туралы мәліметті жариялайды, тіркеу кезінде кандидаттарға куәлік немесе тіркеуден бас тарту туралы не тіркеудің күшін жою туралы шешім беріледі.
Осыған ұқсас әрекеттерді, Орталық сайлау комиссиясы да біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялық тізімге енген тұлғаларды тексергеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттар мен партиялық тізімді тіркеп, оларға тиісті куәлік беріп, олар тіркелген сәттен бастап он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Тіркеуден бас тарту немесе тіркеуді жою туралы шешімге жеті күндік мерзімде Орталық сайлау комиссиясынна сотқа шағым беруге болады.
Партиялық тізімдерді ресми тіркеу аяқталған соң бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша саяси партияларға дауыс беру үшін бюллетендерді дайындау мүмкін болады. Сайлау бюллетенінде саяси партиялардың атауын орналастыру тәртібі Орталық сайлау комиссиясның қаулысымен бекітілген «Сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атауын енгізу туралы жеребе өткізу ережелеріне» сәйкес жүргізіледі (13. 07. 1999. № 15/214) [78].
Аталған ереженің 1-бөліміне сәйкес жеребе ОСК-ның отырысында, партиялық тізім ұсынған саяси партия өкілдерінің қатысуымен өткізіледі. Сайлау бюллетендерін жасаудың мұндай процедурасы неғұрлым демократиялы болып табылады және ең бастысы сайлау органдарының қызметіндегі бейтараптықты білдіреді. Әйтсе де атап өту қажет, сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың атауларының орналасуынан сайлау нәтижесі өзгермейтіні белгілі. Қоғамда шын мәнінде абырой-беделге ие саяси партия, өз атауының тізімде қандай орын алғанына қарамастан сайлауда оң нәтижеге үміт арта алады.
Президенттікке, Мәжіліс және Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеген сәттен, сайлаушылар арасында өз үміткерлерін қолдауға бағытталған насихат жұмыстары басталады.
Насихат жұмыстары өзінің маңыздылығына қарамастан, ең аз құқықтық реттеуге ұшырауы тиіс. Бұл жерде саяси партияларға өздігінен жұмыс істеуі үшін кең мүмкіндік беріледі. Қазақстандық заң, саяси партиялардың насихаттық қызметінің құқықтық негіздерін де анықтап берген, себебі, қажетті жағдайды туғызу сайлауды демокраатиялық ұйымдастыру мен өткізудің кепілі болып табылады.
Мысалы, «Сайлау туралы» Заңның 27-бабына сәйкес, сайлауалды насихат:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
- жариялы түрдегі сайлауалды шараларын, кандидаттардың, олардың сенімді өкілдерінің, бастамашыл топ мүшелерінің сайлаушылармен кездесуін өткізу жолымен;
- баспа, аудиовизуалды және өзге де насихатту материалдарды шығару немесе тарату жолымен жүргізіледі.
Атап өту қажет, мемлекет қоғамдық бірлестіктерге (саяси партияларға) белгілі бір кандидатты жақтап не оған қарсы насихат жүргізу құқығын береді. Оған қоса, мемлекет олардың насихат жұмыстарына белгілі бір жеңілдіктер береді. Мысалы, бір мандатты сайлау округі бойынша түсетін саяси партиялардың кандидаттарына өздерінің бағдарламаларымен мемлекеттік ақпарат құралдарында шығуға мүмкіндік берілген. Мұмкіндіктер теңдігі қағидасына сәйкес, барлық кандидаттар тең дәрежеде мемлекеттік телевидения бойынша бір мәрте он бес минут, мемлекеттік радио бойынша бір мәрте он минут сөйлеуге және ОСК белгілеген көлемде мемлекеттік баспасөз беттерінде екі мақала жариялауға құқығы бар. Оның үстіне, не айтып, не жазатынын кандидаттың өзі айқындайды. Мемлекеттік аппараттың бейтараптығы қағидасын қолдану мақсатында мемлекеттік БАҚ-қа кандидаттардың сөзін үзуге немесе қандай да бір түсініктемелер беруге тыйым салынады.
Тиісті сайлау комиссиясы сайлауалды шараларды өткізу үшін бір мандатты сайлау округінен түсетін партиялық кандидаттарға бірдей сомадағы ақша қаражаттарын бөледі. Мұнан басқа, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлауалды шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жағдай туғызуға міндетті. Мысалы, сайлауалды шараларды өткізу үшін үй-жай беру және өзге де жағдайлар туғызу туралы өтінішті жергілікті әкімшілік ол берілген күннен бастап үш күн ішінде қарастыруға міндетті. Бұл жерде маңыздысы, республикалық және коммуналдық меншіктегі үй-жай және өзге де материалдық объектілер кандадаттарға сайлау комиссиясы бекіткен уақытқа ақысыз негізде беріледі.
Плакаттар, үнпарақтар, лозунгтер және өзге де насихаттық баспа табақтарын шығару үшін тиісті сайлау комиссиялары кандидаттарға бірдей сомадағы ақша қаражатын бөледі. Сонымен бірге, барлық насихаттық баспа материалдарында оларды шығарушы ұйым, баспаның мекені және тиражы, оларды шығаруға жауапты тұлғалар жайлы мәліметтер болуы тиіс. Осы арқылы, заң анонимді насихат материалдарының таралуына тыйым салады.
Насихат материалдарын кез келген үй-жай, ғимарат және өзге де объектілерде, аталған объектілердің иелерінің келісімімен іле беруге болады.
Жоғарыда аталған жеңілдіктер, саяси партиялардың Президент, жоғары және жергілікті өкілді органдарды сайлау кезіндегі тиімді күресіне ықпал жасайды. Сонымен бірге, партиялық тізім бойынша түсетін кандидаттардың насихаттық қызметіне мемлекеттік қолдау көрсетуге тыйым салу даулы мәселе болып табылады. Сайлау процесінің барлық субъектілері қолданылатын сайлау жүйесіне қарамастан, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болуы керек.
Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларына белгілі бір талаптар қойылады. Яғни, онда қандай да бір кемсітушілікке немесе артықшылыққа жол берілмеуі керек. Мұндай кемшіліктердің орын алуы тіркеуді жоюға алып келеді.
Кандидаттардың еркі бойынша азаматтардың бастамашыл тобы құрылуы мүмкін. Оның құрамын және санын партияның кеңесі бойынша кандидаттың өзі анықтайды. Бастамашыл топ кандидатты қолдайтын сайлаушылардың қолын жинаумен, насихат жұмыстарын жүргізумен айналысады.
Сайлау процесінің келесі бір маңызды сатысы дауыс беру болып табылады, себебі, дәл осы жерде халықтың өз еркін білдіруі жүзеге асырылады және соның нәтижесінде саяси партиялардың бір бөлігі сайланған мекемелерден орын алады. Бұл саты да, әртүрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында сайлау туралы заңмен мұқият реттелінген.
Дауыс беру бір күн бойы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жетіден, кешкі сағат жиырмаға дейін, ал кейбір жағдайда жмырма екіге дейін созылуы мүмкін. Сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру басталмай тұрып, бір сағат бұрын дайындыққа кірісуі керек.
Сайлау учаскесіне келген сайлаушы сайлау комиссиясының мүшесіне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы бюллетенді алады. Бюллетенді сайлаушы арнайы кабинада толтырады.
Сайлау уақытында әрбір учаскеде қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатыса алады. Олардың дауыс беру учаскелерінің ашылуына қатысуға, сайлау күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде болуға, дауыстарды санауды, сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын анықтауды бақылауға құқығы бар.
Алайда, аталған құқықтар дауыс беру процесіне тиіміді бақылауды қамтамсыз етеді деп әзірге айта алмаймыз.
Сайлау процесінің қорытынды бөлімі болып дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін анықтау табылады. Дәл осы сатыда сайланбалы органдардың нақты құрамы белгілі болады.
Сондай-ақ, дауыс беру қорытындысы, қолданылатын сайлау жүйесіне де тығыз байланысты. Бұл институт сайлаудың құқықтық құрылымына ғана емес, сонымен бірге, елдегі саяси процестерге де әсер етеді.
Қазіргі күні әлемде сайлау жүйесінің екі түрі бар – мажоритарлы және пропорцианалды. Алғашқысы берілген дауыстың көпшілігі қағидасында құрылса, екіншісі – берілген дауыстар мен алынған мандаттер арасындағы пропорционалдық қағидасына негізделеді. Екеуін де біріктіру, дауыс берудің аралас жүйесін дүниеге әкеледі.
Қарастырылып отырған қос жүйе де өзінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие. Мысалы, мажоритарлы жүйеде сайлауда дауыстың көпшілігін алған кандидат жеңді деп есептеледі және партиялар саны көбейген сайын ақаулықтарға ұшырап отырады. Себебі, сайлауда сәл ғана басымдықпен жеңген партия Парламенттегі орынның көпшілігін иеленуі мүмкін және бұл жүйеде кейбір қоғамдық топтар сайланбалы органдарда мүлдем орын алмауы мүмкін.
Пропорционалды жүйенің артықшылығы оның әділеттілігінде, яғни, әртүрлі саяси партиялардың сайлауда алған орындары оларды қоғамдағы күш-қуатына тең болады. Оның үстіне демократиялық қоғамда, күллі қоғамның атынан пікір білдіретін монополиялық партияның болуы да мүмкін емес. Алайда, бұл жүйенің де өзіне тән кемшіліктері бар. Дәлірек айтсақ, бұл жүйе кандидатты сайлаушыдан алыстатады және қоғамдағы саяси күштердің бөлінуін күшейте түседі. Себебі, пропорционалды жүйе Парламентте тым кіші партиялардың орын алу мүмкіндігін ұлғайтады. Ал, бұл Үкіметті қалыптастыруда, оның одан арғы қызметінде қиын да күрделі мәселелерді туғызады.
Жоғарыда келтірілгендерді есептей отырып, Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде Қазақстан үшін ең қолайлысы аралас жүйе деуге болады. Бұл жүйе кандидаттарды бір мандатты сайлау округі және партиялық тізім бойынша сайлауға мүмкіндік береді. 1999 жылы елімізде енгізілген бұл жүйе уақтылы болды деп айтуға болады. Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес, Мәжілістің 67 депутаты бір мандатты сайлау округі бойынша, яғни можаритарлы, ал қалған 10 депутат партиялық тізім (яғни пропорцианалды) бойынша сайланады (егер саяси партиялар 7% кедергіден өте алса).
Атап өту қажет, сайлау жүйесінің пропорционалды түрін енгізу, Қазақстанның қазіргі конституциялық-құқықтық ғылымына үлкен ықпал жасады.
Кейбір ғалымдар партиялық тізім үшін Парламентте қосымша он орынның бөлінуі, саяси партияларға заң шығару ісіне араласуға мүмкіндік берді деп пайымдайды [79].
Ал басқалары пропорционалды жүйе бойынша беріліп отырған мандаттар саны, еліміздегі саяси жағдайдың шындығына сәйкес емес, яғни өте аз деп түйіндейді. Соның әсерінен Қазақстандағы әлеуметтік-саяси күштердің едәуір бөлігі Парламентте өз өкілдерін көре алмай отыр [63. 87 бет].
Осы жерде С. Самалдыкованың ұсынысын ескеру қажет сияқты. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттарының санын 100-ге көтеру арқылы, партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттарға соның жартысын, яғни 50 орынды бөлу қажет. Тек осындай арақатынаста ғана, екі түрлі сайлау жүйесімен сайланған депутаттар үйлесімді әрі тиімді жұмыс үстей алады [80].
Біздің пікірімізше, бұл ұсыныс Қазақстандағы барлық партиялардың мүдделерін білдіреді және ұлттық заңнамада көрініс табуы тиіс.