Саяси партия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 19:26, дипломная работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.

Содержание работы

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің
теориялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.1. Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде
пайда болуының және дамуының мәселелері . . . . . . . . . 7
1.2. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесінің түсінігі
және құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14
1.3. Саяси партиялар конституциялық-құқықтық
институт ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
1.3.1. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары . . . . . 20
1.3.2. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы . . . . . 30
1.3.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
құқықтық институт ретінде қалыптасуының
конституциялық-құқықтық кезеңдері . . . . . . . . . 40

2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың
қызметінің конституциялық-құқықтық аспектілері . . . . .50
2.1. Саяси партиялардың құрылуының, жұмыс істеуінің
және тарауының құқықтық негіздері . . . . . . . . . . . .50
2.2. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын
құқықтық реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
2.3. Саяси партиялардың қаржылық қызметін құқықтық
реттеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі . . . . . . . . . . .68-72

Файлы: 1 файл

Дип.-Саяси-партиялардың-құқықты.doc

— 455.50 Кб (Скачать файл)

2002 жылдың 15 шілдедегі  жаңа «Саяси партиялар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданды [39]. Онда негізінен саяси  партиялардың құрылуы және мүшелерінің  саны, партиялар жарғысының қажетті  ақпараттық минимумы, олардың қызметін  тоқтатудың негіздері мен мерзімдері айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Партияларға жаңа заңның талаптарына байланысты қайта тіркеуден өту ұсынылды. Осының барлығы қазақстандық партия жүйесіне әсер етті.

Егер 2002 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Азаматтық партия, Әділеттік партиясы, Республикалық халықтық партия, Аграрлық партия, «Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Шаруалардың «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, «Қазақ елі» ұлттық бірлесу партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Орыс партиясы, «Отан» республикалық саяси партиясы сынды 19 партия өмір сүрсе, жаңа заңның талабына сәйкес қайта тіркеуден мына партиялар өте алды: Азаматтық партия, «Отан» республикалық саяси партиясы, Коммунистік партия, Аграрлық партия, Шаруалардың «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы.

Келесі 4 партияға, яғни, «Алаш» ұлттық партиясына, Орыс партиясына, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясына, Қазақстанның қайта өрлеу партиясына мемлекеттік қайта тіркеуден өтуі үшін қажетті мүшелер санын жинағанына қарамастан, Азаматтық кодекстің, «Саяси партиялар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын бұзғанына байланысты тіркеуден өткізуден бас тартылды.

Еңбектің республикалық саяси партиясы мен Халықтық-кооперативтік партиясы «Отан» республикалық саяси партиясының құрамына енді.

Қалған 6 партия, яғни, «Қазақстанның Халық Конгресі» партиясы, Социалистік партия, Республикалық халықтық партия, Әділеттік партиясы, «Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Қазақ елі» ұлттық бірлесу партиясы жаңа заңның талаптарына байланысты тиісті мүшелер санын жинай алмағындықтан қайта тіркеуден өтуге бас тартты.

Саяси процестердің дамуына байланысты елімізде тағы бірнеше әртүрлі бағыттағы партиялар пайда болды. Атап өтер болсақ, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы (бүгінгі күнде аталған партия Конституцияға қайшы әрекеттер жүргізгендіктен, заңға сәйкес сот шешімімен таратылды), «Асар» саяси партиясы, Қазақстан коммунистерінің халықтық партиясы, «Руханият» партиясы және Қазақстанның демократиялық партиясы.

 

 Кесте №3. Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде  тіркелген партиялар тізімі

 

 

 

Партия атауы

Куәлік нөмірі мен тіркелу мерзімі

Жетекшінің аты-жөні

Мүшелер саны

Тіркелген филиалдары жайлы мәлімет

1

« Ақ жол » Қазақстанның демократиялық партиясы

№580р

12.12.2002ж.

Бәйменов Әлихан Мұхамедияұы

 

57406*

барлық облыстарда

2

Қазақстанның азаматтық партиясы

№15р

10.01.2003ж

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы

63458*

барлық облыстарда

3

«Отан» республикалық саяси партиясы

№14р

10.01.2003ж

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

111123*

барлық облыстарда

4

Қазақстанның аграрлық партиясы

№97р

06.03.2003ж

Мадинов Ромин Ризович

52567*

барлық облыстарда

5

Қазақстанның патриоттар партиясы

№125р

21.03.2003ж

Қасымов Ғани Есенгелдіұлы

51188*

барлық облыстарда

6

Қазақстанның коммунистік партиясы

№123р

20.03.2003ж

Әбділдин Серікболсын Әбділдаұлы

52246*

барлық облыстарда

7

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

№142р

02.04.2003ж

Қалиев Ғани Әлімұлы

61043*

барлық облыстарда

8

«Руханият» саяси партиясы

06.10.2003ж

Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы

 

барлық облыстарда

9

«Асар» республикалық саяси партиясы

19.12.2003ж

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы

 

барлық облыстарда

10

Қазақстанның коммунистерінің халықтық партиясы

21.06.2004ж

Косарев Владислав Борисович

 

барлық облыстарда

11

Қазақстанның демократиялық партиясы

14.06.2004ж

Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы

 

барлық облыстарда


 

*- тіркелген кездегі  саны

 

Партиялар туралы заңды реформалауға қарамастан, елдегі саяси жағдайға байланысты жаңа саяси партиялар пайда бола бермек.

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институционализациялануының негізгі кезеңдерін қарастырудың нәтижесі, елдегі азаматтардың саяси партияларға бірігуге конституциялық құқығын жүзеге асыру, идеологиялық және саяси әралуандылықтың даму ағымын одан ары бекіте түседі.

 

 

  

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы  саяси партиялардың қызметінің  конституциялық-құқықтық аспектілері

 

2.1. Саяси партиялардың құрылуының, қызметінің және  тарауының құқықтық  негіздері

 

Азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесін құрайтын маңызды саяси құқықтардың бірі болып, бірлесу құқығы, яғни, әртүрлі ұйымдарды еркін құру, оған қосылу немесе одан шығу құқығы табылады.

Нормативтік-құқықтық актілерде бұл құқық әртүрлі аталады: одақ құру еркіндігі [70], ассоциация құру еркіндігі [71], бірлесу еркіндігі.

1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстанның бірінші Конституциясының  қабылдануы «бірлесу құқығының  мәнін» дұрыс түсінуге алғашқы  қадамды жүзеге асырды. Конституцияның 16 бабына сәйкес, республика азаматтары  өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін ерік бостандығы мен мүдделер ортақтығының негізінде қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы болды [72].

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында да азаматтардың бірлесу еркіндігі құқығы көрініс тапқан (23 бап, 1 б.). Ал осы жалпы құқықтың ерекше түрі ретінде саяси партияларды құру еркіндігі одан бөлініп шығады («Саяси партиялар туралы» ҚР Заңының 3-бабының 1 б.). Себебі, саяси партиялардың мемлекетте ойнайтын рөлін ескере отырып, олардың қоғамдық бірлестіктердің өзге түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар екендігін мойындауымыз керек.

 Қазақстан Республикасының  азаматтары саяси партияларға  бірлесу еркіндігі құқығына ие (3 бап, 1 бөл.). Бұл, азаматтар өзінің  еркі бойынша, өздерінің саяси  көзқарастары мен сенімдеріне сәйкес, өз еркімен, ешкімнің қысымынсыз саяси партия құруға және оған кіруге құқылы. Бірлесу еркіндігі құқығы, сонымен бірге, азаматтардың өз еркімен саяси партиядан шығу құқығын да білдіреді.

Саяси партияға мүшелік, азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге негіз бола алмайды. Кез-келген мемлекеттік органға, ұйымға азаматтардың белгілі бір партияда болуына байланысты олардың құқықтары мен бостандықтарын жұмысқа қабылдау, арыз-шағымдарын қарау және өзге де әрекеттер жасау кезінде шектеуге тыйым салынады. Бұл норма сондай-ақ, тең дәрежедә мемлекеттік емес ұйымдарға да таралады.

Азаматың қай партияға жататынын көрсетуге міндетті еместігі жайлы норма да демократиялық және гуманды болып табылады.

Азаматтардың саяси партияларға бірігу құқығы туралы сөз қозғай отырып, біз бәрінен бұрын, оларда азаматтық әрекет қабілеттілігінің болуын түсінеміз. Яғни, саяси партияға кіруге немесе оны құруға сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ немесе жартылай жоқ деп танылған тұлғаларға тыйым салынады. Шетелдік заң, оның ішінде ГФР-дің Бундестагқа сайлау туралы Федералды заңына сәйкес қылмыскерлерден басқа, мұндай тұлғалар ретінде ақыл-есінің кемдігіне байланысты әрекет қабілеттілігінен айырылған тұлғаларды айтады.

Қазақстан Республикасы «Саяси партиялар туралы» Заңында мұндай шектеулер болмаса да, заңға сәйкес толық азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие азаматтар ғана саяси партиялар құруға және оған кіруге құқылы деген қорытынды жасауғы болады.

Саяси партияны құруға құқылы субъектілерді анықтауға орай, азаматтық туралы сұрақты да қарастыру маңызды болып табылады. Яғни, шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар саяси партиялар құру құқығына ие ме? Шынында да, партиялық күреске белсенді араласқан шетелдіктер күрестің нәтижесін өз мемлекетінің пайдасына жаратпасына кім кепіл? Тек өзіміздің азаматтар ғана мемлекетіміздегі әлеуметтік тұрақтылық пен саяси тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. А. Сағындықованың атап өтуінше: «Конституциядағы азаматтардың бірлесу еркіндігі құқығына, оның ішінде саяси партияларды құру құқығына тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана ие деп түсіну қажет» [73]. Сондықтан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қазақстандық партияларға мүше болуға тыйым салатын норманың негізділігі мен әділеттілігі күмән туғызбауы тиіс.

Алайда, осы мәселеге қатысты басқа да пікір бар. Мысалы, К. Токмаковтың пайымдауынша, егер шетелдіктердің саны өте аз болса, онда олардың партияға кіруін шектеудің қажеті жоқ. Оның пікірінше, шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар партия құруға немесе оған кіруге құқылы болады, егер сол партияның немесе оның басшы органдарының мүшелерінің көбі, сол партия тіркелген мемлекеттің азаматтары болса [51. 89-90 бб.]. ГФР-дің саяси партиялар туралы заңында осыған ұқсас норма бар: «Егер олардың мүшелерінің немесе басқарма мүшелерінің көпшілігі шетелдіктер болса, онда ол саяси бірлестік партия болып табылмайды» [2-тақырып, 3.1.бөлім] [74].

Қазақстандық заң азаматқа тек бір ғана партияға мүше болуға рұқсат береді (3 б. 2 бөл.). Б. Машанның пікірі бойынша, мұндай шектеуді партияның ішкі ісіне, азаматтың жеке өміріне араласу ретінде бағалау керек [56. 46 бет]. Бірақ, біздің пікірімізше, бұл ереже азаматтың саяси құқығын шектеуді білдірмейді. Мәселен, кез келген саяси партия өзінің қызметін белгілі бір идеяларға сүйену негізінде жүргізеді. Бір идеяға сүйенген, екі партияның болуы мүмкін емес. Мұндай жағдайда, азамат өзінің саяси симпатиясын анықтап, бір партияны таңдауы тиіс.

Сондай-ақ, партия туралы заң бірлесу құқығын шектейтін өзге де нормаларға ие. Соның бірі – саяси партиялардағы ұжымдық мүшелік (6 б. 2-бөл.). Шетелдік заңдарда бұл мәселе әртүрлі шешілген. Мысалы, француз заңы ассоциацияға заңды тұлғалардың енуіне рұқсат берген. Ал ГФР-дің саяси партиялар туралы заңы, партия мүшелігіне тек жеке тұлғалар енетіндігін жариялады. Біздің пікірімізше, азаматтар белгілі бір партияға мүше болуы үшін сол партияның бағдарламасымен, мақсатымен келіскен және белгілі бір сенімге ие болуы керектігі, біздің отандық заңда бекітілгендей, жеке тұлғалардың жеке-дара мүшелігін қамтамасыз етеді.

Заң әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органының, құқық қорғау органының қызметкерлеріне, судьяларға белгілі бір партияны қолдауға тыйым салады. Аталған шектеулердің мақсаты – саяси партиялардың мемлекеттік органдардың және қарулы күштердің қызметіне аралсуына жол бермеу.

Еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы болуына байланысты және мемлекетіміздегі рухани бірлік пен ұлтаралық келісімді сақтау мақсатында саяси партиялар туралы Заңның 5-бабының 7-бөлігіне сәйкес, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республика тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық араздықты тұтатуға бағытталған партиялар құруға немесе оның қызметіне тыйым салады.

Сөйтіп, біз жоғарыда саяси партияларға бірігу құқығының мазмұнын қарастырдық. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мемлекеттің тәуелсіз дамуын, рухани және ұлтаралық келісімді, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірігу құқығын шектейтін нормаларды талдадық және объективті негіздедік.

Саяси партиялардың құрылу және мәртебеге ие болу тәртібінің реттелуі, конституциялық актілерде әдеттегі заңдарда немесе тиісті сот инстанцияларының шешімдерінде орын алатын құқық нормаларының көмегімен жүзеге асырылады [75]. Саяси партиялардың құрылу процедурасының үш түрін атауға болады: келісімсіз-ақ құрылушы (явочный), рұқсат алуды қажет етуші (разрешительный), келісімсіз-ақ құрылушы және тіркеуді қажет етуші (явочно-регистрационный).

Келісімсіз-ақ құрылушы тәртіп бойынша саяси партиялар мемлекеттік органдардың алдын ала келісімінсіз-ақ құрылады және құрылу фактісінен соң бірден заңды болып табылады. Бұл тәртіп бойынша партияны қандай да бір органның міндетті тіркеуі қажет емес. Мұндай ереже саяси партиялардың қалыптасуының  шексіз еркіндігіне кепілдік береді және партия туралы заңы жоқ елдерде жұмыс істейді. Бұларға бірқатар Еуропа мемлекеттері (Дания, Швеция, Ұлыбритания, Бельгия және т.б.), британ достастығына мүше мемлекеттер (Канада, Жаңа Зеландия, Автралия), АҚШ кіреді. Партиялардың келісімсіз-ақ құрылу тәртібінің мәнін Францияның Конституциялық Кеңесінің 1971 жылғы 16 шілдедегі ассоциациялар туралы шешімінде жақсы ашқан: «Ассоциациялар өздерінің құрылтайшыларының еркі бойынша ғана өмір сүретіндігі жайлы конституциялық қағида бар. Олардың кейбірін тану үшін, алдын ала бақылау орнату осы қағидаға қайшы келеді және сондықтан да конституциялық емес болып табылады» [17. 72 бет].

Информация о работе Саяси партия